|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы туралы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен насихаттау жөнінен Аягөз ауданы бойынша іс шаралар жоспары, құрамында 155 адамнан тұратын 26 аудандық ақпарат насихат топтары құрылып, топтардың қала мен ауылдық округтерге шығу кестесі жасалып, бекітілді. 19 желтоқсанда аудандық әкімшіліктің үлкен залында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру мен насихаттау жөнінде аудандық актив және 24 талқылаулар өтті. Активке аудан әкімі, оның орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, мекеме-кәсіпорын басшылары, қоғамдық, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының өкілдері, саяси партия төрағалары, облыстық , аудандық маслихат депутаттары, орта мектеп директорлары, кент, ауылдық округ әкімдері, барлығы 150 адам қатысты. Актив барысында Жолдауға байланысты баяндамалар тыңдалып, талқыланды, қатысушыларға Жолдаудың мәтіні таратылды. Активке қатысушылар Республика Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын бірауыздан қолдады. Аудандық «Аягөз жаңалықтары», «Мөлдір сана» газетінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Жолдаудың мәтіні, 70 мақалалар жарияланды. Сонымен қатар қоғамдық бірлестік, ҮЕҰ, жастар ұйымдары мен саяси партия өкілдерінің, облыстық, аудандық маслихат депутаттарының 30 пікірлері жарияланды, жалғасын табады. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауына байланысты 106 баннер орналастырылған. Барлығы 246 кездесу өтіп, 27760 адам камтылды. Республикалық АНТ мүшесі ҚР Деңсаулық сақтау Министірлігінің жауапты хатшысы С.Мусиновтың аудан тұрғындарымен, медицина қызметкерлерімен, Нарын, Мамырсу ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі өтті. Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник М.Таласов бастаған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихат тобы келіп, Оңтүстік қалашықтағы гарнизон әскери бөлімдерінің тұрмыс-тіршілігімен танысып, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде аудан халқымен жүздесіп Елбасы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіріп, орындалу барысын жеткізді. Ендігі кезекте меншік нысанына қарамастан барлық мекеме-кәсіпорындарда, білім беру ұйымдарында, кент, ауылдық округтерде Республика Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстары жалғасын табады. |