Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы icon

Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы



НазваниеТұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы
Дата конвертации30.11.2012
Размер85.5 Kb.
ТипДокументы
источник

Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң

мөлшерi мен тәртiбi туралы

Қағиданы бекiту туралы


      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабын 1 тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатыныстары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының  97 бабына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 қаулысына, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» 2011 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 394 қаулысының 1 тармағының  11) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімге қоса берiлiп отырған тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлше-рі мен тәртібі туралы Қағида бекiтiлсiн.
       2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 


^ Сессия төрағасы                  Б.Булакпаев.


Аудандық мәслихат хатшысы                           Д.Ыдырышев.


Жоба

Зайсан аудандық мәслихатының
2012 жылғы 19 қыркүйектегі 7-2/1 шешiмiмен бекiтiлген


^ Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағидасы


1. Жалпы ережелер


1. Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағида «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатыныстары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 қаулысына, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» 2011 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 394 қаулысының 1 тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.

2. Осы қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұр-ғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар;
      2) Кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн бас-қару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
     3) Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайын-дауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiс-

терiнiң жалпы сомасы;

4) Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсала-тын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұты-нылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
     5) Уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыратын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы

бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;

  6) Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қо-сылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергi-лiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақы-сының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұр-ғын ғимаратты) күтiп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызмет-терiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отба-сының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы.
      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
     1) Тұрғын үйдiң меншiк иелерiнiң немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
     2) Жекешелендiрiлген тұрғын үй - жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға арналған шығыстарға;
      3) Байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;

   4) Жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына ақы төлеуге берiледi.
     Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекомуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      4. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну ақысының шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық кiрiстерiнiң 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.


^ 2.Тұрғын үй көмегiн беру тәртiбi


 5. Жеке меншiгiнде бiр бiрлiктен артық тұрғын үйi (пәтерi, үйi) бар неме-се тұрғын үй-жайларын жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегiн алуға құқығы жоқ.

6. Отбасы құрамында жұмысқа жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет атқармайтын, өзiн-өзi жұмыспен қамтымайтын және уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген тұлғалар тұрғын үй көмегiне құқығы жоқ, келесi тұлғаларды ескермеген жағдайда:
     1) 50 жасқа толған тұлғалар (жынысына қарамастан);
      2) бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi күтiм жасайтын тұлғалар;
      3) 16 жасқа толмаған мүгедек балаларға, сексен жастан асқан тұлғаларға күтiм жасайтын тұлғалар;

4) жетi жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеумен айналысатын аналар;
      5) мүгедектiк тобы жоқ, фтизиатрда, наркологта және онкологта диспан-серлiк есепте тұрған тұлғалар.
      Мерзімді әскери қызметтегi әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейдi.

Ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, өз еркiмен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасының жұмыссыз мүшелерi, жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды бастағанға дейiн тұрғын үй көмегiн алу құқығынан айырылады.
      7. Тұрғын үй көмегiне үмiткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы

№ 471 «Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 нөмірмен тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргiзiледi.
      8. Тұрғын үй көмегiн алушылар тоқсан сайын құжаттарын өткiзедi, бұл орайда, отбасылар (азаматтар) табыстары туралы анықтамаларды және өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгенi туралы түбiртектерді қоса бередi.
      9. Жалғыз басты зейнеткерлердi, мүгедектердi, бiрге тұратын жалғыз басты зейнеткерлердi, бiрге тұратын зейнеткер мен мүгедектi және жалғыз тұратын ерлi-зайыпты зейнеткерлердi және мүгедектердiң отбасыларын, сондай-ақ құрамында жетiм балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегiн есептегенде және құқығын анықтаған кезде, олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңiне сәйкес бекiтiлген заңнамалық актiлерiмен екi айлық есептiк көрсеткiшке түзетiледi (кемiтiледi).
      10. Тұрғын үй көмегiне үмiткер отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн тағайындаған кезде мына жағдайлар қолданылады:
     1) өтiнiш берушi заңды некеде болса, бiрақ зайыбы сол мекен-жай бойын-ша тiркелмеген болса, ерлi-зайыптылардың екеуiнiң де табыстары есептеледi және тұрғын үй көмегi өтiнiш берушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады;
      2) өтiнiш берушi заңды некеде болса, бiрақ зайыбының қазiргi тұрғы-лықты жерiн бiлмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарымен iздестiрiлмесе тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.    

11. Уәкiлеттi органның шешiмi тұрғын үй көмегiн тағайындаудың негiзi болып табылады.     

12. Электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, сумен қамта-масыз ету және тұрғын үйдi ұстау жөнiндегi шығындар өтiнiш берген тоқ-санның алдындағы тоқсанның орташа түбiртектерi бойынша есепке алынады. Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтерi бойынша шығындар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша алынады.
     13. Тұрғын үй көмегi өтiнiш пен құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады.
      14. Тұрғын үй көмегiн алушылар 10 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесiнiң кез-келген өзгерiстерi туралы хабардар етедi.
       15. Тұрғын үй көмегiнiң негiзсiз алынған соммалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтарылуға жатады.


^ 3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi

     

16. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат уәкiлеттi органға немесе «Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының филиалының Зайсан бөлiмiне өтiнiш

бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:
   1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
 3) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;
       4) отбасының табысын растайтын құжаттар, тұрғын үй көмегiн алуға үмiт-кер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi;
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп ұстауға арналған ай сайынғы жар-налардың мөлшерi туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекомуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
       8) жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот.


^ 4. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi, тұрғын үйдi
ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi


      17. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде келесi нормалар есепке алынады:
      1) Ауданның нормалары:
жалғыз өзі тұратын азаматтар үшiн - 30 шаршы метр,
екi адамнан тұратын отбасы үшiн - 36 шаршы метр,
үш адамнан тұратын отбасы үшiн - 54 шаршы метр,
төрт немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн - әр отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден, бiрақ 90 шаршы метрден аспау керек;
       2) Электр қуатын тұтыну нормасы:
жалғыз өзі тұратын азаматтар үшін - 90 киловатт,
екі адамнан тұратын отбасы үшін- 125 киловатт,
үш адамнан тұратын отбасы үшін-150 киловатт,
төрт және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін - әрқайсысына 50 киловат-тан, бiрақ 300 киловаттан аспауы керек.


^ 5. Өздерi жылытатын жеке тұрғын үйлерде

(тұрғын ғимараттарда) тұратын отбасыларға

(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн ұсыну тәртібі


      18. Жеке тұрғын үй (тұрғын ғимарат) иелерiне, жекешелендiрiлген үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi жалдауға келiсiмшарт болғанда жылына бiр рет берiледi.
      19. Тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмiр-дiң шығыны – 129,8 кг, бiрақ бiр үйге 5000 кг артық емес.
      20. Көмiрдiң құнын есептеу үшiн аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегiн есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      21. Өздерi жылытатын жеке тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын көмiрдiң орнына басқа отын түрiн пайдаланатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн есептегенде көмiрдiң құнына балама есептеледi.
      22. Тұрғын үй көмегін есептегенде өздері жылытатын жеке тұрғын үйлер-де (ғимараттарда) тұратын отбасылардың (азаматтардың) табысы өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсанмен есептеледі.


6. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру мен төлемi


      23. Тұрғын үй көмегi аудандық бюджет қаражаты есебiнен берiледi және ақшалай төлем ретiнде тағайындалады.
      24. Тұрғын үй көмегiн төлеудi уәкiлеттi органдар екiншi деңгейдегi банкi-лер арқылы жеке шоттарына есептеу жолымен жүзеге асырады.



Похожие:

Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы iconТұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережесі Жалпы ережелер Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Ережесi Қазақстан
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011...
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы iconКоммуналдық қызметтердi тұтынуға
«Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеу» Ережесiне сәкес тұрғын үй көмегi осы елдi мекенде тұрақты тұратын және...
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы iconҚарағанды облысының "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiнде тiркеу тәртiбi және Мекенжай құрылымы туралы Қағиданы бекiту туралы
Мекенжай тiркелiмi ақпараттық жүйесiнде тiркеу тәртiбi және Мекенжай құрылымы туралы Қағиданы бекiту туралы
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы iconНҚА құрылымдық элементі Әрекеттегіоқылым
«Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» №888...
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы iconКезектен тыс Х сессия Тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын бекіту туралы
Заңының 6-бабы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабы, сондай-ақ «Тұрғын...
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы icon«2013 жылғы 31 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша
«Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақыалудың мөлшерi мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» №888...
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы iconТұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң тәртiбi мен шарттары жөнiндегi Ереженi бекiту туралы
Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы iconЖоба тұрғын үй көмегін көрсету
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту...
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы iconЖоба «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының
Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына және «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн...
Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Қағиданы бекiту туралы icon«Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы