Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары icon

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



НазваниеКатонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Дата конвертации04.02.2013
Размер95.39 Kb.
ТипДокументы
источник

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары.

Ауданның 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық саласының тұрақты өсуін көрсетті.
2007 жылдың есеп беру кезеңінде ауылшаруашылы өнімдерінің жалпы көлемі 610 млн.195 мың теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 103 пайызы.
Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында 2241,3 тонна ет немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 101,0 пайызы; 7550,3 тонна сүт немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 105,4 пайызы; 899 мың дана жұмыртқа немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 100,1 пайызы.
2007 жылдың 1-ші сәуірі бойынша 43313 бас ірі қара, оның ішінде 17812 бас сиыр, 2006 жылдың тиісті кезеңінің 103,3 пайызы. 104196 бас қой немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 100,9 пайызы; 18363 бас жылқы немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 105,1 пайызы; 8695 бас шошқа немесе 106,5 пайызы.
Көктемгі-егістік жұмыстарына ауылшаруашылығы техникаларын дайындау аяқталды. 830 трактор жөндеуден өтті , топырақ өңдейтін және егу техникалары толығымен көктемгі- егістік жұмыстарына дайындықтан өтті. Көктемгі- егістік жұмыстарына жанар-жағар май 95 пайызға қамтамасыз етілді.
Егістік көлемі 71720 га құрайды, 62334 га жерге егін егу жоспарланған, оның ішінде дәнді дақылдар – 28620 га жерге; күнбағыс – 15260 га; картоп және көкөніс – 1290 га; мал азығын 17294 га жерге. 2007 жылға егістік алқаптың егін егу үшін 9500 га жері жыртылды, 1740 га жерге қысқы қарабидай себілді.
Ауданда 1324 шаруа қожалықтары құрылған, оның ішінде 476 шаруа қожалықтары дәнді дақыл егумен айналысады. Осы шаруа қожалықтарының барлығы тұқыммен толығымен қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіп.

2007 жылдың 1 тоқсанында меншіктің барлық түріндегі барлық кәсіпорындар өндірген өнім көлемі 46 млн. 76 мың тг немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 75,3 пайызын құрады. «ШҚ АЭК» ЖАҚ-ның филиалы 12 млн.449 мың теңгенің өнімін өндірді немесе өткен жылдың тиісті деңгейінің 110 пайызын құрады. 1-ден- 50-ге дейін адамы бар кәсіпорындар 4557 мың теңгенің өнімін өндірді немесе өткен жылдың тиісті деңгейінің – 27,5 пайызын құрады.

^ Автомобиль жолдары және көлік.

Ауданның автокөлік жолдарының көлемі 721 км, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар көлемі 268 км, жергілікті жол қатынастарының көлемі – 453 км, оның ішінде: 5 км – асфальтты бетонмен жабылған, 54 км – қара гравиймен жабылған, 394 км - гравиймен жабылған. Жергілікті автокөлік жүйелерінде келесі инженерлік құрылыстар бар:
- 23 дана - көпір, ұзындығы 759 п.м
- 263 дана – су жіберу құбырлары, ұзындығы 3945 п.м
- 16 км жасыл ағаштар.
Қыс кезінде жолдың бетінің қарын күреу, көктайғаққа қарсы материалдар шашу, судың іркілмеуі, тағы басқа жұмыстар жүргізілді. Осы айтылған жұмыстарды орындауға аудан бюджетінен 3889 мың теңге бөлініп, 3475 мың теңге игерілді немесе 89 пайызға орындалды. Жыл аяғына дейін жергілікті маңызы бар жолдарды ұстап тұруға 12 млн. 875 мың теңге игеріледі.
Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде 16,0 мың тонна көлемінде әр -түрлі жүк тасымалданды, жүк айналым 64,3 мың тонна-км құрады.1млн. 439 мың теңге сомасында кіріс кірді.

^ Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының көрсеткен қызметі 22319,4 мың теңгені құрады, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету қызметі 21788,3 мың тонна, сумен қамтамасыз ету қызметі 531,1 мың теңге. Тұрғындарға 2047,2 мың теңгенің көлемінде қызмет көрсетілді, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету 1693,6 мың теңге, сумен қамтамасыз ету 353,6 мың теңге.
«Нарын» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнымен 835 мың теңгеге көркейту, санитарлық тазалау және көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
- елді мекендерде санитарлық тазалықты ұстап тұруды қамтамасыз етуге – 288 мың теңге;
- жергілікті маңыздағы жолдардың іс-қызметін қамтамасыз етуге – 367 мың теңге;
- көшелерді жарықтандыруды ұстап тұруды қамтамасыз етуге – 180 мың теңге.

Құрылыс.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында жалпы ауданы 119,0 шаршы метр 1 тұрғын үй қолданысқа берілді, оның ішінде тұрғын көлемі 82,0 шаршы метр. Үй Үлкен-Нарын ауылындағы құрылысшылардың жеке қаржы есебінен салынды.

^ Орман шаруашылығы.

Үлкен Нарын мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің жалпы көлемі 85458 га. жерді құрайды, оның ішінде 29386 га. жерді орман алқаптары алып жатыр. 2007 жылдың 1- ші тоқсанында орман шаруашылығының қорынан бөлінген 8300 метр/куб жердің, 1 млн 419 мың теңге сомасында 2434 метр/куб жер деректер бойынша дайындалды , 24 рейд және 13 тексеру жұмыстары жүргізілді, табиғатты қорғау низамында 6 заң бұзу оқиғалары анықталды, 20,6 мың теңге бюджетке қайта қайтарылды. Өртке қарсы іш- шаралары бойынша ауылшаруашылық құрылымдарына және жеке тұлғаларға 40 ескертулер берілді.

^ Шағын кәсіпкерлік.

Ауданда шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық бағдарламасы өңделіп және өз жұмысын ары қарай жалғастыруда. Ауданда 1- ші сәуірден бастап 1963 шағын және орта бизнес субъектілері құрылған, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,1 пайызды құрады, оның ішінде 75 заңды тұлға, 146 патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер, жалпы тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер- 16, оңтайландырылған декларация бойынша жұмыс ісейтін кәсіпкерлер- 234. 2007 жылдың 1- ші сәуіріне дейін ауданда 1324 шаруа қожалықтары тіркелді. Шағын бизнес саласында 4362 адам жұмыс істейді немесе өткен жылдың тиісті деңгейінің 120,2 пайызы.
1-тоқсан бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 14420,6 мың теңге салықтық түсімдер түсті немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 122,7 пайызы.
Бір реттік талонмен жұмыс істейтін 82 адам тіркелді және тиісті кезеңнің 128,1 пайызы, бұлардан түскен жиын 420,5 мың теңгені құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 105,1 пайызы.
Ауданда 2007 жылдың 1- ші тоқсанында төмендегі көрсетілген шағын және орта бизнес объектілері ашылды:
-Үлкен- Нарын ауылында ЖК А. Перкиннің «Рыболов» дүкені,
- Ново- Поляковка ауылында «DARLING» ЖШС жанар- жағар май станциясының дүңгіршегі,
-Солдатова ауылында ЖК Р.Б. Жамбасовтың «Алтын балық» кафесі,
- Малонарымка ауылында ЖК Б.У. Кожикованың «Айгерім» дүкені,
-Катонқарағай ауылында ЖК Б.М. Теленчиновтың «Гүлназ» дүкені.

^ Еңбек нарығы.

2007 жылдың басынан бері жұмыспен қамту бойынша жұмысқа орналасуға 66 адам өтініш жасады немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 56,4 пайызы. 2007 жылдың 1-ші сәуірі бойынша 218 адам жұмыссыз деп тіркелді, өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 17,7 пайызға кем. Жыл басынан бері 56 адам жұмысқа орналастырылды немесе өтініш жасағандардың 84,8 пайызы, 103 жаңа жұмыс орындары құрылды, 102 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Әлеуметтік қорғау.

2007 жылдың 1-ші сәуірінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға 460 отбасы өтініш жасады, олардың ішінен 451 отбасына 6 млн теңге тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 1294,5 теңгені құрады.
Ауданда кедейлік деңгейін төмендету үшін үлкен жұмыстар жүргізіліп отыр.
Аудан бойынша 2007 жылдың 1-ші қаңтарында кедейлік деңгейінен төмен өмір сүретіндердің саны 2578 адамды құрады.
Есеп беру кезеңінде көмек тағайындауға 70 отбасы өтініш жасады, оның ішінде 64 отбасына 500 мың теңге тағайындалды. Тұрғын- үй көмегінің орташа мөлшері 2639,06 теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсаны бойынша 860 отбасы жәрдемақы алуға өтініш жасады, оның ішінде 843 отбасына ( оның ішінде 1952 бала) 6000,0 мың теңге сомасында жәрдемақы төленді. 18 жасқа дейінгі балалардың мемлекеттік жәрдемақысының орташа мөлшері – 1037,78 теңге.
1991 жылдың 21 тамызындағы « ҚР мүгедектерінің әлеуметтік қорғалу туралы» ҚР Заңының 23 бабын жүзеге асыру барысында, мүгедек балаларды тәрбиелеп оқыту үшін олардың ата-аналарына 774,0 мың теңге материалдық көмек төленді.
1-ші тоқсан бойынша Семей ядролық полигонында ядролық зардаптарды шеккен азаматтарға, Республикалық бюджеттен 283,6 мың теңге ақшалай төлемақы төленді. Бірреттік ақшалай өтемақыны 38 адам алды.
«Қамқорлық» бағдарламасымен келісе отырып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1259 азаматқа 828,5 мың теңгенің қамқорлық көмегін көрсетті.

^ Бюджеттің орындалуы.

Бюджеттің кіріс бөлігі 102,1 % орындалды. 2007 жылдың 1-ші тоқсаны бойынша аудан бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдерден болжамдағы 304 млн.71 мың теңгенің орнына 310 млн. 385 теңге түсті немесе болжамның 102,1 пайызы, оның ішінде өзіндік кіріс бойынша болжамдағы 66 млн. 258 мың теңгенің орнына 73 млн.772 мың теңгені құрады немесе болжамның 111,3 пайызы
2007 жылдың 1-ші сәуірінде мезгілінде төленбеген салық мөлшері 162 мың теңгені құрады немесе жыл басындағы мөлшердің 81,8 пайызын құрады. оның ішінде жергілікті салық бойынша 154 мың теңге.
Бюджеттің шығыс бөлігі- 286797,4 мың теңге немесе жоспардың 94,0 пайызы. Аздаған үлес білім беру саласына- 73,8 пайыз, жалпы мемлекеттік қызмет көрсету 12 пайыз, әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмек - 6,6 пайыз, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 3,6 пайыз, көлік және байланыс 1,2 пайыз.

^ Білім беру

2007 жылдың 1-ші сәуірі бойынша ауданда күндізгі жалпы білім беретін 54 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 29 - орта мектеп, 18 - орталау, 7 – бастауыш мектептер. 31 мектеп қазақ тілінде, 9-ы орыс тілінде,14 мектепте сабақ екі тілде жүргізіледі. 9 мектеп жанында сырттай консультативтік сабақ өткізу бөлімдері ашылған, оларда 48 оқушы оқиды. Шағын комплектілі мектептер саны – 48, олардағы оқушылар саны - 4308 адам, мектепке даярлық жасындағыларды қосқанда – 4704 оқушы.
Мектеп жанынан ашылған екі интернат жұмыс істейді: Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы орта мектептегі 60 орынды 1 интернат, Жамбыл ауылындағы орта мектептегі 40 орынды 1 интернат.
Мектептен тыс ұйымдар- 1 (ДМШ)- 126 бала, 13- топ. 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап спорттық мектепте ( БЖСМ) 408 бала, 37 топ, 29 штатты бірліктегі жұмысшылар.
2004 жылдың 1-ші қаңтарынан кемтар балаларға түзету- дамытуды қолдау жасау үшін психология-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді. Құрамында – 83 бала, жұмысшылардың саны – 7,5 штатты бірлік.
2006-2007 оқу жылдарының басында ауданның жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың құрамы ( мектеп жанындағы мектепке дейінгі топтардағы оқушыларды қоса алып есептегенде) 7256 оқушыны құрады, 2005-2006 оқу жылдарымен салыстырғанда 425 оқушыға аз.
2006-2007 оқу жылдардағы жиынтық- сыныптардың саны (мектеп жанындағы мектепке дейінгі топтардағы жиынтық-сыныптармен бірг) 572 құрады. . Мектепке дейінгі бір жиынтық- сыныптың орташа толықтырылуы – 12,7 бірлік, өткен жылмен салыстырғанда 0,6 бірлікке кеміп отыр.
Ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінде білім беру саласы бойынша штатты бірліктің саны – 1985,1. Жалпы және орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді ұстап тұруды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен түскен нысаналы трансферттердің есебінен, білім беру жүйесіндегі жұмысшылардың саны жыл басымен салыстырғанда 34 шт.бірлікке артты .
Қазіргі уақытта ауданның 25 мектебі жеке жылу қазандарымен қатты отынмен жылытылады, 18 мектептер электр қуатымен жылытылады, ал 9 мектеп отын жағып жылытылады, 2 мектеп орталықтандырылу қазандарынан жылытылады. 54 мектептің- 22 біріңғай, 32 мектеп бейімделген ғимараттарда орналасқан.
Ауданның барлық мектептері компьютермен жабдықталған, 60 компьютер сыныбы және 2 мультимедий кабинеті жұмыс істейді. Мектептердегі компьютерлердің жалпы саны- 413.
Аудан бойынша 2007 жылдың 1-ші сәуірінен Интернет желісіне барлығы 85,2 пайыз мектептер қосылды. Олардың ішінен 23 мектепке оқу телевидениесіне қосуға құралдар сатып алынды және олар жұмыс істеп тұр. 8 мектепке Интернет желісіне қосуға модемдер орнатылды.
2007 жылдың 1-ші сәуірінен білім беру саласы бойынша бюджеттік қаржының кассалық шығыны болжамдағы 222414 мың теңгенің орнына 211646,6 мың теңгені құрады немесе 95,2 пайыз, оның ішінде мектептер бойынша- 204966,1 мың теңге, лимит бойынша 215511 мың теңге бөлінген; мектепке дейінгі балалар мекемелері бойынша жоспардағы 3769 мың теңгенің орнына кассалық шығын 3769 мың теңгені құрады; мектептен тыс мекемелер бойынша жоспардағы 1403 мың теңгенің орнына кассалық шығын 1403 мың теңгені құрады. 1 тоқсан бойынша 1оқушы үшін шығын 28265 тенгені құрады. Білім берудегі орташа жұмысшылардың саны 1892 мың адамды құрайды. Білім беру саласында 1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы - 25051теңгені құрады.
2007 жылы жалпыға бірдей оқу қорынан 7662 мың теңге сомасын бөлу жоспарланған.

^ Денсаулық сақтау.

Қазіргі уақытта ауданың денсаулық сақтау жүйесі 4 емханадан тұрады: Үлкен-Нарын ауылындағы орталық аудандық аурухана 70 төсектен тұрады, Катонқарағай ауылындағы аудандық аурухана- 60 төсек; Ново-березовка ауылында 2 учаскелік аурухана және Өрел ауылында 10 төсекті аурухана, 9-мемлекеттік отбасылық дәрігерлік амбулатория, 8- фельдшерлік акушерлік пункт және 35 фельдшерлік пункт. Ауданның төсек қоры-150 төсек –орын және 20 төсек күндізгі стационарда емденушілерге арналған.
Аудан тұрғындарына 2 жеке емхана және 1 жеке стамотологиялық кабинет стаматологиялық көмек көрсетеді.
Мемлекеттік мекеме денсаулық қорғау саласының штаты- 506,5 шт.бірлік, оның ішінде: дәрігерлердің жалпы саны- 92,25; орта медициналық қызметкерлер саны-253; кіші медициналық жұмысшылар- 90,3; тағы басқалары- 71.
Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында емделіп шыққан науқастардың саны- 1427, науқастармен 13147 төсек-күн өткізілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 42 төсек-күнге артты. Науқастардың орташа төсекте болып емделгендері – 9,21 күн, 2007 жылдың 1-ші тоқсаны бойынша дәрігерге қатынау- 52743, өткен жылға қарсы қатынау 50473. Дүниеге келген сәби саны- 98 немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 адамға артық, қайтыс болғандар- 109 немесе 2006 жылдың тиісті кезеңінде 103 адам қайтыс болған.
Ауданда денсаулық сақтау саласында (коммуналды мемлекеттік кооперативті кәсіпорны) КМКК ұстап тұруға 1- тоқсанда облыстық бюджеттен 82021 мың теңге жұмсалды, оның ішінде еңбекақыны төлеуге әлеуметтік аударымдар- 55938 мың теңге, азық-түлік сатып алуға- 1607 мың теңге, медициналық дәрі- дәрмектер сатып алуға – 11755 мың теңге, жылуға төлеуге- 6662 мың теңге.1500 мың теңге сомасына оргтехникалар (10 дана компьютер), 2500 мың теңге сомасына шаруашылық заттары (төсектер, тумбочкалар) түсті.

^ Мәдениет және спорт.

2007 жылғы 1-ші тоқсан бойынша мәдениет мекемелерінде 500 – ге жуық ірі іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде, 1 – мемлекеттік мейрамдар, 12- кештер, 3 – аудан Әкімінің қабылдаулары, 86- концерттер, 14- балаларға арналған ертеңгіліктер, 350 – би кештері өткізілді. Аудандағы осы өткізілген іс-шараларға 5 мың адам қатысты. 67 бірлескен көркемөнерпаздар үйірмелерінде мыңға жуық адамдар шұғылданады. Ауданда барлығы 12 клуб мекемелері және 16 кітапхана, О. Бөкейдің мұражай-үйі және аудандық мәдениет үйінде өлкетану мұражайы жұмыс істейді. Осы жылы Үлкен-Нарын ауылында модельді нұсқада балалар кітапханасы ашылды.
Аудандық кітапханалар 7497 оқырмандарға қызмет жасайды, оқырмандарға оқуға 58,6 мың дана кітап берілді. Кітап қоры – 189566 дана кітапты құрайды, оның ішінде қазақ тілінде- 55447 дана кітап бар.
Орталық аудандық кітапхана « Шығыс-Қазақстан Облысы біріңғай ақпараттық компьютер желісі»( ЕИКС) жобасына қатысушылардың бірі болып саналады. ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Өкіметі Қаулысының құқықтары мен заңдары бойынша ақпаратты пайдалануды қамтамасыз етудегі сұрақтарды Интернет залы шешеді, электронды жазылым баспаларының анықтау-іздеу жүйесі (СПС ) «Юрист» ай сайын жаңартылып отырылады. Есеп беру кезеңінде аудан кітапханалары қызметкерлерімен 344 бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
2007 жылдың1-ші тоқсанында ауданның 8 спортсмендері екі облыстық спорттық жарыстарға қатысты. Осы жарыстарға шыққан шығын 79,4 мың теңгені құрады. Аудан деңгейі бойынша төрт спорттық жарыстар өткізілді, бұл жарыстарға үш мыңнан аса адам қатысты. Аудандық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге шыққан шығын- 58,2 мың теңге.

 

Катонқарагай экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Г.Мельников



Похожие:

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2007 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы iv-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтыма
Ауданның 2008 жылғы iv-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары, аудан экономикасының барлық саласының...
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2007 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconЗайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Зайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауданның 2009 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты өсуін...
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары icon2008 жылғы бірінші тоқсандағы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауданда ауданды дамытудың негізгі бағыттары аясында он екі әлеуметтік-экономикалық өңірлік бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда
Катонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы