Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  icon

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн

НазваниеАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Дата конвертации26.10.2013
Размер203.89 Kb.
ТипДокументы
источник

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2012.10.13., № 670-675 (27747); "Казахстанская правда" от 13.10.2012 г., № 352-353 (27171-27172), 2012.10.16., № 354-355 (27173-27174)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
     19) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
     
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi (бұдан әрi – Комитет) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiруге лицензия берудi Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша;
      2) облыстың (республикалық маңызы бр қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы органдар) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзуге лицензия берудi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
      Мемлекеттiк қызмет, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi алушыда электрондық цифрлық қолының (бұдан әрi – ЭЦҚ) болу шарты кезiнде www.e.gov.kz «электронды үкiмет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының
      2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының
      3) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 8-бабы 46-9) тармақшасының, 10-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының және 10-бабының 1-1-тармағы 4) тармақшасының
      4) «Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында және Комитетте мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылған стендтерде;
      2) жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергiлiктi атқарушы органдарда мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылған стендтерде;
      3) порталда орналастырылады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкiн.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижесi:
      1) Комитетте немесе жергiлiктi атқарушы органда – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны (бұдан әрi – лицензия) қағаз тасығышта немесе Комитеттiң немесе жергiлiктi атқарушы органның уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (www.elicinse.kz порталында) беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетiлуден бас тарту туралы дәлелдi жауап;
      2) www.elicense.kz порталында – лицензияны Комитеттiң немесе жергiлiктi атқарушы органның уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетiлуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы Комитетке немесе жергiлiктi атқарушы органға не порталға өтiнген сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
      лицензияны беру үшiн – он бес жұмыс күнiнен кеш емес;
      лицензияны қайта ресiмдеу үшiн – он жұмыс күнi iшiнде;
      лицензияның телнұсқасын беру үшiн – екi жұмыс күнi iшiнде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
      4) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап лицензияны беру үшiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзiмi – екi жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.
      Егер белгiленген мерзiмдерде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелдi бас тарту берiлмеген жағдайда, оларды беру мерзiмi аяқталған күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берiлген деп есептеледi.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету (лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшiн мемлекеттiк қызмет алушы жеке қызмет түрлерiмен айналысы құқығы үшiн бюджетке 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi лицензиялық жарнаны қолма қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсiлмен төлейдi.
      Портал арқылы лицензияны алуға электронды сұрау салу берiлген жағдайда төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      9. Жұмыс және мемлекеттiк қызметтi көрсету жұмыс кестесi:
      1) Комитетте – жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      2) жергiлiктi атқарушы органдарда – жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жү еге асырылады.
      3) порталда – тәулiк бойы.
      10. Комитетте немесе жергiлiктi атқарушы органдарда мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы көрсеткен кезде қызмет мемлекеттiк қызмет алушының порталдағы жеке кабинетiнде көрсетiледi.

^ 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:
      Комитет немесе жергiлiктi атқарушы органдар арқылы:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн:
      1) өтiнiш;
      2) мемлекеттiк қызмет алушы жарғының және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi – заңды тұлға үшiн;
      3) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi – жеке тұлға үшiн;
      4) мемлекеттiк қызмет алушыны жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi – жеке кәсiпкер үшiн;
      5) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      6) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      7) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар;
      лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны беру үшiн:
      1) өтiнiш;
      2) лицензияның (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      3) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      1) өтiнiш;
      2) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
      3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның көшiрмесi;
      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшiн:
      1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқаны не бүлдiргенi туралы өтiнiш;
      2) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi;
      портал арқылы:
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшасын беру үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) жарғы (заңды тұлға үшiн) – сканерленген көшiрмесi электрондық сұрау салуға қоса берiледi;
      3) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар – сканерленген көшiрмелерi электрондық сұрау салуға қоса берiледi;
      4) мемлекеттiк қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәлiметтерi – жеке тұлға үшiн;
      5) мемлекеттiк қызмет алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң мәлiметтерi – заңды тұлға үшiн;
      6) мемлекеттiк қызмет алушыны жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң мәлiметтерi – жеке кәсiпкер үшiн;
      7) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi;
      8) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi.
      Мемлекеттiк электронды ақпарат ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн Комитет және жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны беру үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген қызметтiк кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құжаттар – сканерленген көшiрмелерi электрондық сұрау салуға қоса берiледi;
      3) лицензияның деректерi (www.elicense.kz порталында болған кезде) не лицензия сканерленген көшiрмесi түрiнде (лицензия қағаз тасығышта болған кезде) электрондық сұрау салуға қоса берiледi.
      Мемлекеттiк электронды ақпарат ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн Комитет және жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi;
      3) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi;
      4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның деректерi (www.elicense.kz порталында болған кезде) не лицензия және (немесе) лицензияға қосымша сканерленген көшiрмесi түрiнде (лицензия қағаз тасығышта болған кезде) электрондық сұрау салуға қоса берiледi.
      Мемлекеттiк электронды ақпарат ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн Комитет және жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшiн:
      1) мемлекеттiк қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) мемлекеттiк қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң мәлiметтерi;
      3) жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленгенi туралы мәлiметтерi.
      Мемлекеттiк электронды ақпарат ресурстар болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн Комитет және жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi мемлекеттiк ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiш бланкiсiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында немесе Комитеттiң Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан кеңсесiнен немесе жергiлiктi атқарушы органдардың осы стандартқа 1-қосымша көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан кеңселерiнен алуға болады.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алу үшiн электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет.
      13. Қызмет Комитет және жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде құжаттар Комитеттiң кеңсесiне осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша немесе жергiлiктi атқарушы органдардың кеңселерiне осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тапсырылады.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiнде жүзеге асырылады.
      14. Қызмет Комитет және жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде мемлекеттiк қызмет:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған сараптамалық ұйымның жауапты тұлғасының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      Портал арқылы ықылас бiлдiргенде, мемлекеттiк қызмет алушының «жеке кабинетiнiң» порталына хабарлама жiберiледi – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұранысты қабылдағаны жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсетудiң күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызмет нәтижесi туралы есеп.
      15. Қызмет Комитет немесе жергiлiктi атқарушы органдар арқылы көрсетiлген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға электрондық поштамен жолданады не мемлекеттiк қызмет алушының талабы бойынша оған жеке келген кезде басылған түрiнде берiледi.
      Портал арқылы өтiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетiне жолданады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:
      1) қызмет түрiмен айналысуға осы субъектiлер санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
      2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жеке қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленбеуi;
      3) мемлекеттiк қызмет алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;
      4) мемлекеттiк қызмет алушыға лицензияны беру тиiстi мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;
      5) мемлекеттiк қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;
      6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде соттың мемлекеттiк қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;
      7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негiздер негiз болып табылады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк қызмет алушы Комитетте немесе жергiлiктi атқарушы органда не порталдағы жеке кабинетiнде электрондық құжат түрiнде алады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде Комитеттiң және жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Комитеттiң және жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жұмысы бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Комитеттiң және жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi Комитеттiң заң қызметiнiң мамандары Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 604-кабинет мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан жергiлiктi атқарушы органдарының заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      Портал жұмысына шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
      21. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң немесе тиiстi Әкiмнiң атына мемлекеттiк қызмет алушының таңдауы бойынша:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кеңсесiне Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 301-кабинет мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан жергiлiктi атқарушы органның кеңсесiне;
      2) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң блогына немесе жергiлiктi атқарушы органның осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген интернет-ресурсында орналасқан Әкiмнiң блогына;
      3) портал арқылы жүйiну жолымен берiледi.
      Шағымды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың кеңсесiне тапсырған кезде шағым жұмыс күндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi, жергiлiктi атқарушы органға сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн берiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi, немесе Әкiмнiң атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн берiледi.
      Портал дұрыс жұмыс iстемеген жағдайда шағым call-орталығының (1414) телефоны бойынша берiледi.
      23. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Шағым Комитеттiң немесе жергiлiктi атқарушы органның кеңсесiне берiлген кезде шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағым портал арқылы жiберiлген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткiзiлгенi, тiркелгендiгi, орындалуы, қарау нәтижесi туралы белгi) мемлекеттiк қызмет алушының жеке кабинетiнде қол жетiмдi болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты Комитеттiң және (немесе) жергiлiктi атқарушы органдардың кеңселерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiлiгiнiң www.minagri.gov.kz, интернет-ресурсынан ала алады.

«Ветеринария саласындағы  
қызметпен айналысуға лицензияны
беру, қайта ресiмдеу,лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына      
1-қосымша           

^ Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайлары

Р/с

Жергiлiктi атқарушы органның атаулары

Орналасқан жерiнiң мекенжайы

Байланыс деректерi

Интернет-ресурс

1

2

3

4

5

1.

«Ақмола облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Көкшетау қ-сы, Абай к-сi, 85-үй

тел.: 8(7162)25-07-72, 25-55-11, электрондық поштасы: economy_cx@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz

www.akmo.kz

2.

«Алматы облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Талдықорған қ-сы, Тәуелсiздiк к-сi, 38-үй

тел.: 8(7282) 27-08-18
электрондық поштасы: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@ global.kz

www.zhetysu-gov.kz

3.

«Атырау облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Атырау қ-сы, Әйтеке би к-сi, 77-үй

тел.: 8 (7122)35-45-03;
электрондық поштасы: atirauagro@mail.ru

www.atyrau.gov.kz

4.

«Ақтөбе облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Ақтөбе қ-сы, Әбiлхайыр хан д-лы, 40-үй

тел.: 8 (7132)56-03-07, 54-17-39
электрондық поштасы: sh_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz

www.akto.kz

5.

«Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Өскемен қ-сы, М. Горький к-сi, 40-үй

тел.: 8 (7232)26-42-48, 24-23-04, 20-42-42
электрондық поштасы: ispaevt@yandex.ru

www.akimvko.gov.kz

6.

«Жамбыл облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Тараз қ-сы, Абай к-сi, 119-үй

тел.: 8 (7262)43-28-94, 45-88-31,
ф.: 45-42-05, 45-46-28

www.zhambyl.kz

7.

«Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Орал қ-сы, Достық к-сi, 179-үй

тел.: 8 (7112)51-35-41, 45-29-27
электрондық поштасы: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru

www.westkaz.kz

8.

«Қарағанды облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Қарағанды қ-сы, Мир бул-ры, 39-үй

тел.: 8 (7212)42-10-80, электрондық поштасы: dsh_canc@krg.gov.kz

www.karaganda-region.kz

9.

«Қостанай облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Қостанай қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 66-үй

тел.: 8 (7142)57-50-03, электрондық поштасы: dsh-zem@kostanay.

www.kostanay.gov.kz

10.

«Қызылорда облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Қызылорда қ-сы, Ы.Жақаев к-сi, 76-үй

тел.: 8 (7242)26-26-44, электрондық поштасы: sh_kyzyl@mail.ru

www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

«Маңғыстау облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Ақтау қ-сы, 14 ш.а., 1-үй

тел.: 8 (7292)31-17-77
электрондық поштасы: so.mangistau@rambler.ru

www.mangystau.kz

12.

«Павлодар облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Павлодар қ-сы, Академик Сатпаев к-сi, 49-үй

тел.: 8 (7182)32-25-67, электрондық поштасы: kense.dsh@pavlodar. gov.kz

www.pavlodar.gov.kz

13.

«Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Петропавловск қ-сы, Қазақстан Конституциясы к-сi, 58-үй

тел.: 8 (7152)46-24-52, 36-07-45
электрондық поштасы: akimat@sko.kz, dshag@mail.ru, akimat@petr.kz

www.sko.kz

14.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi» Мемлекеттiк мекеме

Шымкент қ-сы, Тәукехан к-сi, 6-үй

тел.: 8 (7252)53-03-33, электрондық поштасы: dsh_uko@mail.ru

www.ontustik.gov.kz

15.

«Астана қаласы әкiмiнiң аппараты» Мемлекеттiк мекеме

Астана қ-сы, Бейбiтшiлiк к-сi, 11-үй

тел.: (7172)55-69-80, 55-69-79, 55-54-85, электрондық поштасы: usx@astana.kz

www.astana.kz

16.

«Алматы қаласы әкiмiнiң аппараты» Мемлекеттiк мекеме

Алматы қ-сы, Республика алаңы, 4-үй

тел.: 8 (727) 272-58-17, 271-65-89, электрондық поштасы: vet_otdelalmaty@rambler.ru

www.almaty.kz

«Ветеринария саласындағы  
қызметпен айналысуға лицензияны
беру, қайта ресiмдеу,лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына      
2-қосымша           

^ Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) заңды тұлғаның штатында (кемiнде бiр ветеринар дәрiгер немесе фельдшер) «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптiк (колледж) бiлiмi бар мамандардың (бiрiншi басшы қол қойған және ұйымның мөрiмен бекiтiлген тегi, аты, әкесiнiң атын қамтитын жиынтық кесте);
      2) жеке тұлғада «ветеринарлық медицина», «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмiнiң және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптiк (колледж) бiлiмiнiң
      3) жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi өндiрiстiк үй-жайлардың (өндiрiстiк үй-жайға құқық белгiлейтiн құжаттардың немесе жалға алу шартының салыстыру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшiрмелерi) болуын қамтиды.
      2. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтiң кiшi түрiн жүзеге асыру кезiнде қосымша:
      1) ветеринариялық препараттарды өндiрудi және бақылауды регламенттейтiн нормативтiк-техникалық құжаттамалардың (ветеринариялық препараттарды өндiру жөнiндегi нұсқаулық, өндiрушiнiң басшысымен бекiтiлген, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген, техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен тiркеуден өткiзiлген, өндiрiлетiн немесе сатылатын ветеринариялық препараттарға арналған техникалық шарттар, ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi басшылық, микроорганизмдердiң өндiрiстiк және бақылау штаммаларының паспорты);
      2) «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық препараттар өндiруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы талап етiледi.
      3. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды ветеринариялық-санитарлық сараптау жөнiндегi ветеринария саласындағы қызметтiң кiшi түрiн жүзеге асыру кезiнде қосымша сынау әдiстерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың (стандарттар, әдiстемелiк нұсқаулар), сондай-ақ «Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргiзуге арналған өлшеу, сынау жабдықтарының болуы талап етiледi.

«Ветеринария саласындағы  
қызметпен айналысуға лицензияны
беру, қайта ресiмдеу,лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына      
3-қосымша           

^ Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептiк жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақыттылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

3.2. Электронды форматта қолжетiмдi қызметтер мен ақпараттар %-ы (үлесi)

4. Шағымдану процесi

4.1. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызмет алушылардың %-ы (үлесi)

Похожие:

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы