«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi icon

«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi



Название«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi
Дата конвертации26.10.2013
Размер233.5 Kb.
ТипДокументы
источник




ЖОБА


Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің 2012 жылғы

«____» ______________

№ _________ қаулысымен

бекітілген


«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік

экологиялық сараптама қорытындысын беру»

электрондық мемлекеттiк қызмет

регламентi



1. Жалпы ережелер

1. «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – электрондық мемлекеттiк қызмет) Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай–ақ «электронды үкіметтің»: www.e-gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі.

2. Электрондық мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 қаулысымен бекiтiлген «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттiк қызмет стандартының негiзiнде көрсетiледi.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-үзілуді қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).

4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық қызмет.

5. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - бірегей нөмір, қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын заңды тұлға (филиалдың және өкілдіктің) мен жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылады (бұдан әрі - БСН);

2) «электрондық үкiметтің» веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қосумен біріккен барлық үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге бiрыңғай қатынау терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе (бұдан әрi - ЭҮП);

3) жеке сәйкестендiру нөмiрi – бiрегей нөмiр, жеке тұлға, соның iшiнде қызметiн жеке кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылады (бұдан әрі - ЖСН);

4) ақпараттық жүйе – ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, жіберуге және ұсынуға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ);

5) медиа-үзілу – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз нысанға немесе керiсiнше өзгерту қажет болғанда, қызметтер көрсету үдерiсiндегі қағаз және электрондық құжат айналымдарының кезектесуi;

6) ЖАО – жергілікті атқарушы орган, тікелей электрондық мемлекеттік қызметті ұсынатын Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;

7) ЖАО АЖ – жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйесі/жергілікті атқарушы орган қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің» кіші шлюзі ретіндегі өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесі;

8) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

9) транзакциялық қызмет – электрондық сандық қолды қолданумен, өзара ақпарат алмасуды талап ететін пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөніндегі қызмет;

10) электрондық сандық қол – электрондық сандық қолдардың құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның кімге тиесiлi екендігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрi - ЭСҚ);

11) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолданумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

12) электрондық құжат – ақпарат электрондық сандық нысанда берiлген және электрондық сандық қолмен куәландырылған құжат;

13) «электрондық үкiметтің» шлюзi – электрондық қызметтi iске асыру шеңберіндегі «электрондық үкiметтің» ақпараттық жүйелерiн біріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрi - ЭҮШ);

14) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі - ЖАО электрондық қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ЖАО ішкі жүйелері/кіші жүйелерімен сыртқы ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-әрекеттестікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе (бұдан әрi - ЭҮӨШ).


^ 2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

қызмет берушінің қызмет тәртібі


6. Қызмет берушінің ЖАО арқылы қадамдық әрекеттерi мен шешiмдерi осы Регламентке 1 қосымшада (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттестіктің № 1 диаграммасы) келтірілген:

1) тұтынушы қызмет алу үшiн өтiнiш пен қажеттi құжаттарының түпнұсқаларын, сондай-ақ сенімді тұлғаның өкілеттілігін куәләндыратын қажетті құжаттарды алып ЖАО-ға жүгінуі қажет. ЖАО қызметкері тұтынушының өтініші мен құжаттарының түпнұсқалығын тексереді;

2) 1 үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін ЖАО қызметкерінің ЖАО ақпараттық жүйесіне ЖСН мен парольды енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);

3) 1 шарт – ЖСН және пароль арқылы тіркелген ЖАО қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын ЖАО АЖ-да тексеру;

4) 2 үдеріс – ЖАО қызметкерінің деректеріндегі қателерге байланысты ЖАО АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

5) 3 үдеріс – ЖАО қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескерумен нысанды толтыруы (деректерді енгізу, сканерлеуден өткен құжаттарды қоса беру);

6) 4 үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (қоса берілген сканерлеуден өткен құжаттардың енгізілген деректеріне) ЭСҚ арқылы қол қоюы;

7) 2 шарт – сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрауда көрсетілген ЖСН-нің және ЭСҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН-нің арасындағы), ЭСҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және ЖАО АЖ-да қайтарылған (күшін жойған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын тексеру;

8) 5 үдеріс – ЖАО қызметкерінің ЭСҚ-ның түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

9) 6 үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;

10) 7 үдеріс – ЖАО қызметкерінің көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін қалыптастыруы (ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру, не ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беруден дәлелді бас тарту). Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭСҚ пайдаланумен қалыптастырылады;

11) 8 үдеріс – ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін тұтынушының қолына табыс етуі немесе электронды поштасына жіберу арқылы беруі.

7. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттерi мен шешiмдерi осы Регламентке 1 қосымшада келтірілген (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттестіктің № 2 диаграммасы):

1) тұтынушы ЖСҚ/БСН мен парольдің көмегімен ЭҮП-те тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген тұтнушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1 үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы ЖСН/БСН мен парольды енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);

3) 1 шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЭҮП-да тексеру;

4) 2 үдеріс – тұтынушының деректеріндегі қателерге байланысты ЭҮП-да авторландырудан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

5) 3 үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті тандауы, қызмет көрсету үшін сұраудың нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескерумен нысанды толтыруы (деректерді енгізу, сканерлеуден өткен құжаттарды қоса беру);

6) 4 үдеріс – тұтынушының электрондық мемлекеттік қызметті алуға арналған сұраудың толтырылған нысанына (қоса берілген сканерлеуден өткен құжаттардың енгізілген деректеріне) ЭСҚ арқылы қол қоюы;

7) 2 шарт – сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН-ның және ЭСҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН-ның арасындағы), ЭСҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және ЭҮП-да қайтарылған (күшін жойған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын тексеру;

8) 5 үдеріс – тұтынушының ЭСҚ-ның түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;

9) 6 үдеріс – тұтынушының ЭСҚ қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрауын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберуі және ЖАО қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;

10) 7 үдеріс – ЖАО қызметкерінің көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін қалыптастыруы (ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру, не ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беруден дәлелді бас тарту). Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭСҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

8. Электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу мен жауапты толтырудың экрандық нысаны осы Регламентке 3 қосымшада келтірілген.

9. Электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұраудың орындалу мәртебесін алушының тексеру әдісі: ЭҮП-те «Қызметті алу тарихы» тарауында, сондай-ақ ЖАО-ға жүгінген кезде.

10. Электрондық мемлекеттік қызмет, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың сапасын бағалау (соның ішінде шағымдану) үшін ақпаратты алуға арналған байланыс телефонының нөмірі: 8(7232) 26-51-77.


^ 3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету

үдерісіндегі өзара әрекеттестік тәртібінің сипаттамасы


11. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - құрылымдық-функционалдық бiрлiктер - ҚФБ):

ЖАО қызметкері.

12. Әрбiр әрекеттiң орындалу мерзiмi көрсетiлген мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің әрекет жасау кезектілігінің кестедегі мәтiндiк сипаттамасы (рәсім, функция, операция) осы Регламентке 2 қосымшада берiлген.

13. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде) олардың сипаттамаларына сәйкес көрсететiн диаграммалар осы Регламентке 1 қосымшада (1, 2 диаграммалар) берiлген.

14. Осы Регламентке 4 қосымшада осыған сәйкес электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс нысан келтірілген.

15. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижелерi осы Регламентке 5 қосымшаға сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.

16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiне қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);

2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);

3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғау);

4) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуы.

17. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары:

қолданылатын қолжетімділік және электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету қондырғысы (компьютер, Интернет, мобильді телефон, қорытынды берілетін ЖСН/БСН-нің бар болуы, ЭҮП-ті авторландыру, пайдаланушының ЭСҚ-ның бар болуы).


«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша


ЖАО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі

функционалдық өзара әрекеттестіктің № 1 диаграммасы



Ақпараттық

орта

1 үдеріс

2 үдеріс

5 үдеріс

3 үдеріс

4 үдеріс

6 үдеріс











8 үдеріс

7 үдеріс











Қызметті тұтынушы

ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі

функционалдық өзара әрекеттестіктің № 2 диаграммасы






Ақпараттық

орта

1 үдеріс

2 үдеріс

5 үдеріс

3 үдеріс

4 үдеріс

6 үдеріс














7 үдеріс





Қызметті тұтынушы





Шартты белгілер




Бастапқы хабар



Аяқтаушы хабар



Аралық хабар



Аяқтайтын қарапайым оқиғалар



Қате



Оқиға-таймерлер



Ақпараттық жүйе


Үдеріс


Үдеріс



Шарт



Хабарлар ағыны




Басқару ағыны




Түпкі тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат



«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша


  1 кесте. ЖАО арқылы болатын әрекеттердің сипаттамасы



1) негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамалары


Тұтынушының өтініші мен құжаттарының түпнұсқалығын тексеру, деректерді ЖАО АЖ-ға енгізу

Деректерді ЖТАМБ/ЗТАМБ-да тексеру, сканерлеуден өткен құжаттарды жүйеге қоса беру

ЖАО АЖ-ға сұрау мәртебесінің ауысуы туралы хабарлама бағыттау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкім ету шешімі)

Қызметті алуға арналған өтініш пен құжаттарды қабылдау

Өтінішке нөмір берумен сұрауды тіркеу

Сұрауды бағыттау

5

Орындалу мерзімдері


30 минуттан артық емес


1 минуттан артық емес


1 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі


2

3

4

2) негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

4

5

6

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮӨШ (ЭҮШ)

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамалары

Сұрауды орындау.

Шығу құжатын берумен жауапты қалыптастыру, не негізді бас тартуды қалыптастыру. Шешім қабылдау

Шығу құжатын қалыптастыру. Қызмет көрсету мәртебесін ауыстыру туралы хабарламаны қалыптастыру



Хабарлама бағыттау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкім ету шешімі)

Шығу құжатын, не дәлелді

бас тартуды қалыптастыру

Шығу құжатын және сұраудың орындалу мәртебесін қалыптастыру

Бағыттау

5

Орындалу мерзімдері


1 айдан артық емес, дәлелді бас тартқан жағдайда 5 жұмыс күні ішінде, қайтадан қаралған жағдайда 10 жұмыс күнінен артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

5

6

7

3) негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

7

8

9

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮШ (ЭҮӨШ)

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамалары


Шығу құжатын құру

Уәкілетті органның ЭСҚ қойылған шығу құжатын

қалыптастыру және тіркеу

Шығу құжатымен хабарламаны бағыттау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкім ету шешімі)

ЖАО жүгінген кезде тұтынушыға шығу құжатын беру

Шығу құжатымен хабарламаны жіберу

Бағыттау

5

Орындалу мерзімдері

1 айдан артық емес, дәлелді бас тартқан жағдайда 5 жұмыс күні ішінде, қайтадан қаралған жағдайда 10 жұмыс күнінен артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

8

9

-



2 кесте. ЭҮП арқылы болатын әрекеттердің сипаттамасы


  1. негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

3

4

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЭҮП

ЭҮӨШ

(ЭҮШ)

ЖАО АЖ

ЖАО

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамалары


Деректердің түпнұсқалығын тексеру (тұтынушының ЭСҚ). Өтінімді сақтау және ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы жібері

ХҚО АЖ-ға хабарламаны бағыттау


Өтінішке нөмір беру.

Ағымдағы мәртебесін көрсетумен хабарламаны қалыптастыру



Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінішті қабылдау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкім ету шешімі)

Сұраудың табысты қалыптастырылуы туралы немесе бас тарту туралы хабарламаны көрсету

Сұрауды бағыттау

ЭҮП-ке хабарлама жіберу

Жұмысқа қабылдау

5

Орындалу мерзімдері

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

30 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4

5




  1. негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

5

6

7

8

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮШ (ЭҮӨШ)

ЭҮП

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамалары


Сұрауды орындау.

Шығу құжатын берумен жауапты қалыптастыру, не дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Шығу құжатын қалыптастыру.

Қызмет көрсету мәртебесін ауыстыру туралы хабарламаны қалыптастыру

Хабарламаны бағыттау

Хабарламаны көрсету

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкім ету шешімі)

Шығу құжатын қалыптастыру, не негізді

бас тартуды қалыптастыру

Шығу құжаты мен мәртебені қалыптастыру


Бағыттау

Шығу құжатымен орындалу

мәртебелерін көрсету


5

Орындалу мерзімдері

1 айдан артық емес, бас тартқан кезде 5 жұмыс күні ішінде, қайтадан қаралған жағдайда 10 жұмыс күнінен артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

6

7

8

9




3) негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

9

10

11

12

2

ҚФБ, АЖ атауы

ЖАО

ЖАО АЖ

ЭҮШ (ЭҮӨШ)

ЭҮП

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамалары


Шығу құжатын құру. Құжатқа қол қою

Шығу құжатын тіркеу. Уәкілетті орган қол қойған шығу құжатын қалыптастыру

Шығу құжатымен хабарламаны бағыттау

Шығу құжатын көру мүмкіндігімен қызмет көрсетудің аяқталуы жөніндегі хабарламаны көрсету


4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкім ету шешімі)

Қол қойылған шығу құжаты

Шығу құжатымен хабарлама жіберу

Бағыттау

Шығу құжатын көрсету

5

Орындалу мерзімдері

1 айдан артық емес, дәлелді бас тартқан кезде 5 жұмыс күні ішінде, қайтадан қаралған жағдайда 10 жұмыс күнінен артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

1 минуттан артық емес

6

Келесі әрекеттің нөмірі

10

11

12

-



«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша


ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтініштің нысаны


^ Шығыс Қазақстан облысы табиғи

ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының бастығына

-------------------------------------------------

_______________________________

_______________________________

мекен-жайы ____________________

телефоны/факсы _______________


Өтініш


Сізден мемлекеттік экологиялық сараптаманы орындауды сұраймын ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(материалдардың толық атаулары)


^ Экологиялық сараптамаға тапсырыс беруші Т.А.Ә.


* ескертпе

Заңды тұлғалар үшін өтініш шығыс нөмірімен тіркеліп, фирмалық бланкіге басылуы, не болмаса қойылған қол мөрмен куәләндырылуы керек.


«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

4 қосымша


ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық

сараптама қорытындысының нысаны


Өтініш беруші (ұйымның атауы)


___________________________________________________________ арналған

(жобаның, құжаттың атауы)

мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы*


Материалдарды әзірлеген ________________________________________

(жобаны әзірлеуші ұйымның толық атауы)

Жоба материалдарына тапсырыс беруші______________________________

(тапсырыс беруші ұйымның толық атауы, мекенжайы)

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарауына тапсырылды:

_________________________________________________________________

(жоба құжаттамасының атауы, тапсырылған материалдардың, басқа құжаттардың кешенділігін түгендеу)

Материалдар қарауға 200__ жылы тапсырылды _____________________________

(күні, кіріс құжатының нөмірі)


^ Жалпы мәліметтер


Сараптама объектісі орналасатын ауданының физикалық-географиялық жағдайына, қоршаған ортаның фондық жағдайына, негізгі техникалық, технологиялық шешімдерге қысқаша сипаттама, соның ішінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін технологиялық үдерісті суреттеу, заманауй технологияның таңдаулы аналогтарымен салыстырмалы баламалы нұсқаларын қарау.


Қоршаған ортаға көзделген қызметтің әсерін бағалау (ҚОӘБ)


Объектінің әуеге, жерүсті және жерасты суларына, жер ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, жер қойнауына әсер етуіне толық сипаттама, физикалық әсер етуі, апаттық жағдайдың болу мүмкіндігі мен ықтималдығы, экологиялық тәуекелін және т.б.

Сәулет-жоспарлау құжаттамаларын, елді-мекендердің инженерлік инфрақұрылымының дамуының сұлбасын қараған кезде, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңартуға (кеңейтуге) арналған жобалардың қоршаған табиғи ортаға әсер ету бөлігіндегі барлық көрсеткіштері қазіргі кездегі жағдаймен қатар есепті мерзімге де беріледі.


^ Ескертулер мен ұсыныстар


Ескертулерді дайындаған кезде қалыптасқан экологиялық ахуалды ескерумен көзделген өндіріс орналасатын ауданына қойылатын ерекше талаптар ескерілуі керек.

Қаралып отырған құжаттама бойынша ескертулердің тізбесі келесі блоктарға топтасады:

1) жобаның негізгі ережесі бөлігіндегі ескертулер;

2) көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бөлігіндегі ескертулерге, соның ішінде:

3) ауа бассейнін қорғау;

4) су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану;

5) жер ресурстарын қорғау;

6) өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау;

7) тұрғындардың денсаулығы мен әлеуметтік-экономикалық өмірінің жағдайын сақтау.


Қорытынды


Қорытындыны тапсырылған құжаттамаларға келісім бергені

немесе келісім беруден бас тартқаны туралы мемлекеттік

экологиялық сараптама органы қалыптастырады


Жергілікті атқарушы органның сараптама бөлімшесінің басшысы

Қолы, ТАӘ


Орындаушы:

Сараптама жүргізген мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптамашы (сараптама комиссиясы) (тегі мен есімі, атқаратын лауазымы)

*Ескертпе: Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің ресми бланкісінде ресімделеді.


«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін

мемлекеттік экологиялық сараптама

қорытындысын беру» электрондық

мемлекеттік қызмет регламентіне

5 қосымша


^ Электрондық мемлекеттік қызметтің: «сапа» және «қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнаманың нысаны


____________________________________________________________

(қызметтің атауы)


1. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мен нәтижесінің сапасына қанағаттандыңыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара қанағаттандым;

3) қанағаттандым.


2. Сіз электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттандыңыз ба?

1) қанағаттанған жоқпын;

2) ішінара қанағаттандым;

3) қанағаттандым.



Похожие:

«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi iconРегламентіне 2 қосымша
«II, III және IV санат объектілері үшін «Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»мемлекттік қызмет
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi icon«II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы және «электрондық үкіметтің»...
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi icon«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi icon«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
Не IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік...
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) регламентінде...
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті...
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi iconЖоба ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі мемлекеттік қызмет)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы