ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер icon

ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер



НазваниеШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер
Дата конвертации25.10.2013
Размер136.28 Kb.
ТипДокументы
источник

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ


ЖАСАҚТАУ КӨЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ІШІНАРА ҚАБЫЛДАНАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАУҒА ІРІКТЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР


Құрастырушы:

Баелова А.Т.

Шығыс Қазақстан облысы

мемлекеттік мұрағатының

мұрағатшысы


Шығыс Қазақстан облысы

мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК

_________________________

№ ____ хаттамасымен МАҚҰЛДАНДЫ


ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ

2005 жыл

КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұнын оңтайландырудың, мемлекет пен қоғамның дамуын ақиқат бейнелейтін толық мәнді дерек көздерін жасаудың маңызды шарты еліміздің мемлекеттік мұрағаттарын жасақтау (жинақтау) көзін анықтау болып табылады. Іс-әрекеттері барысында саяси, халық шаруашылық, ғылыми, әлеуметтік-мәдени маңызы бар құжаттар жасалатын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар және жеке тұлғалар мемлекеттік мұрағаттарды жасақтау көздері болып табылады.

Қазақстанның жеке мемлекет болуы, қоғамдық-саяси құрылыстағы өзгерістер, экономика, әлеуметтік және саясат салаларындағы түбегейлі өзгерістер мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктер мен партиялардың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді және олар пайда бола береді де, ал бұлардың іс-әрекеті барысында бір бөлігі мемлекеттік сақтауға жататын құжаттар жасалады. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №326-1 «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының қабылдануы мемлекеттік мұрағат қызметі мен барлық ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғалардың халықты құжатты тарихи-мәдени мұрамен қамтамасыз ету бойынша өзара қарым-қатынасына нақты құқықтық база болып отыр.

Бұл әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері құжаттарды ішінара қабылдау формасын және ішінара қабылдау арқылы жасақтау көзі болып табылатын құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу әдістемесін анықтау.

Жеке бас текті құжаттармен жасақтауға байланысты сұрақтар қаралмайды, себебі, бұл жұмыс өз бетінше жеке маңызға ие және жеке ғылыми-әдістемелік қамсыздандыруды талап етеді.

Бұл әдістемелік кеңестерді мемлекеттік мұрағат мекемелерінің жасақтау көздерінің нақты тізімдерін анықтау және ендіру бойынша практикалық жұмыстарда, жергілікті жағдайға бейімделген ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздері болып табылатын құжаттарды іріктеу бойынша нормативтік-әдістемелік әзірленім жасауда пайдалануына болады.



  1. ^ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ


1.1. «Мемлекеттік мұрағаттарды жасақтау көздерін анықтау» түсіндірмесін былайша ұғуға болады:

- салалық жүйенің (ұйымдардың) құрылымын және ұйымдық негізін зерделеу;

- салалық жүйенің (ұйымдардың) негізгі іс-әрекетінің негізгі бағыттарын талдау, оның іс-әрекеті барысында пайда болған құжаттар кешенінің құрамы мен мазмұнын анықтау;

- мемлекеттік мұрағаттарды жасақтау көздерінің тізіміне енгізілген ұйымдардан құжаттар қабылдау формасын анықтау;

- мемлекеттік мұрағаттарды жасақтау көздерінің тізіміне ұйымдарды енгізу бойынша қажетті практикалық ісшаралар кешенін жүргізу.

1.2. Нақты мемлекеттік мекеменің жасақтау зонасында орналасқан салалық жүйенің немесе нақты ұйымның құрылымын және ұйымдық негізін зерделеу олардың анықталуын, олардың мақсатын, орындалатын міндеттерін, жүктелген функцияларын, құзірет аясын анықтауды қарастырады.

1.3. Зерделеу барысында саланың (ұйымның) жетекші мамандарымен кеңесу қажет, министрліктердің, ведомствалардың, Әкімдер аппараттарының, жергілікті қаржы, заңгерлік, статистикалық және басқа органдардың қажетті матералдарын қарау керек. Анықтауды мемлекеттік мұрағаттарды жасақтау көзі болып табылатын мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар түрлерінің тұрпатты тізімінің (Алматы, 1999 ж.), Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінен басылып шыққан жүйелеушілер (классификаторы) мен тізбелер негізінде жүргізуге кеңес беріледі.

1.4. Құрылымдық және ұйымдық негізді зерделеу барысында салалық жүйенің (ұйымның) іс-әрекетінің барлық бағыттарын, оның ұйымдық-құқықтық формасын, филиалдардың бар-жоғын (бөлімшелердің, еншілес құрылымдардың және олардың заңды мәрртебелерін) анықтау өте маңызды.

1.5. Әр түрлі сипаттағы функциялары бар нақты ұйымды халық шаруашылығының қандай да бір саласына жатқызғанда оның әрекетінің басымды бағытын анықтау қажет. Әрі қарай функцияның, ұйымның тегін жүйелі түрде зерделеп отыруға кеңес беріледі, себебі нарық экономикасы жағдайында және сұраныс түрлерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты олардың сатысы барынша өзгеріп отыруы мүмкін, бұл өзгерістер туралы Жабдықтау көздерінің тізімінде дұрыс беріліп отыруы керек.

1.6. Жұмыстың маңызды да қажетті кезеңінің бірі саланың (ұйымның) құжаттандыру сипатын, оның басқа құжаттармен араласа кездесуін (поглащаемость) және қайталаныуын зерделеу болып табылады. Осы мақсатта басқарма, ғылыми-техникалық, үн-көрнекі және машинамен оқылатын құжаттаманың құрамы мен мазмұны, құжаттандыру және басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету талданады. Құжаттар кешенін зерделеуді мұрағатты жасақтау зонасында орналасқан жетекші басты ұйымнан, яғни жүйенің негізгі ұйымынан бастаған дұрыс. Егер жасақтау зонасында бір түрдегі бірнеше ұйым орналасса, онда базалық ұйым ретінде барынша басымдық сипаттағы біреуін немесе бірнешеуін таңдап алуға болады. Құжатты анықтағанда және оларды Ұлттық мұрғат қорына жатқызғанда іс жүзіндегі сақталу мерзімі көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесін, салалық құжаттар тізбесін, үлгілі, тұрпатты, нақты істер номенклатурасын, іс жүргізу бойынша нұсқауды, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының жоғары тұрған органының директивалық нұсқауларын, зерделеніп отырған сала (ұйым) қызметкерлерінің мамандардың кеңестерін пайдалану қажет.


^ 2. ЖАСАҚТАУ КӨЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ІШІНАРА ҚАБЫЛДАНАТЫН ҚҰЖАТТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК САҚТАУҒА ІРІКТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ.


2.1. Құжаттарды қабылдау формасы дегеніміз жоғарыда айтылған өлшемдерге және жасақтау көзі факторларына сәйкес түсетін құжаттар құрамы. Осыған орай ұйымдар екі топқа бөлінеді:

- толық қабылдау көзері;

- ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздері.

Әрбір бекітілген формаға белгілі бір сан немесе сандар комбинациясы сәйкес келеді.

2.2. Толық қабылдау арқылы жабдықтау көздері – бұл мемлекеттік мұрағатты жабдықтау зонасында орналасқан бір түрге жататын барлық ұйымдар, олардың барлығынан бағалы деп саналатын құжаттар толығымен қабылданады. Толық қабылдау арқылы жабдықтау көздері «1» санымен белгіленеді. Бұларға салалық ведомствалық жүйеде өз маңызы бойынша басқарма органдары болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-мәдени салада маңызды функция атқаратын ұйымдар мен кәсіпорындар жатады. Бұндай ұйымдар әдетте өздерінің негізгі функцияларын бейнелейтін біртұтас құжаттар кешенін жасайды. Толық қабылдау арқылы жасақтау көздерінің құрамына құнды құжаттары барынша толық қалпында жоғары тұрған ұйым қорының құрамына кіретін, бірақ өздері басқа мемлекеттік мұрағаттарды жасақтау зонасына жататын ұйымдар кіруі мүмкін.

2.3. Ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздеріне мемлекеттік мұрағатты жасақтау зонасында орналасқан және одан мұрағатқа барлық құжаттары немесе қандай да бір белгілері бойынша құжаттар жинағының бір бөлігі түсетін белгілі бір түрдегі ұйымдар жатады.

Мемлекеттік мұрағаттарға ішінара құжаттар қабылдауды қолдану бірқатар факторлардың әсерімен туындайды. Ұйым әрекетінің белгілі бір бағыттарын және қоғам өмірінің қырларын бейнелейтін құжаттардың жалпыламалық сипаты; бұл құжаттардың ұйымға, әдетте басқарудың жергілікті деңгейіне жатуы; басқарма әрекетіндегі құжаттандыру жүйесі ақпараттарының қайталануы негізгі факторлар болып табылады. Әр аймақта халық шаруашылығын және әлеуметтік мәдени құрылысты басқару аталған факторларға тікелей әсер етеді, сондықтан олар құжаттарді ішінара қабылдау әдісін қолданғанда есепке алынады. Құжаттарды сақтау жүйесінің ұйымдары, яғни мемлекеттік мұрағатар жүйесі де ішінара қабылдау әдісін практика жүзінде пайдалануға әсер ететін фактор болып табылады.

Ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздері «2» санымен белгіленеді. Ішінара қабылдаудың негізгі екі формасы бар: түр бойынша қабылдау «2.1.» сандар комбинациясымен, топтық «2.2.» сандар комбинациясымен белгіленеді.

2.3.1. Түр бойынша ішінара қабылдауда бір түрдегі ұйымдардан ғылыми-техникалық құндылығы бар және Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құрамына енгізілген, бірақ жоғары тұрған ұйымдар қорларында кездеспейтін құжаттардың тек жеке түрлері мемлекеттік мұрағаттарға тікелей түседі.

Мемлекеттік сақтауға жататын құжаттадың түрлік құрамын анықтау нормативтік-әдістемелік құралдар (тұрақты және ұзақ уақыт сақтау құжаттарынң тізбесі, тақырыптар тізбесі, үлгі, тұрпатты істер номенклатурасы) талаптарын есепке ала отырып іске асырылады.

Түр бойынша ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздеріне жалпы және жеке ұйымдар жатады, оларды өз функционалдық-мақсаттық міндеттеріне сәйкес

- аудандық, қалалық басқару органдары;

- ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, мәдениете, әділет органдары мен соттарда, қоғамдық ұйымдарда нақты салалардың негізгі міндеттерін іске асырушы қоғамдық негізгі өндірістің ортақ объектілері – объектілер;

- жекелеген объектілер – мысалы, еңбекті ғылыми ұйымдастыру орталықтары.

Түр бойынша ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздерін іріктеу бырысында төмендегі жұмыстар атқарылады:

- ұйым іс-әрекеті туралы ақпаратты басқа, әдетте жоғары тұрған ұйым қорында берілудің толықтығын анықтау;

- мемлекеттік сақтауға жататын құжаттардың түрлік құрамын анықтау.

Ұйым іс-әрекеті туралы ақпаратты басқа, әдетте жоғары тұрған ұйым қорында берілудің толықтығын анықтау қайталанбалы ақпараттары бар құжаттарды іріктеу туралы ереже негізінде жасалады. Сонымен қатар, істер номенклатурасы, тұрпатты және ведомствалық құжаттар тізбесі пайдаланылады.

Әдетте, жоғары тұрған ұйым қорларында жоспарлық, есептік және ақпараттық құжаттар сияқты талдау құжаттары кездеседі. Іс жүзіндегі іріктеу бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес жоспарлық құжаттамалар басқарманың ұйымдық негізін сипаттайтын кейбір құжат түрлері іспеттес мемлекеттік сақтауға тек қор авторы-мекеменің құрамында ғана қабылдануға жатады.

Жоғары деңгейдегі органдар қорында аудандық, қалалық деңгейдегі басқару органдарының келесі құжаттарының қайталануы және мемлекеттік сақтауға іріктеліп алынуы мүмкін: болашақ, кешенді жұмыс жоспары, есептер, статистикалық есептер, тексеру құжаттары, анықтамалар, іс-әрекеттің негізгі бағыттары бойынша мәліметтер.

Ауыл шаруашылығының негізгі өндірісінің ортақ объектілері үшін құжаттардың қайталануы тән қасиет және жоғары тұрған органдар қорынан келесі құжаттарды іріктеп алуға кеңес беріледі: ережелер, жарғылар, тексеру құжаттары, негізгі іс-әрекет бойынша есептер, статистикалық есептер, топырақты, агроботаникалық, геоботаникалық зерттеулер құжаттары – топырақ карталары, талдаулары, геоботаникалық сипаттамалар. Бұдан өзге совхоздардың құжаттық кешендері, колхоздар, жылыжай комбинаттары үшін жылдық агрохимиялық және зоотехникалық есептердің, ветқызметтің әрекеті туралы есептердің, агротехникалық паспорттардың, малды бонитировкалау ведомостерінің, шаруашылық әрекеттерді талдаудың, ал колхоздар үшін жерді мәңгі пайдалану туралы актілерінің, орман шаруашылықтары мен орман өнеркәсібі шаруашылықтары үшін орман өсімдіктерін түгендеу бойынша құжатардың, ормандардың жағдайы туралы санитарлық шолулардың, орман зиянкестерімен химиялық күрес қорытындылары туралы шолулардың қайталануы орын алады.

Жоғары тұрған органдарға әділет және сот ұйымдарынан мемлекеттік сақтауға тексеру құжаттары (актілер, анықтамалар, есептер, қорытындылар), баяндау хаттар, анықтамалар, жұмыс туралы шолулар, статистикалық есептер іріктеліп алынуы мүмкін. Түр бойынша ішінара іріктеуге жатқызылған жеке объектілерден жоғары тұрған органдарға басқарма заңдарының әрекет күшінінің құжаттары түседі және оларды іріктеу іс жүзіндегі ережелер бойынша іске асырылады. Мысалы, еңбекті ғылыми ұйымдастыру орталықтарынан жоғары тұрған органдарда мемлекеттік сақтауға ережелер, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары, тексеру құжаттары іріктелуі мүмкін.

Егер осы түрдегі ұйым және оның жоғары тұрған басқару органы мемлекеттік мұрағатты жабдықтау бойынша әр түрлі зонаға жататын болса «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттары сақтауды ұйымдастыру» факторын есепке ала отырып, түр бойынша ішінара қабылдау толық қабылдаумен алмастырылады.

«Мемлекеттік мұрағаттарды жасақтау көзі болып табылатын мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар түрлерінің үлгілі тізіміне» (А. 1999 ж.) сәйкес бас мұрағаттың шешімі бойынша жекелеген колхоздар мен совхоздар келесі белгілеріне сәйкес толық қабылдану ұйымдары қатарына жатқызылуы мүмкін: жұмыс істеу уақытының ұзақтығы, қалыптасқан дәстүрлері, өндіріс көлемі, мамандандырылуы және белгілі бір климат зонасында орналасуы; алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесі.

2.3.2. Мемлекеттік мұрағатты жабдықтау зонасында орналасқан бір түрдегі ұйымдар тобынан топпен түр бойынша қабылдағанда сол мұрағатқа сақтауға бір немесе бірнеше ұйымнан бағалы құжаттардың толық жиынтығы түседі. Ал қалған осы іспеттес мемлекеттік мұрағатты жабдықтау көзі болып табылмайтын ұйымдардан есептік, және ақпараттық-талдау құжаттамалары мемлекеттік сақтауға жоғары тұрған ұйым қорымен түседі. Іс әрекеті барысында бір тектес ақпарат берілген, құрамы бойынша ұқсас құжаттар жасалатын ұйымдарға топтық ішінара қабылдау жөнінде кеңес беріледі. Жабдықтау көздері тізіміне кіргізілген бір түрдің бір немесе бірнеше ұйымының құжаттары жеке қаралуы мүмкін немесе толық қабылдау арқылы жинақтау көзі болып табылатын ұйым қорының мазмұнына қосымша ретінде қарастырылады.

Топтық ішінара қабылдау санатына жататын ұйымдарды анықтау мақсатында мұрағатты жабдықтау зонасына жататын бір түрдегі ұйымдар шегінде ұйымдардың бір тектес тобын бөлуге кеңес беріледі. Мұнда олардың ұйымдық және өндірістік әрекетінің ортақтығы, ұйымның қызмет етуінің нақты жағдайлары есепке алынады.

Ішінара біріктіруді қалыптастыру бағытталған және кездейсоқ іріктеу жолымен іске асырылады. Бағытталған іріктеуде нақты ұйымды мемлекеттік мұрағатты жабдықтау көздері қатарына енгізу сарапшылар атаған белгілер (басқарманың қажетті ведомствалық жүйесінің мұрағатшылары мен мамандары) бойынша іске асырылады. Кездейсоқ іріктеуде – тек механикалық түрде немесе жеребе тарту әдісімен таңдалады.

Ішінара топтасқан қабылдау арқылы жабдықтау көздеріне келесі топтарға біріктіруге болатын өндірістік және ұйымдық әрекетінің ортақтығы белгісі бар жалпы ұйымдар жатады: оқу орындары, сауықтыру және тәрбие мекемелері, мәдени-ағарту мекемелері, негізгі өндірістің өндірістік объектілері және басқалар.

Топтастырудың белгілерін таңдау, олардың саны, реті, пайдаланылуы әрқашан да мемлекеттік мұрағатты жасақтау зонасының нақты жағдайларынан туындау керек екенін есе ұстаған жөн.

Топтасқан ішінара жасақтау көздерінің құжаттарын іріктеу жұмыстары төмендегідей болуы мүмкін:

  • мұрағатты жасақтау зонасындағы бір түрлі ұйымдар санын анықтау;

  • тұрақты сақтау құжаттарындағы ақпараттардың біртектілік (әр түрлілік) дәрежесін анықтау;

  • жоғары тұрған органның қорында ұйым құжаттарындағы ақпараттың қайталануын анықтау;

  • құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылдануы тиіс мұрағатты жасақтау зонасындағы топтардан нақты ұйымды анықтау.

Өз құжаттарын тікелей толық құрамда мемлекеттік сақтауға беретін ұйымдарның сандық құрамын анықтағанда бір жақты кеңестің болуы мүмкін еместігін есте ұстаған жөн. Таңдау көлемін әр мемлекеттік мұрағат жасақтау зонасының ерекшелігін және мұрағат қоймаларының сыйымдылығын есепке ала отырып, өздері жасайды. Белгілі бір түрдегі ұйым тобының іс әрекеті жоғары тұрған ұйым қорында неғұрлым толық көрсетілсе, құжаттардың толық кешені қабылдануы тиіс мекемелер саны соғұрлым аз болуы керек екенін есте ұстау керек.

Құжаттары мемлекеттік сақтауға түсуі тиісті біртектес ұйымдар тобын таңдағанда келесі ілеспе факторларды есепке алу керек:

1. Аймақтың мамандандырылу сипатына орай ұйымның профильдік факторы, осы факторға сәйкес бір түрдегі ұйымдар тобынан жасақтау көздері құрамына енгізілуге жату немесе жатпай сұрағында басымдылыққа ие болатын жасақтау зонасындағы жетекші профиль өндірісінің құрылу және даму тарихын, аймақ дамуының ерекше әлеуметтік-мәдени аспектілерін бейнелейтін құжаттар жасалатын ұйымдар жасақтау көздері тізіміне енгізіледі. Сонымен қатар, мұрағатты жасақтау зонасында жетекші сала болып табылатын саланың іс-әрекет етуін қамтамасыз етуде ерекше маңызы бар ұйымдар жасақтау көздері құрамына енгізілуі мүмкін.

2. Ұйымның ерекше ролі факторы, іс-әрекетінің көлемі, өндірісінің бірегейлігі, жұмысты ұйымдастырудың жоғары дәрежесі, еңбек сіңіру, саланың дамуына айрықша үлес қосатын дәстүрлер қалыптасқан ұйымдар ерекше ролі бар факторы есебінен мұрағатты жасақтау көздеріне жатқызылады. Мұнда сонымен қатар, бұл ұйымдардың нақты-тарихи кезеңдегі әрекетін, сол саланың белгілі бір уақыттағы ролін есепке алу керек. Жасақтау көздеріне енгізілуде басымдылығы бар ұйымдарға саланың немесе аймақтың дамуында маңызды ролі бар, нақты мақсатқа жетуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік, өндірістік-техникалық, ғылыми-зерттеу, мониторингтік және басқа жоспарланған іс-шаралар кешенін іске асыруға белсенді қатысқан ұйымдар жатқызылады. Мысалы, білім беру саласында жалпы білім беру мектептерін жасақтау көздері ретінде іріктегенде, әр мектептің оқу-тәрбие жұмыстарындағы әдістемені жетілдіруге қосқан үлестерін есепке алудың маңызы зор.

3. Ұйымның негізгі функцияларын құжаттандырудың толықтығы факторы жасақтау көздерін анықтағанда оның іс-әрекетінің құжатпен қамтамасыз етілуін, оның әрекетінің құжаттарда көрсетілу дәрежесін зерттеу негізінде ұйымның құжаттық қорының ақпараттық маңызын анықтауға жол ашады. Бір түрдегі ұйымдардың негізгі қызметін құжаттандыру толықтығындағы іс жүзіндегі айырмашылық олардың құжаттық қорларының әр келкілігіне әкеп соғады, әсіресе бұл білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет жүйелерінің төменгі звеносына тән. Сондықтан бұл фактор топтасқан ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздері құрамына негізгі қызметтері толық құжаттандырылған ұйымдарды кіргізуге бағыттайды.

Барлық аталған үш факторды жасақтау көзі болып табылатын кез келген ведомствалық жүйенің ұйымдарын іріктегегенде есепке алу қажеттігін ұмытпаған дұрыс.

Топтасқан ішінара қабылдау арқылы жасақтау қатарына белгілі бір түрдегі ұйымдарды жатқызу жоғары тұрған орган құжаттарын зерделеу және сол ведомствалардың мамандарымен кеңесе отырып іске асырылады.

Таңдамалы жинаққа кірмеген қалған ұйымдардың барлығынан мемлекеттік сақтауға жоғары тұрған органдардың қорынан басқарма заңдылығының күшімен жинақталған бағалы құжаттар түседі.

Топтасқан ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздерінен мемлекеттік сақтауға түсетін құжаттар құрамы іс жүзіндегі тұрпатты және ведомствалық құжаттар тізбесінің, істер номенклатурасының негізінде анықталады.


ҚОРЫТЫНДЫ.


Бұл әдістемелік кеңестерде баяндалған іріктеу жүйесі әмбебап сипатта және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының кез келген ұйымдар түріне пайдалануға болады.

Бұл әдістемелік кеңестерді мемлекеттік мұрағаттардың ішінара таңдау арқылы жасақтаудың нақты көздерін анықтау бойынша практикалық жұмыстарында пайдалану әр мұрағаттың жасақтау зонасындағы салалық жүйелердің ұйымдары мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, мұрағат мекемелерінің қалыптасқан жұмыс практикасын, іс жүзінде бар мемлекеттік мұрағаттар жүйесін есепке ала отырып, шығармашылық сипатта болуы керек.


^ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Мемлекеттік мұрағаттарды жасақтау көздерін анықтау бойынша әдістемелік кеңестер. Алматы, 1999 ж.

  2. Основные правила работы государственных архивов СССР (КСРО мемлекеттік мұрағаттарындағы негізгі жұмыс ережелері). Москва, 1984 ж.

  3. Отбор на государственное хранение, фондирование, учет документов – источников комплектования выборочного приема. Методические рекомендеции (Ішінара қабылдау жасақтау көздері құжаттарын мемлекеттік сақтауға іріктеу, қорландыру, олардың есебі. Әдістемелік кеңестер) Москва, 1990 ж.

  4. Мемлекеттік мұрағаттарды жасақтау көздері болып табылатын мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар түрлерінің үлгілі тізімі. Алматы, 1999 ж.

  5. Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі мемлекеттік мұрағаттарын жасақтау көздері болып табылатын және жасақтау әлеуетті бар мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар тізімін жасау бойынша кеңестер. Алматы, 1999 ж.



Похожие:

ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер iconШығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты»
«Мемлекеттік мұрағаты» Зырян филиалы кмм жемқорлыққа қарсы іс әрекеті бойынша ақпарат
ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер icon2010 жылға Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты жұмысының негізгі көрсеткіштерін орындау туралы Есебі
«Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының шығарылу ережелеріне, «Акмола облысы мемлекеттік мұрағатында дайындалған құжаттарды қорландыру...
ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер icon2011-2015 жылдарға арналған территорияны дамыту бағдарламасы
Жарма, Зайсан, Зырян, Лениногор. 2009 жылдың 25 мамырынан бастап облыс мемлекеттік мұрағаты (және филиалдары) Шығыс Қазақстан облысы...
ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер iconМемлекеттік мұРАҒаты аудандық ЖӘне оларға теңестірілген соттардың ҚҰжаттарына ғылыми-техникалық ӨҢдеу жүргізу бойынша әдістемелік кеңестер
Аудандық ЖӘне оларға теңестірілген соттардың ҚҰжаттарына ғылыми-техникалық ӨҢдеу жүргізу бойынша әдістемелік кеңестер
ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер iconҚҰжаттарды қорландыру бойынша әдістемелік кеңестер
Мекеменің, ұйымның немесе жеке тұлғаның іс-әрекеті барысында жасалған құжаттар кешені оның құжаттық қорын құрайды. Мекеменің немесе...
ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер iconШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты іс жүргізуде істерді қалыптастыру
Егер ұйымда ведомствалық мұрағат бар болса, онда істі хаттауды ұйымның немесе құрылымдық бөлімнің іс жүргізу қызметі атқарады, бұл...
ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер iconПеречень документов по теме: «Развитие образования в Житикаринском районе за период с 1997 по 2005 годы»
«Жітіқара аймақтық мемлекеттік мұрағаты» «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің филиалы
ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер iconШығыс Қазақстан облысыныңмұрағаттар және құжаттама басқармасы Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23 2012 жылға Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты»
...
ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер iconМүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылданатын
«Шығыс Қазақстан облысының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі
ШЫҒыс қазақстан облысының мемлекеттік мұРАҒаты жасақтау көзі болып табылатын ішінара қабылданатын қҰжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу бойынша әдістемелік кеңестер icon«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі №11/119-V, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы