2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon

2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

Название2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Дата конвертации26.10.2013
Размер155.47 Kb.
ТипДокументы
источник

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 329 қаулысы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді

Мемлекеттік қызметтердің

регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кґмек таєайындау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

^ Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы «27» желтоқсандағы

№329 қаулысымен

бекітілген

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік қызмет регламенті

  1. ^ Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1 қосымшада көрсетілген. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін селолық округтің әкіміне өтініш жасайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 2-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесінің 2-тарауының, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 47598 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушыларға) көрсетіледі.

^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптары

6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш білдіруге қажет уәкілетті органның орналасқан жері мен жұмыс кестесі туралы ақпарат осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

7. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) тұтынушы осы регламенттің 13-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

уәкілетті органға - жеті жұмыс күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша селолық округтің әкіміне - жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мынадай:

1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асатын жағдайда;

2) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;

3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер көзделмеген.

10. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:

1) тұтынушы уәкілетті органға немесе селолық округ әкіміне өтініш береді;

2) уәкілетті орган өтініш берушіден немесе селолық округтің әкімінен өтініш түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол туралы тұтынушыны жазбаша хабардар етеді, бас тартылған жағдайда – оның себептері көрсетіледі.

3) уәкілетті органның маманы тұтынушыға әлеуметтік көмекті тағайындау немесе қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хабарлама береді.

11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр сатысында құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер құрайды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

(өзара іс-қимыл) сипаттамасы

12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті өтініштің толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жері бойынша селолық округ әкіміне тапсырылады. Жауапты адамдардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стендісінде ілінген.

13. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері көрсетілген белгіленген үлгідегі өтініш, әлеуметтік жеке кодтың нөмірі;

2) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелері алған табыстары туралы мәліметтер;

4) белгіленген үлгідегі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;

5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі не мекенжай анықтамасы не селолық әкімдердің анықтамасы;

6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.

Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы құжаттарды берумен расталып отырады.

Уәкілетті органда өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады. Селолық округтің әкімінде өтініш нысандары құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.

Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін уәкілетті органда немесе селолық округ әкімінде тұтынушыға мемлекеттік қызметке тұтынушыны тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – белгілі бір сатыда мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері қатысады:

1) азаматтардан құжаттар қабылдау, компьютерлік өңдеу, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы хабарлама дайындаумен айналысатын уәкілетті орган маманы, селолық округтің әкімі (ҚФБ-1);

2) бақылауды жүзеге асыратын, бұрыштама қоятын, жауапты орындаушыны белгілейтін және әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы хабарламаларға қол қоятын уәкілетті органның бастығы (ҚФБ-2).

15. Әрбiр әкімшілік әрекеттiң (рәсімнің) орындалу мерзiмi көрсетiлген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекет жасау (рәсімінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарының кестедегі мәтiндiк сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшада берiлген.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететiн сұлба осы регламентке 3 қосымшада берiлген.

^ 4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

17. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында олар қабылдаған шешімдер және әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауаптылықта болады.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша

^ Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен жұмыс кестелері

р/с

Уәкілетті органдардың атаулары

Уәкілетті органдардың

орналасқан заңды мекенжайы

(қала, аудан, көше,

үй №, электронды пошта мекенжайы)

Қаланың коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070000, Өскемен қаласы,

Ворошилов көшесі, 157/2

ozisp_uka@mail.ru

8-7232

77-03-33

Демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн, сағат

9-00-ден

18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат

13-00-ден

14-00-ге дейін

2

Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071ң00, Семей қаласы,

Қозыбағаров көшесі, 40

czn@ mail.ru

8-7222

56-17-88

3

Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071300, Риддер қаласы, Гагарин көшесі, 6

loszn@yandex.ru

8-72336

4-54-47

4

Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070100, Курчатов қаласы, Курчатов көшесі, 6

Kurchatov_CC@mail.kz

8-72251

2-38-30

5

Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070100, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14 abai_c@mail.ru

8-72252 9-15-05

6

Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070200, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 104 ayagoz.sobes@mail.ru

8-72237

3-27-56

7

Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070300, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2 А beskar_c@mail.ru

8-72236

9-11-82

8

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070400, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Жастар көшесі, 25 bor_c@mail.ru

8-72351

2-22-74

9

Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070500, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 13 glubokoe-ozsp@mail.ru

8-72331 2-11-15

10

Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070600, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесі, 70 Zharma_c@mail.ru

8-72347

6-56-70

11

Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070700, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Манапов көшесі, 21 А zaisan_sobes@mail.ru

8-72340

2-18-66

12

Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070800, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Бірінші май көшесі, 23 zir_sob@mail.ru

8-72335

6-22-57

13

Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070900, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 109 katon_c@mail.kz

8-72341

2-14-53

14

Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070200, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Барақ Батыр көшесі, 78 kur_c@mail.ru

8-72339 2-13-30

15

Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071000, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 61 kokpekti_ozsp@mail.ru

8-72348

2-17-34

16

Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071500, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 16 tarbag_c@mail.ru

8-72346

2-18-19

17

Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071600, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 5 ulanka_z@mail.ru

8-72338

2-74-80

18

Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071700, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 120 urdjar@mail.ru

8-72230

3-45-01

19

Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071800, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Жастар көшесі, 19 Shem_sob@mail.ru

8-72332

3-06-22

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша

^ 1 кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

ҚФБ 1

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ 1

ҚФБ 2

ҚФБ 1

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті

органның

маманы, селолық округтің әкімі

Уәкілетті

органның

маманы

Уәкілетті

органның

бастығы

Уәкілетті

органның

маманы

Уәкілетті

органның

бастығы

Уәкілетті

органның

маманы

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау

Қабылданған өтініштерді өңдеу

Бұрыштама қою және жауапты орындаушыны белгілеу

Әлеуметтік көмекті тағайындау

Әлеуметтік көмектің тағайындалуын бақылау

Орындалған өтінішдерді өңдеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат)

Қабылданған құжаттар пакеті туралы талонды беру

Қабылданған құжаттарды тіркеу және оларды бұрыштама қою үшін басшыға беру

Жауапты орындаушыны тағайындау

Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама дайындау

Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаларға қол қою

Орындалған өтініштерді тіркеу және хабарламаларды өтініш берушілерге жіберу

5

Орындау мерзімдері

15 минуттан аспайды

7 жұмыс күні ішінде

^ 2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

ҚФБ-1 тобы

ҚФБ-1

ҚФБ-2

ҚФБ-1

ҚФБ-2

ҚФБ-1

№ 1 әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау, құжаттардың қабылдануы жөнінде талон беру

№ 2 әрекет

Қабылданған өтініштерді өңдеу, қабылданған құжаттарды тіркеу және оларды бұрыштама қою үшін басшыға беру

№ 3 әрекет

Бұрыштама қою және жауапты орындаушыны белгілеу. Жауапты орындаушыны тағайындау

№ 4 әрекет

Әлеуметтік көмекті тағайындау. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама дайындау

№ 5 әрекет

Әлеуметтік көмектің тағайындалуын бақылау. Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаларға қол қою

№ 6 әрекет

Орындалған өтініштерді өңдеу. Орындалған өтініштерді тіркеу және хабарламаларды өтініш берушілерге жіберу

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша

^ Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара

байланысты көрсететiн сұлба

Уәкілетті органның маманы қабылданған құжаттарды тіркейді және оларды бұрыштама қою үшін басшыға береді

Уәкілетті органның маманы, селолық округтің әкімі мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдайды

Уәкілетті органның маманы өтініш берушіге әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама береді

Уәкілетті органның бастығы әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалуын бақылайды, әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаға қол қояды

Уәкілетті органның маманы әлеуметтік көмекті тағайындайды және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама дайындайды

уууу

Уәкілетті органның бастығы құжаттарды әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органның маманына тапсырады

Тұтынушы

Похожие:

2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы