1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер icon

1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер



Название1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер
Дата конвертации29.11.2012
Размер89.18 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Буйрык.doc
2. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ереже.doc
3. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 1-косымша.docx
4. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 2-косымша.docx
5. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 3-косымша.docx
6. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 4-косымша.docx
7. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 5-косымша.docx
8. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 6-косымша.docx
9. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Ережеге 7-косымша.docx
10. /Жеке ж?не занды тулгалардын ?тнiштерiн есепке алу Ережесi/Нускаулык.doc
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ол нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі Жалпы ережелер
Жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналы
Жеке (заңды) тұлғаның өтінішін есепке алу карточкасы
Талон
Жүгінген тұлға мәртебесі кодтарының анықтамалығЫ
Қайталанған өтініш себептері кодтарының анықтамалығЫ
Өтініштің түрлері
Өтініштер бойынша қабылданған шаралар кодтарының анықтамалығЫ
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер




Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

«16» қараша 2011 жылғы

№ 109 бұйрығына

3-қосымша


«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы»

1-ОЛ нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі

Нұсқаулық


1. Жалпы ережелер


1. Осы Нұсқаулық «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының №221-ІІІ ҚР Заңын (бұдан әрі – Заң), жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың өзге де тәртібін реттейтін заңнамалық актілердің субъектілерге қатысты бөлігін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» 2005 жылғы 14 сәуірдегі №1550 Жарлығын статистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында енгізілетін «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есепті (бұдан әрі – есеп) құру және қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдарға және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына (бұдан әрі – субъект) арналған бірыңғай талаптарды белгілейді. Есеп Заңмен реттелетін азаматтық-құқықтық саладағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі субъектілердің қызметін бейнелейді.

2. Осы есепке сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасымен белгіленген өтініштерді қоспағанда, субъектілерге келіп түсетін барлық өтініштер жатқызылады.

3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жиынтық есепті құрып, қалыптастырады.


2. Есепті дайындау


4. Есеп жеке және заңды тұлғалар өтініштерін ведомстволық есепке алу негізінде қалыптастырылады. Есеп тоқсан сайын үдемелі қорытындымен қалыптастырылады.

5. Есепте келіп түскен өтініштердің саны және оларды қарау нәтижелері бейнеленеді. Субъектінің басшысы қол қойған есеп құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына жолданады.

6. Статистикалық есептердің айқындылығы мен толықтығын субъектілердің басшылары қамтамасыз етеді.

7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органы) субъектілердің ұсынған есептерінің негізінде жиынтық есепті құрады.

8. Аймақ бойынша жиынтық есепке есептік деректердің толықтығы мен айқындылығын бақылап, есептіліктің бұрмалануын жоюға арналған қажетті шараларды қабылдайтын аумақтық органның басшысы қол қояды.

9. Аймақ бойынша есептер тексерілген соң және оған аумақтық органның басшысы қол қойғаннан кейін модемдік байланыспен жолданады.

10. Республика бойынша жиынтық есепке Комитеттің басшысы қол қояды.


3. Есептің құрылуы және оның құрылымы


11. Есепте, төмендегідей өтініштерді қоспағанда, өтініштердің түрлері бойынша жіктелген субъектіге келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің саны туралы мәліметтер бейнеленеді:

1) егер субъектілердің немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз шешімдеріне берілген шағыммен байланысты болмаса, жұмысқа қабылдау туралы өтініштер;

2) өтініш берушілердің құқықтары мен бастандықтарының бұзылуы туралы сөз қозғалған өтініштерден, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы туралы хабарламалардан басқа, қызметкерлердің өздері қызмет атқаратын субъектілеріне берген немесе бағынышты субъектілер қызметкерлерінен келіп түскен өтініштер.

3) мемлекеттік органдарға және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына тікелей келіп түскен өтініштерден басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745-қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көзделген мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде ХҚКО-дан келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

Бір мемлекеттік органнан басқаға келіп түсетін қызметтік құжаттар есепте көрсетуге жатпайды.

Есепте қаралған, құзыреттілігі бойынша өзге субъектілерге қарау үшін берілген және шешілген өтініштердің саны туралы және келіп түскен өтініштер бойынша субъектілер қабылдаған шешімдердің саны туралы мәліметтер бейнеленеді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелері іс жүзінде орындалғаннан кейін және тиісті түрде құжаттамалық рәсімделгеннен кейін есепке енгізіледі.

Қаралған өтініш деп кез-келген қанағаттандырылған, қанағаттандырудан бас тартылған, қысқартылған, қаралмастан есептен шығарылған, құзыреттілігі бойынша өзге субъектіге қарау үшін жіберілген, сондай-ақ өтінішті қарайтын субъект түсініктеме берген өтініштер саналады.

12. Шешу мерзімі ұзартылған өтініштер мерзімін ұзарта отырып шешілгендер ретінде ескерілуі қажет.

13. Есепте қосалқы даналарды қоспағанда, шешілген қайталанған өтініштердің саны бейнеленеді. Қайталанған өтініш деп аталған субъектіге бір ғана адамнан бір ғана мәселе бойынша екі реттен кем емес келіп түскен өтініштер ұғынылады, онда алдыңғы өтініш бойынша қабылданған шешім шағымдалады; егер өтініштің келіп түскен уақытынан бастап белгіленген қарау мерзімі өтіп кеткен болса, бірақ өтініш беруші жауапты алмаса, бұрын жіберілген өтініштің уақытында қаралмағандығы туралы хабарланады; алдыңғы өтінішті қарау және шешу кезіндегі жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетіледі.

14. Есеп екі кестеден тұрады: А кестесі – «Жеке тұлғалардың өтініштерін қарау туралы», Б кестесі – «Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы».

15. Есептің А кестесінде жеке тұлғалардың өтініштері туралы мәліметтер бейнеленеді:

1-бағанда – есептік кезеңде қаралмаған және есептік кезеңде қарауға өткен жеке тұлғалар өтініштерінің саны (жыл басына қаралмаған өтініштердің қалдығы);

2-бағанда – өткен есептік кезеңнен қарауға өткен өтініштердің санын қоспағанда, субъектіге есептік кезеңде қарау үшін келіп түскен жеке тұлғалар өтініштерінің саны (1-баған).

3-бағанда – жеке қабылдауда келіп түскен жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

4-бағанда – жоғары тұрған органдардан келіп түскен жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

5-бағанда – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен келіп түскен жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

6-бағанда – Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің кеңсесінен келіп түскен жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

7-бағанда – Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттың депутатынан субъектіге, лауазымды тұлғаға қарауға келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің саны, өтініш бойынша ақпаратты ұсына отырып берілген сұраулар, депутаттық сұрау ретінде ресімделмеген депутатардың өтініштері;

8-бағанда – басқа субъектілерден, лауазымды тұлғалардан келіп түскен өтініштерінің саны;

9-бағанда – келіп түскен өтініштер саны;

10-бағанда – келіп түскен шағымдар саны;

11-бағанда – өтініш берушілердің құқықтары мен бостандықтарын бұзуға байланысты емес өтініштер саны (сұраулар, үн қатулар мен ұсыныстар);

12-бағанда – жасырын өтініштер саны;

13-бағанда – басқа органдарға, соның ішінде аумақтылығы бойынша қарау үшін жолдаған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

14-бағанда – басқа органдарға, соның ішінде аумақтылығы бойынша қайта қарау үшін жолдаған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

15-бағанда – жоғары тұрған органдарға қарау үшін жолдаған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

16-бағанда – төменгі тұрған органдарға қарау үшін жолдаған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

17-бағанда – жеке тұлғалардың төменгі тұрған органдарға қайта қарау үшін жолдаған өтініштерінің саны;

18-бағанда – жеке тұлғалардың қаралған өтініштерінің саны;

19-бағанда – жеке тұлғалардың қанағаттандырылған немесе ішінара қанағаттандырылған өтініштерінің саны;

20-бағанда – қанағаттандырылған шағымдар саны;

21-бағанда – қанағаттандырылған өтініштер саны;

22-бағанда – ведомстволық бағынысты орган қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған қанағаттандырылған өтініштер саны;

23-бағанда – қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

24-бағанда – түсінік берілген жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

25-бағанда – қарауды тоқтату туралы шешім қабылданған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

26-бағанда – қайта қаралған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

27-бағанда – толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданған қайталанған өтініштер саны;

28-бағанда – қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған қайталанған өтініштер саны;

29-бағанда – түсінік берілген қайталанған өтініштердің саны;

30-бағанда – қарауды тоқтату туралы шешім қабылданған қайталанған өтініштердің саны;

31-бағанда – Заңның 10-бабы 2-тармағына сәйкес мәліметке қабылданған және іске есептен шығарылған жеке тұлғалар өтініштерінің саны (қандай да бір ұсыныстардың, талаптардың, қолдаухаттардың және өтініштердің болмауы);

32-бағанда – Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес қаралмастан есептен шығарылған өтініштерінің саны (жасырын өтініштер, сондай-ақ мәселенің мәні баяндалмағандар);

33-бағанда – белгіленген мерзімі бұзыла отырып қаралған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

34-бағанда – заңнамада белгіленген тәртіпте қарау мерзімі ұзартылған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

35-бағанда – есептік кезеңнің соңына қаралмаған жеке тұлғалар өтініштерінің саны;

36-бағанда – өтініштерді қарау тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар саны;

37-бағанда – өтініштерді қарау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар саны көрсетіледі.

Бір ақпараттық есепке алу құжатында (бұдан әрі – АЕҚ) бірнеше мәселелер көрсетілген жағдайда, есепте көрсеткен кезде АЕҚ-да көрсетілген бірінші мәселе жолма-жол пайдаланылады.

Б кестесінде заңды тұлғалардың өтініштері туралы мәліметтер бейнеленеді және оның толтырылу тәртібі осы Нұсқаулықтың 15-тармағында көрсетілген А кестесінің толтырылу тәртібіне ұқсас болып келеді.

16. Бағандар бойынша логикалық бақылаудың шарты:

1) 2-бағанның көрсеткіші 9, 10, 11 бағанның сомаларына тең;

2) 1 және 2 бағандардың сомасы 13, 15, 16, 18, 31, 32, 35 бағандардың сомасынан аз немесе тең;

3) 2-бағанның көрсеткіші 3,4,5,6,7,8 бағандардың сомасынан артық немесе тең;

5) 12-бағанның көрсеткіші 2-бағанның көрсеткішінен аз немесе тең;

6) 18-бағанның көрсеткіші 19,23,24,25 бағандардың сомасына тең;

7) 19-бағанның көрсеткіші 20,21,22 бағандардың сомасына тең немесе көп;

8) 26-бағанның көрсеткіші 18-бағанның көрсеткішінен аз немесе тең;

9) 26-бағанның көрсеткіші 27,28,29,30 бағандардың сомасына тең;

10) 27-бағанның көрсеткіші 19-бағанның көрсеткішінен аз немесе тең;

11) 28-бағанның көрсеткіші 23-бағанның көрсеткішінен аз немесе тең;

12) 29-бағанның көрсеткіші 24-бағанның көрсеткішінен аз немесе тең;

13) 30-бағанның көрсеткіші 25-бағанның көрсеткішінен аз немесе тең;

14) 33,34 бағандардың сомалары 18-бағанның көрсеткішінен аз немесе тең;

15) 35-бағанның көрсеткіші 13,15,16,18,31 бағандардың сомасын алып тастағандағы 1 және 2 бағандардың сомасына тең.

Ескерту: «аз» шарты осы Нұсқаулықтың 16-тармағы 2) тармақшасы бойынша өтінішті қараушы органның құзіретіне жататын мәселелер бойынша өтініш берушіге жауап берілген өтініштер болған жағдайда ғана ескеріледі, ал басқа мәселелер бойынша құзіреттілігі немесе аумақтылығы бойынша басқа органға қайта жолданады.

Мұндай жағдайда, есепке екі шешім қабылданған өтініштер саны туралы қысқаша түсіндірме жазба қоса беріледі.

17. Логикалық бақылаудың шарттары – 1-жол 2-54 жолдардың сомасына тең.


4. Есептерді ұсыну


18. Есепті тоқсан сайын:

1) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкелердің, ауылдың, ауылдық округтің әкім аппараттары аудандық әкімдіктерге есептік кезеңнен кейінгі айдың 8-күніне;

2) аудандық әкімдіктер (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық әкімдер аппараттары Комитеттің аумақтық органдарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне;

3) облыстық әкімдіктердің басқармалары және аппараттары (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) Комитеттің аумақтық органдарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне;

4) Астана, Алматы қалаларының, облыстардың аудандары (қалалар) субъектілерінің аумақтық органдары және Астана, Алматы қалалары бойынша және облыстардың соларға теңестірілген субъектілеріне есептік кезеңнен кейінгі айдың 8-күніне;

5) Астана, Алматы қалалары бойынша, облыстардың және соларға теңестірілгендердің субъектілері аумақтық органдарға есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне;

6) өздерінің аумақтық органдары қызметтерінің нәтижелерін есепке алмастан республикалық деңгейдегі субъектілер, министрліктердің комитеттері, аумақтық органдар Комитетке есептік кезеңнен кейінгі айдың 14-күніне ұсынады;

7) Комитет республика бойынша жиынтық статистикалық есепті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментіне есептік кезеңнен кейінгі айдың 18-күніне тапсырады.



Похожие:

1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер iconНұсқаулық 1-бөлім. Жалпы ережелер
Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін ақшалай жабдықталыммен, өтемақылармен...
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер iconАвиациялық персоналдың біліктілік деңгейін а йқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
«Авиациялық персоналға куәлік беру» 1-қосымшасы, «Жеке құрамға куәлік беру мемлекеттік жүйесін құру және осы жүйені басқару жөніндегі...
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер iconМәлімет нысаны Жалпы ақпарат
«Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық (иә/жоқ)
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер iconЕңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру бойынша
Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалған және Еңбек кодексі ережелері мен еңбек...
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер iconМемлекеттiк статистика мәселелерi жөнiнде кеңес құру туралы
Статистикалық жүйенi жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының...
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер icon009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық жарияланымдарды дайындау,
«Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде конкурс тәсілімен статистикалық...
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер icon009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде статистикалық жарияланымдарды дайындау, тираждау және
«Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде статистикалық жарияланымдарды...
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер icon2013 жылдың қантарда жалпы мемлекеттік статистикалық бақлаулар бойынша бастапқы статистикалық мәлеметтерді респондентерің тапсыру кестесі.
Еңбек бойынша есеп 1-е статистикалық нысанына 2-қосымша Приложение 2 к форме 1-т «Офинансово-хозяйственной деятельности предприятия»...
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер iconБілім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі НҰСҚаулық
Ралы нұсқаулық (бұдан әрі — Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-і бабының 42-тармағына,...
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер icon«Уақытты қолдану күнделігі» және «Халықтың тұрмыс сапасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі
«Уақытты қолдану күнделігі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1894105, индексі d 001, кезеңділігі...
1-ол нысанды статистикалық есепті құру жөніндегі Нұсқаулық Жалпы ережелер iconКонкурстық құжаттама тегін беріледі
Республикасы Статистика агенттігі 009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» республикалық бюджеттік бағдарламасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы