|
Оралмандар мәртебесін беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 16 тамызда № 8624 тіркелді "Егемен Қазақстан" газеті 27.08.13 ж. № 198 (28137);"Казахстанская правда" от 27.08.13 г. № 260 (27534); «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған оралман мәртебесін беру қағидалары бекітілсін. 2. «Оралмандар мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 476 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6698 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қаңтарда № 78 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (А.Ә. Сарбасов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ^ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығымен бекітілген ^ 1. Жалпы ережелер 1. Оралман мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалар тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына қолданылады. ^ 3. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) отбасының кәмелетке толған бір мүшесі не өкілі (сенімхат бойынша) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда жергілікті атқарушы органға тапсырады. 4. Өтінішке мынадай құжаттар: 1) өмірбаян (еркін нысанда); 2) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (төлқұжаттар, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері), сондай-ақ өтініш беруші адамның осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін анықтайтын құжаттар қоса беріледі. 5. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректері «Оралман» ақпараттық дерекқорына енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады. Өтінішті тіркеу ресімделгенге дейін жергілікті атқарушы орган «Оралман» ақпараттық дерекқоры арқылы өтініш берушінің деректерін оның басқа жергілікті атқарушы органда тіркелу мәніне тексереді. Өтініш берушінің басқа жергілікті атқарушы органда тіркелгені туралы анықталған жағдайда өтініш білдірушінің өтініші жаңа жері бойынша тіркеуге алынбайды. 6. Өтініштерді тіркеу оралман мәртебесін беру туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берілген күні өтініш білдірген адамдарды тіркеу журналында жүзеге асырылады және өтініш берушіге оның тіркелгені туралы жазбаша хабарлама беріледі. 7. Өтініш беруші не өкілі (сенімхат бойынша) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда өтінішті тіркеуден бас тартылады. ^ 8. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оралман мәртебесін беру немесе одан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі – шешім) қабылдайды. 9. Өтініш беруші осы Қағидалардың 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оған оралман мәртебесін беруден бас тартылады. Оралман мәртебесін беруден бас тартылған кезде өтініш иесіне жазбаша түрде тиісті шешім жолданады. 10. Оралман деп танылған адамдарға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралман куәлігін беруді тіркеу журналына тіркелген, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген нұсқадағы оралман куәлігі беріледі. 11. Оралман куәлігі оралман отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесіне беріледі. Оралман отбасының кәмелетке толмаған мүшелері өтініш берушінің оралман куәлігіне жазылады. 12. Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растауға негіз болады. 13. Куәлікті жоғалтқан жағдайда оралман жергілікті атқарушы органға куәліктің жоғалғаны және құжаттың телнұсқасын беру туралы еркін нысанда өтініш береді. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оралман куәлігінің телнұсқасын береді, оған «телнұсқа» деген мөртаңба қойылады. Оралман мәртебесін беру қағидаларына 1-қосымша _____________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) кімнен_______________________________ (өтініш берушінің А.Ә.Т.) _____________________________________ (мекенжайында тұратын) ^ өтініш __________________________ облысында (республикалық маңызы бар қалаға, елордаға) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келуіме байланысты маған және отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін беруіңізді сұраймын. Өтініште Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын барлық отбасы мүшелері: 1) жұбайы (зайыбы)__________________________________________; 2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары ___________________; 3) балалары (оның ішінде асырап алған балалары) және олардың отбасы мүшелері __________________________________________________; 4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа сіңілілері (қарындастары) көрсетіледі ___________________; Өтінішке мынадай құжаттарды: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ _____________________________________________________қоса беремін. 20__жылғы «__» ______________ ________________________ (өтініш берушінің қолы) Құжаттарды қабылдаған: __________________________________________________________________ (құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) 20__жылғы «__» _________ ______________________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы) Оралман мәртебесін беру қағидаларына 2-қосымша ^ тіркеу журналы _________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы орган)
Оралман мәртебесін беру қағидаларына 3-қосымша Жергілікті атқарушы органның 20__жылғы «__»________№_____ шешімі _____________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес оралман деп тану туралы _________________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) _________________________________________________өтінішін қарап, _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________ туралы шешім қабылдады. Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органның басшысы ___________ _______________ (қолы) Оралман мәртебесін беру қағидаларына 4-қосымша Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органның атауы ^ КУӘЛІК № _______ УДОСТОВЕРЕНИЕ Аты-жөні____________________________ Фамилия, имя, отчество ____________________________________ Туған күні_____айы______жылы________ Дата рождения месяц год Туған жері (елі)____________________ Место рождения Азаматтығы__________________________ Гражданство Жынысы______________________________ Пол ^ ______________________________________________________________ Несовершеннолетние члены семьи Аты-жөні Туған жылы, айы, күні Туыстық қатынасы Ф.И.О. Дата рождения Родственное отношение _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ________________________________________________________________ Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы (міндетін атқарушы адам)____________________________________________ Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы (немесе міндетін атқарушы) Оралман мәртебесі берілген күн 20__жылдың______айының «__» дейін Дата присвоения статуса оралмана «__»_________месяц 20__год Оралман куәлігін қолдану мерзімі 20__жылдың_____айының «__» дейін Срок действия удостоверения оралмана до «__»_____месяц 20__года Оралманның куәлігі оралман мәртебесі тоқтатылғанға дейін жарамды. Удостоверение оралмана действительно до прекращения статуса оралмана. Жеке басын куәләндыратын құжатты көрсеткен кезде күші бар. Действительно при предъявлении документа удостоверяющего личность. ____________________________________________облысы (қаласы) бойынша Атқарушы орган басшысының қолы (міндетін атқарушы адам) ____________М.О. Руководитель местного исполнительного органа (лицо исполняющий обязанность)____________области (городу) бланк нөмірі____________ номер бланка Куәлік__________жылғы________ ________ дейін ұзартылды Удостоверение продлено до ___ ________ 20__года Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы (міндетін атқарушы адам) _________________________________________ Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица исполняющего обязанность) Куәлік_________жылғы_________ ________ дейін ұзартылды Удостоверение продлено до ___ ________ 20__года Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы (міндетін атқарушы адам) _________________________________________ Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица исполняющего обязанность) Куәлік_____жылғы______ ___________дейін ұзартылды Удостоверение продлено до __ ________ 20___года Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы (міндетін атқарушы адам) ______________ Подпись руководителя местного исполнительного органа (лица исполняющего обязанность) Оралман мәртебесін беру қағидаларына 5-қосымша ^ ________________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы орган)
|
![]() | «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Оралман мәртебесін беру» «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) | ![]() | Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан... |
![]() | «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Азақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдегі №781 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | ![]() | Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы ... |
![]() | Облыстық (аудандық) коммуналдық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қызылорда облысының... | ![]() | «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Оралман мәртебесін беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты... |
![]() | «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Оралман мәртебесін беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты... | ![]() | «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Оралман мәртебесін беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты... |
![]() | Түсіндірме жазба «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің... | ![]() | «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы № бұйрығына |