2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon

2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары



Название2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары
Дата конвертации09.01.2013
Размер272.27 Kb.
ТипДокументы
источник

Шығыс Қазақстан облысы

мұрағаттар және құжаттама басқармасы БЕКІТЕМІН

Шығыс Қазақстан облысының

Әкімі

_____________Ж. Кәрібжанов

«____» ____________ 2008 ж.


2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы

мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары


Облыстағы мұрағат ісін дамытуды мемлекеттік реттеу.


2008 жылғы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпараттар министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, сонымен қатар, «1994-2010 жылға арналған Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы мемлекеттік мұрағаттарда сақтаулы ҰМҚ сақталуын ұйымдастыру және сақталуын қамтамасыз етуді дамыту және жетілдіру», «2006-2008 жылдарға мұрағат құжаттар мен басылымдар жарияланымдары тақырыптарының тізбесі», «Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданылу аясын кеңейту туралы» орта мерзімді салалық бағдарламалары мен жоспарларды, «Электрондық әкімдік» және «электрондық мұрағат» бағдарламаларын жасауды, Мемлекеттік қызмет көрсетуде ИСО-9000 басқаруда халықаралық сапа стандартын енгізуді, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің, қалалар мен әкімдердің шешімдері мен өкімдерін, облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының өз бұйрықтарын орындауға бағытталады.

Облыс мұрағат мекемелері жоспарындағы жетекші орынды шет ел мұрағаттары мен ғылыми мекемелеріндегі ҚР үшін тарихи және мәдени құндылығы бар ХV-ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттар іздестіру және олардың көшірмелерін алу жөніндегі бағдарламаны орындау, еліміздің тарихи-мәдени құжаттық мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану, сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағаттарындағы материалдық-техникалық базаны жетілдіру және Шығыс Қазақстан облысы «электрондық әкімдігі» бағдарламасын жасау және 2007-2010 жылдарға арналған «электрондық мұрағат» жасау бағдарламасын, мұрағаттар басқармасында электрондық жеке жүйе жасау, ИСО-9000 сапа халықаралық стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында облыс мұрағат мекемелері үшін бағдарламалық қамсыздандыру алу бойынша ісшаралар, Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сайтын және «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайтының жұмысына ат салысу алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы №183 «Ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың пайдалану ережесін бекіту туралы» Қаулысын; Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару бойынша комиттетің 12.06.200 жылғы №44 «Мұрағат ісін дамытудың нормативтік-құқықтық және ғылыми-әдістемелік базасы туралы»; 11.04.2000 жылғы №47 «ҚР ҰМҚ құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебі туралы нұсқауды бекіту туралы»; 11.09.2000 ж. №56 «Мемлекеттік мұрағаттардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың іс жүргізу және мұрағат қызметі қызметкерлерінің іс жүзіндегі біліктілігін арттыру курстары жұмысын ұйымдастыру туралы» бұйрықтарын іс жүзінде орындау жалғасады.

Облыс мұрағатшылары Қазақстан Республикасы және Шығыс Қазақстан облысы айтулы күндері мен естелікті даталарын мерекелеуге арналған іс шараларға белсенді қатысуды, бұл оқиғаларға шолулық ақпараттарды анықтау және пайдалану, құжаттар жинағын әзірлеу, көрмелер өткізу, мүдделі органдарды, қоғамды Ұлттық мұрағат қоры құжаттар мен мазмұны туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстарды арнауды жоспарлап отыр.

2010 жылға дейін есептелген Тілдердің қызмет етуі және дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс шараларды орындау жалғаса бермек. 2008 жылдың 01 қаңтарынан бастап ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасында іс жүргізу мемлекеттік тілге толығымен көшеді.

Барлық деңгейдегі әкімдер аппараттарымен өзара әрекет аясында облыстағы мұрағат ісін дамыту сұрақтары бойынша (оның ішінде облыс Әкімі сайты арқылы) және мұрағат қызметінің барынша көкейтесті сұрақтары бойынша: құжаттандыруды бақылау, ведомстволық сақтау кезеңіндегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды мемлекеттік сақтауға өз уақытында мемлекеттік мұрағаттарға өткізу, облыс, қалалар, аудандар мемлекеттік мұрағаттарының өзіндегі құжаттарды сақтау жағдайы және проблемалары жөнінде ақпараттандыру жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру бойынша жұмыстар, оның ішінде арнайы ғимараттар құрылысы және қолда бар мұрағат жайларын кеңейту, облыс мемлекеттік мұрағатына арналған сыйымдылығы 1 млн.сақтау бірлігі ғимарат құрылысы бойынша жұмыстар жетілдіріледі.

2008 жылы мемлекеттік ұйымдар әрекеті барысында пайда болатын «Сақталу мерзімі көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесін» іс жүзіне ендіру бойынша жұмыстар жалғастырылады, жарыққа шығуы бойынша «Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттар жұмысының негізгі ережелерін» ендіру бойынша жұмыс жоспарлануда, мемлекеттік және орыс тіліндегі мұрағатқа арналған әдістемелік база жасау, оның ішінде «электрондық мұрағат» жасау бағдарламасының аясында облыс мемлекеттік мұрағаттарының тақырыптық мәліметтер базасын жасау бағыттарын кеңейту бойынша жұмыстар жалғасын таба бермек.

Іс жүргізу қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге арналған курстар өткізу бойынша жұмыстар, Комитеттің тапсырмасы бойынша ҚР ТЖМ жүйесінің мекемелеріне кешенді тексеру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарында құжаттандыру, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жағдайына бақылаулы тексеру жасау жоспарланып отыр.

ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы жыл ішінде ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік жасауды, ведомстволық сақтау кезеңіндегі құжат жасалу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша тексерулер жасауды, заңды тұлғалар құжаттамаларын басқару қызметтеріне кеңес беру көмегін жасауды көздеуде. Бұл сұрақтарды барынша тиімді шешу үшін ведомствалық мұрағаттар меңгерушілерінің, заңды тұлғалардың құжаттандыру жағдайы мен құжаттаманы басқаруға жауапты тұлғалардың есептерін тыңдау, облыс мұрағат мекемелерін жабдықтау көздері болып табылатын мекемелер мен ұйымдардағы құжаттандыру, құжаттаманы басқару және ҚР ҰМҚ құжаттарының ведомстволық сақталу жағдайына зерттеу жүргізу, сондай-ақ мүдделі тұлғаларды осы сұрақ бойынша тұрақты тұрде ақпараттандыру жоспарлануда, облыс мұрағат мекемелерінің жұмыстары облыс мұрағат мекемелерінің дирекциясы, СТК, ҒӘК сияқты алқалы органдар шешімдерінде баяндалып отырылады.

2008 жылы облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК және ЖТҚО СТҒӘК жұмыстары дәстүрлі түрде жоспарланып отыр, атап айтқанда: басқарма құжаттамалары, жеке бас текті құжаттар, ғылыми-техникалық құжаттама, кино-фото-фоно-бейне-сюжеттер тізімдемелерін қарау және бекіту; аса бағалы істер мен құжаттарды анықтау, сонымен қатар, жинақтардың жоспар-проспектілерін әзірлеу, көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын жасау барысы, мұрағат әрекетінің маңызды бағыттары бойынша әдістемелік кеңестер, оның ішінде мемлекеттік тілдегі, қорларды жетілдіру мен қайта өңдеу қорытындыларын қарау, ведомствалық СК төрағаларының, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, ШҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің, Семей қаласындағы «Қазақстан халық банкі» АҚ филиалының, Шығыс әскери округінің әскери прокуратурасының, Невзоровтар жанұясы атындағы бейнелеу өнері мұражайының, Семей қаласы политехникалық колледжінің ведомстволық мұрағаттары меңгерушілерінің есептерін тыңдау.

Мұрағаттар басқармасы СТК және ЖТҚО СТҒӘК бекіткен тізімдемелер көлемі келесідей болмақ: басқарма құжаттамаларының 14000 с.б., ғылыми-техникалық құжаттамалардың 310 с.б., жеке бас текті құжаттардың 675 с.б., кино 25 есеп бірлігі, бейне сюжеттер 39 есеп бірлігі, фото 335 с.б., фоноқұжаттар 1 есеп бірлігі.

Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету саласы бойынша жылда орындалып келе жатқан істер мен құжаттардың бар-жоғын және жағдайын тексеру, қағаз негіздегі құжаттар мен істердің физикалық жағдайын жақсарту, өшуге айналған мәтіндерді қайта басу және компьютерлік технологияны қолдана отырып, құжаттарды қалпына келтіру сияқты жұмыс түрлерін орындау жоспарланып отыр. Ерекше бағалы құжаттар мен істерді анықтау, оның ішінде аудиобейне құжаттарды анықтау, сақтандыру қорларын жасау және оларды жеке сақтауды қамтамасыз ету, тарихи-мәдени объектілерге жататын ҚР ҰМҚ құжаттарын анықтау бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Жеке бас текті құжаттар жинау, облыстық маңыздағы айтулы оқиғаларға бейнетүсірімдер жасау, жергілікті газеттерге мақалалар мен жарияланымдар, радио- және телехабарлар әзірлеу, экскурсиялар мен мектеп сабақтарын өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жалғасады.

Жыл ішінде облыс мұрағат мекемелерінің басшылары мен мұрағатшылары республикалық мәжілістерге, семинарларға, ҚР Мәдениет және ақпараттар министрлігінің алқасына, жақын шетелдердің мемлекеттік мұрағаттарға, сонымен қатар, облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдары мен ЖТҚО-на, аудандық мұрағаттарға іс әрекет сұрақтары, тексеру жасау, мұрағат әрекетінің барлық бағыттары бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша іссапарлар жасайды.


1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.


Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат құжаттарының

сақталуын қамтамасыз ету.


«1994-2000 жылдарға және 2010 жыл кезеңіне дейін арналған мемлекеттік мұрағаттарда сақтаулы ҚР ҰМҚ сақталуын және сақталуын қамтамасыз етуді дамыту және жетілдіру» ұзақ мерзімді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс мұрағат мекемелері істердің сақталуын қамтамсыз ету және физикалық жағдайын жақсарту саласында дәстүрлі жұмыстарды атқарады. 2008 жылы қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету үшін су, жылу жүйесін, электрмен қамсыздандыру жүйелеріне қажетті жөндеу және бүлінудің алдын-алу бойынша жұмыстар, оларға маусымдық бақылау жасау, ғимараттардың өндірістік және қызметтік жайларына ағымдағы жөндеу жүргізу, кондиционерлер, өртке қарасы және т.б. құралдар алу және орнату жұмыстары жүргізіледі. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының ғимаратына 5 млн.теңге сомасына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Облыс мемлекеттік мұрағаты Крылов көшесіндегі ғимараттың сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізу, Головков көшесіндегі мемлекеттік мұрағат ғимаратының маңындағы аумақты абаттандыру, Потанин көшесіндегі ғимараттың бірінші қабатына жөндеуді жоспарлауда.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жоспарлады, оның ішінде облыс мемлекеттік мұрағаты – Головков көшесіндегі ғимаратқа насос-айдағыш алуды және орнатуды, барлық мұрағат ғимараттарында желдету жүйесін қалпына келтіруді және оны құрауды, ағаш стеллаждарды отқа төзімді қоспамен өңдеуді, электроизоляцияның қарсылық қабілетін, өртсөндіргіштерді уақытымен қайта толтыруға бақылау жасауды көздеуде.

Зырян филиалында Горький көшесі, 33 ғимаратындағы ернеу мен кіреберіске кезекті жөндеу, жылу жүйесіне жөндеу жүргізу, Горький көшесі, 48 мұрағат ғимаратында сумен қамтамасыз ету құбырларын ауыстыру жоспарланды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шатыр жайының ішіндегі ағаш құрылымдарды отқа төзімді қоспамен өңдеу, ДСП сөрелерді металл сөрелерге ауыстыру, есіктерді және босағаларды оттан сақтайтын қоспамен өңдеу көзделуде.

Облыс мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы жайына кезекті жөндеу жүргізіледі. Лениногор филиалында ағаш стеллаждарды металға ауыстыру көзделуде.

ШҚО ЖТҚО ғимаратында 4 қабаттағы мұрағат қоймасына өрт сөндіру жүйесі орнатылады. Мерзімі өтіп кеткен өрт сөндіру құралдарын алмастыру үшін жаңа өрт сөндіргіштер алынады. Қосымша босатылған жайды қойма ретінде жабдықтау мақсатында стеллаждар сатып алу жоспарлануда.

2008 жылы мемлекеттік сақтаудағы және қабылдау сәтіндегі құжаттар үшін мұрағат қоймаларында тиімді жағдай жасау бойынша бақылаулық алдын-алу шаралар міндетті кешенін, атап айтқанда: құжаттарды бейімдеу, дезинфекция, дезинсекция (арнайы қызметтер көмегімен 295250 іс өңделеді), құжаттарды шаңнан тазалау, мұрағат қоймаларындағы құжатарға тиімді температуралық-ылғалдық және санитаралық-гигиеналық сақтау режимдерін орындау жалғаса береді. Реставрация, құжаттарды тігу, өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру, тозған қораптар мен жапсымаларды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2008 жылы құжаттардың физикалық жағдайын жақсарту үшін облыс мұрағат мекемелері 21854 іс тігеді (құжатарды реставрациялаудан, өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру, сканерлеу, құжаттарды көшірмелеу, бастауыш партия ұйымдары қорларын қайта өңдеуден кейін).

2008 жыл ішінде сақтаудағы 32487 құжат бетін қалпына келтіру жоспарланып отыр («Халық депутаттарының Өскемен қалалық кеңесі және оның атқару комитеті», А.Н. және Б.А. Белослюдовтардың отбасылық қоры, Б.Г. Герасимовтың жеке қоры, Семей губерниялық және округтік жер басқармасы, Семей облыстық денсаулық сақтау және ауыл шараушылық басқармалары, Шар ауданының «Қарасу» совхозы, Жарма, Зайсан, Ново-Покровка, Жаңа Семей аудандарының ауылдық және кенттік кеңестері, Семгубатқарукомитетінің әкімшілік бөлімі, «Иртышгэсстрой» АҚ, «Большевичка» Семей цемент зауыты және т.б.), облыс мемлекеттік мұрағатында бастауыш партия ұйымдары қорларын қайта өңдеуден соң 41350 бетті қайта номерлеу жоспарланды.

Облыс мұрағат мекемелері 2008 жылы 25074 істі картондайды, 4170 қорап қолмен әзірленбек. Облыс мемлекеттік мұрағатында бастауыш партия ұйымдары қорларын қайта өңдеуден кейін 11925 с.б. қайта картондалыпп, 1568 қорапты қайта шифрлейді, 2235 тозған жапсырма ауыстыралады. Аягөз филиалы 1050 жапсырма дайындайды, Зайсан филиалы – 130 қорапты қайта шифрлейді, 225 қорапты қайта шифрлейді, Зырян филиалы – 105 қорапты қайта шифрлейді, 840 жапсырма әзірлейді, 210 жапсырма жапсырады. Лениногор филиалы 350 қорапты шифрлейді. Облыс ЖТҚО 9500 с.б. картондайды, 1400 қорап әзірлейді.

Келесі қорлардың мына істеріндегі өшуге айналған мәтіндерінің 906 бетін қалпына келтіру жоспарланып отыр: ВКП(б) Өскемен уездік комитеті, Қазақстан компартиясының Өскемен қалалық комитеті, Семей облатқару комитетінің жоспарлау комиссиясы, Тарбағатай аудандық кеңесі мен оның атқару комитеті және т.б.

Облыстың мұрағат қоймаларында жыл бойы 252688-ден астам іс шаңнан таразтылмақ. Зайсан филиалы құрғақ көгеру іздері бар Батпақ Бұлақ сельсоветінің құжаттарын формалинмен өңдеуді жоспарлауда 60 с.б., 120 бет.

2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты 1 және 2 санаттағы 42 қор бойынша ЕБҚ және тарихи-мәдени мұра объектілерінт анықтау бойынша жұмысты жалғастырады (25237 с.б., олардың 7424 бет бойынша қаралса, 17813 атау бойынша қаралады). Бұл мақсатта келесі қорлар қаралады: А.Н. Белослюдовтардың отбасылық қоры, Н.С. Рахваловтың жеке қоры, «1941-1945 жылдардағы Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» құжаттар коллекциясы, Шығыс Қазақстан обылсының мұрағаттар және құжаттама басқармасы және мемлекеттік мұрағаты, Өскемен қалалық қаржы бөлімі, Өскемен қаласының Октябрь аудандық кеңесі.

100 ЕБҚ тізімдемеленеді. ЕБҚ анықтау қорытындылары есептік құжаттарға енгізіледі. Шығыс Қазақстан облысы статистика басқармасы қорының 142 ерекше бағалы істері сақтандыру көшірмесі жасалған соң жеке бөлінеді.

ЕБҚ анықтау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдары келесі жұмыстарды: Аягөз филиалы 600 істі бет бойынша, 111 істі атау бойынша қарап, 2 с.б. тізімдемелейді; Лениногор филиалы 414 с.б. қарап, 2 с.б. тізімдемелейді; Зайсан филиалы фотопозитивтердің 200 сақтау бірлігін қарап, 5 ЕБ фотопозитивті тізімдемелейді, Зырян филиалы 126 с.б. бет бойынша, 135 с.б. атау бойынша қарамақ. Облыс ЖТҚО Семей мемлекеттік медициналық акадамиясының қорынан ЕБҚ – 364 с.б. анықтайды.

ЕБҚ анықтау қорытындысы бойынша есептік құжаттарға өзгерістер енгізіледі, істер мен қораптарға ОЦ-ЕБ белгісі қойылады. Барлығы облыс бойынша қағаз негіздегі 27187 с.б. қаралатын болады.

2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты ШҚО статистикалық басқармасының қорының (1350 бет) 40 ЕБҚ лазерлі дискдегі сақтандыру қорын жасамақ. Пайдалану қорын жасау үшін А.Н. және Б.А. Белослюдовтардың отбасылық қоры, Б.Г. Герасимовтың жеке қорының ерекше бағалы құжаттарын сканерлеу және көшірмелерін жасау жоспарлануда. Өскемен халық депуттарының қалалық кеңесі мәжілістерінің хаттамаларын – 5 сақтау бірлігін, 1350 бетті сканерлеу бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Облыс ЖТҚО Семей обл жоспарының аткомының құжаттарына - 65 с.б., 9750 бетке сақтандыру қорын жасайды.

Жыл бойынша қағаз негіздегі 146900 істің бар жоғы түгенделіп, физикалық жағдайы тексеріледі. Бұдан басқа, 2007 жылы пайдалануда болған 35250 іс тексеріледі. Түгендеу және физикалық жағдайды тексерумен бір мезгілде істердің физикалық жағдайын есепке алу карточкалары жасалады. Бұдан өзге облыс мемлекеттік мұрағаты киноқұжаттардың 448 с.б. және 2400 с.б. фотоқұжаттардың түгендеп, техникалық жағдайын тексеруді, Зырян филиалы фотоқұжаттардың – 1200 сақтау бірлігін түгендейді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты, Аягөз, Зайсан және Лениногор филиалдары және аудандық мемлекеттік мұрағаттар 380 қорға есептік құжаттар жинағын салыстырып тексеру жүргізбек.

2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты ШҚ облатқару комитетінің отын өнеркәсібі басқармасы қорының 35 с.б. (оның ішінде ЕБҚ) сақтандыру көшірмесі жасалған және пайдалану қоры бар құжаттарын мөрлеу бойынша жұмысты жалғастырмақ. Аягөз филиалы аз пайдаланылатын 6 қордың 520 ісін мөрлеуді жоспарлап отыр, Зайсан филиалы 17 қордың 595 с.б. мөрлейді.

Әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сипаттағы сұраныстарды орындау үшін, қорлардың ҒАА жетілдіру үшін, ЕБҚ анықтау үшін 349930 іс және 31000 тізімдеме беру, заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға – 142 іс беру көзделуде. Облыс мұрағат қоймаларында құжаттарды қабылдау барысында тиімді орналастыру және жылжыту жүргізілмек: облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарында 17090 қораптың және буманың орны ауыстырылады. Облыс аудандық мұрағаттарында 15667 қорап пен бума жылжытылады.


1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының мемлекеттік есебі.


Мұрағат мекемелерінің 2008 жылғы мемлекеттік есеп саласындағы жұмысы ҚР ҰМҚ құжаттарының мемлекеттік есебі Кесімінің аясында іске асырылады. Осыған орай есептік құжаттарға қор құрамы мен көлеміне өзгерістер енгізу, жаңадан түскен қорларға санат беру бойынша жоспарлы жұмыстар жалғаса бермек.

Жаңа қорлардың түсуін есепке алу кітабы – 112, Қор тізімдері – 38, бейне және фотофоноқұжаттардың түсуін есепке алу журналы жүргізіледі, қор карточкалары мен парақтары жасалады – 79, қор карточкалары мен парақтарына өзгерістер енгізіледі – 98, қор көрсеткілері карточкалары -525, қор бойынша және стеллаж бойынша топографиялық көрсеткі – 1135.

2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттары «Архивный фонд» бағдарламалық кешеніне өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Облыс мемлекеттік мұрағаты 295 қорға, облыс мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалы 15 қорға, Аягөз филиалы – 50 қорға, Зайсан филиалы – 269 қорға мәліметтер енгізеді. Облыс мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалы жазатын CD-RW себебі «Архивный фонд» бағдарламалық кешенін ендіру бойынша жұмыстар жүргізілген компьютердің жүйелік блогі ескіріп кетті, ал 2007 жылы компьютер сатып алуға мүмкіндік болмады.

ЕБҚ тізімдемелері облыс мұрағаттар басқармасы СТК мәжілісінде бекітілуіне орай ЕБҚ тізімдемелерінің тізіліміне енгізіліп отырады. Облыс мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік сақтауға құжаттар қабылдау және стеллаж бойынша, қор бойынша топграфиялық көрсеткілерді анықтауға байланысты мұрағат қоймалары паспорттарын анықтау жұмыстарын жоспарлап отыр.


2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарға және мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.


2008 жылы мемлекеттік сақтауға ведомстволық сақтау мерзімі өткен 14000 с.б. басқарма құжаттамаларын, 310 с.б. ҒТҚ, 25 с.б. киноқұжаттар, 39 с.б. бейнеқұжаттар, 300 с.б. фотоқұжаттар, 1 с.б. фоноқұжаттар, 953 с.б. жеке бас текті құжаттар, 15438 с.б. жеке құрам бойынша құжаттарды қабылдау жоспарланды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты келесі құжат ұстаушылармен жеке бас текті құжаттармен жабдықтау бойынша жұмысты жалғастырады: Шығыс Қазақстан мәслихатының хатшысы В.И. Ахаевпен; «Мой город» ЖШС Бас директоры Г.Н. Пуссеппен, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, мемлекеттік сыйлық лауреаты К.О. Бітібаевамен, спорт шолушысы, «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінің штаттан тыс тілшісі, жазушы О. Елубаймен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы М. Аманқұловпен, И.В. Абеновпен, И.И. Вилковпен, Н.М. Беляковпен, Л.Н. Сальниковпен, «Интурист» фирмасының президенті, Г.А. Володинамен, Бұқтырма коммунары М.Ф. Ивановпен, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, өлкетанушы, «Казцинк» ААҚ РКБК мұражайының директоры М.С. Немцовпен, Қарулы күштер және ҚР ҰҚК ардагері К.У. Абилпановпен, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, сценариші Ж.А. Қамбаровпен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімдері С.С. Карандашовамен, Л.Б. Кравченкомен және т.б.

2008 жылы ведомстволық сақтаудағы құжаттардың құндылығына сараптама жасау бойынша жұмыстар жалғаса береді, оның ішінде құпия іс жүргізу құжаттар кіреді. Облыс мұрағаттар басқармасының СТК басқарма құжаттамаларының 14000 с.б., 31 с.б. ғылыми-техникалық құжаттама, 25 с.б. киноқұжаттар, 39 с.б. бейнеқұжаттар, 335 с.б. фотоқұжаттар, 1 с.б. фоноқұжаттар, 675 с.б. жеке бас текті құжаттар тізімдемелерін бекіту жоспарланып отыр.

Ведомстволық мұрағаттар қызметкерлеріне облыс мұрағаттар басқармасының СТК ұсынуға арналған тұрақты және ұзақ мерзімді сақталатын істер тізімдемелерін әзірлеу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі.

2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары басқарма құжаттамаларының 5023 ісін (оның ішінде 55 с.б. жабық сипаттағы, 1050 ақылы қызмет есебінен, 250 с.б. ҒТҚ, бейнеқұжаттардың 31 есеп бірлігі, фотоқұжаттардың 235 с.б., жеке құрам бойынша 33680 с.б. (оның ішінде 30410 с.б. ақылы қызмет есебінен) тәртіпке келтірілді.

Облыс ЖТҚО басқарма құжаттарының 1756 ісін, жеке бас текті құжаттардың 205 с.б., ҒТҚ 60 ісін, киноқұжаттардың 25 есеп бірлігін, фотоқұжаттардың 100 сақтау бірлігін, бейнеқұжаттардың 8 есеп бірлігін, жеке құрам бойынша 2114 ісін тәртіпке келтіруді және құндылығын сараптауды жоспарплады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты басқарма құжаттамаларының 14000 ісін, жеке бас текті құжаттардың 675 с.б., жеке құрам бойынша 4400 істің құндылығын сараптауды жоспарлады,

2008 жылы жиыны облыс мұрағат мекемелері тұрақты сақтаудың 11000 ісін, оның ішінде жасалған келісім шарттарға сәйкес ақылы қызмет есебінен 1050 істі тәртіпке келтірмек; ғылыми-техникалық құжаттамалардың 310 ісін, жеке бас текті құжаттардың 635 с.б., бейне құжаттардың 39 есеп бірлігін, фотоқұжаттардың 335 с.б. тіртіпке келтіреді.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының, Өскемен қаласы, Бесқарағай ауданы, Шульбинск кенті Әкімдері аппараттарының, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының, ШҚО Индустрия, сауда және кәсіпкершілікті қолдау басқармасының, ШҚО бойынша көші-қон Комитеті Басқармасының, Семей қаласы ауыл шаруашылық бөлімінің, ШҚО бойынша ҚР Еңбек және әлеуметтік қолдау министрлігінің департаменті, ШҚО ішкі саясат департаменті, ШҚ облыстық «Сәулетай» балалар қоры, Семей қаласы және Бесқарағай аудандарының мәслихаттары, ШҚО бойынша қаржыбақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы, Курчатов қаласы және Бесқарағай ауданы бойынша салық комитеттері, Әуезов атындағы педколледж, Төлебаев атындағы музыка колледжі және т.б. құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жасау жүргізіледі.

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Студия Реал-Тайм» ЖШС-мен, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпарациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен мұрағатты аудиобейнеқұжаттармен жабдықтау бойынша жұмыс жалғастырылады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты жыл ішінде өз күшімен жазушы Қасым Қайсановтың 90 жылдығына арналған, А.С. Ивановтың туғанына 80 жыл толуына, жазушы Оралхан Бөкеевтің туғанына 65 жыл толуына, ақын Шәкірім Құдайбердіұлының 150 жылдығына, әнші, актер Әміре Қашаубаевтың туғанына 120 жыл толуына, сазгерлер, Е. Сайскеновтың, Е. Рахымбаевтың, М. Апасованың 120 жылдық мерейтойларына, Өскемен педагогикалық институтының ректоры Ю.К. Увалиевтің 85 жылдығына, Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі В.С. Крыгиннің 85 жылдығына, астроном В.Н. Бухманның 130 жылдығына, Алтай зерттеушісі, академик В.А. Обручевтің туғанына 145 жыл толуына арналған шығармашылық кештерге; «Шығыс Қазақстанның әдеби әлемі», «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Шығыс Қазақстанның жетекші суретшілері», суретші Н.П. Аштемнің 65 жылдығына арналған көрмелерге; «Мәңгілік мұра» фестиваліне, Жамбыл атындағы театрдың және «Рудный Алтай» газетінің 90 жылдығына және т.б. іс шараларға бейнетүсірімде жасайды.

Зырян филиалы «Заря Востока» қоғамдық-саяси газетпен, Зырян қаласндағы «Алва» ЖШС-нің қайырымдылық орталығымен бейнефотофоноқұжаттармен жабдықтау бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау көздері-мекемелер тізімдерін, жеке қор ұстаушылар тізімдерін анықтау бойынша жұмыс жоспарланды.

2007 жылы ҚР Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының және облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау көзі-ұйымдарың ведомстволық сақтауындағы жеке құрам бойынша құжаттардың мемлекеттік есебі жүргізіледі.

Мұрағаттарды жабдықтау көздері болуға мүмкіндігі бар дерек көздері тізіміне енгізілген мемлекеттік емес меншік түрінің ұйымдарымен келісім жасау бойынша жұмыстар, сонымен қатар, әрекет мерзімі аяқталған келісім шарттарды ұзарту бойынша жұмыстар жалғастырылады: жеке нотариустармен, кәсіподақ ұйымдарымен, «Казгипроцветмет» ЖШС-мен, «Алина Холдинг» ЖШС-мен, «Теміржол Су» ЖШС-мен, «Семдорпроект» ЖШС-мен, Семей қаласының экономика және қаржы колледжімен және т.б.

Облыс мемлекеттік мұрағаты мұрағатты жабдықтау көздері болып табылатын 40 заңды тұлғаға ведомстволық мұрағат туралы Ережеге, істер номенклатурасын, бланкілеріне келісу, құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жасау қажеттігі туралы хат жолдайды, олар келесі ұйымдар: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК, Өскемен жұмыспен қамту орталығы, ШҚ облыстық наркологиялық диспансері, ШҚ Жамбыл атындағы облыстық драма театры, ШҚО өртке қарсы қызмет департаменті, ШҚО ТЖ бойынша департаменті, Өскемен қаласының перинатальді орталығы, Өскемен қаласының конденсатор зауыты, физика-математикалық компьютерлік лицейі, ШҚ облыстық филармониясы, ауыл әкімдері аппараттары және т.б.

2008 жыл ішінде мемлекеттік емес меншік түрлерінің ұйымдарына арналған істер номенклатурасын жетілдіру жоспарланып отыр, олар мына ұйымдар: Невзоровтар жанұясы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы, «Семейполиграфия» ААҚ, Курчатов қаласының қаржы бөлімі, «Семей» кеден посты, Семей қаласының көлік, елтірі-тері колледждері, Сервис, радиотехника және байланыс колледжі, келесі ұйымдарға істер номенклатурасын жасау ұсынылмақ: «Семдорпроект» ЖШС, Семей қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы, «Семейқұс» ААҚ, Қазақ қаржы-экономика институты, «Су жолдары кәсіпорын» РМК, экономика және қаржы колледжі.

2008 жылы ҚР мемлекеттік ұйымдарындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқару Тұрпатты ережелерін, СТҚР 1042-2001 «Ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалар, Құжаттардың хатталуына қойылатын талаптар» мемлекеттік стандартын, Сақтау мерзімі көрсетілген мемлекеттік ұйымдар әрекеті барысында пайда болған тұрпатты құжаттар тізбесі, ИСО-9000 басқару сапасы стандартын енгізуге үлкен көңіл бөлінбек.

Мекемелер мен кәсіпорындар іс жүргізуіндегі құжаттамалардың ұйымдастыруылуы мен ведомствалық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік кеңес дәстүрлі түрде жүргізіліп, мұрағаттар, ОСК, СК туралы ережеле жасау, істер номенклатурасын, оның ішінде құпия іс жүргізу номенклатурасын жасау бойынша көмек көрсетіледі. Қызмет барысында құпия құжаттама қалыптасатын ұйымдармен жұмыс жоспарлануда.

Облыс мемлекеттік мұрағаты ҚР Ауыл шаруашылық және қаржы министрлігі жүйесінің мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін, облыс ЖТҚО мен облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдары Әуезов атындағы педколледже, Экономика және қаржы колледжінде, «Семдорпроект» ЖШС, ОВ 156/14 мекемесінде, «Вирп» ЖШС, Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар жанұясы атындағы бейнелеу өнері мұражайының іс жүргізу және мұрағат жұмыстары бойынша, Аягөз ауданы ауыл округтерінің және Аягөз қаласы мекемелерінің мамандарына, Зайсан ауданы іс жүргізу қызметтерінің мамандарына семинарлар өткізуді жоспарлады.

Облыс мұрағаттар және құжатама басқармасының СТК мәжілісінде келесі ұйымдардың СК төрағалары мен ведомствалық мұрағаттардың меңгерушілерінің есебін тыңдау көзделіп отыр: «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «УК ТМК» АҚ, ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті, Семей қаласындағы «Қазақстанның халық банкі», политехникалық колледж, Шығыс әскери округінің прокуратурасы, Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар жанұясы атындағы бейнелеу өнері мұражайы.

2008 жылы ШҚО бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің 2007 жылғы кешенді тексеру барысында аталып өтілген кемшіліктерді жоюға қатысты бақылаулы тексеру жасау жоспарланды.

«Семей-полиграфия», Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар жанұясы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, Геодезия және картография колледжі, «Вирп» ЖШС, «СемейАВМВ» АҚ, №5 мектеп-гимназиясының ведомстволық мұрағаттарына тақырыптық тексерулер жүргізілмек.

3. Ақпараттық-іздестіру жүйесін жасау, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.


2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттары келесі тұлғалардың жеке бас текті құжаттарын тізімдемелеумен айналысады: ақын, Қазақ ССР жазушылар Одағының мүшесі С. Габдуллиннің, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері Қ. Бітібаеваның, «Интурист» ААҚ президенті Г.А. Володинаның, экономика ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы, жазушы С.Н. Герасимовтың, тарих ғылымдарының кандидаты В.С. Федоровтың, өлкетанушы, Риддер қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы Ю.Г. Хабаровтың, ҰҚК және КСРО қарулы күштерінің ардагері Қабдолла Өмірханұлы және медицина ғылымдарының кандидаты, еңбек ардагері Фатима Бейсекқызы Абилпановтардың отбасылық қоры, сцеранист, ҚР журналистер Одағаның мүшесі Ж.А. Қамбаровтың, ҚР еңбек сіңірген мұғалімдері С.С. Карандашова мен Л.Б. Кравченконың, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Л.Н. Сальниковтың, М. Абеновтың, И.И. Вилковтың, Н.М. Беляковтың, Бұқтырма коммунасының коммунары Н.Д. Ивановтың және т.б. қорлары. Жиыны 675 с.б. тізімдемеленеді.

2008 жылдың ішінде барлығы 310 с.б. ҒТД («Казгидроводхоз» институтының Өскемен филиалы, Семей қаласының «Гражданпроект» кооперативі) 25 с.б. киноқұжаттар, 39 есеп бірлігі бейнеқұжаттар, 335 с.б. фотоқұжаттар, 1 с.б. фоноқұжаттар тізімдемеленеді.

Облыс мемлекеттік мұрағатында 1 санатты партия және комсомолдың 6 қорына, 2 санатты 14 қорға ҒАА картотекасын жасау бойынша жұмыстар жалғастырылады.

2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында Шемонаиха ауданының және Лениногорск қалаының бастауыш партия ұйымдарының аз көлемді қорларына қайта өңдеу жасалады. Өскемен қаласы партия ұйымдарының бастауыш ұйымдарының қорларына қайта өңдеу басталады – 5000 с.б. Аягөз филиалы Үшарал сельсоветінің басқарма құжаттамаларының 586 с.б. қорларының тізімдемелеріне қайта өңдеу жасуды жоспарлады.

Облыс ЖТҚО қорларының ҒАА жетілдіру мақсатында қорларға 4 тарихи анықтама жасау жоспарланып отыр: Калинин және Киров аудандық кеңестерінің халыққа білім беру бөлімдері, халық депутаттарының Калинин және Киров аудандық кеңестерінің жоспарлау комиссияларының қорлары.

Аягөз филиалы «Аягөз Астық» АҚ, Аягөз сүт зауытының 299 с.б. тұрақты сақтау істері; Жарма филиалы колхоздардың біріктірілген мұрағат қорларының 400 с.б. тізімдемелерінің; Зайсан филиалы Зайсан қаржы бөлімінің, аудандық білім беру бөлімінің, заготконторының, аудандық тұтынушылар қоғамының автобазасының, сауда базаасының, аудандық байланыс басқармасының (басқарма құжаттамаларының 773 с.б., жеке құрам бойынша 2101 с.б.) тізімдемелерінің; Лениногор филиалы ЛПК ААҚ жөндеу-механикалық базасының, №14 Лениногор кәсіби мектебінің (басқарма құжаттамаларының 666 с.б., жеке құрам бойынша 1375 с.б.) тізімдемелерінің ҒАА-на жетілдіру жүргізеді.

2008 жылы жиыны облыс мұрағат мекемелері басқарма құжаттамаларының 2722 с.б. (2816 карточка), жеке бас текті 176 с.б. (170 карточка), ғылыми-техникалық 80 с.б. (80 карточка), фотоқұжаттардың 300 с.б., фоноқұжаттардың 1 с.б., бейнеқұжаттардың 39 с.б., киноқұжаттардың 25 есеп бірлігі каталогтандырады.

Бұлар Шығыс Қазақстан обком партиясының, Халық депутаттарының Өскемен және Лениногор қалалық Кеңестері, Жаңа-Семей ауданы, Семей қаласы, Аягөз қаласы, Жарма және Зайсан аудандары Әкімдерінің аппараттары, Халық депутаттарының Геогиевка сельсоветі, Зырян қорғасын комбинаты, Қазақстан компартиясының Калинин, Киров, Ленин аудандық комитеттері, Семей қалалық денсаулық сақтау бөлімі, ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалының мал өсіру институтының тәжірибе станциясының құжаттары, КСРО жазушылар Одағының мүшесі, М.Ш. Мусиннің, «Восток» журналының бас редакторы, «Свобода» халықаралық радиосының тілшісі, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушы, Семей қаласындағы революциялық қозғалысқа қатысушы ағайынды Трусовтардың, мұрағат ісінің ардагері Сара Бейсенбаева мен Социалистік еңбек ері М. Бейсенбаевтар жеке бас текті құжаттары.

Лениногор филиалы «Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечорка» газеттеріне каталогизация жасауды жалғастырады, жиыны 120 карточка жасалады.

Облыс мемлекеттік мұрағаты ШҚО бойынша шаруашылықтарының жер қалыптастыру бойынша құжаттар коллекциясын каталогтауды аяқтайды. ШҚО ЖТҚО мемлекеттік сақтауға түскен барлық КФФД каталогтауды жоспарлауда. «СМММ (ЖТҚО) қорлары бойынша анықтамалыққа» құжаттардың жаңадан түсуіне сәйкес толықтылулар енгізіледі.

Барлық жасалған карточкалар каталогқа енгізіледі.

2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында ғалым, өлкетанушы Б.Г. Герасимовтың еңбектерінің факсимальді басылымы; «18 ғасырдың 30-шы жылдары – 20 ғасыр. Шығыс Қазақстандағы тау ісінің дамуы» құжаттар жинағы бойынша жұмыс жалғастырылады. Ономастика бойынша маман, «Словарь русских личных имен» авторы, ғалым, өлкетанушы Н.А. Петровскийдің өмірі мен қызметі туралы «Шығыс Қазақстанның өлкетанушылары» сериясынан құжаттар жинағы бойынша жұмыс жалғасады; «Олар Шығыс Қазақстанды басқарған» биографиялық анықтамалық (облыстың бірінші басшылары) бойынша жұмыс жалғастырылады. Халық шаруашылығы салалары мен әлеуметтік саланың еңбек сіңірген қызметкерлерінің тізімі, партия қызметкерлерінің жеке істерінің атаулы көрсеткіштері жасалады.

2008 жылдың 1 тоқсанында облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО «Шығыс Қазақстанның кенөндіріу өнеркәсібінің дамуы. 18-20 ғасырлар» құжаттар жинағын басып шығармақ. Облыс ЖТҚО «Шығыс Қазақстан: тарих, экономика, мәдениет» құжаттар жинағының үшінші бөліміне, «Патша үкіметінің көші-қон саясаты, 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басы» құжаттары жинағына археографиялық өңдеу жасауды жоспарлап отыр. «Ұмытылмас есімдер» кітапшасында жариялау үшін Семей қаласының тумалары, саяси қуғын-сүргінге ұшырағанған азаматтар туралы құжаттар анықталып, баспаға әзірленеді, кітапшаны басу 2008 жылдың 4 тоқсанына жоспарланды. Дәстүрлі «2009 жылға арналған әйгілі даталар күнпарағы» әзірленеді.

Аудандық мемлекеттік мұрағаттар жеке бас текті қорлардың құжаттары бойынша танымал жерлестеріміз туралы кітапша басып шығаруды жоспарлап отыр.

Мұрағат құжаттарын пайдалану саласындағыжұмыстар келесі маңызды оқиғаларды қамтиды: Зайсан қаласының құрылуының 140 жылдығы, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Жарма, Шемолнаиха аудандарының 80 жылдығы, Риддер қаласы мен Шемонаиха аудандарындағы ВЛКСМ бастауыш ұйымдарының құрылуына 80 жыл толуы, Катон-Қарғай ауылының 130 жылдығы, Бұқтырма коммунасының құрылуына 90 жыл толуы, жазушы Қасым Қайсеновтың 90 жылдығы, жазушы А.С. Ивановтың 80 жылдығы, Оралхан Бөкеевтің туғанына 65 жыл толуы, ақын Шәкірім Құдайбердіұлының 150 жылдығы, әнші, актер Әміре Қашаубаевтың туғанына 120 жыл толуы, ғалым-тюрколог С.А. Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуы, Өскемен педагогикалық институтының ректоры Ю.К. Увалиевтің 85 жылдығы, Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі В.С. Крыгиннің 85 жылдығына, астроном В.Н. Бухманның 130 жылдығы, Алтай зерттеушісі, академик В.А. Обручевтің туғанына 145 жыл толуы, суретші Н.П. Аштемнің 65 жылдығы, Жамбыл атындағы театрдың және «Рудный Алтай» газетінің 90 жылдығы, ағартушы, өлкетанушы Ю.Г. Харламовтың туғанына 12 жыл толуы, өлкетанушы И.С. Зыряновтың туғанына 95 жыл толуы, «Охотник Алтая» әдеби-көркем журналының бірінші санының жарыққа шығуына 85 жыл толуы, Рахман бұлақтарының ашылуына 245 жыл тоуы, Өскемен құрылыс жол институтынының (Серікбаев атындағы ШҚМТУ) ашылуына 50 жыл толуы, Семей өлкетану мұражайының 125 жылдығы, Семей қаласының 290 жылдығы, мұғалімдер семинариясының құрылуына 10 жыл толуы (М. Әуезов атындағы педколледжі), Семей қаласында Совет өкіметінің құрылуына 90 жыл толуы, «Трудовое знамя» газетінің бірнші санының жарыққа шығуына 90 жыл толуы, ҚР «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 10 жылдығы және т.б.

Бұл оқиғаларға 19 құжаттар көрмесі, 10 радиохабарлар, 50 мақала мен құжаттар іріктемесі, 20 ақпараттық хат әзірленеді.

2008 жылы Семей өлкетану мұражайының және Абай атындағы кітапхананың құрылуына 125 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференция, сонымен қатар, ақын Шәкірім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына (мұражай қорығымен бірге), Семей қаласының құрылуына 290 жыл толуына арналған (орталық қалалық кітапханамен, өлкетану мұражаймыен, қаланың мәдениет мекемелерімен) бірлескен конференция өткізу жоспарланды.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенттері үшін мұрағат практикасы өткізіледі, колледждердің, қалалар мен аудандар мектектерінің оқушылары үшін мұрағат қорлары құрамы мен мазмұны туралы шолулық экскурсия жүргізіледі. Дәстүрлі түрдегі Шығыс Қазақстан тарихы, басқа айтулы оқиғалар бойынша мектеп сабақтары, лекциялар мен мұрағатқа экскурсиялар өткізу жоспарланып отыр. 2008 жылы өлке тарихы бойынша курс және диплом жұмыстарын әзірлеу үшін, сонымен қатар, кандидаттық және докторлық диссертация жазу үшін өлкенің дамуы тарихының әр түрлі аспектілерін зерттейтін зерттеушілермен оқу залдары арқылы жұмыс істеу жалғасады.

Облыс мұрағат мекемелері қызметінің әр түрлі бағыттары бойынша аса қызықты жұмыстар «Архивы Казахстана» бюллетенінде және жергілікті БАҚ беттеріндегі мақалалар мен ақпараттарда көрініс табатын болады.

Мұрағатшылардың А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамен шығармашылық ынтымақтастығы жалғаса бермек: облыс мемлекеттік мұрағаты «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне және «2009 жылға арналған Шығыс Қазақстанның айтулы күндері» күнпарағын әзірлеуге қатысады.

Облыс мұрағат мекемелері 2008 жылы 37000 әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныс, мекемелер, кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдар үшін 340 тақырыптық сұраныс, сонымен қатар ҚР ІІМ тарапынан түскен сұраныстарды орындауды жоспарлап отыр.

4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың біліктілігін арттыру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.


Облыс мемлекеттік мұрағаттарының практикалық әрекетін ақпаратпен қамтамасыз етуді арттыруға 2008 жылы облыс мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Шығыс Қазақстан облысы бойынша электрондық әкімдігінің бағдарламашасын іске асыру шаралары жол ашады. Бұл шаралар аясында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасында және облыс ЖТҚО-да жеке торап құру және оны кеңейту, ШҚО Әкімінің сайтына және «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайтына ақпараттық қолдау жасау жоспарланып отыр.

2008 жылы «электрондық мұрағат» жасау бағдарламасы бойынша облыс мемлекеттік мұрағатында ақпараттық технология бөлімін материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету - соңғы модификациялы компьютерлер мен серверлер алу көзделуде. Қағаз тасымалдаушыдағы құжаттарды электронды түрге айналдыру, қажетті мәліметтер базасын жасау үшін бағдарламалық қамсыздандыруға қол жеткізу жоспарлануда. «Электрондық мұрағаттың» жасалуы іс жүргізу процесстерін автоматтандыруға, электрондық құжат айналымын енгізуге, жабдықтау көздері мекемелермен жұмысты ұйымдастыруға, электрондық мұрағатты электрондық тасымалдаушыдағы құжаттармен жабдықтауға жол ашады.

Еліміз бен облыстың мерейтойлы күндері мен айтулы даталарына арналған құжаттар жинағы, кітапшалар, буклеттер, және жарияланымның т.б. шағын түрлері, «Архивы Казахстана» бюллетені мен «Қазақстандағы іс жүргізу» журналы үшін мақалалар мен материалдар жарияланады. Әдістемелік тұрғыда облыс мемлекеттік мұрағаты «Мекемелердің ведомстволық мұрағаттарының жұмысына ұйымдастыру-әдістемелік басшылық пен бақылау жасау» әдістемелік құралын әзірлейді.

2008 жылы құжаттар анықтау бойынша ҚР ОММ, Ресейдің Омбы облысының мемлекеттік мұрағатына, сонымен қатар, басшылардың және мамандардың облыс қалалары мен аудандарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету және облыс мемлекеттік мұрағаттарының әрекеттерін тексеру бойынша іссапарлары жоспарланып отыр.

Ұйымдастыру, практикалық және әдістемелік қызметтерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында мұрағаттар басқармасы, облыстың мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары, аудандық мұрағатты 2008 жылы келесі кезеңдік басылымдарға жазылды: Қазақстан Республикасы Президентінің актілер жинағы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостері, «Отечественные архивы» журналы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай», «Қазақстан батырлары» газеттері және т.б.

Облыс мұрағат мекемелеріндегі еңбекті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға әр түрлі бағыттардағы компьютерлік технологияны енгізу ықпалын тигізеді, мысалы: «Архивный фонд» бағдарламалық кешенін енгізу, «электрондық мұрағат» және мәліметтер базасын жасау; өшуге айналған мәтіндерді қалпына келтіру, ҒАА дамыту, ведомстволық мұрағаттармен жұмысты есепке алу және т.б.

Құқықтық және өндірістік оқу өткізу жоспарына Қазақстан Республикасы заң актілерін зерделеу, қолдану және тарату мақсатында республиканың және шет елдер мұрағатшыларының озық тәжірибелерімен танысу, мұрағат жұмысына байланысты өзекті сұрақтарды талқылау, облыстық және жергілікті әкімдікпен келісілген жоспар бойынша мемлекеттік тілді үйрену сабақтарын жүргізу жоспарланды.

Облыс мұрағат мекемелерінің СТК, ҒӘК, СК сияқты ғылыми және кеңес органдырының жұмысы жалғаса береді, онда облыс мұрағаттарының жұмысты жоспарлау және жұмыс есебі сұрақтары, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстар бойынша жұмысты талдау, тізім жасау, құжаттардың құндылығын сараптау және құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу мұрағат ісінің маңызды бағыттары бойынша әдістемелік әзірленімдер жасау қарастырылады.

Мұрағат әрекеттері сұрақтары бойынша семинарлар өткізу жоспарлануда, олар облыс мұрағатшыларының тоқсандық облыстық кеңесіне қарай өткізіледі.

Ведомстволардың құжаттамамен қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлерімен кеңес-семинарлар өткізіледі, бұл семинарларда құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу, істер номенклатурасын жасау, стандарттар мен ережелерді ендіру, ведомстволардың мәжіліс органдары жұмысына қатысу сұрақтары бойынша мекемеге барып кеңес беріледі. Облыс ЖТҚО мен облыс мемлекеттік мұрағаты жанында ведомствалық мұрағаттар қызметтерінің кадрларының біліктілігін арттыру курстары өз қызметін жалғастыра береді.

Облыс мемлекеттік мұрағатында мемлекеттік тілге кезең бойынша көшу іс шараларының жоспары жасалады: нормативтік-әдістемелік құжаттарды, алқалы органдар мәжілістерінің хаттамаларын мемлекеттік тілге аудару жалғасады, облыс мемлекеттік мұрағаттарымен мемлекеттік тілінде хат алмасу жүзеге асырылады.

2008 жыл ішінде ШҚО Әкімі жанындағы мемлекеттік қызметкерлерді оқыту аймақтық орталығында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы қызметкерлерінің, мемлекеттік мұрағаттар, мемлекеттік заңды тұлғалардың іс жүргізу және мұрағат қызметтері мамандарының біліктілігін арттыру курстарында облыс мемлекеттік мұрағаты мұрағатышыларының біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.

Мұрағатшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ұжым, әкімшілік және кәсіподақ комитеті арасында ұжым мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша келісімдер мен шарттар жасалады және ұзартылады.


Облыс мұрағаттар және құжаттама

басқармасының бастығы А. Аубакиров



Похожие:

2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Есепті кезеңде Шығыс Қазақстан облысының мұрағатшылары 2007 жылға жоспарланған мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін сәтті...
2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2008 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2007 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары
«электрондық мұрағат» бағдарламаларын жасауды, Мемлекеттік қызмет көрсетуде исо-9000 басқаруда халықаралық сапа стандартын енгізуді,...
2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2008 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2006 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2006 жылдың І жартыжылдығындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп
2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2005 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы есеп
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуы туралы
2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2008 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп және 2009 жылға жоспар
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі...
2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2009 жылдың І тоқсанындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі әрекеті Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»
Есебі, облыстағы мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісін өткізу туралы ақпарат және т б. ұсынылды
2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары icon2008 жылдың І жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, ақпарат және мұрағат комитетінің бұйрықтарын және Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы