ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер icon

ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер



НазваниеҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер
Дата конвертации25.10.2013
Размер306.39 Kb.
ТипДокументы
источник

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОРЛАНДЫРУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР


Орындаушы

Жасақтау және ведомстволық

мұрағаттарды бақылау

бөлімінің меңгерушісі Е.В. Костина


МАҚҰЛДАНДЫ


ШҚО мұрағаттар

және құжаттама

басқармасының СТК

«____» ________2008 ж.

№ ___ хаттамасымен


Өскемен қаласы

2008 жыл

КІРІСПЕ


Мекеменің, ұйымның немесе жеке тұлғаның іс-әрекеті барысында жасалған құжаттар кешені оның құжаттық қорын құрайды. Мекеменің немесе жеке тұлғаның құжаттық қорының саяси, ғылыми, әлеуметтік, мәдени немесе тарихи маңызы бар бөлігі мұрағат қорын құрайды және мемлекеттік сақтауға жатады.

Мұрағат қоры – бұл өзара тарихи немесе қисынды байланысы бар құжаттар кешені.

Мұрағат қорларының түрлері: мекеменің мұрағат қоры, жеке бас текті мұрағат қоры, біріктірілген мұрағат қоры. Мұрағат қорына мұрағат коллекциясы теңестірілген.

Мекеменің мұрағат қоры дегеніміз бір мекеменің іс-әрекеті барысында пайда болған құжаттардан тұратын мұрағат қоры.

Жеке бас текті мұрағат қоры дегеніміз жеке тұлғаның, отбасының, әулеттің өмірі мен қызметі барысында пайда болған құжаттардан тұратын мұрағат қоры.

Біріктірілген мұрағат қоры дегеніміз екі немесе одан да көп қор құраушылардың іс-әрекеті барысында пайда болған, өзара тарихи және (немесе) қисынды байланысы (мақсаттық арналымының бір тектілігі, бағыныштылығы, іс-әрекет объектісі мен уақытының бірлігі, бір жерде орналасуы және т.б.) бар (болған) құжаттардан тұратын мұрағат қоры.

Мұрағат коллекциясы дегеніміз әр текті, бірақ бір немесе бірнеше белгілері (тақырыптық, атаулық, объектілік, авторлық, хронологиялық және т.б.) бойынша біріктірілген жекелеген құжаттар жинағы.


  1. ^ БІРІКТІРІЛГЕН МҰРАҒАТ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ


Материалдарды есепке алуды, құжаттарды пайдалануды оңайлату үшін, қорларды мұрағат қоймаларында тиімді орналастыру үшін және құжаттық материалды жан-жақты пайдалану мақсатында жинақы, сапалы ғылыми-анықтамалық аппарат жасау үшін біріктірілген мұрағат қорын жасауға кеңес беріледі. Бұндай мұрағат қорлары қор құраушының қысқа әрекетінің барысында пайда болған істер саны аз, құжаттары нашар сақталған және бөлшектенген ұсақ мұрағат қорларынан жасалады. Біріктірілген қор жасаудың міндетті шарты – оның құрамына кіретін нақты қорлардың құжаттарының бөлшектенбеуі болып табылады.

Біріктірілген қор жасаудың алдында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, бұл жұмыстар әр қорқұраушыны зерделеуден, қор құраушылардың бір-бірімен байланысын анықтаудан, қор құраушылардың функцияларын анықтаудан тұрады. Сонымен қатар, қор құраушының іс-әрекеті болған кезең мен аумақ анықталады.

Біріктірілген мұрағат қорын құраудың негізгі алғышарттары – бұл қорларды біріктірілген қорға топтастыруға негіз болатын белгілерді анықтау болып табылады. Топтастыру белгілері қор құраушының ерекшеліктерінен және олардың арасындағы байланыстан туындайды.

Құжаттарды біріктірілген қорларға топтастыру үшін келесі белгілер пайдаланылады: белгілі бір аумақта жұмыс істейтін қор құраушылардың мақсаттық арналымы мен функциясының бірдейлігі; қор құраушының бір ведомствоға бағыныштылығы; қор құраушылардың іс-әрекет объектісінің бірдейлігі; іс жүргізуінің ортақтық белгісі.

Мақсаттық арналымының бірдейлігі белгісі өз іс-әрекеті және функциялары бойынша бір тектес қорқұраушының құжаттарын топтастыру үшін пайдаланылады (мысалы, аумақтық сайлау комиссиялары). Мұнда, мақсаттық арналымдары бірдей мекемелердің құжаттарынан біріктірілген қор жасағанда біріктірілген қор аясынан тыс ұқсас мекемелер қорының болуына жол берілмейтінін еске сақтау қажет. Бұдан өзге, қорқұраушының салалық және ведомстволық қарастылығы есепке алынады.

Қорқұраушының ведомстволық бағыныштылығы белгісі әкімшілік, өндірістік, мәдени немесе басқа арналымдағы қандай да бір қор құраушының өзіне бағынышты мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың (мысалы, құрылыс басқармасы және оған бағынышты мекемелер) құжаттарымен бірге біріктірілген қор құрауда пайдаланылады.

Әрекет объектілері бірдейлік белгісі бір-біріне бағынышты емес, бірақ өзара әрекет объектісі бойынша байланысты мекемелердің, ұйымдардың құжаттарын біріктіргенде қолданылады. Осылайша мекемелер мен осы мекемелердің қызметкерлері мүшелері болып табылатын бастауыш қоғамдық ұйымдардың (кәсіподақ, спорттық, ғылыми-техникалық) құжаттарын біріктіруге болады. Әрекет объектісі бірдейлік белгісін әкімшілік-шаруашылық және басқа көпсатылы, бір-біріне бағынышты мекемелердің құжаттарынан біріктірілген қор құрағанда пайдаланады, егер олар сатының бір тізбегін алып тастағанда қалыпты жұмысты бұзатын мекемелер кешені болса. Бұндай мекемелер жүйесін мысалы, темір жол басқармасы, оның бөлімшелері, учаскелер, қызметтер, сонымен қатар, теңіз немесе өзер порты параходтығының ұқсас мекемелері құрайды. Бұл белгі бойынша қорқұраушының құжаттарына әртүрлі қосалқы мекемелердің, курстардың және жою комиссияларының құжаттарын біріктіруге болады.

Іс жүргізу ортақтығы белгісі де аз маңызға ие емес, бұл белгінің негізінде бірінен кейін бірін алмастырған мекемелер, яғни алдыңғы қорқұраушы және кейінгі қорқұраушы бір қорға кіргізіледі, егер алдыңғы қорқұраушының құжаттары толығымен немесе ішінара келесі қорқұраушыға берілген болса, сонымен қатар, істерді қалыптастыру бөлуге болмайтын құжаттар кешенін жасауға әкелген үздіксіз процес түрінде болған болса бұндай мекемелер де біріктірілген қорға кіреді.

Мұрағат қорларын біріктірілген мұрағат қорына топтастыру белгілері өзара байланысты. Сондықтан көп жағдайда біріктірілген мұрағат қорлары бұл белгілердің әртүрлі астасуы негізінде жасалады.

Біріктірілген мұрағат қорының атауы оған енгізілген қорлардың қортындыланған атауынан, жетекшілік еткен мекеменің атауынан және оған бағынышты мекемелердің жалпы атауынан тұруы мүмкін.


^ 2. МҰРАҒАТ КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ


Мұрағат коллекциялары жеке, бөлшектелген, жеке мұрағат қорын жасау мүмкін емес құжаттардан жасалады. Коллекция жасаудың мақсаты құжатарды жан-жақты пайдалануға қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Өз құжаттарын мемлекеттік сақтауға өткізетін көптеген мекемелердің құжаттық қорларында құжаттардың барлық санаттары ғылыми және практикалық маңызға ие емес. Егер құжаттық қордың құрамында жекелеген құнды құжаттар болса, онда олардан мұрағат коллекциясы жасалады.

Мұрағат коллекцияларының мұрағат қорлары мен біріктірілген мұрағат қорларынан айырмашылығы онда тарихи емес, қисынды (логикалық) байланыс басым келетінінде.

Құжаттар мұрағат коллекцияларына тақырыптық (мысалы, кәсіби қозғалыс тарихы бойынша құжаттар), авторлық (мемлекеттік, саяси, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі нәтижесінде пайда болған құжаттық материалдар), атаулық (жазушылардың хаттары), хронологиялық (бір кезеңде жұмыс істеген ұйымдардың, мекемелердің құжаттары). Бұл белгілер өзара сәйкесуі мүмкін. Бір белгіні таңдау құжат ерекшелігіне және коллекция жасау мақсатына байланысты.

^ 3. ҚҰЖАТТАРДЫ ҚОРЛАНДЫРУ ҮЛГІЛЕРІ


1. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, олардың бөлімдері мен басқармаларының құжаттарын қорландыру.


1) Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің оларды Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 9 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Заңына сәйкес 1993 жылдың желтоқсанында таратылу сәтіндегі құжаттары біртұтас қор құрайды (1 қосымша).

2) Бір жылдан аз ғана көп (1990-1991 жж.) жұмыс істеген атқару комитеттерінің құжаттары жергілікті Кеңестер қорына атқару комитеттері тізімдемелеріне енгізіледі.

3) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Өкілетті жергілікті және атқарушы органдар туралы» Заңына сәйкес сайланған мәслихат-жиналысы депутаттарының және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына сәйкес сайланған мәслихаттардың құжаттары жеке қор құрайды және бір тізімдемеге біріктіріледі (2 қосымша).

4) Әкімшілік басшысы аппаратының (1994 жылдан бастап ауыл, кент, 1992 жылдан бастап облыстық, аудандық, қалалық) және Әкім аппаратының (1995 жылдың желтоқсанынан) жеке біртұтас қор және біртұтас тізімдеме құрайды (3 қосымша).

5) Атқару комитетінің, әкімшіліктің, Әкім аппаратының салалық бөлімдерінің (басқармалардың) құжаттары бір қор құрайды, бірақ жеке тізімдемелерге біріктіріледі, яғни атқару комитеттерінің құжаттары атқару комитеттері бөлімдерінің алдыңғы тізімдемелерін жалғастырады және жабады, ал әкімшілік және Әкім аппараты бөлімдерінің (басқармаларының) құжаттары біріктірілген қордың жеке тізімдемесіне енгізіледі. Оған жеке титулды бет пен алғысөз жасалады. Қорды жабуға және жаңа қор құрауға бөлімнің (басқарманың) тарауы, бірнеше бөлімдердің (басқарамаларды) бір бөлімге бірігуі, жаңа бөлімдердің (басқармалардың, комитеттердің) құрылуы негіз бола алады (4, 5 қосымшалар).

Жеке құрам бойынша құжаттар бөлімнің (басқарманың) бағыныштылығына қарамастан бір тізімдемеге біріктіріледі, яғни жеке құрам бойынша алдыңғы тізімдемелер жалғастырылады.


2. Аумақтық сайлау комиссияларының құжаттарын қорландыру.


1) Референдумдар өткізу бойынша құжаттар облыстық, қалалық, аудандық аумақтық комиссияның иелігінде болып табылады, жеке біріктірілген қор құрайды және қорға жеке тізімделер арқылы енгізіледі. Мысалы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы: Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі мерзімін ұзарту туралы референдум өткізу бойынша құжаттардың №1 тізімдемесі, Қазақстан Республикасы Конститутциясын қабылдау бойынша референдум өткізу жөніндегі құжаттардың №2 тізімдемесі.

Қазақстан Республикасы Президентін мерзімінен бұрын сайлау бойынша құжаттардың №3 тізімдемесі. Әр тізімдемеге титулды бет және алғысөз жасалады. Дәл осылайша қалалық, аудандық аумақтық комиссиялардың қорлары жасалады (6, 7, 8, 9 қосымшалар).


3. Меншік нысанының өзгеруіне байланысты кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың құжаттарын қорландыру.


1) Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құжаттары және олардың базасында қайта құру жолымен акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер акцияларының қанша бөлігі мемлекеттің қолында немесе акция пакеті толығымен жеке меншікке берілгеніне қарамастан біртұтас біріктірілген қорға енгізіледі, бірақ құжаттар жеке тізімдемелер болып енгізіледі. Бұндай қордың тізімдемелеріне жеке титулды бет пен алғысөз жасалады (10, 11, 12 қосымшалар).

Жеке құрам бойынша құжаттар бұл қорларда жеке құрам бойынша алдыңғы қорларды жалғастырады.

2) Егер мемлекеттік кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің базасында алдыңғыны жою жолымен акционерлік қоғам, меншік қолдағы пакет акциясы бар компания құрылған болса онда мемлекеттік кәсіпорын, ұйым, мекеменің қоры жабылады. Мемлекеттік кәсіпорынның жеке құрам бойынша құжаттары жалғасады және жеке құрам бойынша алдыңғы тізімдемелер жабылады. Жаңадан құрылған акционерлік қоғамның, компанияның құжаттары жеке қор құрайды. Жеке құрам бойынша құжаттар да осы акционерлік қоғамның, компанияның жаңадан жасалған жеке қорына олардың құрылу сәтінен бастап енгізіледі (13, 14 қосымша).


4. Істері аз көлемді меншіктің барлық нысанындарының құжаттарын қорландыру.


1) Мемлекеттік емес мешік түріндегі жойылатын ұйымдардың (кооперативтердің, жеке, шағын кәсіпорындардың және т.б.) жеке құрам бойынша құжаттары біріктірілген қор құрайды және оған меншік түріне байланысты жеке тізімдемелер болып енгізіледі. Мысалы, №1 тізімдемеге жойылған ЖШС құжаттары кіреді, №2 тізімдемеге жойылған кооперативтердің құжаттары, №3 тізімдемеге жойылған шағын кәсіпорындардың құжаттры кіреді. Тізімдемелерде құжаттар хронологиялық ретпен орналасады, яғни істерді мемлекеттік мұрағатқа өткізу жылдары бойынша. Жыл ішінде құжаттар заңды тұлғалардың алфавит реті бойынша орналасады, содан кейін құжаттарды жүйелеудің номиналдық принципі бойынша орналасады. Әр тізімдемеге заттық көрсеткі жасалады, онда ұйымның ресми атауы, мемлекеттік сақтауға берілген шеткі даталары және тізімдеме бойынша берілген нөмірі көрсетіледі.

2) Сонымен қатар, мұрағат коллекциясын мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымның (кооперативтер, жеке шағын кәсіпорындар және т.б.) жеке құрам бойынша құжаттарының құрауы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттар бір тізімдемеге кіреді және хронологиялық ретпен орналасады, яғни мемлекеттік мұрағатқа түсу жылдары бойынша. Жыл ішінде құжаттарды жүйелеудің авторлық және номиналды жүйелеу принципі қолданылады.

3) Құжаттарының көлемі шағын жойылған мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың құжаттары ұйым әрекетінің сипатына байланысты жеке біріктірілген қорларға жинақталады. Мысалы, жеке біріктірілген қорлар жойылған бала бақшалардың құжаттарына, жойылған отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құжаттарына, жойылған жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің т.б. құжаттарына жасалады. Біріктірілген қор ішінде әр ұйым жеке тізімдемеге кіреді және әр тізімдемеге жеке титулды бет пен алғысөз жасалады (15, 16, 17 қосымшалар).


5. Агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының құжаттарын қорлау.


1) Аудандық ауыл шараушылығы басқармасының құжаттары біріктірілген қор құрайды және келесі тәртіпте жеке тізімдемелерге енгізіледі: 1986 жылғы маусымға дейінгі және ары қрай 1991 жылдың маусымы – 1992 жылдың наурызы (атқару комитеттерінің таралу сәті бойынша) кезеңіндегі құжаттар жеке тізімдемеге біріктіріледі (19, 20 қосымша). 1986 жылдың маусымынан бастап бастап 1991 жылдың маусымына дейінгі кезеңде жасалған құжаттар келесі жеке тізімдемені құрайды (бұл аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің құжаттары) (21 қосымша). 1992 жылдың наурызынан бастап (3.1 т. 4 тт. ұқсас) құжаттарға жеке тізімдеме жасалады. Әр тізімдемеге жеке титулды беп пен алғысөз жасалады (22 қосымша).

Бұндай қорлардағы жеке құрам бойынша құжаттар жеке құрам бойынша алдыңғы тізімдемелердің жалғасы болып табылады.

2) Совхоздың және оның базасында құрылған ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің және басқалардың құжаттары біртұтас біріктірілген қор құрайды және қорға жеке тізімдемелер болып кіреді, әр тізімдемеге жеке титулды бет және алғысөз жасалады (23, 24, 25 қосымшалар).

Бұл қорлардағы жеке құрам бойынша құжаттар қорқұраушының меншік түріне қарамастан бір тізімдемеге енгізіледі, яғни жеке құрам бойынша алдыңғы тізімдемелер жалғастырылады.


1 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР №176


14 қазан 1939 ж. –

30 желтоқсан 1962 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық еңбекші депутаттар кеңесі және оның атқару комитеті

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


16 қаңтар 1963 ж. –

17 желтоқсан 1964 ж.

Шығыс Қазақстан өнәркесіптік облыстық еңбекші депутаттар кеңесі және оның атқару комитеті

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


16 қаңтар 1963 ж. –

17 желтоқсан 1964 ж.

Шығыс Қазақстан ауылдық облыстық еңбекші депутаттар кеңесі және оның атқару комитеті

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


18 желтоқсан 1964 ж. –

6 қазан 1977 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық еңбекші депутаттар кеңесі және оның атқару комитеті

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


7 қазан 1977 ж. –

20 ақпан 1992 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық халық депутаттар кеңесі және оның атқару комитеті

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы



21 ақпан 1992 ж. –

желтоқсан 1993 ж.


Шығыс Қазақстан облыстық халық депутаттар кеңесі және оның атқару комитеті

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1939-1993 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

2 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР №104


10 желтоқсан 1993 ж. –

30 тамыз 1995 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық депутаттардың мәслихат-жиналысы

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы



1 қыркүйек 1995 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1993-1995 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

3 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР №


ақпан 1992 ж. –

қараша 1995 ж.

Өскемен қалалық

әкімшілігінің басшысы

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы



желтоқсан 1995 ж.

Өскемен қаласының Әкімі

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1993-1995 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

4 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 124


қаңтар 1966 ж. –

тамыз 1988 ж.

Ұлан аудандық Еңбекші депуттаттар кеңесінің атқару комитетінің (1977 жылдың қазанынан бастап – Ұлан аудандық халық депуттар кеңесі) жоспарлау комиссиясы

Никитинка ауылы

Ұлан ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


тамыз 1988 ж. -

наурыз 1991 ж.

Ұлан аудандық халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің экономика бөлімі

Никитинка ауылы

Ұлан ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


наурыз 1991 ж. –

наурыз 1992 ж.

Ұлан аудандық халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің экономика комитеті

Никитинка ауылы

Ұлан ауданы

Шығыс Қазақстан облысы




1966-1992 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

5 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 124


наурыз 1992 ж. –

маусым 1993 ж.

Ұлан аудандық әкімшілігінің экономика комитеті

Никитинка ауылы

Ұлан ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


маусым 1993 ж. –

қараша 1995 ж.

Ұлан аудандық әкімшілігінің экономика басқармасы

Никитинка ауылы (1995 жылдың сәуірінен Бозанбай ауылы)

Ұлан ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


желтоқсан 1995 ж.

Ұлан ауданының экономика басқармасы

Бозанбай ауылы

Ұлан ауданы

Шығыс Қазақстан облысы




1992-1995 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№2 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

6 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


БІРІКТІРІЛГЕН МҰРАҒАТ ҚОРЫ № 58


«Шығыс Қазақстан облыстық

аумақтық сайлау комиссиясы»


1995, 1998-1999 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1, 2, 3 ТІЗІМДЕМЕЛЕРІ


Өскемен қаласы

7 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ



1 сәуір 1995 ж. –

15 мамыр 1995 ж.

«Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттілік мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту туралы» 1995 жылғы 29 сәуірде республикалық референдум әзірлеу және өткізу бойынша Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1995 жылдың

тұрақты сақтау істерінің

№1 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

8 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 58



шілде 1995 ж. –

тамыз 1995 ж.

«Қазақстан Республикасы Конституция-сын қабылдау туралы» 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдум әзірлеу және өткізу бойынша Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1995 жылдың

тұрақты сақтау істерінің

№2 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

9 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 58



қараша 1998 ж. –

қаңтар 1999 ж.

Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1998-1999 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№3 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

10 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


БІРІКТІРІЛГЕН МҰРАҒАТ ҚОРЫ № 351


«Восток-Авиа» ашық тұрпатты акционерлік қоғамының


(АТАҚ) Өскемен біріктірілген авиация отряды»


1945-1998 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1, 2, 3, 4 ТІЗІМДЕМЕЛЕРІ


Өскемен қаласы

11 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ



[1945 ж.] –

қыркүйек 1952 ж.

КСРО Халық комиссарлары кеңесінің жанындағы Азаматтық әуе флоты бас басқармасының Қазақ аумақтық басқармасының арнайы пайдаланымдағы 268 авиация отряды (1946 жылдан бастап (КСРО Министрлер кеңесі жанындағы)

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


қыркүйек 1952 ж. –

қыркүйек 1963 ж.

КСРО Халық комиссарлары кеңесінің жанындағы Азаматтық әуе флоты бас басқармасының Қазақ аумақтық басқармасының 157 біріктірілген авиация отряды

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


қыркүйек 1963 ж.

1964 ж.

КСРО Халық комиссарлары кеңесінің жанындағы Азаматтық әуе флоты бас басқармасының Қазақ аумақтық басқармасының Өскемен біріктірілген авиация отряды

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


1964 ж.

желтоқсан 1991 ж.

КСРО азаматтық авиация министрлігінің Қазақ азаматтық авиция басқармасының

Өскемен біріктірілген авиация отряды

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы



қаңтар 1992 ж. –

желтоқсан 1993 ж.


Қазақстан Республикасы Қазақ азаматтық авиция басқармасының

Өскемен біріктірілген авиация отряды

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы





1945-1993 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1, 2, 3 ТІЗІМДЕМЕЛЕРІ


Өскемен қаласы

12 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 351



қаңтар 1994 ж. –

қазан 1998 ж.

«Восток-Авиа» Ашық тұрпатты акционерлік қоғам (АТАҚ)

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1994-1998 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№4 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

13 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 313



мамыр 1970 ж. –

сәуір 1978 ж.

Қазақ ССР Министрлер кеңесі жанындағы Газ шараушылығы бас басқармасының «Усть-Каменогорскоблгаз» газ шаруашы-лығының Шығыс Қазақстан облыстық өндірістік тресті

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


сәуір 1978 ж. –

маусым 1984 ж.

Қазақ ССР Министрлер кеңесі жанындағы Газ шараушылығы бас басқармасының «Усть-Каменогорскоблгаз» газ шаруашы-лығының Шығыс Қазақстан облыстық өндірістік бірлестігі

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


шілде 1984 ж. –

маусым 1988 ж.

Қазақ ССР газдандыру бойныша Мемлекеттік комитетінің «Усть-Каменогорскоблгаз» газ шаруашы-лығының Шығыс Қазақстан облыстық өндірістік бірлестігі

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


маусым 1988 ж. –

ақпан 1990 ж.

Қазақ ССР газадандыру және отын министрлігінің «Усть-Каменогорскобл-газтоп» газ және отын шараушылығының Шығыс Қазақстан облыстық өндірістік бірлестігі

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


ақпан 1990 ж. –

ақпан 1992 ж.

Қазақ ССР газдандыру және отын министрлігінің «Усть-Каменогорскобл-газ» газ шараушылығының Шығыс Қазақстан облыстық өндірістік бірлестігі (1991 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы)

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


ақпан 1992 ж. –

желтоқсан 1993 ж.

Қазақстан Республикасы Энергетика және отын-энергетикалық ресурстар министрлігінің «Казахгазификация» Қазақ мемлекеттік концернінің «Усть-Каменогорскоблгаз» газ шаруашылығының Шығыс Қазақстан облыстық өндірістік бірлестігі

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1970-1993 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы


14 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 316



қаңтар 1994 ж. –

қазан 1996 ж.

«Алаугаз» холдинг компаниясының «Усть-Каменогорск алаугаз» Ашық тұрпатты акционерлік қоғамы (АТАҚ)

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


қазан 1996 ж. –

желтоқсан 1997 ж.

«Усть-Каменогорск алаугаз» Ашық тұрпатты акционерлік қоғамы (АТАҚ)

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1994-1997 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

15 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


БІРІКТІРІЛГЕН МҰРАҒАТ ҚОРЫ №1410


«Жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері»


1996-2005 жылдардың

жеке құрам бойынша істерінің

№1л, 2л, 3 л ТІЗІМДЕМЕЛЕРІ


Өскемен қаласы

16 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР №1410



6 тамыз 1996 ж. –

14 сәуір 2005 ж.

№1 жергілікті өзін өзі басқару комитеті Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1996-2005 жылдардың

жеке құрам бойынша істерінің

№1л ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы


17 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 1410



8 тамыз 1996 ж. –

14 сәуір 2005 ж.

№2 жергілікті өзін өзі басқару комитеті Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1996-2005 жылдардың

жеке құрам бойынша істерінің

№2л ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы


18 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 1410



2 тамыз 1996 ж. –

14 сәуір 2005 ж.

№3 жергілікті өзін өзі басқару комитеті Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысы




1996-2005 жылдардың

жеке құрам бойынша істерінің

№3л ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

19 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


БІРІКТІРІЛГЕН МҰРАҒАТ ҚОРЫ № 80


« Шығыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсіп кешені комитетінің

Глубокое аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі


Глубокое ауданы Ауыл шаруашылық басқармасы»


1964-1997 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1, 2, 3 ТІЗІМДЕМЕЛЕРІ


Өскемен қаласы

20 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР 80



1964 ж. –

қаңтар 1965 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және даярлау басқармасының Глубокое аумақтық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және даярлау басқармасы

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


ақпан 1965 ж. –

желтоқсан 1969 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық басқармасының Глубокое аудандық өндірістік ауыл шаруашылық басқармасы

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


қаңтар 1970 ж. –

қазан 1977 ж.

Глубокое аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің ауыл шаруашылық басқармасы

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


қазан 1977 ж. –

маусым 1986 ж.

Глубокое аудандық халық депутаттар кеңесі атқару комитетінің ауыл шаруашылық басқармасы

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


маусым 1991 ж. –

12 наурыз 1992 ж.

Глубокое аудандық халық депутаттар кеңесі атқару комитетінің ауыл шаруашылық және азық-түлік басқармасы

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы




1964-1986, 1991-1992 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

21 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 80



маусым 1986 ж. –

20 маусым 1991 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсіп комитетінің Глубокое аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы




1986-1991 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№2 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

22 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 80


наурыз 1992 ж. –

ақпан 1995 ж.

Глубокое аудандық әкімшілігінің ауыл шараушылық басқармасы

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


наурыз 1995 ж. –

қараша 1995 ж.

Глубокое аудандық әкімшілігінің аграрлық мәселелер жөніндегі департаменті

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


желтоқсан 1995 ж. –

наурыз 1996 ж.

Глубокое ауданының аграрлық мәселелер жөніндегі департаменті

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


наурыз 1996 ж. –

тамыз 1997 ж.

Глубокое ауданының ауыл шаруашылық басқармасы

Глубокое кенті

Глубокое ауданы

Шығыс Қазақстан облысы




1992-1997 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№3 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

23 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


БІРІКТІРІЛГЕН МҰРАҒАТ ҚОРЫ № 558


«Глубокое аудандық ауыл шаруашылық басқармасының

«Иртышский» сүт-көкөніс совхозы


«Иртышское» ауыл шаруашылық кәсіпорны


1959-1996 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1, 2 ТІЗІМДЕМЕЛЕРІ


Өскемен қаласы

24 қосымша


^ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР №558



1959 ж. –

сәуір 1961 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық басқармасының «Иртышский» сүт-картофель-көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


мамыр 1961 ж. –

ақпан 1962 ж.

Шығыс Қазақстан облыстық совхоздар басқармасының «Иртышский» сүт-картофель-көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


наурыз 1962 ж. –

желтоқсан 1962 ж.

Өскемен аумақтық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және дайындау совхоз-колхоз басқармасының «Иртышский» сүт-картофель-көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


қаңтар 1963 ж. –

желтоқсан 1964 ж.

Шемонаиха аумақтық ауыл шараушылық өнімдерін өндіру және дайындау совхоз-колхоз басқармасының «Иртышский» сүт-картофель-көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы



қаңтар 1965 ж. –

қараша 1969 ж.

Глубокое аудандық өндірістік ауыл-шаруашылық басқармасының «Иртышский» сүт-картофель-көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

желтоқсан 1969 ж. –

желтоқсан 1985 ж.

Глубокое аудандық ауыл шаруашылық басқармасының «Иртышский» сүт-картофель-көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


қаңтар 1986 ж. –

наурыз 1989 ж.

Глубокое аудандық агроөнеркәсіп өндірістік бірлестігінің «Иртышский» сүт-картофель-көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


сәуір 1989 ж. –

наурыз 1991 ж.

Глубокое аудандық агроөнеркәсіп өндірістік бірлестігінің «Иртышский» сүт- көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


сәуір 1991 ж. –

сәуір 1992 ж.

Глубокое аудандық ауыл шаруашылық және азақ-түлік басқармасының «Иртышский» сүт- көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы



мамыр 1992 ж. –

желтоқсан 1994 ж.

Глубокое аудандық ауыл шаруашылық басқармасының «Иртышский» сүт- көкөніс совхозы

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы




1959-1994 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№1 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы

25 қосымша


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ҚОР № 558



қаңтар 1995 ж. –

желтоқсан 1996 ж.

«Иртышское» ауыл шаруашылық кәсіпорны

Кожохово ауылы

Предгорный ауданы

Шығыс Қазақстан облысы




1995-1996 жылдардың

тұрақты сақтау істерінің

№2 ТІЗІМДЕМЕСІ


Өскемен қаласы



Похожие:

ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер iconШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер
Жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер
ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер icon2010 жылға Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты жұмысының негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Есебі
«Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының шығарылу ережелеріне, «Акмола облысы мемлекеттік мұрағатында дайындалған құжаттарды қорландыру...
ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер iconМемлекеттік мұРАҒаты аудандық ЖӘне оларға теңестірілген соттардың ҚҰжаттарына ғылыми-техникалық ӨҢдеу жүргізу бойынша әдістемелік кеңестер
Аудандық ЖӘне оларға теңестірілген соттардың ҚҰжаттарына ғылыми-техникалық ӨҢдеу жүргізу бойынша әдістемелік кеңестер
ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер iconӘдістемелік бірлестік туралыереж е
Бм әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша...
ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер iconБастауыш мектеп бойынша қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына талдау. 2011ж
Осы мақсатта әдістемелік жұмыстар жүргізіліп келеді. Барлық мектептерде бастауыш бірлестіктері белгіленген,мектеп әкімшілігі бекіткен...
ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер iconКеңес және кеңестен кейінгі кезеңнің аса құнды құжаттарын анықтау, сипаттау, есепке алу және сақтау бойынша
Ел өмірінің саяси және экономика саласындағы болған өзгерістерге байланысты, ҚР Ұлттық мұрағат қорының құжаттар құрамы толықтырылды...
ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер iconКөмір мен газдың оқыс лақтырулары бойынша қауіпті қабаттарда тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар Кіріспе
Таларын олардың зардабынан сақтау бойынша ұсынымдарды танытады. Әдістемелік ұсынымда көмір мен газдың оқыс лақтырулары және қазба...
ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер icon201 2 жылы философия (PhD) докторы, бейіні бойынша докторы ғылыми дәреже беру бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер

ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер iconЭнергетикалық қондырғылардың пісірілген тігістері мен бөлшектерін стилоскоптау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – ӘҰ) металлдарды, жартылай дайындалған өнімдерді, бөлшектерді, құрастыру бірліктері мен пісірілген...
ҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер iconТехнология пәні әдістемелік жұмыстарының 2010-2011 оқу жылындағы есебі
Ол әрбір мұғалім мен тәрбиенің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан жақты арттыруға бағытталған шаралар. Осы мақсатта әдістемелік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы