Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі icon

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі



НазваниеҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі
Дата конвертации03.03.2013
Размер148.43 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /АГС/?д_стемел_к ?сынымдар.doc
2. /АГС/?л_пбил_к карточка.doc
3. /АГС/?м_рбаян.doc
4. /АГС/_шк_ т_з_мдеме.doc
5. /АГС/Ба?ылау журналы.doc
6. /АГС/Ба?ылау карточкасы.doc
7. /АГС/Жеке _с пара?ы.doc
8. /АГС/Жеке _ске ?осымша.doc
9. /АГС/Ку?ландыру пара?ы.doc
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі
Мемлекеттік қызметшінің
Мемлекеттік қызметшінің
Тегі, аты және әкесінің аты
Бақылау журналы Контрольный журнал
Жеке ісін ресемдеу, сақтау және тіркеу бойынша әдістемелік ұсынымдарына
Кадр есебі жөніндегі жеке іспара ғ ы личныйлисто к по учету кадров
Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағына
Істі куәландырма парағы Лист-заверитель дела


Қазақстан Республикасы Президенті

Әкімшілігінің мемлекеттік

қызмет және кадр саясаты бөлімі,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет

істері жөніндегі агенттігі,

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті,

Қазақстан Республикасының Президент мұрағаты


Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін

ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік

ҰСЫНЫМДАР


Қазақстан Республикасы Мәдениет

және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінің

Әдістемелік кеңесінің

2009 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 1 хаттамасымен

ұсынылған


Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін

ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік

ҰСЫНЫМДАР


Құрастырғандар: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті, Қазақстан Республикасының Президент мұрағаты.


Әдістемелік ұсынымдар нормативтік талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшінің жеке ісін реттілікке келтіру үшін арналған.

Әдістемелік ұсынымдарда мемлекеттік органдарда жеке істі жүргізу, мемлекеттік органға мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдау (тағайындау, ауыстыру) туралы өкімдік құжаттарды шығарудан бастап, жеке істерді ведомстволық мұрағатқа бергенге дейінгі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар.

Әдістемелік ұсынымдардың қосымшаларында жеке іс парағының, өмірбаянның, жеке іс парағына қосымшаның, ішкі тізімдеменің формалары келтірілген.

Әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік органдардың кадр қызметінің қызметкері қолдану үшін арналған.


МАЗМҰНЫ


1. Жалпы ережелер


2. Жеке іске енгізілетін құжаттар және оларды ресімдеу


3. Жеке істерді тіркеу және сақтау


4. Жеке істерді уақытша пайдалануға беру тәртібі


5. Мемлекеттік органды қайта құрған және жойған кезде жеке істерді тапсыру


6. Жеке істерді сақтау мерзімдері


7. Жеке істерді ведомстволық сақтауға тапсыру үшін ресімдеу


8. Қосымша


9. Қолданған нормативтік құқықтық актілердің тізімі


Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін

ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік


ҰСЫНЫМДАР



  1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердінің жеке істерін ресімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) мемлекеттік органдарда жеке істерді жүргізу жөніндегі жұмысты реттеу үшін әдістемелік негіз жасау мақсатында әзірленген.

2. Әдістемелік ұсынымдар құжаттамалық қамтамасыз етуді басқару мен мұрағат ісі саласындағы нормативтік құқықтық базаға негізделеді.

3. Әдістемелік ұсынымдар мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің (бұдан әрі – кадр қызметтері) қызметкерлері немесе кадр мәселелерін атқару жүктелген қызметкерлер қолдану үшін арналған.

4. Әдістемелік ұсынымдарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) құжат – құжаттамаланған ақпарат: өзін бірегейлендіруге мүмкіндік беретін материалдық тасығышқа жазылған ақпарат;

2) құжаттың куәландырылған көшірмесі – құжат көшірмесінің дұрыстығын куәландыратын деректемелер мен өзге де растаушы жазулары бар құжаттың көшірмесі;

3) жеке іс – мемлекеттік қызметші туралы, оның еңбек жолы, іскерлік және жеке басының қасиеттері туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің сауалнамалық-өмірбаяндық деректерін қамтитын құжаттар жиынтығы.

Жеке істі ресімдеу осы Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.


  1. Жеке іске енгізілетін құжаттар және оларды ресімдеу


5. Әрбір мемлекеттік қызметшіге жеке іс қалыптастырылады. Мемлекеттік қызметшінің жеке ісі мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органға жұмысқа қабылдау туралы (тағайындау, ауыстыру) өкімдік құжат шыққаннан кейін қалыптастырылады.

6. Саяси мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентінің немесе Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерімен қызметке тағайындалғанда немесе қызметтен босатылғанда мемлекеттік орган саяси мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы тиісті өкімдік құжатын шығарады.

7. Мемлекеттік органда жеке іс бір данада жүргізіледі.

8. Жеке істегі құжаттар мынадай реттілікпен орналастырылады:

  1. кадр есебі жөніндегі жеке іс парағына қосымша;

  2. кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

  3. өмірбаян;

  4. жеке куәліктің көшірмесі;

  5. білімі туралы құжаттардың, сертификаттардың көшірмелері;

  6. мемлекеттік және басқа да наградалармен наградтау, құрметті және арнайы атақтар беру туралы шешімдердің көшірмелері;

  7. жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайындау, ауыстыру, лауазымнан босату, жұмыстан босату туралы өкімдік құжаттардың көшірмелері немесе осы өкімдік құжаттардан жасалған үзінділер;

  8. жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату туралы өтініш;

  9. конкурстық комиссияның қорытынды отырысының (бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жұмысқа қабылдаған кезде) хаттамасынан үзінді;

  10. мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан үміткерді келісу туралы (жұмысқа ауыстыру ретімен қабылдаған кезде) хатының көшірмесі;

  11. мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің үміткердің мемлекеттік қызметтің кадр резервінде болуы туралы (жұмысқа кадр резервінен қабылдаған кезде) құжаттың датасы мен нөмірі көрсетілген анықтамасы;

  12. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органының арнайы тексерудің нәтижелері туралы хатының көшірмесі немесе мемлекеттік органның кадр қызметі куәландырылған арнайы тексеруден өткендігі туралы анықтама;

  13. мемлекеттік қызметші антының қол қойылған мәтіні (немесе мемлекеттік қызметті басқа мемлекеттік органда жалғастырған жағдайда оның көшірмесі);

  14. аттестаттау парағының көшірмесі;

  15. мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдау туралы міндеттеме (немесе мемлекеттік қызметті басқа мемлекеттік органда жалғастырған жағдайда оның көшірмесі);

  16. мүлікті сенімгерлікпен басқаруға арналған шарттың (болған жағдайда) нотариус куәландырған көшірмесі;

  17. мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгі бойынша қызметтік тізім;

  18. жеке істегі құжаттардың ішкі тізімдемесі;

9. Мемлекеттік қызметті басқа мемлекеттік органда жалғастырған жағдайда мемлекеттік қызметшінің талап етуі бойынша кадр қызметі оған осы Әдістемелік ұсынымдардың 8-тармағының 12) – 15) тармақшаларында аталған құжаттардың көшірмелерін береді.

10. Осы Әдістемелік ұсынымдардың 8-тармағында аталған құжаттар хронологиялық тәртіппен түзіледі (олардың шығу мерзімдері бойынша) әрбір құжатқа кадр қызметі «Жеке істегі құжат» деген жазуы бар мөртаңбамен белгі соғады.

11. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағына қосымша (бұдан әрі – Жеке іс парағына қосымша) осы Әдістемелік ұсынымдарға № 1 қосымшаға сәйкес ресімделеді. Жеке іс парағына қосымша жеке істе кадр есебі жөніндегі жеке іс парағының алдына орналастырылады.

Жеке іс парағына қосымшада мемлекеттік қызметші туралы және ол жұмысқа қабылданған кезде кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын толтырғаннан кейін болған есептік өзгерістер туралы деректер көрсетіледі.

Жеке іс парағына қосымшада мемлекеттік қызметшінің кәсіби, іскерлік және жеке басының қасиеттерін сипаттайтын сауалнамалық-өмірбаяндық өзгерістер туралы, оның ішінде:

1) мемлекеттік қызметші лауазымының атауы өзгерген, басқа лауазымға тағайындалғаны, ауыстырылғаны, қызметтен босатылғаны;

2) мемлекеттік қызметішінің марапатталғаны;

3) мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылғаны және оның алынғаны;

4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес табыстары мен мүлкі туралы ақпарат бергені;

5) егер мемлекеттік лауазымы бойынша міндеттерін атқару құпия мәліметтерді қолдануға байланысты болса, мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға қолжеткізуге рұқсат берілгені туралы жазбалар енгізіледі.

12. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (бұдан әрі – Жеке іс парағы) осы Әдістемелік ұсынымдарға № 2 қосымшаға сәйкес ресімделеді.

Мемлекеттік қызметші жеке іс парағын өз қолымен толтырады. Жеке іс парағында көрсетілген барлық сұрақтарға қысқартусыз, бос орын қалдырмай, түзетусіз мемлекеттік қызметшіге қатысы бар құжаттардағы жазуларға қатаң сәйкестігі негізінде толық жауап қайтарылуы тиіс.

Жеке іс парағын толтырған кезде мынадай құжаттар (болған жағдайда) қолданылады:

  • жеке куәлік;

  • еңбек кітапшасы;

  • қызметтік тізім;

  • әскери билет;

  • білімі туралы құжат;

  • ғылыми дәреже және ғылыми атақ беру туралы құжаттар;

  • жаңалық ашу туралы құжаттар;

  • басқалар.

Кадр қызметі Жеке іс парағының толыққанды толтырылуын тексеріп, онда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын мемлекеттік қызметші ұсынған құжаттарға сәйкес тексереді. Әрбір бес жыл сайын жаңа жеке іс парағы толтырылып, жеке іске тігіліп отырады.

13. Өмірбаян осы Әдістемелік ұсынымдарға № 3 қосымшаға сәйкес ресімделеді.

Өмірбаян мемлекеттік қызметшінің сауалнамалық деректері мен оның оқуы, еңбек және қоғамдық қызметі туралы қысқаша мәліметті қамтиды.

Өмірбаян еркін түрде жазылады, соңында қолы мен күні қойылады. Әрбір бес жыл өткен сайын жаңа өмірбаян толтырылып, жеке іске тігіліп отырады.

14. Білімі, кәсіби білімі, біліктілігін арттырғаны, ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми атағының бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелері жеке істе бірінен соң бірі хронологиялық тәртіппен орналастырылады.

Жұмысқа қабылданған кезде мемлекеттік қызметші кадр қызметіне жеке куәлігін, білімі туралы құжаттардың, мемлекеттік және өзге де наградалармен наградтау, құрметті және арнайы атақтар беру туралы шешімдердің түпнұсқаларын ұсынады, кадр қызметі ол құжаттардың көшірмелерін түсіріп, куәландырылғандығы туралы белгі соғады.

Сондай-ақ, осы мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет өткерген жылдары алған қосымша білімі туралы құжаттар да кадр қызметіне ұсынылады.

15. Жеке істе мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазаға қолданылғаны және алынғаны туралы шешімдердің көшірмелері сақталады.

16. Жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайындау, ауыстыру, лауазымнан босату туралы өкімдік құжаттардың көшірмелері және осы өкімдік құжаттардан жасалған үзінділер жеке істе хронологиялық ретпен бірінен соң бірі орналастырылады.

Өкімдік құжаттардың көшірмелерін және олардан жасалған үзінділерді кадр қызметі растайды.

17. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер қабылдау туралы міндеттеменің мәтініне датасын көрсете отырып, мемлекеттік қызметші өзінің қолын қояды.

18. Қызметтік тізім мемлекеттік қызметшінің жұмысына байланысты деректерді қамтиды. Қызметтік тізім мемлекеттік қызмет өткерген мерзім бойы жүргізіледі. Мемлекеттік қызметші туралы деректер өзгерген жағдайда, оның ішінде мемлекеттік қызметшіні басқа лауазымға тағайындаған кезде жаңа қызметтік тізім жасалады.

Қызметтік тізімді жеке істегі, кадр қызметіндегі құжаттардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметші ұсынған құжаттардың негізінде кадр қызметі толтырады.

19. Жеке істегі құжаттарды есепке алу үшін жеке істегі құжаттардың ішкі тізімдемесі (бұдан әрі – Ішкі тізімдеме) жасалады.

Ішкі тізімдеме жеке парақта жасалады және осы Әдістемелік ұсынымдардағы № 4 қосымшаға сәйкес ресімделеді.

Ішкі тізімдеме жеке істі қалыптастырған сәттен бастап жүргізіледі. Онда жеке істі қалыптастырудың бастапқы датасы көрсетіледі (жұмысқа қабылдау туралы өтініштің датасы) және жеке істі қалыптастыруды аяқтау датасы (мемлекеттік қызметшінің жұмыстан босатылған датасы).

Ішкі тізімдемеге, оған енгізілген құжаттардың саны сандық және жазбаша түрде және ішкі тізімдегі парақтар саны көрсетілген қортынды жазба толтырылады.

Ішкі тізімдемеге, оны құрастырған тұлғаның қол таңбасының толық мәні, лауазымы және тізімдемені құрастырған уақытын көрсете отырып қол қойылады.

Жеке істегі құжаттардың құрамы өзгерген жағдайды (алынғанда, құжат қосқанда, оларды көшірмемен ауыстырған жағдайда) бұл өзгерістер № 5,6 бағанада көрсетіледі және қажет жағдайда ішкі тізімдемеге жаңадан қортынды жазба толтырылады.

Жеке істерді ведомстволық сақтауға беру кезінде ішкі тізімдеме істің бірінші бетіне орналастырылады.

20. Жеке іске мемлекеттік қызметшіге, оның мемлекеттік қызметте болуына қатысы жоқ құжаттар мен көшірмелер енгізілмейді.

21. Сауалнамалық-өмірбаяндық деректер өзгерген жағдайда мемлекеттік қызметші бір ай ішінде кадр қызметіне хабарлап, сауалнамалық-өмірбаяндық деректердің өзгергенін куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың нотариус растаған көшірмелерін ұсынады.

22. Мемлекеттік қызметшінің сауалнамалық-өмірбаяндық деректеріндегі өзгерістер және олардың қызметі туралы мәліметтер жеке іске тек кадр қызметіне ұсынылатын тиісті құжаттар болған жағдайда ғана енгізіледі.

Ұсынылған құжаттардың негізінде кадр қызметі жеке іске өзгерістер енгізеді. Мемлекеттік қызметшінің ауызша берген деректері негізінде өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

23. Жеке істегі мәліметтер құпия болып табылады және оларға қол жеткізу шектелген. Осы мәліметтерді жария еткені үшін кадр қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ жеке істерге қол жетімді тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады.


3. Жеке істерді тіркеу және сақтау


24. Жеке істер тіркелуі тиіс. Жеке істің тіркеу нөмірі мұқабасында көрсетіледі және осы Әдістемелік ұсынымдарға (карточкалық, журналдық немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі деректер базасы) № 5 қосымшаларға сәйкес тіркеу-есепке алу үлгісіне енгізіледі.

Мемлекеттік қызметшілерді жедел есепке алу және кадрлардың ауысуын талдау үшін осы Әдістемелік ұсынымдарға № 6 қосымшаға сәйкес әліпбилік карточкалар жүргізілуі мүмкін.

25. Жеке істер қатаң есептілік құжаттары болып табылады, олардың сақталуын қамтамасыз етуді кадр қызметі немесе жеке істерді жүргізу жүктелген тұлғалар жауапты.

Жеке істер арнайы сөрелерде немесе сейфтерде, жұмыс аяқталғаннан кейін мөрленетін, оқшауланған бөлмелерде (кабинеттерде) сақталады. Жеке істер сөрелерде тігімен орналастырылады және қолдануы ыңғайлы тәртіппен тізіледі.

26. Кадр қызметі есепті бір жыл ішінде ұйымның ведомстволық мұрағатына тапсырғанға дейін жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін сақтауды қамтамасыз етеді.

27. Мемлекеттік органдағы жеке істердің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жылдың есепті жылдан кейінгі 1 тоқсанынан кешіктірмей олардың бар болуы мен жай-күйіне тексеру жүргізіледі. Тексеру барысында айқындалған кемшіліктер еркін түрде жасалатын мемлекеттік орган басшылығына ұсынылатын актіде көрсетіледі.


4. Жеке істерді уақытша пайдалануға беру тәртібі


28. Мемлекеттік қызметші өзінің жеке ісімен, сондай-ақ жеке іске енгізгенге дейінгі барлық құжаттармен танысуға құқылы. Мемлекеттік қызметші өзінің жеке және кәсіби деректеріне қатысты жеке істегі нақты құжаттар немесе фактілер бойынша өзінің жазбаша түсініктемелерін жеке іске қосуды талап етуге құқылы.

29. Жеке істегі құжаттармен танысуға мыналар құқылы:

1) мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары;

2) жауапты хатшы немесе оны алмастырушы тұлға;

3) аппарат басшысы;

4) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (өзінің қарамағындағылардың жеке істерімен);

5) мемлекеттік органдардың кадр қызметтерін тексеруге уәкілетті мемлекеттік органдар.

30. Жеке іспен танысу кезінде бұрын жасалған жазбаларға түзету енгізіп, жаңа жазулар енгізуге, құжаттарды алып, орнына жаңа құжаттар енгізуге, танысуға берілген уақыттан артық уақыт бойы жеке істі ұстауға, ондағы құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға тыйым салынады.

31. Берілген жеке істерді есепке алу бақылау карточкаларының көмегімен осы Әдістемелік ұсынымдарға № 7 қосымшаға сәйкес жүргізіледі. Бақылау карточкалары жеке істе басқа құжаттардан бөлек сақталады.

Кадр қызметінің қызметкері бақылау карточкасына жеке істің кімге және қашан берілгендігі туралы белгі қойып жеке істерді береді.

Берілген істердің бақылау карточкалары бақылау картотекасына қойылып, істер қайтарылғанға дейін сақталады, одан кейін қайтару туралы белгі қойылып қайтадан жеке істерге салынады.

32. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайдан басқа жағдайда жеке істегі құжаттарды алуға тыйым салынады.


5. Мемлекеттік органды қайта құрған және жойған кезде жеке істерді тапсыру


33. Мемлекеттік орган қайта құрылған кезде жеке істер өңделіп және қабылдау-беру актісін жасай отырып мемлекеттік органның құқықтық мирасқорына тізімдеме бойынша тапсырылады.

34. Мемлекеттік орган жойылған кезде жеке істер өңделіп тізімдеме бойынша тиісті мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылады.


6. Жеке істерді сақтау мерзімдері


35. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке істерінің сақталу мерзімі ұзақ (СТК 75 жыл қызметкердің осы мемлекеттік органдағы қызметін тоқтатқан сәттегі жасын алып тастай отырып).

Осы мерзім аяқталғаннан кейін жеке істердің құрамына енгізілген құжаттардың құндылығына сараптама жасалады. Тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар жеке істер тұрақты негізде сақталады.

36. Мемлекеттік саяси қызметшілердің жеке істері тұрақты негізде сақталады.

37. Тұрақты сақтауға қалдырылған жеке істер тұрақты сақтаудағы істердің тізімдемесіне енгізіледі.


7. Жеке істерді ведомстволық сақтауға тапсыру үшін ресімдеу


38. Жеке істерді ведомстволық мұрағатқа тапсыруға дайындауды кадр қызметі жүргізеді.

39. Жеке істерді ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшін олар толық ресімделеді: құжаттар тігіледі, парақтар нөмірленеді, куәландырма парағы жасалып, жеке істің мұқабасы ресімделеді.

40. Жеке істің парақтары араб цифрларымен нөмірленеді, нөмірлер әрбір парақтың оң жақтағы жоғарғы бұрышына графитті қара қарындашпен қойылады.

41. Жеке істің парақтар саны осы Әдістемелік ұсынымдарға № 8 қосымшаға сәйкес растаушы парақта көрсетіле отырып, ресімделеді. Куәландырма парақ нөмірленбейді және жеке істегі соңғы құжаттан кейін тігіледі.

42. Жеке істің құжаттары мәтінді еркін оқу мүмкіндігін ескере отырып, картоннан жасалған қатқыл мұқабаға төрт жерден тесе отырып тігіледі.

43. Жеке істің мұқабасында мемлекеттік органның және құрылымдық бөлімшенің атауы көрсетіледі. Жеке істің тақырыбында жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты атау септігінде толық жазылуы тиіс.

44. Жеке істің мұқабасында куәландырма параққа сәйкес парақтар саны жазылады және мынадай мазмұндағы жеке істің сақталу мерзімі туралы жазба болады:

«қызметкердің СТК 75 жыл осы мемлекеттік органдағы қызметін осы ұйымда тоқтатқан сәттегі жасын алып тастай отырып» немесе «Тұрақты сақтау қажет».

45. Жұмыстан босатылған жағдайда мемлекеттік органның кадр қызметінен жеке істің берілуі құжаттар мен істің құндылығына жүргізілген сараптаманың қорытындысы бойынша жасалатын істер тізімдемесі арқылы жүзеге асырылады.

Олардың тақырыптары іс жүргізу аяқталған жыл бойынша, жыл ішінде - мемлекеттік қызметкерлердің тегі әліпбилік реттілікпен топтастырылады.


Қолданған нормативтік құқықтық актілердің тізімі



  1. 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.

  2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы.

  3. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы.

  4. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы.

  5. «Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар» ҚР СТ 1037-2001.

  6. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелері. – Заң газеті, 2009 жылғы 19 қарашадағы № 177.

  7. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекіту. – Заң газеті, 2009 жылғы 19 қарашадағы № 177.





Похожие:

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconҚазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі
«А» корпусының кадр резервіне менімен ұсынылған үміткер үшін жауапкершілік аламын
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларын бақылау үшін құжаттарға толассыз индекс берудің әдістемесі
Азақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларын бақылау үшін құжаттарға...
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconМемлекеттік қызмет туралы
«А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі,...
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconМемлекеттік қызмет туралы
«А» корпусы – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын кадр резервіне іріктеудің және конкурстық іріктеудің ерекше тәртібі,...
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі icon«келісілді» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің менгерушісі С. Нөгербеков 2012 ж. «Бекітемін»
Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2012 жылға арналған Операциялық жоспары
Мемлекеттік қызметке орналасу және мемлекеттік қызметтің кадр резервін қалыптастыру рәсімін жетілдіру
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconҚазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық...
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Әкімшілік мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының кадр резервiне алу туралы өтініш
Мені әкімшілік мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының кадр резервiне санаты (санаттары) бойынша негізінде* алуды сұраймын
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы