|
Әкімдіктің 2012 жылғы « » . № қаулысымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. 2. Басқарма осы Ереженің қосымшасында көрсетілген кәсіпорындар мен мекемелерді басқару бойынша бір қатар функцияларды іске асыруға уәкілетті. 3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Басқарма мемлекеттік мекеменіңұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 5. Қостанай облысының әкімдігі Басқарманыңқұрылтайшысы болып табылады. ҚұрылтайшыБасқарманың жедел басқаруындағы мүліктің меншік иесі болып табылады. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу заңнамада көзделген тәртіппен Құрылтайшымен жүзеге асырылады. 6. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 7. Басқарманың жұмыс режимі Басқармабастығының бұйрығымен бекітілген Жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді. 8. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттi болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 9. Басқармаөз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 10. Басқарманың құрылымы мен штаттық санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi. 11. Басқарманың заңды мекенжайы: индексі 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34. 12. Басқарманың мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Басқарманың орыс тіліндегі толық атауы: «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области». 13. Осы Ереже Басқарманың құрылтайшылық құжаты болып табылады. 14. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен есебінен жүзеге асырылады. 15. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлермен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен табыс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
16. Басқарманың миссиясы – жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру. 17. Басқарма қызметінің мәні жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру болып табылады. 18. Басқарма қызметінің мақсаты өзінің құзыреті шеңберінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. 19. Міндеттері: 1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) еңбекақы төлемі, әлеуметтік әріптестік, еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту және еңбек рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызмет және әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру; 4) әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпараттық технологиялардың ақпаратын әзірленуін және енгізілуін ұйымдастыру және үйлестіру; 5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету. 20. Функциялары:
13) халықты жұмыспен қамту саласында орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде Қостанай облысының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді, сондай-ақ берілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарады; 14) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өңірлік базалар негізінде облыстық ақпараттық базаны қалыптастырады; 15) орташа мерзімді кезеңдерге еңбек рыногында мамандар мен жұмысшыларға деген қажеттіліктің талдауын және болжауын жүзеге асырады;
21. Құқықтары мен міндеттері: 1) заңнамамен белгіленген тәртіппен Басқарманың құқықтары мен мүдделерін соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 2) Басқарманың құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру; 3) Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын іске асыру; 4) ақпараттық-тұсаукесерлік іс-шараларды (бос орын жәрмеңкелері, семинарлар және басқа іс-шаралар), сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған берілген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. ^ 22. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін бiрiншi басшы жүзеге асырады. 23. Басқарманың бiрiншi басшысын Қостанай облысының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. 24. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары бар. 25. Басқарманың бiрiншi басшысының өкілеттіктері: 1) өз орынбасарларының және Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттілік шеңберін анықтайды; 2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады; 3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді; 5) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет жасайды; 6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды Басқарманың атынан жасайды; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны үшін дербес жауап береді; 8) қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша Басқарманың қаржыландыру жоспарын, Басқарманың құрылымын бекітеді; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. 26. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
27. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн. Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебiнен қалыптастырылады. 28. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады. 29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. ^ 30. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімдіктің 2012 жылғы « » . № қаулысымен бекітілген Ережеге қосымша ^ 1. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерге арналған «Дружба» Қостанай облыстық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 2. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арқалық психоневрологиялық интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 3. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған Жітіқара өңірлік оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 4. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Қарабалық интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 5. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Қарасу интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 6. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай психоневрологиялық интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 7. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай балалар психоневрологиялық интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 8. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Лисаков интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 9. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Рудный интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 10. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі № 2 Рудный интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 11. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Рудный психоневрологиялық интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 12. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Пешков психоневрологиялық интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 13. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Федоров интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. _____________________________ |