Заңын іске асыру туралы icon

Заңын іске асыру туралы



НазваниеЗаңын іске асыру туралы
страница1/18
Дата конвертации15.02.2013
Размер2.85 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.04.2011 17:58:07


«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы

Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын, оның ішінде 2011 жылға:

1) кірістер - 3 939 975 720 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 2 543 733 998 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 78 639 307 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 523 664 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 1 303 078 751 мың теңге;

2) шығындар - 4 322 673 002 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 25 644 456 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 126 649 337 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 101 004 881 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 194 115 982 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 194 475 982 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 360 000 мың теңге;

5) тапшылық - -602 457 720 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 2,8 пайыз;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 602 457 720 мың теңге.

2. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының тізбесі;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді бөлу;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тауарлы балық шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана және Алматы қалаларының көшелерін күрделі және орташа жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерінің сомасын бөлу;

14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві сомасын бөлу.

18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Мак» операциясын жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді іске асыруға бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

21) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жетім сәбиді (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған сәбиді (балаларды) асырап бағу үшін қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын ақша қаражаттарын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

22) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы оқу-өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту мен қайта жабдықтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

23) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін оқу жабдығын сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін.

3. «2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттан өңірлерде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару үшін мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін 35 835 300 мың теңге мөлшеріндегі сома бөлінсін:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдауға - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне 23 466 791 мың теңге;

2) кадрлар даярлауға - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне - 10 869 349 мың теңге;

3) жастар практикасын ұйымдастыруға - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1 499 160 мың теңге.

Осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес өңірлерде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу бекітілсін.

4. Осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тапсырыстардың тізбесі бекітілсін.

5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша 2011 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде осы қаулыға 1, 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобалар бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы бекітіп беру туралы шешімді бекітсін.

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2011 жылғы 17 қаңтарға дейінгі мерзімде:

1) ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын өтеу және ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйесін субсидиялау;

2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің осы қаулының 2-тармағының 4), 5), 6), 7), 8), 11) тармақшаларында көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы қағидалардың жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2011 жылғы 17 қаңтарға дейінгі мерзімде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау туралы шешімнің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2011 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің осы қаулының 2-тармағының 13), 14), 21), 22), 23) тармақшаларында көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

1) 2010 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде 005 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға, Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа объектілерді салуға көзделген қаражатты бөлу туралы шешімнің жобасын;

2) 2011 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде:

облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің осы қаулының 2-тармағының 15), 16) тармақшаларында көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі;

азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2011 жылға арналған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2011 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде «Өнімділік - 2020» бағыты шеңберінде өндірістердің жаңаларын құруға мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту және сауықтыру тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілсін.

11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен 2010 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға бөлу туралы шешімнің жобасын енгізсін.

12. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 2011 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде:

1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру шарттары туралы шешімнің жобасын;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі арқылы тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру шарттары туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

13. «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында:

1) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету;

2) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға, оралмандарды құжаттандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;

3) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және Оралмандарды бейімдеу мен біріктіру орталығын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;

4) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес көлік құралдарын мемлекеттік техникалық қарауды жүргізу жөніндегі функцияларды беруге байланысты облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен түсетін трансферттер түсімдерінің сомасын бөлу жүзеге асырылсын.

14. Орталық атқарушы органдар 2011 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін.

15. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі 

 

^ К. Мәсімов
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



Похожие:

Заңын іске асыру туралы iconПриказ №251 «Сыбайлас жемқорлықсыз мектеп» акциясын өткізу туралы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, білім беру
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, білім беру ұйымдарында жемқорлық құқық бұзушылықты...
Заңын іске асыру туралы iconІске асыру жөніндегі шаралар туралы
Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын...
Заңын іске асыру туралы icon«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30
«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы...
Заңын іске асыру туралы icon"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Заңын іске асыру туралы iconӨңіраралық инспекцияларына өкілеттіктер беру туралы
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Заңын іске асыру туралы iconПриказ №443 Қостанай облысының білім беру ұйымдарында 2010-2011 оқу жылын ұйымшылдықпен бастау туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі жмббс) орындау,
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру...
Заңын іске асыру туралы iconМемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Заңын іске асыру туралы iconМемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Заңын іске асыру туралы iconМемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Заңын іске асыру туралы iconМемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы