|
Курчатов қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 1399 қаулысы 2013 жылы ер азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабы 3 тармағына, 28 бабы 1,3 тармағына, 30 және 31 баптарына, «Әскери қызметінің белгілеген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 509 Жарлығына, «Әскери қызметінің белгілеген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 509 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ^ 1. Бекітілсін: 1) 1 қосымшаға сәйкес Курчатов қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы; 2) 2 қосымшаға сәйкес Курчатов қаласы бойынша шақырту комиссиясының қосымша құрамы; 3) 3 қосымшаға сәйкес әскери (мамандандырылған) оқуға түсуге және әскери қызметке қабылдау кезінде ер азаматтарды куәландыру үшін медициналық комиссия құрамы; 4) 4 қосымшаға сәйкес Курчатов қаласы бойынша азаматтарды шақырту комиссиясының жұмыс кестесі; 2. «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» КМҚК (келісім бойынша) өз құзыры шегінде: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 1029 қаулысымен бекітілген, әскери-дәрігерлік сараптамаларды жүргізу Ережесіне сәйкес азаматтарды медициналық тексеруден өткізу бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын; 2) стационарлық тексеру жағдайында әскери қызметке шақырылатындардың денсаулығын тексеру мақсатында қажетті бос орындар санын емдеу- сауықтыру мекемелерінде, стационарларда сақтасын. 3) әскерге шақырушылардың уақытында және сапалы түрде медициналық тексерілуін және емделуін бақылауға алуды қамтамасыз етсін. 3. Курчатов қалалық полиция бөліміне (келісім бойыншы) өз құзыры шегінде азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды жүргізуді қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын. 4. «Курчатов қаласының әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыры шегінде: 1) шақырту комиссиясын қажетті оргтехникасымен, кеңсе тауарларымен, бланк өнімдерімен, және де медициналық комиссияны дәрі-дәрмектермен, құралдармен, медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз етсін. 2) Курчатов қаласының бюджетінен осы мақсатпен қарастырылған қаражат шегінде, әскери міндеттерді орындауды қамтамасыз етумен байланысты іс шараларды қаржыландыруды жүзеге асырсын. 5.«ШҚО Курчатов қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына және басқа да әскер құрылымдарына шақырылған әскерге шақырушыларды мерекелік шығарып салу шараларын ұйымдастырсын. 6. «Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыры шегінде: 1) Әскерге шақыру компаниясы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жариялау жұмыстарын ұйымдастырсын; 2) Курчатов қаласының аумағында азаматтарды жедел әскер қатарына шақыру барысында көрнекі үгіт насихатты дайындап, орналастырылуын қамтамасыз етсін; 7. Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға - шақыру комиссиясының төрайымына: 1) Әскерге шақырту алдында мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар басшыларының қатысуымен, және де «ШҚО бойынша ХСКД Курчатов қалалық бөлімі» мемлекеттік мекмесінің (келісім бойынша) әскерге шақыруды өткізу дайындығы туралы тыңдалып қызметтік мәжіліс өткізілсін; 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Курчатов қаласының әкімінің орынбасары Е.В.Старенковаға жүктелсін. 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ^ КЕЛІСІЛДІ: «Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Рахимов «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Б. Мадрахимов Курчатов қаласының полиция бөлімінің бастығы Қ. Ысқақов Курчатов қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «__»_________ №____ қаулысына 1қосымша Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін шақыру комиссиясының құрамы Көмиссия төрайымы: Старенкова Елена Васильевна –Курчатов қаласының әкімнің орынбасары. Төрағасының орынбасары: Рахимов Наиль Амирович – қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (келісім бойынша) Комиссия мүшелері: Тәшімбетов Жүсіп Мейірбекұлы – Курчатов қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша). Тілеугабылова Қарлығаш Қамзақызы - «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігердің орынбасары- медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша). Комиссия хатшысы: Спатаева Айымгүл Нұрбекқызы - «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі (келісім бойынша). ^ әкім аппаратының басшысы А. Глазинский Курчатов қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «__»_________ №____ қаулысына 2 қосымша Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін шақыру комиссиясының қосымша құрамы Көмиссия төрағасы: Әзімханов Сламбек Шәріпұлы – Курчатов қаласының әкімнің орынбасары (келісім бойынша) Төрағасының орынбасары: Қауынбаев Батыр Әнуарбекұлы – қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Комиссия мүшелері: Омаров Марат Балтабайұлы – Курчатов қаласының полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша). Михайлова Любовь Николаевна, шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі-дәрігер терапевт (келісім бойынша) Комиссия хатшысы: Маралова Қарлығаш Амангелдіқызы - «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас мейірбикесі (келісім бойынша) ^ әкім аппаратының басшысы А. Глазинский Курчатов қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «__»_________ №___қаулысына 4 қосымша Шақыруды кейінге қалдыруға немесе швқырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырмы жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі:
^ әкім аппаратының басшысы А.Глазинский Курчатов қаласы әкімдігінің 2013 жылғы «__»_________ №____ қаулысына 3 қосымша Әскери оқуға түсуге және әскери қызметке қабылдау кезінде ер азаматтарды куәландыру үшін медициналық комиссия құрамы: Аға дәрігер: Тлеуғабылова К.Қ. -дәрігер терапевт (дәрігер кардиолог) Сейітқалиева М.Т. -дәрігер хирург: Қойшыбаев А.Т. -дәрігер отоларинголог Байжанова Ж.К -дәрігер фтизиатр Мамиев А.М -дәрігер офтальмолог Балғожина Г.Е -дәрігер стоматолог Балғожина Г.Е. -дәрігер дерматовенеролог Юрьева И.Н -дәрігер невропатолог Мадрахимов Б.А. -дәрігер психиатр Захарова О.В -дәрігер нарколог Захарова О.В Курчатов қаласының әкім аппаратының басшысы А.Глазинский |