Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы icon

Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы



НазваниеМемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы
Дата конвертации01.03.2013
Размер23.89 Kb.
ТипДокументы
источник

Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 22 қаңтар N 81

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 3, 38-құжат




      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкіметінiң       
2003 жылғы 22 қаңтардағы
N 81 қаулысымен    
бекiтiлген    

^ Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрінен екiншi түрiне беру epежeci

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру тәртібiн анықтайды.

      2. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) мүлiктiк кешендерi ретінде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - республикалық заңды тұлғалар), акционерлiк қоғамдардың акциялары мен республикалық меншiктегi жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлестерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмiнiң қолдаухаты негiзiнде коммуналдық меншiкке берiледi;
      2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмiнiң қолдаухаты негізiнде:
      теңгерiмдік құны беру күнiне он мың және одан асатын ең төменгi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде болған кезде - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша;
      теңгерiмдiк құны беру күнiне он мың ең төменгi есептік көрсеткiш мөлшерiнен кем болған кезде - теңгерiмiнде берiлетiн мүлiк бар республикалық заңды тұлғаны мемлекеттiк басқару органы не уәкiлеттi орган болып табылатын мемлекеттiк органмен келiсiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң шешiмi бойынша коммуналдық меншiкке берiледi;
      3) мүлiктiк кешендер ретiнде коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен коммуналдық мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - коммуналдық заңды тұлғалар), акционерлiк қоғамдардың акциялары және коммуналдық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлестерi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмдiгi қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық меншiкке қабылдау туралы шешiмiнiң негiзiнде республикалық меншiкке берiледi;
      4) коммуналдық кәсiпорындар мүлкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және теңгерiмiне мүлiк берiлетiн республикалық заңды тұлғаны мемлекеттiк басқару органы болып табылатын мемлекеттiк органмен (не уәкiлетті органмен) келiсiлген облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде республикалық меншiкке берiледi.

      3. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 30 күннен аспайтын мерзiмде берушi және қабылдаушы тараптардың уәкiлеттi лауазымды тұлғалары қол қоятын және республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi орган басшылары бекiтетiн мүлiктi қабылдап алу-беру актісi (табыстау актiсi) ресiмделедi.
      Қабылдап алу-беру актiсi (табыстау актiсi) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде төрт данада, қабылдау-беру актiсiн (табыстау актісiн) ресiмдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшiн бiр данадан жасалады.



Похожие:

Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді
Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасын бекiту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы iconҚарағанды облысының мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы
Мемлекеттiк республикалық меншiк объектiлерiн сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы...
Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтыру «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы»
«Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан...
Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы iconМемлекеттiк стандарттарға сәйкес келмейтiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының мемлекеттiк нышандары туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық Заңының 10-бабының...
Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» 2009 жылғы 31 желтоқсандағы...
Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнiнiң мәтiнiн орналастыру ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007 ж., n 36, 410-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 21 қараша n 361 (24934)
Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнiнiң мәтiнiн орналастыру ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007 ж., n 36, 410-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 21 қараша n 361 (24934)
Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын, Мемлекеттiк Елтаңбасын және олардың бейнелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнiнiң мәтiнiн орналастыру ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007 ж., n 36, 410-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 21 қараша n 361 (24934)
Мемлекеттiк мүлiкті мемлекеттiк меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы iconЭлектрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстиан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 2 сәуiрдегi №281 Қаулысы «Мемлекеттiк сатып алу туралы»
«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 13-бабының 14 тармақшасына сәйкес Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы