|
2 ![]() Министерство здравоохранения Республики Казахстан ПРИКАЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БҰЙРЫҚ ![]() 010 жылғы 30 маусым № 475 Город Астана Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есептілік құжаттарды жүргізуді ретке келтіру туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 19 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) және 9) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарының статистикалық есептілік құжаттар нысандарын ұсынуды одан әрі ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарындағы белгіленген статистикалық есептілікті талап ету, ұсыну және алу тәртібі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы есептілік құжаттар үлгілерінің тізбесі; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оны оңтайландыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есептілік құжаттар нысандарын жыл сайын қайта қарау жөніндегі жұмысшы топтың құрамы бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары: 1) денсаулық сақтау субъектілеріне жоғары тұрған және басқа да ұйымдарға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітпеген немесе белгіленбеген немесе қайталанатын статистикалық ақпараттан тұратын есептер мен басқа да ұқсас құжаттарды ұсынуға тыйым салсын; 2) жылдық статистикалық есептерді ұсыну мерзімдеріне сәйкес келетін мерзімде статистикалық есептілік құжаттар нысандарын оңтайландыру бойынша өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын ұсынсын; 3) денсаулық сақтау ұйымдардың басшыларына осы бұйрықты хабарласын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары: 1) белгіленген тәртіпте бекітілген есептілік нысандарында көзделмеген статистикалық мәліметтер мен анықтамалық материалдарды жиынтықтауды көздейтін тармақтарды бұйрықтардың, нұсқаулықтар мен басқа да қызметтік құжаттардың жобаларына енгізбесін. Өте қажет болған жағдайда Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне уақытша шұғыл есептік құжатты енгізу туралы ұсынысты ұсынсын; 2) бөлімшелердің қызметіне тиісті салалық есептерді, денсаулық сақтау ұйымдарының ескірген көрсеткіштерін қысқарту және үдемелі нысандағы жұмысына сәйкес келетін көрсеткіштерді енгізу туралы ұсынысты алдағы есептік кезеңдегі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне ұсынсын. 4. Мынадай: 1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық ұйымдарындағы статистикалық есептілікті енгізуді реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 119 бұйрығының; 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық ұйымдарындағы статистикалық есептілікті енгізуді реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 59 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. Министр Ж. Досқалиев Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрінің2010 жылғы « _30_ » _маусым__^Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі белгіленген статистикалық есептілікті талап ету, ұсыну және алу тәртібі ^ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Комитеттерінің төрағалары мен олардың уәкілеттендірген лауазымды тұлғалары.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы шешімдерімен есептілік құжаттары нысандарының бланкілерінде тек денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары ғана ұсынатын белгіленген статистикалық есептілік құжат жіберілетін ұйымның мекенжайы көрсетіледі. 3. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары мен басқа да қызметкерлері белгіленген есептілік нысандарында көзделгендерді қоса алғанда, қандайда бір статистикалық ақпаратты өз бетінше ұсынуға құқығы жоқ. 4. Жекелеген жағдайларда денсаулық сақтау органдарының басшыларының арнайы шешімдерімен мекенжайға белгіленген есептіліктер жіберілуі мүмкін болатын облыстық, республикалық ұйымдарға арнайы есептерді талдауларды қабылдау және талдау жүктелуі мүмкін. 5. Жұқпалы аурулардың қозғалысы, екпелер мен профилактикалық іс-шаралар туралы есептік құжаттар нысандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жоғары тұрған денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының атына ұсынылады. 6. Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттар нысандарын белгіленбеген мекенжайға ұсынуға қатаң түрде тыйым салынады. 7. Республикалық, облыстық, қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми және ұлттық орталықтардың, дәрігерлер білімін жетілдіру институттары мен басқа да ұйымдардың басшылары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен осы ұйымның мамандары, денсаулық сақтау органдарының мамандары денсаулық сақтау ұйымдарынан эпидемологиялық асқынулар, жарақаттанушылық пен уыттанушылық жағдайларын қоспағанда белгіленген статистикалық есептілікті қоса алғанда кез келген статистикалық ақпаратты ұсынуды талап етуге құқығы жоқ. 8. Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарының негізінде әзірленген денсаулық сақтау органдарының (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармалары) жиынтық статистикалық есептілігін ұсыну тәртібі мен мерзімі, мекенжайы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен белгіленеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы « _30_ » _маусым__№ 475 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласында есептілік құжаттаманың нысаны үлгілерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесінде жиналған есептілік құжаттамасының нысандары, оларды толтыру және ұсыну кезеңділігінің үлгілік нұсқаулықтары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарымен бекітіледі. 2. Ерекше қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі уақытша жедел есептік құжаттама енгізе алады, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің жеке бұйрығымен бекітіледі, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» белгісі бар. Уақытша жедел есептік құжаттама, мекенжайы мен ұсыну кезеңділігі көрсетіле отырып, № ___ «түрдің атауы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 20 __ ж. «___» ________ № ____ бұйрығымен бекітілді. 3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бекіткен ведомстволық статистикалық бақылаудың статистикалық нысандары «Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі «__»________ № _____ бекіткен, бекіту нөмірі мен күні, «түрдің атауы», түрдің индексі, кезеңділігі «тоқсандық, жылдық» деген белгілері бар. 4. Денсаулық сақтау саласында есептік құжаттама нысандарын беру тәртібі формалардың бланкілерінде және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетіледі. 5. Жеке көрсеткіштердің белгіленген нысандарға ауыстыру оларға қосымша көрсеткіштерді енгізумен теңестіріледі және оған тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы « _30_ » _маусым__№ 475 бұйрығына 3-қосымша Денсаулық сақтау саласында есептік құжаттама нысанын қайта қарау жөніндегі жұмысшы топтың құрамы
|
![]() | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының... | ![]() | 2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабы 3-тармағының... |
![]() | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000 Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, байқау кеңесі мүшелерінің бос лауазымына конкурс жариялайды Астана қаласы, Иманов көшесі 50 мекенжайында орналасқан, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды... | ![]() | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласы Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, ««Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және... |
![]() | Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 8-тармағының 4 тармақшасы негізінде... | ![]() | Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже ... |
![]() | Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Экономикалық даму және министрлігі сауда министрлігі Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және... | ![]() | Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Экономикалық даму және министрлігі сауда министрлігі Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және... |
![]() | Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 6-бабының... | ![]() | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000 Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, байқау кеңесі мүшелерінің бос лауазымына конкурс жариялайды Алматы қаласы, Абай даңғылы 91 мекенжайында орналасқан, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақтың онкология және... |