Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары icon

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары



НазваниеКатонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Дата конвертации04.02.2013
Размер111.21 Kb.
ТипДокументы
источник

Катонқарағай ауданының  2007  жылғы  III-ші тоқсандағы  әлеуметтік-экономикалық даму  қорытындылары

Ауданның 2007 жылғы Ш-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары, аудан экономикасының барлық саласының тұрақты өсуін көрсетті. Сонымен, ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 798,3 млн.  мың теңгені құрады немесе өткен жылғы осыған сәйкес деңгеймен салыстырғанда  116 пайыз.
Ауданда ауыл шаруашылық  өнімдерін  өңдеумен 102  шағын цех айналысады, соның ішінде: 25 наубайхана, 23 май өндіру орны, 19 диірмен, марал пантысы негізінде   пантокрин және гематоген шығаратын  2 цех жұмыс істейді.
2007 жылдың Ш -ші  тоқсанында 2481,6 тонна  ет, 12088 тонна сүт, 3,0 млн. дана жұмыртқа, 181,4 тонна жүн өндірілді.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда сүт - 102,1 пайызға, жүн- 105,1 пайызға және жұмыртқа – 102,6 пайызға артық өндірілді.
2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басы 101,9 пайызға өсіп, 48142 басты құрады, жылқы - 102,3 пайызға өсіп, 21457 басты құрады, қой мен ешкі 102 пайызға артты  және 97125 басты құрады. Доңыз басы 10185 басты құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 107 пайызы, бұғы мен марал 6147 бас немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 93,2 пайызы, құстар 84194 немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 103,3 пайызы.
Ағымдағы жылы жаздық егістік жұмыстары 41,7 мың га алқапқа жүргізілді. Оның ішінде 24,3 мың га дәнді дақылдар, күнбағыс - 13,7 мың га алқапқа, картоп және көкөністер - 1269 га және мал азықтық дақылдар – 17,0 мың га егілді. 928 га алқапқа күзгі егістік жұмыстары жүргізілді.
Ылғал қорын сақтау технологиясы бойынша 5,2 мың га дәнді дақылдар себілді. «Жас қанат» тұқым шаруашылығы жұмыс істеуде. 35,9 мың га егістікке сақтандыру шаралары жүргізілді, немесе егістік алқабының 100 пайызын құрады. 10,9 мың га алқапқа жырту жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы шаруа қожалықтары 84 тонна минералды тыңайтқыштарды сатып алып пайдаланды, 7,4 млн. теңгеге гербицидтер сатып алынып, 17,6 мың  га ауылшаруашылық дақылдарының алқабы өңделді. 50 мың га егістік алқабы қауіпті және зиянды жәндіктер бойынша тексеруден өткізілді.     
Қолданылған шаралардың нәтижесінде шаруа қожалықтарының мұқтаждықтары үшін ағымдағы жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті арзандатылған  жанар-жағар май  және басқа да материалдық-техникалық құндылықтарға  49,9 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде  дәнді дақылдарды себуге - 18,9 млн. теңге, күнбағысқа - 13,8 млн. теңге, мал азықтық  дақылдарға  – 17,2 млн. теңге жәрдемқаржы бөлінді, оның 37 млн. 600 мың теңгесі немесе 76,5 пайызы игерілді.
2007 жылдың 1-ші қазанындағы мәлімет бойынша дәнді дақылдар толығымен жиналды, алынған өнім мөлшері 38,3 мың тонна болды. Әр гектардан орташа 16 ц өнім алынды. Жиналған картоптың жалпы мөлшері - 15,5 мың, көкөністер - 2,5 мың тонна болды.
Шаруа қожалықтарын дәнді дақылдардың меншікті тұқымымен қамтамасыз етуге айтарлықтай көңіл бөлінеді.  Жоспарланған 5,3 мың тоннаның 4,5 мың тоннасы қамбаға құйылды, ол қажеттіліктің 85 пайызын құрады.
Мал қыстатуды ойдағыдай өткізу үшін аудан бойынша 170 мың тонна шөп даярланды немесе ол тапсырманың 117 пайызын құрады, 3,5 мың тонна сүрлем даярланды.
Ағымдағы жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның қатысуымен шағын несиелік ұйым құрылды, аудан тұрғындарын несиелеу сомасы 48 млн. теңгені құрады. «Калинин», «Малонарымка» ЖШС, және «Баян» шаруа қожалығы құрылтайшылар болды.
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ұсақ шаруа қожалықтарына  көмектесу  үшін 4 шағын МТС  құрылды: Большенарым ауылында №22 кәсіптік мектеп базасында, «Өрнек», «Айдын» шаруа қожалықтары және «Калинин» ЖШС-де құрылды, олармен ұсақ ауылшаруашылығы құрылымдары үшін 10570 мың теңгенің жұмыстары орындалды. Шаруа қожалықтарымен оларды нығайту бойынша жұмыстар нығая түсуде.
Жыл басынан бері агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы жөніндегі аймақтық бағдарламаға сәйкес аудан шаруашылықтары машина-трактор паркін жаңалау үшін лизинг бойынша 57,9 млн. теңгеге 22 бірлік ауылшаруашылық техникалары сатып алынды, оның ішінде: 6 млн. 700 мың теңгеге 2 трактор, 41 млн. 500 мың теңгеге 5 комбайн және 9 млн. 700 мың теңгеге 15 бірлік басқа да ауылшаруашылық техникалары сатып алынды.
«Катонқарағай АНС» арқылы ауданның 22 шаруашылығы 91 млн. 730 мың көлемінде несие алды.
Ауданда 2 бордақылау алаңы құрылады, «Надежда» шаруа қожалығы базасында 100 басқа  және «Жас Қанат» шаруа қожалығында 350 басқа. Бұл шаруа қожалықтарында мал азығы дақылдарымен қамтамасыз ету сұрақтары кешенді шешіледі.
Ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін 5 қолдан ұрықтандыру пункттері ашылды.
«Надежда» шаруа қожалығында сүтті бағыттағы сиырлардың симменталь тұқымды тобын құру шаралары өткізілді, 83 бас асыл тұқымды құнажындар сатып алынды. Мұндай жұмыстар өзге шаруашылықтарда да ұйымдастырылады.

Өнеркәсіп

2007 жылдың Ш -ші тоқсанында  меншіктің барлық түріндегі  кәсіпорындар өндірген  өнеркәсіп өнім мөлшері 58 млн. 261  мың теңгені құрады  немесе өткен жылдың  осыған сәйкес деңгейімен салыстырғанда  жеке индекс көлемі 116,3   пайызы. «ШҚ АЭК» ЖАҚ-ның  бөлімшесі 7 млн. 886  мың теңгенің өнімін өндіріп іске асырды немесе  өткен жылдың тиісті кезеңінің 147,5  пайызын құрады. 1-ден - 50-ге дейін  адамы бар кәсіпорындар 19 млн. 107 мың теңгенің өнімін өндірді немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 136,5 пайызы  және қосалқы кәсіпорындармен – 25 млн. 225 мың теңгенің өнімі өндірілді.

^ Автомобиль жолдары және көлік

Ауданның автокөлік жолдарының көлемі 721 км, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар көлемі 268 км, жергілікті жол қатынастарының көлемі – 453 км, оның ішінде: 5 км – асфальтты бетонмен жабылған, 54 км – қара гравиймен жабылған, 394 км -  гравиймен жабылған.
2007 жылдың Ш -ші  тоқсанында  автомобиль жолдарын қысқы және жазғы  жағдайда ұстап тұру үшін 12606 мың теңге игерілді.
Ағымдағы жылдың Ш -ші  тоқсанында   54,895  мың тонна көлемінде әр түрлі жүк тасымалданды, жүк айналымы 657,1 мың тонна/км құрады. 13 млн. 820 мың теңге  кіріс түсті.

^ Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық

2007 жылдың Ш -ші тоқсанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың көрсеткен қызмет көлемі 2455,1 мың теңгені құрады, олардың ішінде жылумен қамтудың көрсеткен қызметі 1853,8 мың теңге, сумен қамтудан 601,3 мың теңге түсті. Тұрғындарға 897,0  мың теңгенің қызметі көрсетіліп, оның ішінде жылудан 506,3 мың теңге, сумен қамтудан 390,7 мың теңге түсті.
2007 жылы Ново-Поляковка ауылының сумен жабдықтау жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына - 2810 мың теңге, Жамбыл ауылына – 2000 мың теңге, Берел ауылына – 3310 мың теңге, Жаңа-Үлгі ауылына – 4400 мың теңге, Ново-Хайрузовка ауылына – 4200 мың теңге, Катонқарағай ауылына- 5019 мың теңге, Большенарым және Приморск ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына жоба сметалық құжаттарын сатып алуға 2000 мың теңгеден бөлінді, игерілгені 24524,5 мың теңгені құрады немесе жылдық жоспардың 95,3 пайызы.
Ағымдағы жылы көшелерді жарықтандыру құралдарын орнатуға 4911 мың теңге  бөлінді және қосымша 150 шам орнату жоспарда бар.
Облыстық бюджеттен Большенарым ауылындағы орталық қазандыққа және жылу жүйелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 15 млн. теңге ақшалай  қосымша қаржы бөлінді, 2007 жылдың 1-ші қаңтары бойынша игерілгені 9,5 млн. теңгені құрады немесе жоспардың 63,3 пайызы, Шыңғыстай ауылындағы өзеннің жағасын бітеу және көпірге күрделі жөндеу жұмыстарынан 4,0 млн. теңге игерілді, аудандық әкімдіктің ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарынан – 34,8 млн. теңге  және тас көмір сатып алуға – 10,0 млн. теңге игерілді.

Құрылыс

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орынды құрылыс алады. Ағымдағы жылдың Ш-ші  тоқсанында жалпы көлемі 838,0 шаршы метр 11 тұрғын үй қолданысқа берілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 128,5 пайызы. Үйлер Большенарым ауылындағы құрылысшылардың  жеке қаржы есебінен салынды.
Жаңа-Үлгі ауылындағы орталау орта   мектеп қолданысқа берілді.  Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен Берел ауылындағы тарихи-мәдени қорықтың құрылысына 40000 мың теңге бөлінді.

^ Орман шаруашылығы

Большенарым мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің жалпы көлемі 85458 га. құрайды, оның ішінде 29386 га.  орман алқаптары алып жатыр. 2007 жылдың Ш-ші тоқсанында орман  шаруашылығының қорынан бөлінген 830 текше метр ағаштардың 300 мың теңгенің  немесе 319 текше метр ағашы дайындалған. 118 рейд жүргізіліп, 126 тексеру өткізілді, табиғатты қорғау низамында 3 заң бұзу оқиғалары анықталды, 10,9 мың теңге айып-пұл салынып, бюджетке  қайтарылды. Өртке қарсы іс-шаралары бойынша ауылшаруашылық құрылымдарына және жеке тұлғаларға 115 ескертулер берілді

^ Шағын кәсіпкерлік

Ауданда ағымдағы жылдың  1-ші қазанында 2008 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде 98 заңды тұлға, 203 патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер, жалпы тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер - 22, оңтайландырылған декларация бойынша жұмыс ісейтін кәсіпкерлер - 251. Шағын бизнес саласында 4189 адам қызмет істейді немесе өткен жылдың тиісті деңгейінің 112 пайызы.
2007 жылдың Ш-ші  тоқсанында   шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 11192,3 мың теңге салықтық төлемдер түсті.
Ағымдағы жылдың Ш-ші  тоқсанында бір реттік талон бойынша 3 жеке кәсіпкер тіркелді, жиналған жиын 502,0 мың теңгені құрады
Кәсіпкерлікті дамытуда туризмді өркендетуге айырықша орын берілген. Осы мақсат үшін Катонқарағай ауылындағы әуежайдың жұмысы қайта жандандырылды.
Ақмарал ауылында «Катонқарағай сауықтандыру-туристік кешенінің» құрылысы басталды, онда 150 жұмыс орны құрылды. Катонқарағай ауылындағы бұрынғы банк ғимараты пантымен емдеу және мейманханаға лайықталып жабдықталуда. Сол сияқты Репной туристік-аңшылық және пантымен емдеу, Язовая ауылында сауықтыру туристік кешенінің, Өрел ауылында жылқы ұстайтын туристік базаның құрылыс жұмыстары жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың басынан бері 3 пәтерді дүкенге айналдыруға рұқсат етілді.
Үлкен Нарын ауылындағы бұрынғы балабақша ғимараты сенімділік басқаруға бөлінді. Ол жиһаз және пластикалық терезелер шығаратын цех, қонақ үй, дәмхана және дүкен ашуға лайықталып жабдықталды. Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығында қараусыз қалған 16 пәтерлік тұрғын үй сатып алынып, құрылысы қайта өзгертіліп салынды. Бүгінде бұл ғимаратта балалар музыка мектебі орналасқан.

^ Еңбек нарығы

Ағымдағы жылдың Ш-ші тоқсанында  жұмыспен қамту қызметіне  жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 55 адам өтініш жасады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша қатынасқандардың саны 11,2 пайызға азайды. 2007 жылғы  1-ші қазандағы мәлімет бойынша ресми түрде  208 адам жұмыссыз деп тіркелді,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,7 пайызға азайды. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 1 пайызды құрады.
2007 жылдың Ш-ші  тоқсанында 40 адам жұмысқа орналастырылды  немесе өтініш жасағандардың 73 пайызы. 199 жаңа жұмыс орындары құрылды. Қоғамдық жұмыстарға 52 жұмыссыз тартылды.

Әлеуметтік қорғау

Ауданда аз қамтылғандарға қолдау көрсетудің нәтижелі түрлерінің бірі- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету табысты іске асуда. 2007 жылдың 1-ші қазанына дейін 2004 адамға 19 млн. 700 мың теңге мөлшерінде МАӘК төленді. Атаулы әлеуметтік көметің орташа айлық мөлшері 1092,3 теңгені құрады. 2406 балаға 18000 мың теңге мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленді. Балаларға арналған жәрдемақының орташа мөлшері - 831,3 теңгені құрады. Тұрғын үй - пәтер көмегі 1060 мың теңге мөлшерінде 137 отбасыға төленді. Тұрғын үй пәтер көмегінің орташа мөлшері- 842,6 теңгені құрады.
«2005-2007 жылдарға арналған мүгедектерге көмектесу» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты жұмыс атқарылды, 1963,6 мың теңге мөлшерінде 40 мүгедек балаға материалдық көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылы облыс әкімінің бастамасымен ауданға келген жас мамандардың қолайлы тұрмыстық жағдайларына облыстық бюджеттен 1208 мың теңге, Ұлы Отан Соғысының  мүгедектері мен ардагерлеріне – 1875 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді, Жоғарғы Оқу Орындарында аз қамтылған отбасыларының балаларын оқыту үшін – 3268 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Аудан бойынша 2007 жылдың   1-ші қазанында кедейлшілік  шегінен  төмен өмір сүретіндердің саны 2410 адамды құрады немесе жыл басымен салыстырғанда 261  адамға азайды.

^ Бюджеттің орындалуы

Ағымдағы жылдың Ш- ші тоқсанында  бюджеттің кіріс бөлігі 101 % орындалды. Аудан  бюджетіне  жоспардағы 382703 мың теңгенің орнына, 387821,0 мың теңге түсті, оның ішінде жеке кіріс бойынша болжамдағы 79324 мың теңгенің орнына 73989 мың теңге түсті, 93 пайызға орындалды.
Ауданда 2007 жылдың 9 айында  орташа айлық еңбекақы 27830   теңгені құрады  немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  өсім 136,7 пайызды құрады. Осы кезең ішінде еңбекақы төлеу қоры 134,5 пайызға өсті

^ Білім беру

2007 жылғы 1-ші қазандағы жағдай  бойынша ауданда күндізгі жалпы білім беретін 54   мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 29 - орта мектеп, 18 - орталау, 7 – бастауыш  мектептер. 31 мектеп қазақ тілінде, 9-ы орыс тілінде, 14  мектепте сабақ екі тілде жүргізіледі. 9 мектеп жанында  сырттай консультативтік сабақ өткізу   бөлімдері  ашылған, оларда 48 оқушы оқиды. Шағын комплектілі мектептер саны – 48, олардағы оқушылар саны - 4308 адам,  мектепке даярлық  жасындағыларды қосқанда – 4704 оқушы.
Мектеп жанынан ашылған 3 интернат жұмыс істейді: Катонқарағай ауылындағы  Ленин атындағы орта  мектептегі 60 орынды 1 интернат, Жамбыл ауылындағы орта мектептегі 40 орынды 1 интернат  және Белое ауылындағы орта мектептегі 20 орынды интернат.
Мектептен тыс ұйымдар - 1 (БММ) - 130 бала, 13 - топ.
2004 жылдың 1-ші қаңтарынан оқу және даму мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету-даму қолдауын көрсету үшін   психологиялық-педагогика түзету кабинеті жұмыс істейді. Құрамында – 83 бала, жұмысшылардың саны – 7,5 штатты бірлік. 
2007-2008 оқу жылдарының басында  ауданның жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылардың құрамы (мектеп жанындағы мектепке дейінгі топтардағы оқушыларды қоса алып есептегенде) 7458 оқушыны құрады, 2006-2007 оқу жылдарымен салыстырғанда 798 оқушыға аз.
Ауданның барлық мектептері компьютермен жабдықталған, 60 компьютер сыныбы және 7 мультимедия кабинеті жұмыс істейді. Мектептердегі компьютерлердің жалпы саны - 493.
2007 жылғы 1-ші қазандағы мәлімет бойынша аудан бойынша Интернет желісіне мектептердің 92,3 пайызы қосылды.  Олардың ішінен 25 мектепке оқу телевидениесіне қосуға құралдар сатып алынды және олар жұмыс істеп тұр. 25 мектепке Интернет желісіне қосуға модемдер орнатылды.
Ағымдағы жылы ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша  біздің ауданымыз облыс бойынша бірінші орынды иемденді. Аудан бойынша орташа балл 74,65. 607 мектеп бітірушілердің ішінен Жоғарғы Оқу Орындарына 335 оқушы, колледждерге – 163 оқушы түсті. Барлық грантқа түскен оқушылардың саны - 233.
1 оқушыны ұстап тұруға кететін   шығын 95012  тенгені құрады. Білім беру саласындағы  бір адамның орташа айлық еңбекақысы - 30136 теңгені құрады. Білім берудегі қызметкерлердің орташа тізімдегі саны 1940 адамды құрады.
2007 жылы жалпыға бірдей  оқу қорынан 7662 мың теңге бөлу жоспарланған,  2007 жылдың Ш-ші тоқсанында 3033,3 мың теңге игерілді.
Ағымдағы жылы Белқарағай ауылындағы Белқарағай орта мектебіне, Печи ауылындағы Печи орта мектебіне, Үш-Төбе орталау мектебіне, Шыңғыстай ауылындағы Әбдікерім атындағы орта мектепке, Еңбек ауылындағы Еңбек орта мектебіне, Берел орта мектебіне, Большенарым ауылында №1 бала бақшаға барлығы 10603 мың теңге сомасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2007 жылы білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін бюджеттен 73 млн. 013 мың теңге бөлу жоспарланған. Оның ішінен 2007 жылдың Ш- ші тоқсанында 32 млн. 571 мың теңге игерілді.
Республикалық бюджеттен жалпы орта білім беретін мемлекеттік жүйеде оқытуға интерактивті жүйесін енгізуге 933 мың теңге бөлінді.

^ Денсаулық сақтау

Қазіргі уақытта ауданың  денсаулық сақтау жүйесі 4 аурухана торабынан тұрады: 70 орындық Большенарым аудандық орталық ауруханасы, 60 орындық Катонқарағай аудандық ауруханасы, 10 орындық Новоберезовка және Өрел аумақтық ауруханалары, 9 мемлекеттік отбасылық дәрігерлік амбулатория, 8 ФАП және 34 ФП. Ауданның төсек-орын қорын- 150 төсек-орын және күндізгі стационардағы 20 төсек-орын құрайды.
Аудан тұрғындарына 2 жекеменшік стоматологиялық емхана және 1 жекеменшік стоматологиялық кабинет қызмет көрсетеді.
Ауданда 69 дәрігер және 265 орта медицина қызметкерлері қызмет етеді.
Ағымдағы жылдың Ш- ші тоқсанында емделіп шыққандар саны 2006 жылмен салыстырғанда 1180-нен 955 адамға азайды, төсек-күн саны 8990-ды құрады. 2007 жылдың Ш- ші тоқсанында дәрігерге қатынау – 26960, өткен жылы 36242 болған. Дүниеге келген сәби саны 99 немесе өткен жылмен салыстырғанда 20-ға аз. Дүниеден өткен адам саны биыл 89, ал 2006 жылы 105 болған.
2007 жылдың 1-ші қазанына дейін кепілдендірілген тегін медициналық көмектің мөлшері 223,0 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 150 пайызы.
6 денсаулық сақтау нысандарына  күрделі жөндеу жүргізуге 2007 жылға – 36400,0 мың теңге жоспарланған, оның ішінде 166648,0 мың теңге игерілді. 3600,0 мың теңге мөлшерінде медициналық құралдар, 1390,0 мың теңгеге хирургиялық ректоскоп, 11990 мың теңге мөлшерінде компьютерлік флюорография түсті.
АҚТҚ- жұқпалы ауруының (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) алдын-алу бойынша барлық алдын-алу және емдік шаралар жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ауданда АҚТҚ  жұқпалы ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, қазіргі уақытта АҚТҚ жұқпалы ауруымен науқастанғандар жоқ.

Мәдениет

2007 жылдың Ш- ші тоқсанында  мәдениет мекемелерінде 250   іс-шаралар өткізілді. Аудандағы осы өткізілген іс-шараларға 7 мың адам қатысты. 67 бірлескен көркемөнерпаздар үйірмелерінде  мыңға жуық адамдар шұғылданады. Ауданда барлығы 14 клуб мекемелері және 16 кітапхана, О.Бөкейдің мұражай-үйі және аудандық мәдениет үйінде өлкетану мұражайы жұмыс істейді. Большенарым ауылында модельді нұсқада балалар кітапханасы және Үш-Төбе  мен Ново-Березовка ауылдарында ауылдық кітапханалар ашылды.
2007 жылдың Ш-ші тоқсанында  аудан кітапханалары 964 оқырмандарға қызмет жасады, 98610 дана кітап берілді, кітап қоры- 190529 дананы құрайды, соның ішінде қазақ тілінде – 57015 дана кітап бар.
Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде аудан кітапханаларымен 365 бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Құқықтық тәртіп

Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оперативті мақсатта «Құқық қорғау», «Допинг», «Қару», «Жасөспірім», «Мигрант», «Бақылау» және тағы басқадай алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Сонымен, 2007 жылдың Ш-ші тоқсанындағы талдау мынаны көрсетті,  тіркелген қылмыстық істер, 52-ден 41-ге  дейін төмендеді немесе  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11 қылмысқа азайды.    



Похожие:

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2007 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауданның 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық саласының тұрақты...
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы iv-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтыма
Ауданның 2008 жылғы iv-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары, аудан экономикасының барлық саласының...
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2013 жылғы 1 қазандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
...
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconАуданның 2007 жылғы 3 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2012 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Ағымдағы жылдың 6 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары экономиканың өткен жылы қол жеткізген өсім қарқынын...
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconЗайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Зайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы