Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына icon

Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына



НазваниеЖалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына
страница1/3
Дата конвертации27.02.2013
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3




Сайтқа орналастыру үшін

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

міндетін атқарушының

2010 жылғы 25 қазандағы

№ 834 бұйрығымен

бекітілген


«Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың

құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына

қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

санитариялық ережесі


1. Жалпы ережелер

1. Осы санитариялық ереже (бұдан әрі – санитариялық ереже) білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдар) орналасуына, жер учаскесіне, ғимаратына, үй-жайларының жабдықталуына, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа-жылу режиміне, табиғи және жасанды жарықтандыруға, сумен жабдықтауға және кәрізге, оқу-тәрбие процесіне, оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық көмек көрсетуді және оларды гигиеналық тәрбиелеуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы санитариялық ереже қызметі білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бағдарламасын іске асырумен байланысты меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған.

3. Қызметі жалпы білім беру және интернаттық қызметтермен байланысты ұйымдардың бірінші басшылары және жеке тұлғалар осы санитариялық ереже талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

4. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) жалпы білім беретін ұйымдар (мектеп, лицей, гимназия) - адамның қоғамның, табиғаттың құбылыстарын түсінуіне және қоғамдық және еңбек қызметіне қатысуға қажетті, кәсіби білім алуға негіз болып табылатын, білімге мемлекеттік кепілді құқықты қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру жүйесінің оқу орындары;

2) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жоғарғы орта білім берудің жаппай білім беру оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

3) гимназия – бастауыш, негізгі орта және оқушылардың бейімдері мен қабілеттеріне сәйкес гуманитарлық салалар бойынша жалпы орта білім берудің жаппай білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

4) лицей - оқушылардың бейімдері мен қабілеттеріне сәйкес тереңдетіп, профильді, саралап оқытуды көздейтін негізгі және қосымша жаппай білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

5) интернаттық ұйымдар – тұратын орын бере отырып азаматтардың белгілі бір санаттарының білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін орта білім беру ұйымдары;

6) шағын комплектілі мектеп – оқушылар контингенті аз, біріктірілген сынып комплектілері және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше түрі бар орта білім беретін мектеп;

7) мектеп алдындағы сыныптар - жалпы білім беретін мектептердегі бес, алты жастағы балаларға арналған, оларда міндетті түрде бір жылдық тегін мектеп алдындағы дайындық өткізіледі;

8) сыныптардың толықтырылуы - бұл оқу сыныбының үй-жайының көлеміне қатысты сыныптағы оқушылар саны;

9) оқу жүктемесі - академиялық сағатпен есептелетін, әр жас тобы үшін оқу-тәрбие процесі кезінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің сабақпен қамтылуының нормаланған жиынтығы;

10) оқу құралы - тиісті оқу бағдарламасының белгілі бір пәні бойынша материалы мазмұндалатын оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған әдебиет;

11) күн режимі – оқушыларға арналып белгіленген күн тәртібі;

12) рекреакция - үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта оқушылардың дем алуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;

13) климаттық аймақ - климаттық белгілер бойынша бөлінетін аумақ;

14) септик - тұрмыстық аздаған ағынды суларды тазартуға арналған құрылғы. Ағынды сұйықтық өтетін, бір немесе бірнеше камерадан тұратын көлденең типтегі жерасты тұндырғыш;

15) санитариялық-аулалық қондырғылар (бұдан әрі - САҚ) – жер бетіндегі бөлігі мен қазылған оры бар, ғимараттан кемінде 25 метр (бұдан әрі - м) қашықтықта, ғимараттың сыртында орналасқан кәрізденбеген дәретхана;

16) дезинфекциялық құралдар - қоршаған орта объектілерінде инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жоюға пайдаланылатын химиялық заттар.


^ 2. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың орналасуына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


5. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың ғимараттары жеке жер учаскелерінде орналасады.

Мектептерді бейімделген ғимараттарға орналастыру кезінде үй-жайлар жиыны, олардың аудандары жалпы білім беретін ұйымның түріне, оқушылардың санына және жасына, сынып санына қарай тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша осы санитариялық ереженің талаптарына сәйкес айқындалады.

6. Тиісті білім беру ұйымы жоқ ауылдық елді мекендерде тұратын оқушыларға көліктік қызмет көрсетілуге тиісті.

Оқушыларды жеткізу балаларды тасымалдауға арналған көлікпен жүзеге асырылады.

7. 15 км асатын қашықтықта тұратын оқушылар үшін, сондай-ақ көлікпен жүру мүмкіндігі жоқ болғанда мектеп жанындағы интернат қарастырылады.

8. Мектеп алдындағы сыныптар мектеп ғимаратының екінші қабатынан жоғары орналастырылмайды. Балалармен сабақ осы мақсатта бөлінген үй-жайларда (сынып, топ бөлмесі) жүргізіледі.


^ 3. Жер учаскесіне қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар


9. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың ұйымның ғимаратынан қызыл сызыққа дейін қашықтығы кемінде 25 м, ауылдық елді мекендерде кемінде 10 м болатын жеке жер учаскесі болады. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың аумағында қызметі ұйыммен байланысты емес объектілерді орналастыруға жол берілмейді.

Мектеп учаскесін өнеркәсіптік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағына орналастыруға жол берілмейді.

10. Учаскенің аумағы кемінде 1,5 м биіктікте қоршалады. Аумаққа улы жемістері, сондай-ақ гүлдегенде мамықты тұқымдар беретін ағаштар мен бұталарды отырғызу ұсынылмайды.

11. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың аумағында мынадай аймақтар бөлінеді: оқу аймағы, дене шынықтыру-спорт аймағы, демалыс аймағы, шаруашылық аймағы.

Шаруашылық аймағы ас блогының өндірістік үй-жайларына кіретін жақта орналасады және көшеден көлік кіретін жолы болады.

12. Учаскенің аумағында жаңбырдың суы мен еріген қардың суын ағызу қарастырылады.

Жер учаскелерінде гараждар мен автомобиль саны мынадай ашық тұрақтарға дейін мынадай қашықтық болады:

10 машинаға дейін және одан аз - 15 м;

10-нан бастап 100 машинаға дейін - 25 м;

100 машинадан артық - 50 м.

13. Мектеп-интернаттар бір немесе бірнеше жеке орналасқан, өзара жылы өтпелермен жалғасқан ғимараттарда орналасады. Төртінші климаттық аймақта өтпе құрылғысын қарастырмауға жол беріледі.

14. Шаруашылық аймағында орталықтандырылған сумен жабдықтау, кәріз, жылыту жүйелері болмаған жағдайда қазандық, сукернеуіш багы мен септигі бар сорғы қарастырылады.

Учаскеге кіретін және көлік келетін жолдар, шаруашылық құрылыстарына, қоқыс жинайтын алаңдарға, САҚ-ға өтетін жолдар асфальтпен, бетонмен және басқа да қатты жабынмен жабылады.

Қоқыс жинағыштар ғимараттан кемінде 25 м қашықтықтағы бетондалған алаңда орналасады.

15. Ғимараттың сыртқы жарықтандыру арматурасы жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың аумағына біркелкі шашыраңқы жарықты қамтамасыз етеді.


^ 4. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың ғимаратына қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар


16. Ғимаратты жобалау кезінде жобалауға арналған тапсырмамен халықтың аз қозғалатын топтары үшін қол жетімділік қарастырылады және пандустар орнатылады.

17. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардағы балалардың саны жобалық сыйымдылықтан аспауы тиіс.

18. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдарды бейімделген ғимараттарда орналастырған жағдайда үй-жайлар жиыны, олардың аудандары осы санитариялық ереженің талаптарына сәйкес тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.

19. Киім ілетін орындар бірінші және цоколды қабаттарда орналастырылады.

20. Мектеп алдындағы және бастауыш сынып оқушылары мен тәрбиеленушілері әрбір сыныпқа бекітілген оқу үй-жайларында оқытылады.

21. Сыныптардың толықтырылуы аз болғанда оқу кабинеттерін екі пәнге пайдалануға жол беріледі.

Оқу сыныптарын шу немесе иіс көздері болып табылатын шеберханаларға, спорт және мәжіліс залдарына, ас блогына жақын орналастыруға жол берілмейді.

22. Оқу үй-жайларында мыналар: мұғалімге және балаларға арналған жұмыс аймағы, оқу-көрнекі құралдарын және оқытуға арналған техникалық құралдарды орналастыруға арналған қосымша кеңістік белгіленеді.

23. Кабинеттердің ауданы бір оқушыға немесе бір тәрбиеленушіге 2,5 шаршы метр (бұдан әрі - м2) есебінен қабылданады.

24. Интернаттардағы жатын бөлмелер 1-4 сынып оқушылары үшін сыйымдылығы 4-6 орынды және 5-11 сынып оқушылары үшін 2-4 орынды болып жобаланады. Мектеп-интернаттардағы ойын алаңдары 1 оқушыға 2 м2 есебінен қабылданады, мектеп интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттардағы жатын бөлмелердің аудандары бір жататын орынға 4 м2 есебінен қабылданады.

25. Жалпы білім беретін ұйымдарда үй-жайлар жиыны бар спорт зал қарастырылады.

Өзінің спорт залы болмаған жағдайда дене шынықтыру сабақтары мектепке жақын орналасқан спорт құрылысында ұйымдастырылады және ойын бөлмесін, гимнастика залын, мектептің рекреациясын пайдалануға жол беріледі.

26. Медициналық пункттің үй-жайлар жиынына ауданы кемінде 18 м2 дәрігер кабинеті (медицина бөлмесі), ауданы кемінде 14 м2 емшара кабинеті, сондай-ақ интернаттық ұйымдар үшін ауданы кемінде 12 м2 изолятор палатасы кіреді.

Емшара кабинетінде профилактикалық егулер жүргізуге жол беріледі. Медициналық процедуралар мен профилактикалық егулерді бір мезетте жүргізуге жол берілмейді.

Медициналық пункттің толық үй-жайлар жиыны болмаған жағдайда ауданы кемінде 12 м2 бөлме жабдықталады. Жарақтандыру және жабдықтау, медициналық кабинеттердің медициналық құжаттамасының тізбесін жүргізу осы санитариялық ереженің талаптарына сәйкес тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.

Мектептің медициналық пунктінің үй-жайында орталықтанған сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су құйылатын қол жуғыштар орнатылады.

27. Оқу корпусының әрбір қабатында ер балалар мен қыздарға арналған тиегі жоқ есігі бар жеке кабиналар түріндегі санитариялық тораптар орнатылады. Санитариялық құралдар саны 30 қызға бір унитаз және 1 қол жуғыш; 30 ер балаға 1 унитаз, 0,5 писсуар лотоктары және 1 қол жуғыш есебінен қабылданады. Педагогикалық персонал үшін жеке санитариялық торап бөлінеді.

28. Жалпы білім беретін, интернаттық ұйымдардың ғимараттарында мынадай үй-жайлар: жинау мүкәммалын сақтауға және өңдеуге, дезинфекциялық ерітінділерді дайындауға арналған табандықтармен жабдықталған және су келтірілген үй-жайлар қарастырылады.

29. Мектеп алдындағы, бастауыш сыныптардың, зертханалардың, шеберханалардың үй-жайларында, медициналық пункттің үй-жайларында қол жуғыштар орнатылады.

30. Мектептер мен интернаттардың үй-жайларын оқу-тәрбие процесімен байланысы жоқ мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ оқу процесі кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

31. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың едендері мен оның жабындары саңылаусыз және бүтіндігі бұзылмаған болуы тиіс. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдар үй-жайларының едендеріне беті тайғақ емес материалдар төселеді.


^ 5. Жалпы білім беретін, интернаттық ұйымдарда тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар


32. Ас блогының құрылымы, оны жабдықтау және күтіп-ұстау «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 656 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6483 болып тіркелген) сәйкес қабылданады.

Мектепте асхана болмаған жағдайда шикізат дайындауға, тамақ әзірлеуге және дайын өнімді таратуға арналған аймақ бөле отырып, қысқартылған үй-жай жиыны пайдаланылады. Ас үй ауданы кемінде 9,0 м2 болатын үй-жайда жабдықталады.

Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақ әзірлеу ағындылығын есепке ала отырып жүзеге асырады.

33. Мектеп алдындағы сыныптарда балалар төрт сағаттан артық болған кезде оларды тамақтандыру ұйымдастырылады.

34. Жалпы білім беретін мектептерде ұзартылған күн тобындағы балалар үшін екі мезгіл және қалған балалар үшін таңертеңгі ыстық тамақтандыру ұйымдастырылады.

Мектеп-интернаттарда «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысының 4, 5, 7-қосымшаларына және осы санитариялық ережеге 1-қосымшаға сәйкес төрт мезгілдік тамақтандыру ұйымдастырылады.

Тамақтандыруды ұйымдастырған кезде:

1) тамақ өнімдерінің орташа тәуліктік жиыны, оның ішінде тағамдар мен сусындарды пайдалануға қолданылатын, дайын тағамдар шығымдарының нормаланған көлемдері, белоктарды, майларды тұтынудың ұсынылатын шамалары, өте тез бұзылатын өнімдерді сақтау және сату мерзімдері осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 1, 2, 3 және 4-кестелеріне сәйкес қабылданады;

2) тамақ өнімдерінің кейбір түрлерін ауыстыру осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 5 және 6-кестелеріне сәйкес негізгі тағамдық заттары бойынша өнімдерді ауыстыру кестесіне сәйкес жүргізіледі;

3) әкелінген тамақ өнімдеріне (шикізат және жартылай фабрикаттар) олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар ілесе жүреді (сертификаттар, анықтамалар, қорытындылар). Сақтау мерзімі өткен және бүлінген белгілері бар, ілеспе құжаттары жоқ тамақ өнімдерін қабылдауға жол берілмейді;

4) өте тез бұзылатын тамақ өнімдерін тоңазыту камераларында немесе 2-6ºС температурада тоңазытқыштарда сақтайды. Тоңазытқыштар мен тоңазыту камераларындағы температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Бір тоңазыту камерасы болған кезде етті, балықты және сүт өнімдерін сақтау орындары шектеледі;

5) балалардың тамағы үшін мыналарды:

пастерленбеген сүтті, жылумен өңделмеген сүзбе мен қаймақты, қолдан дайындалған айранды, тартылған ет қосылған макаронды, ет салынған құймақтарды, сілікпені, окрошканы, паштеттерді, құйма тағамдарды, қолдан дайындалған морстар мен сусындарды, крем өнімдерін, фритюрде қуырылған самсаны және бауырсақтарды, үйде дайындалған консервілер мен компоттарды, шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны, майонез қосылған салаттарды, газдалған және алкогольсіз энергетикалық сусындарды (минералды және ауыз суды қоспағанда), чипсілерді, кептірілген нандарды, гамбургерлерді, хот-догтарды дайындауға және пайдалануға жол берілмейді;

6) сағыздарды сатуға жол берілмейді;

7) оқушыларды тамақтандыру мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісілген екі апталық ас мәзірі және буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесі негізінде жүзеге асырылады. Тағамдарды 2 күн қатарынан қайталауға жол берілмейді.

35. Тамақтандыру шикізатпен немесе жартылай дайындалған тағаммен жұмыс істейтін асханада және буфетте ұйымдастырылады.

36. Асханаларда 20 отыратын орынға бір кран есебінен қол жуғыштар орнатылады.


 

^ 6. Жалпы білім беретін, интернаттық ұйымдардың үй-жайларын жабдықтауға қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар


37. Мақсатына байланысты оқу үй-жайлары жиһазбен жабдықталады.

38. Әрбір оқушы бойына сәйкес, көру және есту жағдайына байланысты партада немесе үстелде жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Жиһаздың өлшемдері мен оны таңбалау осы санитариялық ережеге 2-қосымшаға сәйкес қабылданады. Орындықтардың орнына табуреткалар немесе скамейкалар пайдалануға жол берілмейді.

Көру мен есту ақауы бар балаларға арналған парталар номерлеріне қарамастан бірінші қатарға қойылады. Көру қабілеті төмен оқушылардың партасы терезе жақтағы бірінші қатарда орналасады. Жіті респираторлық аурулармен, баспамен, суық тиіп жиі ауыратын балаларды сыртқы қабырғадан алысқа отырғызған жөн.

39. Оқу үй-жайларын жабдықтаған кезде мынадай өлшемдер сақталады:

1) екі орындықты үстелдер қатарларының арасы – кемінде 60 сантиметр (бұдан әрі - см);

2) үстел қатарларының, сыртқы және ішкі ұзына бойғы қабырғалардың арасы – кемінде 50 см;

3) соңғы үстелден қабырғаға (аралық қабырғаға) дейін: сынып тақтасына қарама-қарсы кемінде 70 см, сыртқы болып табылатын артқы қабырғадан кемінде 100 см;

4) демонстрациялық үстелден оқу тақтасына дейін – кемінде 100 см;

5) бірінші партадан оқу тақтасына дейін - 2,4-2,7 м;

6) соңғы партадағы оқушы орнының оқу тақтасынан ең көп қашықтығы - 8,6 м;

7) оқу тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі - 80-90 см;

8) тақтаның көру бұрышы мектептегі орта және жоғарғы сынып оқушылары үшін кемінде 35 градус және 6-7 жастағы оқушылар үшін кемінде 45 градус болуы тиіс.

40. Физика және химия кабинеттері мыналармен жабдықталады:

1) подиумда орналасқан демонстрациялық үстелдермен;

2) электр қуаты (физика кабинетінде), су, кәріз (химия кабинетінде) келтірілген оқушыларға арналған екі орынға арналған зертханалық үстелдермен;

Химия кабинетінде мұғалім үстелінің жанына сыртқы қабырғада орналасқан сору шкафтары жабдықталады.

41. Интернаттық ұйымдарда төсектерді орналастырған кезде мынадай арақашықтықтар сақталады: төсектердің ұзын жақтары арасында – 50 см, бас жақтарының арасы – 20 см, төсектердің жеке қатарлары арасындағы өтетін жолдар – 100 см, төсек пен сыртқы қабырға арасы – 60 см.

42. Әрбір жатын секцияда немесе оқу-тұрғын блоктарда су келтірілген су тарату крандары қарастырылады және жинау мүкәммалын сақтауға арналған орын бөлінеді.

Су құбыры болмаған жағдайда су құйылатын қол жуғыштар жабдықталады.

43. Жоғарғы сыныптардың қыздарына арналған дәретханаларда кабиналардың есігі болады. Мектеп алдындағы және бастауыш сыныптары секцияларындағы дәретханалар балаларға арналған унитаздармен жабдықталады. Интернаттарда қыздардың жеке бас гигиенасына арналған бөлмелер суы жоғары көтерілетін себезгімен, қол жуғышпен, тумбамен және киім ілгішпен жабдықталады. Жалпы білім беретін ұйымдар үшін санитариялық құралдарға мұқтаждық осы санитариялық ережеге 3-қосымшаға сәйкес қабылданады.


^ 7. Ауа-жылу режиміне қойылатын

санитариялық -эпидемиологиялық талаптар

44. Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдарда жылу, желдету, ауаны баптау қарастырылады.

45. Мына үй-жайлар (үй-жайлар топтары) үшін: сынып бөлмелері мен оқу кабинеттері, зертханалар, бассейндер, тирлер, асханалар, медициналық пункт үй-жайлары, санитариялық тораптар, жинау мүкәммалын өңдеуге және сақтауға арналған үй-жайлар үшін сору желдеткішінің бөлек жүйелерін қарастырған дұрыс.

Асбестті цементтен жасалған ауа өткізгіштерді қолдануға жол берілмейді.

46. Орталықтанған жылытуы жоқ мектептерде және интернаттық ұйымдарда пешпен жылытуға жол беріледі. От жағу кіретін есігі бөлек оқшауланған үй-жайда жүргізіледі.

47. Оқу үй-жайлары үзіліс кезінде, рекреациялар сабақ кезінде желдетіледі. Сабақ басталар бұрын және олар аяқталған соң оқу үй-жайларды фрамугалар мен терезе желкөздері арқылы өтпе желмен жүзеге асырылады.

Дене шынықтыру сабақтары желдетілетін залдарда жүргізіледі.

48. Ауаның температурасы:

1) жатын үй-жайларда, оқу кабинеттерінде, зертханаларда, кітапханаларда, мәжіліс залында, компьютер сыныптарында плюс 18-22ºС;

2) оқу шеберханаларында, спорт зал мен секциялық сабақтарды жүргізуге арналған бөлмелерде, рекреацияларда, вестибюльде және гардеробта плюс 15-17 ºС;

3) спорт залдың шешінетін бөлмесінде плюс 19-23 ºС;

4) дәрігерлер кабинеттерінде плюс 21-23 ºС құрайды.

49. Станоктар мен механизмдердегі жұмыс көп мөлшерде жылу мен шаңның бөлінуімен байланысты болатын мектептің оқу-өндірістік шеберханалары механикалық сорып шығару желдеткішімен жабдықталады. Станоктар мен механизмдер тиісті қорғаныш құралдарымен жабдықталады.

50. Сору желдеткішінің торларын ай сайын шаңнан тазартқан дұрыс.


^ 8. Табиғи және жасанды жарықтандыруға

қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар

51. Мектептер мен интернаттардың оқу үй-жайларында табиғи жарықтандыру қарастырылады. Табиғи жарықтандырусыз: снарядтар қоймасын, қойма мен қамба үй-жайларын (жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған үй-жайлардан басқасы), кітаптарды сақтауға арналған қоймаларды, бойлерлік, сорғы су құбырларын және кәрізді, желдеткіш және ауа баптау камераларын жобалауға жол беріледі.

52. Оқу үй-жайларында екі жақтан жарықтандыру ұсынылады. Екі жақтан жарықтандыру кезінде оқу үй-жайының ұзындығы 6 м артық болса, төбеден биіктігі кемінде 2,2 м оң жақтан жарықтандыру орнатылады. Бұл ретте негізгі жарық ағынын оқушылардың алдыңғы және артқы жақтарына бағыттауға жол берілмейді.

53. Оқу-өндірістік шеберханаларында, спорт залдарында екі жақтан табиғи бүйірлік және құрамдас (жоғарғы және бүйірлік) жарықтандыруға жол беріледі.

54. Оқу үй-жайларының терезелерін бағдарлау көкжиектің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс жақтарына қарастырылады. Сурет, сызу кабинеттерінің, сондай-ақ асүй бөлмесінің терезелері солтүстікке, есептеуіш техника кабинетінің терезесі солтүстікке, солтүстік-шығысқа бағытталады.

55. Оқу үй-жайларының жарық түсетін ойықтары мынадай реттелетін күннен қорғайтын құрылғылармен жабдықталады: жалюздер, ашық түсті перделер.

56. Оқу және тұрғын үй-жайларды әрлеу үшін сапасы мен қолдану аумағы сертификатпен расталған әрлеу материалдары қолданылады. Оқу үй-жайларының қабырғалары үшін ашық түсті бояулар қолданылады.

57. Күндізгі жарықты мол пайдалану және оқу үй-жайларын біркелкі жарықтандыру үшін ағаштарды ғимараттан 15 метрден алыс, ал бұталарды 5 метрден алыс отырғызу қажет; терезе әйнектерін бояуға жол берілмейді.

58. Оқу үй-жайларында люминесценттік жарықтандыру немесе қыздыру шамдары пайдаланылады. Бір үй-жайда люминесценттік шамдар мен қыздыру шамдарын қолдануға жол берілмейді.

59. Люминесценттік шамдары бар шырағдандар жарық түсетін қабырғаға параллель, сыртқы қабырғадан 1,2 м және ішкі қабырғадан 1,5 м қашықтықта орналасады. Сынып тақтасы оған параллель орнатылған, тақтаның жоғарғы жиегінен 0,3 м жоғары және тақтаның алдында сыныпқа қарай 0,6 м екі шырағданмен жарықтандырылады.

60. Сыныптарда, кабинеттер мен зертханалардағы жұмыс үстелдеріндегі жарықтандыру - 300 люкс, сынып тақтасы мен сызу кабинеттерінде - 500 люкс, компьютер сыныптарында 300-500 люкс, мәжіліс және спорт залдарында (еденде) - 200 люкс, рекреацияларда (еденде) - 150 люкс құрайды.

61. Терезе әйнектерін, шырағдандардың жарықтандыратын арматурасын тазалау және жуу, сондай-ақ күйген шамдар мен қираған әйнектерді ауыстыру жылына кем дегенде екі рет жүзеге асырылады. Бұл жұмыстарды істеуге оқушыларды тартуға жол берілмейді. Ақауы бар, күйіп кеткен люминесценттік шамдар жиналады және мектеп ғимаратынан құрамында сынабы бар люминесценттік шамдарды сақтаумен және жоюмен айналысатын ұйымға шығарылады. Оларды жалпы білім беру ұйымдарының үй-жайларында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының негізінде уақытша сақтауға рұқсат етіледі. Сақтау сынбайтын ыдыста, жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың оқшауланған үй-жайларында жүзеге асырылады. Үй-жай кілтпен жабылады. Істен шыққан люминесценттік шамдарды сақтауға жауапты адам бекітіледі. Істен шыққан және күйген люминесценттік шамдарды қоқыс жинағыш контейнерлерге лақтыруға жол берілмейді.

  1   2   3



Похожие:

Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына icon«Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері
Йларды күтіп ұстауға, жөндеуге және пайдалануға енгізуге, жабдықтауға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа-жылу режиміне, табиғи және...
Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына iconБілім беру Білім беру статистикасы
Білім беру статистикасы мектепке дейінгі, жалпы білім беретін ұйымдардың, техникалық және кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан...
Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
А, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру...
Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына...
Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет регламентi
Осы «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы