Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама icon

Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама



НазваниеКатонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама
Дата конвертации04.02.2013
Размер136.02 Kb.
ТипДокументы
источник

Катонқарағай ауданының 2008 жылғы II-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының  қорытындылары туралы анықтама

Ауданның 2008 жылғы II-ші тоқсандағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан  экономикасының көптеген саласының  тұрақты өсуін көрсетті.
Ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 105,0 пайызға орындалып, 723,3 млн. теңгені құрады.
Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен 109 шағын цехтар айналысады, оның ішінде: 23 наубайхана, 27 май өндіру орны, 15 диірмен, 2 пантокрин және гематоген шығаратын цех. 2008 жылдың II-ші тоқсанында  қайта өңдеу көлемі 105,3 млн. теңгені құрады, немесе өткен жылдың тиісті кезеңінің 115 пайызын құрады.
2008 жылдың  II-ші тоқсанында -  1697,6 тонна ет, 11243,3 тонна сүт, 2881,3 мың дана жұмыртқа, 179,6 тонна жүн өндірілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет 109,7 пайызға, сүт – 102,0 пайызға, жұмыртқа – 99,2 пайызға, жүн- 100,2   пайызға өндірілді.
Аудан шаруашылықтарында 7 малды бордақылау алаңдары құрылды. Ауданда мал тұқымын асылдандырумен 6 асыл тұқымды шаруашылықтары шұғылданады, оның ішінде 4  марал шаруашылығы, 1 жылқы шаруашылығы және 1  қой шаруашылығы.
Ауданда  ірі қараны жасанды ұрықтандыру мақсатында 12  пункт ашылды.
2008 жылы себу егістік көлемі – 41614 га  құрады, оның ішінде дәнді дақылдар алқабы – 21214 га, күнбағыс – 17567 га, картоп және көкөніс – 1236,5 га. 2008 жылы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында 84,8 млн. теңге субсидия бөлінді және ол толығымен игерілді.   
Шаруа қожалықтарын  дәнді дақылдардың меншікті тұқымымен қамтамасыз етуге айтарлықтай көңіл бөлінеді. Жоспарланған 5,7 мың тоннаның 5,95 мың тоннасы қамбаға құйылды, ол қажеттіліктің 104 пайызын құрады.
Ауылшаруашылығы өнімін өндіруді тұрақтандыру және ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің мүліктік тәуелдігін төмендетуге кепілдік беруге ықпал етуші шаралардың бірі – сақтандыру. 2008 жылы барлық ауылшаруашылық бірлестіктері сақтандыру келісім-шарт жасады.  Оның жалпы көлемі 38980 га немесе 100 пайыз.

Өнеркәсіп

2008 жылдың II-ші тоқсанында меншіктің барлық түрлеріндегі  кәсіпорындар өндірген  өнеркәсіптік өнім мөлшері 65074,0 мың теңгені құрады  немесе өткен жылғы осыған сәйкес деңгеймен салыстырғанда жеке индекс көлемі 130,1 пайыз. «ШҚ АЭК» ЖАҚ-ның  бөлімшесі 9071,0 мың теңгенің өнімін өндірді немесе  өткен жылдың тиісті кезеңінің 3070,0 пайызын құрады. 1-ден - 50-ге дейін  адамы бар кәсіпорындар 11572,0 мың теңгенің өнімін өндірді немесе өткен жылдың тиісті  кезеңінің  48,0 пайызын құрады және қосалқы кәсіпорындармен – 44431,0 мың теңгенің өнімі өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес  кезеңіндегі деңгейге қатысты 193,5 пайызын құрады.

^ Автомобиль жолдары

Ауданның автокөлік жолдарының көлемі 721 км, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар көлемі 268 км, жергілікті жол қатынастарының көлемі – 453 км, оның ішінде: 5 км – асфальтты бетонмен жабылған, 54 км – қара гравиймен жабылған, 394 км -  гравиймен жабылған.
Жергілікті автокөлік жүйелерінде келесі  инженерлік құрылыстар  бар:

  1. ұзындығы  759 п/м 23 дана көпір

  2. ұзындығы 3945 п/м 263 дана су өткізу құбырлары

  3. 16 км жасыл ағаштар

оның ішінде 16 км қардан сақтандырғыш.
2008 жылдың II-ші тоқсанында жергілікті жүйедегі автокөлік жолдарынын ұстап тұруға бюджеттен 1355,5 мың теңге  бөлінді және игерілді.

^ Автомобиль көлігі

2008 жылдың II-ші тоқсанында  автомобиль көлігімен 154,78 мың тонна көлемінде әр түрлі жүктер тасымалданды, жүк айналымы 275,0 мың тонна/км-ді құрады. 10,9 мың теңгенің  кірісі  түсті.
Оның ішінде: «Большенарым АКК» ЖШС-і, ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде 805,0 мың теңгенің қызметін көрсетті, 1,1 мың тонна жүк тасымалданды және жүкайналым 48,0 мың тонна/ км құрады.
Катонқарағай ауылдық округі аумағында өз қызметін көрсетіп жүрген «Дархан» ЖШС,  есеп беру кезеңінде 10143,0 мың теңгенің,  153,7 мың тонна жүгі тасымалданды, жүкайналым 228,0 мың тонна/км құрады.  

^ Тұрмыстық - коммуналдық шаруашылық

2008 жылдың II-ші тоқсанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың көрсеткен қызметі 9393,9 мың теңгені құрады, оның 8541,9 мың теңгесі жылумен, 847,0 мың теңге сумен қамтудан түсті. Тұрғындарға 1593,2 мың теңгенің қызметі көрсетіліп, оның ішінде жылудан 1079,2 мың теңге, сумен қамтудан 514,0 мың теңге түсті.
Ауылдық округтер бойынша: Большенарым ауылдық округі бойынша –7023,9 мың теңгенің, Катонқарағай  ауылдық округі бойынша – 2370 мың теңгенің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі көрсетілді.
2008 жылы сметалық құны  - 37,0 млн. теңге тұратын Большенарым ауылындағы су өткізу желілерін қайта жаңарту көзделген және жөндеу жұмыстары басталып кетті.  Катонқарағай ауылында 15,0 млн. теңгеге су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда.  
Ағымдағы жылы 2008-2009 жылдарға арналған ауданның елді мекендерін көгалдандыру бойынша аудандық бағдарлама әзірленіп және бекітілді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында 45 мыңнан астам ағаштар мен көшеттердің  әр түрлері отырғызылатын болады.

^ Орман шаруашылығы

Большенарым мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің жалпы көлемі 85458 га. құрайды, оның ішінде 29386 га.  орман алқаптары алып жатыр. 2008 жылға орман шаруашылығының қорынан   8850 текше метр көлем жер бөлінді.
Көк-Терек орман шаруашылығында 0,1 га көлемге қайың егілген және Ново-Березовка орман шаруашылығында 15,5 га көлемге кәдімгі қарағай  егілген қорықтар бар.
2008 жылдың II-ші тоқсанында  орман низамын бұзу бойынша  69 рейдтер мен 58 тексерулер жүргізілді. Осы тексерулердің барысында орман тәртібін бұзған  1 оқиға анықталды. Мемлекеттке кіріске басқа да орманды пайдаланудан 99,5 мың теңге түсті.
2008 жылы орман кесу қорынан 8850 шаршы метр бөлінді, II-ші тоқсанында  деректер бойынша оның  ішінен 255,8 мың теңгенің 262,5 шаршы метрі дайындалды, оның ішінде өңдеуге жарамды 135,3 мың теңгенің 83  шаршы метрі дайындалды.
2008 жылдың II-ші тоқсанында  ормандағы өртке қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын жүргізу барысында  ауылшаруашылық құрылымдарына және жеке тұлғаларға 15 ескертулер  мен 7 нұсқама берілді.
2008 жылдың II-ші тоқсанында  5114,5 мың теңгенің бюджеттік қаржысы игерілді.
Мемлекеттік мекемелерде 47,5 адам жұмыс істейді, оның ішінде штаттағы қызметкерлердің саны 36, штаттан тыс 11 адам жұмыс істейді.

^ Шағын кәсіпкерлік

Ауданда 2008 жылдың 1-ші шілдесінде  2079 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді, оның ішінде 106 заңды тұлға, 1361 шаруа қожалықтары, 203 патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер, жалпы тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер - 22, оңтайландырылған декларация бойынша жұмыс ісейтін кәсіпкерлер - 251. Шағын бизнес саласында 4306 адам жұмыспен қамтылған немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  112 пайызын құрайды.
Ауданда 238 дүкен, 3 базар, 16 кафе, 1 ресторан, 14 ЖЖС, 21 дәріхана,  14 қызмет көрсету саласы жұмыс істейді. №2 бұрынғы бала бақша ғимараты жеке кәсіпкер А. Кемпербаевқа сенімді басқаруға берілген, жиһаздар және пластикалық әйнектер шығаратын цех ашылды, осыған қоса қонақ үй, асхана, дүкен ашу жапарланған. Қазіргі уақытта ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Аудан орталығында әсемдік салоны ашылды. Өрел ауылында  тәулігіне 300 бөлке нан пісіретін наубайхана ашылып, өз жұмысына  кірісті.
Осы жылы 9 дүкен, 2 кафе, 2 ЖЖС, 3 дәріхана, шұжық, қасапшы цехтарын және бал шығару бойынша цех ашу жоспарланған.
Кәсіпкерлікті дамытуда туризмді өркендетуге айырықша орын берілген. Осы мақсат үшін облыс орталығынан ұшақты қабылдау үшін Катонқарағай ауылындағы әуежайдың жұмысы қайта жандандырылды.
Ақмарал ауылында «Катонқарағай сауықтандыру-туристік кешенінің» құрылысы басталды, онда 150 жұмыс орны құрылды. Катонқарағай ауылындағы бұрынғы банк ғимараты пантамен емдеу және мейманханаға лайықталып жабдықталуда. Сол сияқты  Репной  шатқалында пантымен емдеу және туристік- аңшылық, Язовая ауылында сауықтыру туристік кешенінің,  Өрел ауылында жылқы ұстайтын туристік базаның құрылыс жұмыстары жоспарлануда.

^ Еңбек нарығы

2008 жылдың II-ші тоқсанында  жыл басынан бері жұмыспен қамту қызметіне  жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 154 адам өтініш жасады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  жұмысқа орналасу  мәселесі бойынша өтініш жасағандардың саны 8 адамға  азайды. 2008 жылғы 1-ші шілдедегі жағдай бойынша  206 адам ресми түрде жұмыссыз деп тіркелді,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 адамға  азайды. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 1 пайызды құрады.
Жыл басынан бері 107 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде II-ші тоқсанда  85 адам орналасты. Жұмысқа орналастыру деңгейі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,9 пайызды құрады.
2008 жылғы тұрғындарды жұмыспен қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шаралар жобасын  жүзеге асыру жоспарына сәйкес 520 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. 2008 жылдың II-ші тоқсанында  438 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 106 орын тұрақты, 332 уақытша және маусымдық орындар. Экономикалық қызмет түрлері ішінен  тұрақты жұмыс орындары құрылды: ауыл шаруашылығында –  21 орын, сауда - саттықта – 10 орын, білім беру мен денсаулық сақтау саласында - 8 орын, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықта – 11, көлік және байланыста – 4, шағын және орта бизнес саласында – 85 және  басқа салаларда – 63 орын ашылды. Жылдық жоспардың орындалу көрсеткіштері құрылған жұмыс орындарының жалпы санының  110,8 пайызын құрайды.
Тіркелген жұмыссыздардың үлесі тұрғындардың экономикалық белсенді мөлшерінің 0,9 пайызын құрайды.
«Жастар тәжрибесін» ұйымдастыру  жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасуға, оларға кәсіби білім алуға кең көлемде жол ашады, жұмыс берушілерге әр түрлі мамандық бойынша болашақ кадрларды таңдауға мүмкіндік туғызады. 2008 жылы «Жастар тәжрибесі» бағдарламасын енгізу жұмыстары жалғасады, олар жұмыссыз жүрген бастапқы оқу орындарының, орта және жоғары кәсіби білім ордаларының түлектері 24 жасқа дейінгілерді қоса алғанда 8 адам.  Іс-шаралар жоспары бойынша,  ағымдағы жылдың наурыз айында жастар тәжрибесіне «Экономист-есепші» және «Юрист»  мамандығын алған колледж түлектерінен 6 ай мерзімге 6 адам, мамыр айында 1 адам жіберілді.
Мақсатты топтағы тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында, жұмысқа орналасуда қиындыққа тірелетіндерге мына мамандықтар бойынша 10 әлеуметтік жұмыс орындары құрылады: әр түрлі жұмысшы, күзетші. Әлеуметтік жұмыс орындары келесі ұжымдарда ұйымдастырылған: «Өрнек» ШҚ, «Абілғажинов» ЖК, «Кашкенова» ЖК. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне, еңбек нарығындағы мақсатты топтағы жұмыссыздардың  бәсекеге қабілеттілігіне, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының төмендеуіне  ықпал етеді.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғауда ақылы қоғамдық жұмыстар қажетті және ең тиімді элемент болып табылады. Еңбек нарығындағы жорамалға сәйкес 2008 жылы қоғамдық жұмыстарға 250 адам жіберу жоспарланған. 2008 жылдың II-ші тоқсанында  қоғамдық жұмыстарға 51 жұмыссыз қатысты. Бағдарламаның орындалуы 62,0 пайызды құрады.
2008 жылы  кәсіби оқуларға 32 адамды жіберілетін болады. «BILISIMA» ЖШС-і  базасында  5 адам шаштараз кәсіби мамандығы бойынша оқуды аяқтады, 2 адам оқуларын ары қарай жалғастыруда, аспаз мамандығы бойынша 1 адам оқуды аяқтады, 2 адам оқуларын ары қарай жалғастыруда, есепші мамандығы бойынша 7 адам оқуды аяқтады, 4 адам ары қарай оқуды жалғастыруда, «хатшы-референт» мамандығы бойынша 3 адам  оқуды аяқтады, 1 адам оқуын жалғастыруда.   №22 кәсіптік мектебіне 5 адам В,С деңгейдегі жүргізуші курстарына жіберілді, олардың 3-і оралмандар.

Әлеуметтік қорғау

Ауданда тұрмысы төмендерді қолдау үшін – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету іске асырылған.  2008 жылы аудандық бюджет бойынша МАӘК-ті төлеуге 36048,0 мың теңге қарастырылған. 2008 жылдың 1-шілдесінде  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1683 алушыға 18769,5 мың теңге мөлшерінде тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда отбасының саны 1,2 пайызға,  алушылардың саны 1,1 пайызға артты. Тағайындалған жәрдемақының орташа мөлшері 1858,73 теңгені құрады.
2008 жылдың 1-ші  шілдесінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 558 отбасына немесе 1732 алушыға 17484,0 мың теңге  көлемінде төленді.  Төленген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1682,45 теңгені құрады. 
2008 жылы балалар жәрдемақысын төлеуге 26930,0 мың теңге қарастырылған.  2008 жылдың 1-ші шілдесінде 959 отбасына,  оның ішінде 2205  балаға 13438,9 мың теңге қарастырылған.
2008 жылдың 1-ші шілдесінде 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 959 отбасына төленді, немесе 13380,0 мың теңге 2205 балаға төленді. Балалар жәрдемақысының орташа мөлшері 1011,3 теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда отбасы саны 2,0 пайызға, балалардың саны 1,1 пайызға артты.
2008 жылы тұрғын- үй көмегіне 6156,0 мың  теңге қарастырылған. 2008 жылдың  1-ші шілдесінде 220  отбасы тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасады, оның ішінде 214 отбасына, 388 алушыға 2250,0 мың теңге қарастырылған және 2008 жылдың 1-ші шілдесінде 180 отбасына, 328 алушыға 1900,0 мың теңге тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда отбасының саны 7,1 пайызға,  алушылардың саны  5,1 пайызға сәйкес артты. 2008 жылғы 1-ші шілдеде тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 1752,33 теңгені құрады.
2008 жылы үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмекті қамтамасыз ету үшін 2934,0 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде 2008 жылдың 1- ші шілдесінде 40 алушыға 1520,0 мың теңге тағайындалды және 2008 жылдың 1- ші шілдесінде  40 алушыға 1520,0 мың теңге төленді. Өткен жылмен салыстырғанда мүгедек балалардың саны 1,0 пайызға сәйкес артты.  2008 жылдың 1- ші  шілдесінде мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етудің орташа мөлшері 6333,30 теңгені құрады.
2008 жылдың 1- ші шілдесінде ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұратындардың  саны аудан бойынша 2235 адамды құрады немесе жыл басымен салыстырғанда 343 адамға азайды.  

^ Бюджеттің орындалуы

2008 жылдың  II-ші тоқсанында  бюджеттің кіріс бөлігі 100,6 % орындалды. Ауданның бюджетіне жоспарланған болжамдағы 431339,0 мың теңгенің орнына 434021,9 мың теңге түсті, оның ішінде  болжанған  74404,0 мың теңгенің орнына, өзіндік кірістер 77086,9 мың теңге түсті немесе орындалуы 103,6 пайызды құрады.
2008 жылғы 1-ші шілдедегі мәлімет бойынша бюджет қаржысының қалдығы жергілікті бюджеттегі Біртұтас Қазыналық есепшотта  8043,3  мың теңгені құрады.
Ауданда осы кезеңде орта айлық еңбекақы төлемі 29837 теңгені құрады немесе өткен жылдың осы кезеңіне қарағада 119,7 пайызға өсті. Осы кезеңде еңбекақы төлеу қоры 114,5 пайызға өсті.

^ Білім беру

2008 жылғы 1-шілдедегі  жағдай   бойынша ауданда күндізгі жалпы білім беретін 54   мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 29 - орта мектеп, 18 - орталау, 7 – бастауыш  мектептер. Чаловка және Рахман қайнары ауылдарындағы бастауыш мектептер, мектеп жасындағы балалардың жетіспеуіне байланысты 1 жыл мерзімге жабылып отыр. 54 мектептің ішінде 31 мектепте оқу қазақ тілінде, 6 - мектепте орыс тілінде, 17  мектепте сабақ екі тілде жүргізіледі. 8 мектеп жанында  оқу-кеңес пункттері құрылған, оларда 55 оқушы оқиды. Шағын жиынтық мектептердің  саны – 49 немесе олардағы  оқушылардың саны 4148,  шағын жиынтық мектептердегі мектепке даярлық  жасындағылармен қосқандағы оқушылар саны  – 4440 оқушы.
Мектеп жанынан ашылған 120 орынды үш интернат жұмыс істейді: Катонқарағай ауылындағы  Ленин атындағы орта  мектептегі 60 орынды 1 интернат, Жамбыл ауылындағы орта мектептегі 40 орынды 1 интернат, Белое орта мектебіндегі 20 орынды 1 интернат.
Мектептен тыс ұйымдар - 1  балалар музыка мектебі (БММ) құрамында  - 130 бала, 13 - топ. 2007 жылы балалар музыка мектебіне жалға бөлек жай бөлінді.
Бюджеттің функционалдық классификацияның шығыс бөлігінің  өзгеруіне байланысты  2006 жылғы 1-ші қаңтардан бастап мектепке дейінгі балалар ұйымдары  ( бала бақша) ауылдық округтердің қарамағына берілген.
Ауданда қазіргі уақытта 3 мектепке дейінгі балалар ұйымы бар. Ондағы  5 топта 126 бала тәрбиеленеді, оның ішінде: Большенарым ауылындағы бала бақшада – 80 бала, Катонқарағай ауылындағы бала бақшада – 31 бала, Ново-Хайрузовка ауылындағы бала бақшада- 15 бала тәрбиеленеді. Тәрбиешілер саны - 9 бірлік,  әкімшілік- басқару қызеткерлер саны – 19 бірлік, барлығы  балабақшаларда 28 бірлік. 2008 жылы Малонарым ауылындағы ескі бала бақшаны күрделі жөндеуден өткізіп ашу, сонымен бірге Катонқарағай ауылындағы бала бақшаны жөндеуден өткізіп және кеңейту жоспарланған.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды  қолдау жасау үшін   психологиялық-педагогика түзету кабинеті жұмыс істейді. Құрамында – 83 бала, жұмыскерлер саны – 7,5 штатты бірлік. 
2007-2008 оқу жылдарының басында ауданның жалпы білім беретін мектептеріндегі оқушылардың саны (мектеп жанындағы мектепке дейінгі топтардағы оқушыларды қоса алып есептегенде) 6458 оқушыны құрайды, 2006-2007 оқу жылдарымен салыстырғанда 798 оқушыға аз.
2007-2008 оқу жылдары мектепке дейінгі топтарды қоса алып есептегенде  класс- комплектілердің саны 554 құрады. Соның ішінде 1- 11 сыныптар арасында  – 508 класс - комлекті, 2006-2007 оқу жылымен салыстырғада балалар саны 647 оқушыға азаюына байланысты класс-комплектілердің саны 15 бірлікке азайды.
Ауданның барлық мектептері компьютермен жабдықталған, 60 компьютер сыныбы және 11 мультимедия кабинеті жұмыс істейді. Мектептердегі компьютерлердің жалпы саны - 606.
2007 жылғы 1-ші  желтоқсандағы жағдай бойынша  аудан бойынша  Интернет желісіне 50 мектеп қосылған немесе  92,3 пайызы. Бүгінгі күні Интернет желісіне қосылған 50 мекептің 38-і ғана жұмыс істейді. Қалған 12 мектепте компьютерлік класстар мен модемнің тозуына байланысты байланыс нашар.
54 мектептің 23-і типтік мектеп, ал 31-і бейімделген ғиараттарда орналасқан. Қазіргі уақытта ауданның 22 мектебі өз қазандықтарымен, 21 мектеп электр қуатымен, 9 (7) мектеп пешпен, ал 2 мектеп орталық жылу жүйесімен жылытылады. Биылғы жылы 9 мектеп және 1 мектеп (Ақсу ауылы) жанындағы интернат қатты отыннан электр жүйесіне ауыстыру жоспарланып отыр, жылы және үнемді.
Білім беру саласында 1940 адам қызмет етеді, оның ішінде жалпы білім беретін мектептерде – 1871 адам, оның ішінде 970-і бастауыш және пән мұғалімдері. Соларың ішінде 721 мұғалім – жоғарғы білімді, 210 мұғалім – арнаулы орта білімді, 39 мұғалім – орта білімді. 
Білім беру саласындағы  орташа  жұмысшылардың саны 1940 мың адамды құрады. Білім беру саласында 1 қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 30130 теңгені құрады.
2008 жылға жалпыға бірдей білім беруді қамтамасыз ету қорына 7302,0 мың теңге қарастырылған.
2008 жылдың 1- ші  шілдесінде жалпыға бірдей білім беру қорынан 3425,0  мың теңге бөлінді және 3415,0 мың теңге игерілді.

^ Денсаулық сақтау

Қазіргі уақытта ауданның  денсаулық сақтау жүйесі 4 емханадан тұрады: Большенарым ауылындағы орталық  аудандық аурухана 70 төсектен тұрады, Катонқарағай ауылындағы аудандық аурухана - 60 төсек; Ново-Березовка ауылында 2 учаскелік аурухана және Өрел ауылында 10 төсекті аурухана, 9-мемлекеттік отбасылық  дәрігерлік амбулатория, 8 - фельдшерлік акушерлік пункт және 35 фельдшерлік пункт, Сенное ауылындағы бір медицина қызметкерінің арнайы жайы жоқ.  Ауданның төсек қоры-150 төсек–орын және 20 төсек күндізгі  стационарда  емделушілерге арналған.
Аудан тұрғындарына 3 кабинет және 1 жеке стоматологиялық кабинет стоматологиялық көмек көрсетеді.
Аудан аумағында 54 елді мекен орналасқан, оның ішінде, тұрғындардың саны  24 ауылда – 300 адамға дейін, 13 ауылда  300 - ден 800 – ге дейін, 17 ауылда 800 - ден және онан жоғары.    
Ауданда  дәрігерлердің жалпы саны - 70 және орта медициналық қызметкерлер саны- 264. 3 – жоғарғы категориялы дәрігерлер, 24 – бірінші категориялы, 6- екінші категориялы дәрігерлер бар. Жоғарғы категориялары – 17, бірінші категориялы - 48, екінші категориялы – 42 орташа  медициналық қызметкелер бар.   2006 жылы барлық медицина қызметкерлері өздерінің қызметтеріне сәйкес жоғарғы білікке емтихан тапсырып, серификаттар алды. Денсаулық сақтау саласында кадрлармен қамтамасыз ету негізгі мәселелелердің бірі болып отыр. 2008 жылдың II-ші тоқсанында  ОДА, ФАП және ФП-де  жинақталған орташа медициналық қызметкерлер 100 пайызды құрады.  2007 жылы мамыр айында Семей медициналық Академиясының түлектерімен келісім жасалып ауданға 5 жас дәрігер мамандары  келді. 2008 жылдың наурыз айында Семей медициналық Академиясының түлектерінің ішінен  екі жас маманға келісім-шарт  жасалды.   Бұған қарамастан, бүгінгі күні акушер-гинеколог, хирург, патологоанат, терапевт, педиатр сияқты мамандар ауданымызға өте қажет болып отыр.
ОДА бойынша телефон  байланысымен қамтамасыз ету – 9 (100 пайыз), ФАП – 6 ( 54 пайыз), ФП – 6 (17,6 пайыз).  
2008 жылдың II-ші тоқсанында емделіп шыққан науқастардың саны 1343 адамды құрады, ал 2007 жылдың тиісті кезеңінде 1290 болған, науқастармен 23113 төсек-күн өткізілді немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 157 төсек-күнге артып отыр. Дәрігерге қатынау – 61338, өткен жылдың тиісті кезеңінде 53628  қатынау  болған.  Дүниеге келген сәби саны –93   немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 6 балаға артық. Қайтыс болғандар - 91 немесе 2007 жылдың тиісті кезеңінде 109 адам болған, бақилық болғандардың саны 18 адамға азайып отыр.

Мәдениет

2008 жылдың 1-ші шілдесінде мәдениет ошақтарының саны 32, оның ішінде  15 клуб мекемелері және 16 кітапхана, О.Бөкейдің мұражай-үйі жұмыс істейді.  Ауданда Большенарым ауылында модельді нұсқада балаларға арналған кітапхана ашылды.  2008 жылы мәдениет бөлімінің бюджеті 2007 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өсті немесе 35759,0 мың теңгені құрады. 2008 жылдың II-ші тоқсанында ақылы қызметтің мөлшері 289380,0 теңгені құрады. 2007 жылы Катонқарағай ауданында мәдениет мекемелері жүйесін кеңейтуге және келешекте мәдениет демалыс жұмыстарын жақсарту мақсатында  Үштөбе, Ново-Березовка, Малонарымка ауылдарында 3 ауылдық клуб ашылды. 2008 жылы Қызыл-Жұлдыз, Печи, Черемошка, Қабырға, Жаңа-Үлгі, Берел, Жамбыл  ауылдарындағы клуб иелерімен клуб ғимараттарын коммуналдық меншікке ақысыз қайтару үшін жұмыстар жүргізіліп, 7 клуб иелерімен қайта қайтару жөнінде меморандум жасалды. 2008 жылдың екінші жартыжылдығында Чернова ауылындағы клуб ғимаратына  жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.   
Егер 2007 жылдың 6 айында мәдениет мекемелерінде 554  мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілсе, 2008 жылдың 6 айында мәдениет мекемелерімен 806 – дан аса мәдени іс-шаралар өткізді.  Өткен жылы осы өткізілген іс-шараларға 8,0 мың адам қатысса,  биылғы жылғы 8,6 астам  адам қатысты.  115 бірлескен көркемөнерпаздар үйірмелерінің құрамындағы  1599 адам  ауданда өткізілетін барлық мерекелік іс-шараларға қатысып және аудан мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосады.
Егер өткен жылы аудан кітапханаларының  кітап қоры – 189645 дана кітапты құраса,  биылғы жылы – 195286 дананы құрайды, оның ішінде қазақ тілінде - 58122 дана кітап бар. Осы жылдың 6 айында 2015 дана жаңа кітаптар түсті, оның ішінде - 1750 дана  қазақ тілінде. Өткен жылдың 6 айында аудан кітапханаларымен 700-ге тарта әр-түрлі қоғамдық іс-шаралар өткізілсе, ағымдағы жылдың 6 айында 724 іс-шаралар өткізілді.

Құқықтық тәртіп

Ауданда  оперативті мақсатта «Құқық қорғау», «Допинг», «Қару», «Жасөспірім», «Мигрант», «Бақылау» және тағы басқадай  профилактикалық іс-шаралар өткізіледі, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда қылмыстың төмендеуіне айтарлықтай қол жеткізілді. 2007 жылдың II-ші тоқсанында 51 қылмыстық іс жасалса, 2008 жылдың II-ші  тоқсанында  25 қылмыстық іс  тіркелді, қылмыстық істер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26 іске азайды. Ағымдағы жылдың II-ші  тоқсанында  басы ашылған қылмыс 89,5 пайызды құрады.

 



Похожие:

Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы iii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы iv-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтыма
Ауданның 2008 жылғы iv-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары, аудан экономикасының барлық саласының...
Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама iconКатонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауданның 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық саласының тұрақты...
Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама iconЗайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы ақпарат Ауыл шаруашылығы
Зайсан ауданының 2011 жылғы І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама iconКатонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауданның 2009 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты өсуін...
Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама icon2008 жылғы бірінші тоқсандағы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауданда ауданды дамытудың негізгі бағыттары аясында он екі әлеуметтік-экономикалық өңірлік бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда
Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама iconАуыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
...
Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама iconКатонқарағай ауданының 2007 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама iconЗайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама

Катонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама iconЗайсан ауданының 2010 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы