Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары icon

Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



НазваниеКатонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Дата конвертации04.02.2013
Размер89.46 Kb.
ТипДокументы
источник

Катонқарағай ауданының 2009 жылғы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары


Ауданның 2009 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты өсуін көрсетті.

Ауыл шаруашылығы.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім мөлшерінің көрсеткіші 7 млрд. 839 млн. теңгені құрады. 2008 жылмен салыстырғанда өсім – 42,6 пайыз.

2010 жылдың 1 қаңтарына 11658,6 тонна ет (100,1 пайыз), 40969,9 тонна сүт (102,9 пайыз), 8495,2 мың дана жұмыртқа (100,6 пайыз), 179,8 тонна жүн (100,1 пайыз), 360 тонна бал (112,5 пайыз) өндірілді.

2009 жылдың қорытындысы бойынша ауданда ірі-қара мал басы - 35768 немесе 2008 жылмен салыстырғанда 100,6 пайыз, жылқы - 20335 бас (102,5 пайыз), қой мен ешкі – 81189 бас (102,6 пайыз), шошқа – 3893, құс – 75583 (110,5 пайыз), марал мен теңбіл бұғы 6275 басты құрады (100,6 пайыз).

Ауданда 9 мал бордақылау алаңы бар. Олар 228 тонна ет өндіріп, тапсырды. 15,9 млн.теңге субсидия алынды.

Ауданда 12 қолдан ұрықтандыру пункттері құрылып, жұмыс істеп тұр, алты асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылған, олардың төртеуі асыл тұқымды марал, біреуі - қой, біреуі - жылқы өсірумен шұғылданады. Сонымен қатар, өткен жылы жаңа асыл тұқымды мал шаруашылығын құру үшін Белқарағай ауылдық округіне 500 бас «Байс» тұқымды қойлар әкелінді.

Егіншілік саласында да белгілі табыстарға қол жеткізілді. Мәселен, 2009 жылы ауданда 20,8 мың га алқаптың дәнді дақылдары орылды. Дәнді дақылдардың жалпы өнімі – 47,1 мың тоннаны, күнбағыс - 14,7 мың тоннаны, картоп – 16,9 мың тоннаны, көкөніс – 4,3 мың тоннаны құрады. Дәнді дақылдардан рекордтық өнім жиналды, оның орташа мөлшері - 25,5 ц/га.

Биылғы қыстамаға жеткілікті мөлшерде мал азығы жиналды. Ауданда 213 мың тонна шөп, 4,4 тонна пішендеме, 8,6 мың тонна сүрлем, 10 мың тонна сабан даярланды.

2009 жылы егіс көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға ұлғайтылды.

Өткен жылы «Азық-түлік корпорация» АҚ арқылы мемлекеттік қорға 1808 тонна астық тапсырылды, бұл - жоспарланған мөлшердің 120,5 пайызы.

2010 жылдың көктемгі дала-егістік жұмыстарын жүргізуге аудан бойынша 6100 тонна дәнді дақылдардың тұқымы салынды.

Аудан бойынша 13 мың гектар ылғалресурссақтаушы технологиямен себілді, ол өткен жылғыдан 1 мың гектарға арттық.

Минералдық тыңайтқыштар барлығы 163 тонна ауданға жеткізіліп, қолданылды.

Ауданда шаруа қожалықтарын ірілендіру жөніндегі жұмыстар атқарылды. Қазіргі кезде 193 шағын шаруа қожалықтары 26 ауылшаруашылығы құрылымдарына біріктіріліп отыр.

Машина-трактор паркін жаңартуға тұрақты көңіл бөлініп келеді. Өткен жылдың басынан бері ауданымызға жалпы құны 53,8 млн. теңгені құрайтын 26 жаңа техника бірлігі келіп түсті. Ауданда шағын шаруа қожалықтарына қызмет көрсету үшін 4 шағын МТС іске қосылып, 15,2 млн.теңгенің қызметін көрсетті.

Аудандағы «Катонқарағай» несиелік серіктестігінің қорынан 26 шаруа қожалығы 39 млн. теңгенің, «Мұзтау-Несие» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінен 72 адам 25,0 млн. теңгенің, облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қоры» Акционерлік Қоғамы арқылы 27 адамға 10,6 млн. теңгенің шағын несиесі берілді.

Егін шаруашылығы саласын қолдау мен дамыту үшін 108,4 млн.теңгенің субсидиясы бөлініп, ол толығымен игерілді. Ауылшаруашылығын дамытуға тартылған инвестицияның көлемі 272,1 млн.теңгені құрады.

Өнеркәсіп.

2009 жылы өндіріс өнімдерін шығару 1746,2 мың теңгені құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға артық.

Бюджет.

Қолданылған тиімді шаралардың нәтижесінде бөлінген бюджет қаржыларының барынша игерілуіне қол жеткізіліп, бюджеттің кіріс бөлігі орындалды. Ауданның меншікті кірісі 297,6 млн.теңгені, немесе болжам 101 пайызды құрады. Бюджеттің шығыс бөлігінің қаржысы да толығымен игерілді.

Қосымша резервтерді қарастыру жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде аудан бюджетіне 21,3 млн.теңге құйылды, 449 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұдан өзге, өткен жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Рахман қайнары» ЖШС ауданның салық басқармасында тіркелді, енді ол салық базамызды кеңейтуге өз үлесін қосатын болады.

Аудан бойынша 61 санитарлық-қорғау аймағы құжатталып, жергілікті бюджетке 635 мың теңгенің салығы түсті.

^ Шағын кәсіпкерлік.

Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікпен (102,6 пайыз) шұғылданатын 2213 кәсіпорын тіркелген. Шағын кәсіпкерлік саласында 4563 адам еңбек етеді, олардан аудан бюджетіне 61,4 миллион теңге қаржы түсті немесе 2008 жылмен салыстырғанда 10,8 пайызға өсті.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында Катонқарағай ауылында ет өңдейтін мал сою цехы және балды өлшеп орайтын цех жұмыс істейді. Үлкен Нарын ауылында тәулігіне 50 тоннаға дейін сүт өңдейтін «Арон» ЖШС мекемесінің зауыты бар. «Нарын» МКК базасында тротуар тақташаларын шығару жұмыстары қолға алынған.

Биылғы жылы Үлкен Нарын ауылында қуаттылығы жылына 3 миллион кірпіш шығаратын кірпіш зауыты іске қосылмақ.

Катонқарағай ауылында кәсіпкерлерге қызмет көрсететін «Хабарлама және маркетингтік кеңестік орталық» жұмыс істейді.

Ауданда туризмді дамытуға жағдайлар жасалынып жатыр. Мәселен, Ақмарал ауылының жанында туристік-сауықтандыру кешені салынып пайдалануға берілді, «Нұр бұлақ» демалу базасының құрылыс жұмыстары жалғастырылуда. 9 панты бұлауымен емдеу орындары жұмыстары істейді.

Құрылыс.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес Катонқарағай ауылында жалпы құны 1 млрд. 949 млн. теңгені құрайтын 75 орындық жаңа жобалы аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Ал, Өрел ауылында жалпы құны 829 млн. теңгені құрайтын 320 орындық мектеп салынуда.

2009 жылы жеке құрылыс салушылардың есебінен жалпы аумағы 2249 шаршы метрге тең 33 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өткен жылы аудан бойынша түрлі қаржы көздерінен қаржыландыру есебінен негізгі капиталға 1134,5 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға артық.

^ Автомобиль жолдары және көлік.

2009 жылы жергілікті маңызға ие жолдарды ағымдық жөндеуден өткізуге және күтуге 85,1 млн. теңге бөлінді және игерілді. Солдатово, Көктерек ауылдарына кіреберіс жолдардың қара жамылғысы жөнделді. Жарқала, Ақмарал, Сенное ауылдарының жолдарына маршруттық жөндеулер жүргізілді. Ақмарал ауылының және «Нұрбұлақ» демалыс базасының кіреберіс жолдары орташа жөндеулерден өткізілді. Үлкен Нарын ауылының Огнев, Абылайхан, Амангелді, Мир көшелеріне, Өрел және Катонқарағай ауылдарының көшелері жөнделіп, қара жамылғы жабылды.

Мұнан басқа Сөгір – Печи - Ақсу, Малонарым – Солоновка - Ново-Поляковка автокөлік жолдарына жобалық-сметалық құжаттар бойынша қаражат бөлініп, игерілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Бұқтырма, Балғын, Ақсу, Нарын, Посеннушка өзендерінің жағасын бекітіп, нығайту және олардың арнасын тереңдету жұмыстарына 149 млн. 413 мың теңге бөлініп, игерілді. Ново-Поляковка - Сенное автокөлік жолының бүлінген құмтасты 20 шақырымын қалпына келтіруге ТЖ жүйесі арқылы 53 млн. 545 мың теңге бөлініп, игерілді.

Автокөлік жүк тасымалдауда ауданда жетекші орын алады. 2009 жылы 142,7 мың тонна әртүрлі жүк тасылды, жүк тасымалы 1768 мың тонна шақырым болды. 38 млн.176 мың теңге табыс алынды. Ауданның 33 елдімекеніне автобус қатынайды, Зырян және Өскемен қалаларына жолаушылар тасымалдау ұйымдастырылған.

^ Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық.

Өңірлік «Таза су» бағдарламасын, іске асыру барысында Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарының сумен қамту желілерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 39,3 млн. теңге бөлініп, игерілді. Су құбырлары желілерін күту үшін 2 млн. теңге игерілді.

Көшелерді жарықтандыруға қарастырылған 11,3 млн. теңге толық игерілді.

Жалпы сомасы 2 млн. 150 мың теңгеге тең Приморск ауылын көріктендірудің бас жоспары жасалды.

^ Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау.

Кедейлік және жұмыссыздық деңгейін төмендету, тұрғындарды жұмысқа орналастыруда жетістіктер бар.

2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 150 адамды құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда 1117 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 325 тұрақты. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі тұрғындардың экономикалық белсенді мөлшерінің 0,7 пайызын құрайды.

2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда аз қамтылған азаматтар 7 пайызға азайып, 2002 адам болды.

«Жол картасы» бағдарламасын іске асыру барысында 4 әлеуметтік жобаны орындауға 15 млн 183 мың теңге бөлінді, ол толық игерілді, 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Әлеуметтік жобаларға қатысқан жұмысшылардың орташа жалақысы 19 мың теңге болды.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында екінші траншпен республикалық бюджеттен 16 млн 576 мың теңге бөлініп, игерілді. Осы қаражатқа Малонарым орта мектебіне күрделі жөндеу жасалды, жұмыссыздар қатарынан 13 адам жұмысқа тартылды, оларға 37 мың теңге мөлшерінде еңбекақы төленді.

Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесі үшін 7787 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Соның нәтижесінде 77 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, 71 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 34 адам жұмысқа жіберілді, олардың 9 тұрақты жұмысқа орналасты. 155 жұмыссыз оқу курстарына және кадрларды даярлауға жіберіліп, олардың 75 адамы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.

Сонымен қатар, 2009 жылы қалалық жерлерден ауылдық елдімекендерге жұмысқа тұруға 18 жас маман келді. Оларға 1 млн. 628 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Еліміздің жоғарғы оқу орындарында тегін оқу үшін аз қамтылған отбасылардан аудан мектептерінің 31 түлегіне бюджеттен 9 млн. 036 мың теңге төленді.

2009 жылы 31 млн. 118 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі, 7 млн. 601 мың тенгенің тұрғын үй көмегі, 24 млн. 779 мың тенгенің балалар жәрдемақысы төленді.

Еңбекпен қамту нарығын тұрақтандыру мақсатында, шаруа қожалықтарының басшыларына, жұмысшыларына кепілдік және еңбек құқықтарын беру, өндірістік кооперативтер, ЖШС директорлары, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 291 меморандум бекітілді.

Бірінші қажетті тауарлар құнын тұрақтандыруға және сату құнын 10%-дан асырмау жоғары болмауына 178 меморандум, нан өнімдерін өндірушілермен екі меморандум және коммуналдық қызметтердің тарифін тұрақтандыруға «Нарын» МКК-мен бір меморандум бекітілді. Сонымен бірге, «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне» 26,4 млн. теңгеге 111 меморандум бекітілді, оның ішінде 22,4 млн. теңгеге бекітілген 102 меморандум іске асырылды.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан еңбеккерлерінің арқасында облыс орталығында 18 ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізілді. Ал ауданда сомасы 37,5 млн. теңгені құрайтын 29 жәрмеңке өткізілді.

^ Білім беру.

2009 жылы білім беру саласын дамытуға 1313,6 млн. теңге бөлініп, игерілді. Соның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 65 млн. 130 мың теңге, Жамбыл, Ақмарал, Малонарым орта мектеріне, Катонқарағай ауылындағы В. И. Ленин а.о.м., Қызылжұлдыз, Сөгір, Яры орталау мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 43,8 млн. теңге, оқу-құралдарын сатып алуға – 17,7 млн. теңге, 1-4-сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге – 23 млн. теңге ақша бөлінді.

2009 жылғы жалпыға бірдей міндетті оқу қоры – 10 млн. 854 мың теңгені құрады.

Биылғы жылы 10 мектеп қатты отыннан электр жылу жүйесіне ауыстырылды.

Өткен жылы ауданымыз бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі бойынша үшінші жыл қатарынан облыс көлемінде бірінші орынды иеленді. Аудан бойынша орташа балл – 87,4 болды.

^ Денсаулық сақтау.

Аудан медициналық ұйымдар жүйесімен толығымен қамтамасыз етілген. 2009 жылы науқастардың емделген саны – 3974 адамды құрады. 422 бала дүниеге келіп, 382 адам қайтыс болған. ВИЧ инфекциясы, туберкулез, онкологиялық аурулардан сақтандыру жұмыстары жүргізіледі.

2009 жылдың басында 21 медициналық пункт телефонмен қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 10 млн. 140 мың теңге бөлініп, игерілді. Сенное ауылында 1 млн. 800 мың теңге көлемінде медпункт салынып, пайдалануға берілді.

Мәдениет.

2009 жылы клубтық мекемелер жүйесі көбейіп, кәсіпкерлердің меншігінде болған Барлық (Печи), Черемошка, Қызылжұлдыз, Жаңаүлгі, Қабырға, Шыңғыстай, Үштөбе, Майемер, Малонарым ауылдық клубтары мемлекет иелігіне қайтарылды.

Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базаларын нығайту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Белқарағай ауылында клуб ғимараты сатып алынды, аудандық мәдениет үйінің қасбеті ағымдағы жөндеуден өткізілді, Өрел, Майемер, Аққайнар, Шыңғыстай ауылдарындағы мәдениет ошақтарына 8 млн. 442 мың теңгенің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық мәдениет үйінің ғимаратына сметалық құны 38 млн. 422 мың теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, төтенше жағдайлар жүйесі бойынша осы ғимараттың шатырына 10 млн. 767 мың теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданда басқа ұйымдардың меншігіне берілген немесе жекеменшікке сатылған әлеуметтік нысандарды қайтару тұрғысында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Малонарым ауылындағы балабақша үйі мемлекеттік меншікке беріліп, оған 35,3 млн. теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ново-Березовка ауылындағы бұрынғы кеңсе ғимараты тегін қайтарылды.

Спорт.

2009 жылы ауданда спорт түрлерін дамыту мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Жиырмадан астам әртүрлі жарыстар мен турнирлер өткізілді. 2009 жылы біздің ауданымыз облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген облыстық ХІІІ халық спорты ойындарында 7-ші орынды иеленді.

Құқықтық тәртіп

«Қылмысқа қарсы күрес» бағдарламасына сәйкес аудан басшылығы мен құқыққорғау органдары жүйелі түрде әртүрлі санаттағы тұрғындармен кездесулер, дөңгелек үстел отырыстарын өткізуде. Мұндай шаралар қылмыс санын азайтуға айтарлықтай ықпал етуде.

Атқарылған жұмыстарға қарамастан, 2009 жылы 158 қылмыс жасалып, олардың ашылуы 89,2% құрады, бұл орташа облыстық көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.


Экономика және бюджеттік

жоспарлау болімінің бастығы М. Нұрғалиев



Похожие:

Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Ауданның 2007 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық саласының тұрақты...
Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconАуыл шаруашылығы
Катонқарағай ауданының 2009 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары
Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconАуыл шаруашылығы
Катонқарағай ауданының 2009 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары
Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы ii-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы анықтама

Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты...
Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconКатонқарағай ауданының 2008 жылғы iv-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтыма
Ауданның 2008 жылғы iv-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары, аудан экономикасының барлық саласының...
Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары icon2009 жылдың 1 тоқсандағы Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы туралы
Зайсан ауданының 2009 жылғы 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылай отырып, белгілі бір нәтижелерге қол жеткендігі...
Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Катонқарағай ауданының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары iconАягөз ауданының 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы
Аягөз ауданының 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жалпы алғанда экономикалық өсу тенденциясын көрсетеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы