Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер icon

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер



НазваниеЖеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер
Дата конвертации29.11.2012
Размер106.91 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Буйрык.doc
2. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ереже.doc
3. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 1-косымша.docx
4. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 2-косымша.docx
5. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 3-косымша.docx
6. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 4-косымша.docx
7. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 5-косымша.docx
8. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 6-косымша.docx
9. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 7-косымша.docx
10. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Нускаулык.doc
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер
Жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналы
Жеке (заңды) тұлғаның өтінішін есепке алу карточкасы
Талон
Жүгінген тұлға мәртебесі кодтарының анықтамалығЫ
Қайталанған өтініш себептері кодтарының анықтамалығЫ
Өтініштің түрлері
Өтініштер бойынша қабылданған шаралар кодтарының анықтамалығЫ
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер




Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

«16» қараша 2011 жылғы

№ 109 бұйрығына

1-қосымша


Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу

Ережесі


1. Жалпы ережелер


1. Осы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген және мынадай тәртіпті реттейді:

өз құзыреттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, мемлекет 100% қатысатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – субъектілер) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу тәртібін;

мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдарына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы есепке алу мәліметтерін ұсыну тәртібін.


2. Өтініштерді есепке алу тәртібі


2. Жеке және заңды тұлғаның өтініші (жазбаша, ауызша, жеке қабылдаудан, электрондық түрде) субъектінің, лауазымды тұлғаның ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ААЖ) тіркеледі.

ААЖ болмаған жағдайда, өтініш жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу Журналында тіркеледі (осы Ережеге 1-қосымша) және ААЖ-ға өтініш бойынша мәліметтерді енгізуге арналған субъектінің жоғары тұрған органына жолданатын өтінішті есепке алу карточкасының қағаздағы түрі толтырылады.

Өтініштерді есепке алу жеке (заңды) тұлғаның өтінішін есепке алудың электрондық есепке алу нысан - карточкасында (бұдан әрі – өтініштерді есепке алу карточкасы, осы Ережеге 2-қосымша) тиісті танаптарды толтыру арқылы немесе өтініштерді есепке алу карточкасының есепке алу мәліметтерінің субъектіге келіп түскен және олардың мәліметтерінің мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрінген күніндегі тізбесі бар ведомстволық ақпараттық есепке алу нысанында жүзеге асырылады.

Өтінішті тіркеу нөмірі аббревиатурадан, өтінішке қол қоюшы тегінің бастапқы әрпінен және реттік нөмірден тұратын толассыз тәртіпте автоматты түрде беріледі.

Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЖТ» әріптік индекстен, автор тегінің алғашқы әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасының реттік нөмірінен тұрады.

Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЗТ» әріптік индекстен, өтінішке қол қойған лауазымды тұлға тегінің алғашқы әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасының реттік нөмірінен тұрады.

Жасырын өтініштің тіркеу нөмірі «ЖСН» әріптік индекстен және өтінішті есепке алу карточкасының реттік нөмірінен тұрады.

Ұжымдық өтініштің тіркеу нөмірі «Ұ/Ы» әріптік индекстен және өтінішті есепке алу карточкасының реттік нөмірінен тұрады

Қайталанған өтінішті және қосалқы данасын тіркеген кезде тіркеу нөмірінде қайталану белгісін көрсетіле отырып, бірінші өтініштің тіркеу нөмірі көрсетіледі (1, 2, 3).

Өтініштің қосалқы данасы – мәтіні тұпнұсқамен бірдей және бірдей заңды қүші бар өтініштің данасы.

Өтінішті есепке алудың алдында ААЖ бойынша тексеру жүзеге асырылады және өтініштің алдыңғы өтініштің қайталануы ма, әлде қосалқы данасы ма, сол белгіленеді.

Субъект, лауазымды тұлға жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы есепке алу мәліметтерінің (жазбаша, ауызша, жеке қабылдаудан, электрондық түрде) Қазақстан Республикасының жазбаша өтініштерге арналған заңдарымен белгіленген мерзімнің ішінде ААЖ-да сақталуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдарға және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына тікелей келіп түскен өтініштерден басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745-қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көзделген мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде ХҚКО-дан келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары есепке алмайды.

Тізілімде көзделген мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде ХҚКО-ға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ХҚКО-ның есепке алуына жатады, оның өтінішті есепке алу карточкасында өтінішті (қанағаттандырылды, бас тартылды) қарау нәтижесі көрсетіледі.

Осы Ережеге сәйкес бір мемлекеттік органнан басқаға келіп түсетін қызметтік құжаттар есепке алуға жатпайды.

3. Өтініштерді тіркеу және есепке алу осы Ереженің 2-тармағына сәйкес қабылдау күні жүзеге асырылады.

4. Субъектіге тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға (өкіліне) немесе заңды тұлғаның өкіліне тіркелген күні мен уақыты, бірегей нөмір, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген белгіленген нысандағы талон (осы Ережеге 3-қосымша) беріледі.

Бірегей нөмір автоматты түрде өтінішті тіркейтін орган кодының алғашқы 11 санынан (өтінішті есепке алу карточкасының 1-деректемесі) және тіркеу нөмірінің санды индексінен құрылады (өтінішті есепке алу карточкасының 8-деректемесі) және 17 белгіден тұрады:

1) алғашқы жұппен облыс коды белгіленеді (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар);

2) екінші жұппен – аудан коды (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қала);

3) үшінші жұппен – ауылдық округ коды;

4) 7-ден 11-ге дейінгі сандармен – ведомства коды;

5) 12-ден 16-ға дейін өтініштің ААЖ-да тіркелген реттік нөмірі;

6) соңғы санмен өтініштің қайталануының немесе қосалқы данасының белгісі қойылады.

Мысалы, Астана қаласының Алматы ауданы бойынша әкімдігінің білім беру бөліміне келіп түскен өтініштің бірегей нөмірі мынадай болады: 7111000142200015,0. Бұл жағдайда, 71 – Астана қаласының коды, 11 – Астана қаласының Алматы ауданының коды, 00 – ауылдық округке жатпайтындығы, 01422 – орган коды, 00015 – тіркеу нөмірінің сандық индексі, 0 - қайталанудың немесе қосалқы дананың белгісі.

Орган коды субъектілердің анықтамалығынан «Адамдардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» (бұдан әрі – АӨБЕ) автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен пайдаланылады.

5. Өтініште бірнеше мәселе қойылған жағдайда, олардың ішінде субъектінің, лауазымды тұлғаның қарау құзіретіне кірмейтін мәселелер болса, олар бұл өтінішті тіркейді және өз өкілеттіліктеріне сәйкес Заңның 8-бабында белгіленген мерзімде шешеді.

Сонымен бірге, шешуі оның құзіретіне кірмейтін өзге де мәселелерді қарау үшін, өтініш берушіге міндетті түрде хабарлай отырып, Заңның 7-бабы 6-тармағына сәйкес құзіреттілігі бойынша субъектіге, лауазымды тұлғаға жолданады.

Бұл өтініш қаралған және басқа органға қайта жолданған ретінде ескеріледі.

Өтініш берушіге жауап жоғары тұрған орган басшысының қолы қойылып берілетін жоғары тұрған органнан төменгіге келіп түскен өтініш төменгі тұрған органда есепке алуға жатпайды.

6. Осы Ережеге сәйкес есепке:

1) субъектіге Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттың депутатымен (бұдан әрі – депутат) немесе басқа да субъетімен қарау үшін қайта жолдаған жеке және заңды тұлғаның өтініші;

2) депутаттық сұрау түрінде ресімделмеген депутаттардың өтініштері алынады.

7. Өтініштің қаралу мерзімі оның субъектіге келіп түскен кезінен бастап есептеледі.

8. Субъектінің лауазымды тұлғасы өтініштің уақтылы, толық, айқын тіркелуін, жеке (заңды) тұлғаның өтініштері туралы есепке алу мәліметтерінің айқындылығын, толықтығын және Комитетке және оның аумақтық органдарына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.


3. Субъектілердің жеке және заңды тұлғалардың

өтініштері туралы есепке алу мәліметтерін

электрондық форматта ұсыну тәртібі


9. Мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары, лауазымды тұлғалар Комитетке және оның аумақтық органына ағымдағы айда тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы, сондай-ақ бұрын тіркеліп, ағымдағы айда шешім қабылданған өтініштер бойынша есепке алу мәліметтерін ай сайын, келесі айдың бірінші жұмыс күнінде сағат 24-ке дейін өтініштерді тіркеу жөніндегі субъктінің ведомстволық ақпараттық жүйеден электрондық форматта ұсынады.

«Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) ақпараттық жүйесін пайдаланушы субъектілер жеке (заңды) тұлғалардың өтініштері туралы есепке алу мәліметтерін Комитетке немесе оның аумақтық органдарына мәліметтерді ЭҚАБЖ-дан ЭҚАБЖ форматында сыртқа жүктеу арқылы ұсынады.

Есептік кезеңде тіркелген өтініштер болмаған жағдайда, субъект Комитетке немесе оның аумақтық органдарына тиісті хат жолдайды.

10. Есепке алу мәліметтерін:

1) аудандық субъектілер облыстық субъектілерге;

2) облыстық және аймақаралық субъектілер Комитеттің аумақтық органдарына бағынысты субъектілерді, аймақаралық департаменттер филиалдарының мәліметтерін есепке ала отырып;

3) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкелердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің аппараты аудандық әкімдіктерге;

4) аудандық әкімдіктер (облыстық маңызы бар қалалар), қаладағы республикалық маңызы бар аудан әкімдерінің аппараты (астаналар) Комитеттің аумақтық органдарына;

5) облыстық әкімдіктердің басқармалары және аппараттары (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) Комитеттің аумақтық органдарына;

6) Республикалық мемлекеттік органдар, министрліктердің комитеттері Комитетке ұсынады.

11. Субъектілерден келіп түскен жиынтық мәліметтер негізінде Комитет жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы орталықтандырылған деректер банкін жүргізеді.


4. Өтінішті есепке алу карточкасын толтыру тәртібі


12. Өтінішті есепке алу карточкасында мынадай есепке алу мәліметтері бейнеленуге жатады:

1-деректемеде: өтінішті тіркеген субъектінің, лауазымды тұлғаның коды мен атауы (толтыру үшін міндетті);

2-деректемеде: жүгінген жеке тұлғаның тегі. Ұжымдық өтініш берген кезде бұл деректемеде бірінші қол қойған адамның тегі көрсетіледі (толтыру үшін міндетті);

3-деректемеде: жүгінген жеке тұлғаның аты не аты-жөні (толтыру үшін міндетті);

4-деректемеде: жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның пошта мекенжайы (толтыру үшін міндетті), ұжымдық өтініш берген кезде жауапты жіберу қажет мекенжай көрсетілмесе, бірінші қол қойған адамның мекенжайы көрсетіледі;

5-деректемеде: жүгінген заңды тұлғаның атауы (толтыру үшін міндетті);

6-деректемеде: жүгінген адамның мәртебесі, егер өтініште бұл туралы мәлімет болса (мәртебе коды осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес көрсетіледі) (міндетті емес, көрсетілген болса толтырылады);

7-деректемеде: осы Ереженің 4-тармағы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес толтырылатын және талонда көрсетілген нөмірге сәйкес келуі қажет бірегей нөмір (толтыру үшін міндетті емес);

8-деректемеде: өтінішті тіркеу нөмірі және тіркеу күні (толтыру үшін міндетті);

9-деректемеде: шығыс нөмірі, заңды тұлғаның өтінішті жіберу күні (міндетті емес, көрсетілген болса толтырылады);

10-деректемеде: өтініш нысанының коды: (1) – қағаз түрінде, (2) – электрондық түрде, (3) – жеке қабылдауда (толтыру үшін міндетті);

11-деректемеде: өтініштің қайталану себебі: (толтыру үшін міндетті емес) (қайталану себебі осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес көрсетіледі);

12-деректемеде: өтініштің қосалқы данасының белгісі, қосалқы даналардың санын білдіретін сан қойылады. Мысалы, «4» негізгі өтініш бойынша төртінші қосалқы дана келіп түскенін білдіреді (міндетті емес, қосалқы дана келіп түскен жағдайда толтырылады);

13-деректемеде: өтініш түрінің коды осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес толтырылады. Өтініш түрінің нақты көрсетілуін қамтамасыз ету үшін өтініштің мазмұнын нысанаға алу қажет (толтыру үшін міндетті);

14-деректемеде: өтініш тілінің коды: (1) – мемлекеттік, (2) – ресми, (3) – өзге тілде (толтыру үшін міндетті);

15-деректемеде: іс-әрекеті шағымдалған органның атауы. Бұл деректеме АӨБЕ субъектілердің анықтамалығынан толтырылады. Егер өтініште қандай да бір мемлекеттік органның іс-әрекетіне шағымдану туралы сөз қозғалмаса (0000000000000000) коды қойылады (толтыру үшін міндетті);

16-деректемеде: іс-әрекеті шағымдалған лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні (міндетті емес, көрсетілген болса толтырылады);

17-деректемеде: өтініш сұрағының сипаты (өтініш сұрақтарының коды ЭҚАБЖ-да қолданылатын сұрақтар сипатының анықтамалығына сәйкес көрсетіледі). Әр түрлі сипаттағы мәселелер қозғалатын өтініштер бойынша оларға сәйкес кодтар үтір арқылы көрсетіледі (толтыру үшін міндетті);

18-деректемеде: өтініш келіп түскен субъектінің, лауазымды тұлғаның атауы. Деректеме егер жеке немесе заңды тұлғаның өтініші құзіреттілігі немесе аумақтылығы бойынша басқа мемлекеттік органнан қайта жолданған болса ғана толтырылады (өтініш келіп түскен субъектінің коды мемлекетттік органдардың анықтамалығынан көрсетіледі, болмаған жағдайда, қолмен жазылады) (толтыру үшін міндетті емес);

19-деректемеде: өтініш жоғары тұрған органнан келіп түссе «ия» деп, егер өтініш жоғаргы тұрмаған органнан келіп түссе «жоқ» деп белгіленеді (толтыру үшін міндетті);

20-деректемеде: өтініштің қысқаша мазмұны (толтыру үшін міндетті);

21-деректемеде: өтінішті орындау мерзімінің соңғы күні (толтыру үшін міндетті);

22-деректемеде: өтініш бойынша орындаушы болып табылатын субъект қызметкерінің Т.А.Ә. (толтыру үшін міндетті);

23-деректемеде: өтінішті орындауға басқа субъектіге жолдау коды: (1) – төменгі тұрған органға, (2) – жоғары тұрған органға, (3) – ведомстволық бағыныстылығына қарай, (4) - өзге елдердің мемлекеттік органдарына, (5) – сұрау жолданды (өтінішті қарау барысында сұрау жолданған жағдайда толтырылады) (толтыру үшін міндетті емес);

23.1-деректемеде: өтініш мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жолданған мемлекеттік органның коды мен атауы көрсетіледі (міндетті емес, АӨБЕ субъектілердің анықтамалығынан толтырылады). Бұл деректемені ХҚКО толтырады;

24-деректемеде: өтініш бойынша қабылданған шешім (өтініш бойынша шешім коды осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес көрсетіледі) (толтыру үшін міндетті);

25-деректемеде: өтінішті қарау барысында басқа органға сұрау жолдау туралы (Заңның 9-бабы 2-тармағы) (өтінішті қарау барысында басқа органға сұрау жолданған жағдайда толтырылады);

25.1-деректемеде: сұрауды жолдау күні;

26-деректемеде: өтініштің орындалуын ұзарту мерзімі (міндетті емес, көрсетілген болса толтырылады);

27-деректемеде: жүгінуші адамға жауапты жолдау немесе өтінішті басқа органға қайта жолдау күні (толтыру үшін міндетті);

28-деректемеде: жүгінуші адамға жауапты жолдау туралы ілеспе хаттың немесе өтінішті басқа органға қайта жолдаудың шығыс нөмірі (толтыру үшін міндетті);

29-деректемеде: өтініштерді қарау қортындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар саны;

30-деректемеде: өтініштерді қарау қортындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар саны;

31-деректемеде: өтініштер туралы есепке алу мәліметтерін субъектінің ААЖ-не енгізетін қызметкердің тегі, аты-жөні (бағдарламамен автоматты түрде толтырылады). Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу карточкасының қағаз түріндегісін толтыратын қызметкердің тегі көрсетіледі.

1-ден 20-ға дейінгі деректемелер өтінішті тіркеу кезінде, 21 және 22-деректемелер басшылық қарағаннан кейін толтырылады, 23-тен 31-ге дейінгі деректемелер орындау кезінде (өтінішті бақылауға алған жағдайда) немесе орындағаннан кейін толтырылады.


5. Өтініштер туралы есепке алу мәліметтерін түзету


13. Комитетке немесе оның аумақтық органдарына өтініштер туралы есепке алу құжаттарын жолдағаннан кейін онда қате табылған жағдайда субъект ААЖ-нде көрсетілген мәліметтерді түзетеді және түзетілген есепке алу мәліметтерін қате табылған Комитетке немесе оның аумақтық органдарына қате табылған сәтте жібереді.

Түзетілген мәліметтерді жібергенде субъектінің ілеспе хатында түзету енгізудің себептері түсіндіріледі.



Похожие:

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер iconЖеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін...
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін...
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін...
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін...
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін...
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер iconШҚо тжд аягөз ауданының Төтенше Жағдайлар Бөлімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау бойынша
Азақстан Республикасының 2007 жылғы қаңтардың 12 күнгі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 бабының...
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер icon2012 жыл ішінде аудан әкімінің аппаратына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
Аудан әкімінің аппаратында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12...
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер iconЗАҢы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Республикасының Заңдарында, басқа заңнамалық актілерде регламенттелген азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары...
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер icon2011 жылғы бірінші жартыжылдықта азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруы туралы Ауданда азаматтардың өтініштерімен жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»
Ауданда азаматтардың өтініштерімен жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына...
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасының Заңы Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы