Р/с № | Iс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
«Қазақстан - 2050» стратегиясы - жедел өзгермелi тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты |
1. | Қазақстанның әлемнiң ең дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына кiруi жөнiнде тұжырымдама әзiрлеу, ол мынадай шараларды қамтиды: 1) энергияның 2050 жылға қарай барлық жиынтық энергия тұтынудың кемiнде жартысы келуi тиiс баламалы және жаңартылатын түрлерiнiң өндiрiсiн дамыту; 2) мыналар: 2050 жылға қарай отандық өндiрiс активтерiн ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толығымен жаңарту; отандық өндiрушiлер үшiн ең бәсекеге қабiлеттi салаларда жаңа нарық тауашаларын қалыптастыру стратегиясын әзiрлеу; экспортқа бағдарланған шикiзат емес секторды кеңейтуге негiзделген жаңа өндiрiстердi дамыту арқылы экспорттың жалпы көлемiндегi шикiзат емес экспорт үлесiн 2025 жылға қарай екi есеге және 2040 жылға қарай үш есеге ұлғайту мақсатында перспективалық технологиялық бағыттарды дамыту сценарийiн қоса алғанда, индустрияландырудың келесi кезеңiнiң егжей-тегжейлi жоспарын әзiрлеу; 3) 2030 жылға қарай ғарыштық қызметтер көрсетудiң әлемдiк нарығында тауашаны кеңейту және толыққанды ғарыш саласын қалыптастыруды аяқтау; 4) төмен көмiрсутектi экономикаға жедел көшу мақсатында жетекшi екi инновациялық кластердi - Назарбаев Университет және Инновациялық-технологиялар паркiн дамыту; 5) 2030 жылға қарай экономикадағы шағын және орта бизнес үлесiнiң кемiнде 2 есеге өсуiн қамтамасыз ету; 6) Қазақстан арқылы транзиттiк тасымалдар көлемiн 2012 жылдың деңгейiне қатысты 2020 жылға қарай 2 есеге, ал 2050 жылға қарай 10 есеге ұлғайту; 7) 2050 жылға қарай ЖIӨ-дегi ауыл шаруашылығы өнiмiнiң үлесiн 5 есеге ұлғайту | Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы | ЭДСМ, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Бәсекеге қабiлеттiлiк жөнiндегi кеңес үйлестiрушi: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С.Н. Ахметов | 2013 жылғы қыркүйек |
2. | «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» қағидаларын ескере отырып, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларын түзету. Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң (бұдан әрi - МЖЖ) барлық қолданыстағы құжаттарына тексеру жүргiзу және жаңаларын әзiрлеу кезiнде қолданыстағыларының негiзгi ережелерiнiң күшiн кейiннен жоя отырып, ықпалдастыруды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, мемлекеттiк органдар үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы сәуiр 2013 жылғы қараша |
Бiрiншi бағыт. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабiлеттiлiктен қайтарым алу принципiне негiзделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм |
3. | Менеджменттiң қазiргi заманғы құралдары мен мемлекеттiк сектордағы корпоративтiк басқару қағидаттарын енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Мемлекет басшысына баяндама | ЭДСМ, МҚIА, Қаржыминi, БҒМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Б.Қ. Байбек | 2013 жылғы наурыз |
4. | Отандық кадрларды мiндеттi түрде оқыта отырып, жаңа экономикалық саясатты iске асыру үшiн үздiк шетелдiк мамандарды тарту жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, ИЖТМ, МГМ, БҒМ, Еңбекминi, АШМ, СIМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешев | 2013 жылғы мамыр |
5. | Бюджет ресурстарын мүмкiндiктер шегiнде пайдалануға және мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығын азайтуға, үнемдi және ойластырылған бюджеттiк-қаржылық процестi қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын және Ұлттық қор қаражатын iрiктеудiң қатаң жүйесiн қолдана отырып, ұзақ мерзiмдi перспектива тұрғысынан өнiмдi стратегиялық жалпыұлттық жобаларға инвестициялауға бағытталған Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын қабылдау | нормативтiк құқықтық актiлер | ЭДСМ, Қаржыминi, ҰБ, ЕК үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы мамыр |
6. | Салық жеңiлдiктерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қолданыстағы барлық салық жеңiлдiктерiне тексеру жүргiзу | Заң жобасы | ЭДСМ, Қаржыминi, Әдiлетминi, «Атамекен» ҰЭП үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы қыркүйек |
7. | Салықтық ырықтандыру және кедендiк әкiмшiлендiрудi жүйелендiру жөнiнде шаралар қабылдау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң электрондық есептiлiктiң толық режимiне кезең-кезеңiмен ауысуы арқылы салық есептiлiгiн жеңiлдету және барынша азайту | нормативтiк құқықтық актiлер | Қаржыминi, ККМ, ЭДСМ, Әдiлетминi, «Атамекен» ҰЭП үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы желтоқсан |
8. | Мыналарды: 2015 жылдан бастап бiлiм мен медициналық сақтандыруға қаражат салатын компаниялар мен азаматтарды салықтардан босату практикасын; 2020 жылдан бастап салықтық кредиттеу практикасын енгiзудi көздейтiн ынталандыру шараларының кешенiн (тұжырымдамасын) әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ұсыныстар | ЭДСМ, Қаржыминi, БҒМ, ДСМ, «Атамекен» ҰЭП үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы маусым |
9. | Мыналарға: халықтың табысын қорғауды және экономикалық өсу үшiн қолайлы инфляция деңгейiн ұстауды қамтамасыз етуге; банктердi проблемалық кредиттерден тазартуды қамтамасыз ететiн қаржы жүйесiн реттеудi жетiлдiруге; экономиканың басым секторларының қолжетiмдi ақшалай ресурстарға қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының түбегейлi жаңа жүйесiн әзiрлеу | нормативтiк құқықтық акт | ҰБ, ЭДСМ, Қаржыминi, ИЖТМ, АШМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы сәуiр |
10 | Елдiң және квазимемлекеттiк сектордың мемлекеттiк борышының деңгейiн, оның iшiнде ЖIӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын 2013 жылғы 2,1 %-дан 2015 жылы 1,5 %-ға дейiн азайту есебiнен тұрақты бақылауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, Қаржыминi, ҰБ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2014-2016 жылдар, қаңтар |
11. | «Инфрақұрылымдық орталықтар» құруды, көлiк жүйесiнiң озық инфрақұрылымын көздейтiн Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы | ККМ, МГМ, ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржыминi, «Самұрық-Казына» ҰӘҚ» АҚ Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы қыркүйек |
12. | Өңiрде және әлемде бiрлескен кәсiпорындар құруды көздейтiн «Жаһандық инфрақұрылымдық ықпалдастық» бағдарламасын қабылдау | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ЭДСМ, ККМ, ИЖТМ, Қаржыминi, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы тамыз |
13. | Үшiншi индустриялық революцияның нәтижесiнде пайда болатын секторларды ескеретiн болашақ экономикасын дамытуды ынталандыруға ұлттық компаниялардың қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ИЖТМ, МГМ, Қоршағанортаминi, ЭДСМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешев | 2013 жылғы маусым |
14. | 2030 жылға қарай Қазақстан арқылы әлемдiк ақпараттық ағындардың кемiнде 2-3 %-ын, ал 2050 жылға қарай кемiнде 5 %-ын өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық технологиялар саласындағы транзиттiк әлеуеттi дамытуды ынталандыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ККМ, ИЖТМ, ЭДСМ, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы маусым |
15. | Мыналар: жоғары әлемдiк сұранысты ел мүддесiне пайдалану үшiн табиғи ресурстарды өндiру және әлемдiк нарықтарға жеткiзу қарқындарын ұлғайту; шетелдiк инвестицияларды өндiрудiң және шикiзат өңдеудiң заманауи технологияларын жеткiзу, сондай-ақ ең жаңа өндiрiстердi құру шарттарында ғана тартуға жағдайлар жасау; өндiрушi кәсiпорындардың экологиялық зияны жоқ өндiрiстi ғана енгiзуi; көмiрсутек шикiзатының стратегиялық «резервiн» құру; iшкi нарықты жаңа экологиялық стандарттарға сәйкес отандық өндiрiстiң жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды көздейтiн Табиғи ресурстарды тиiмдi басқару және шикiзат секторынан түсетiн кiрiстi пайдалану тұжырымдамасын әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы | МГМ, ИЖТМ, Қоршағанортаминi, ЭДСМ, Қаржыминi, АЭА, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С.Н. Ахметов | 2013 жылғы қыркүйек |
16. | Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаға: өнеркәсiптiк қуаттар импорты және технологиялармен алмасу; бiрлескен халықаралық компаниялармен ел үшiн пайдалы әрiптестiктер құру және дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы | ИЖТМ, ККМ, АШМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешев | 2013 жылғы қыркүйек |
17. | «Жасыл көпiр» халықаралық ұйымын құру жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | Қоршағанортаминi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы қараша |
18. | Алматы маңындағы төрт серiктес қаланың базасында Green4 жобасын iске асыруға кiрiсу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | Қоршағанортаминi, ҚТКШIА, ИЖТМ, ЭДСМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы шiлде |
19. | Мыналарға: азық-түлiкке артып келе жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртуға; ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдау көлемiн 2020 жылға қарай 4,5 есе ұлғайтуға; шығымдылықтың елеулi өсуiне; егiстiк алқаптарын ұлғайтуға; жаңа технологияларды енгiзуге; мал шаруашылығының әлемдiк деңгейдегi жемшөп базасын құруға; жаппай өндiру iрi экспорт нарықтарын игеруге мүмкiндiк беретiн азық-түлiк өнiмдерiнiң түрлерiн айқындауға; елдiң экологиялық таза өндiрiс саласындағы жаһандық ойыншылар қатарына кiруiн қамтамасыз ете отырып, экологиялыққа баса назар аударумен бәсекеге қабiлеттi ұлттық брендтер құруға бағытталған Елдiң агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын қабылдау | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | АШМ, «КазАгро» ҰБХ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы маусым |
20. | Ең жаңа агротехнологияларды енгiзуге бағытталған орташа және iрi тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн құру жөнiнде заңнамалық және экономикалық ынталандыру жүйесiн тұжырымдау | нормативтiк құқықтық актiлер | АШМ, ЭДСМ, ҚМ, ӘМ, ЖРБА «ҚазАгро" ҰБХ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы желтоқсан |
21. | Берiлгеннен кейiн белгiлi бiр кезең iшiнде игерiлмей жатқан жерлерге жоғарылатылған салық ставкаларын енгiзу | Заң жобасы | ЭДСМ, ЖРБА, КМ, АШМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы қыркүйек |
22. | Мыналарды: 2020 жылға дейiнгi бiрiншi кезеңде: сумен қамтамасыз етудiң проблемаларын, оның iшiнде жерасты суларын өндiру мен пайдаланудың жаңа технологияларын қолдану есебiнен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешудi; су үнемдеудi ақпараттық насихаттау жөнiнде жүйелi негiзде шаралар жүргiзудi; 2040 жылға дейiнгi екiншi кезеңде - ылғал ресурс үнемдеушi технологияларға кешендi көшудi қолдана отырып, суармалы диқаншылық қажеттiлiктерiн қамтамасыз етудi көздейтiн Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы | АШМ, Қоршағанортаминi, ҚТКШIА, ЖРБА, ЭДСМ, МАМ, БҒМ, ИЖТМ, ДСМ, СIМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы казан |
Екiншi бағыт. Ұлттық экономиканың жетекшi күшi - кәсiпкерлiктi жан-жақты қолдау |
23. | Мыналар: қолдау мен ынталандырудың тиiстi жүйесiн құра отырып, шағын және орта бизнестiң бiрiгуi мен ұжымдасуын көтермелеу; жергiлiктi бизнес бастамаларды және ең төменгi, бiрақ қатаң реттеудi көтермелеу жолымен iшкi нарықты дамыту; бизнестi дамытуға бөгет жасайтын шенеунiктер үшiн қатаң жауапкершiлiк жүйесiн енгiзу; ұсақ кәсiпорындар мен дара кәсiпкерлердiң белсендi өсуi және орта бизнес санатына өтуi үшiн жағдайлар мен алғышарттар жасау; отандық өндiрушiлердi қолдау, БЭК шеңберiнде олардың мүдделерiн қорғау және iлгерiлету, сондай-ақ алдағы ДСҰ-ға кiрудiң тетiктерiн жетiлдiру жөнiнде шаралар кешенiн қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, Қаржыминi, ИЖТМ, МҚIА, ККМ, АШМ, Әдiлетминi, МГМ, БП, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi, «Атамекен» ҰЭП үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы шiлде |
24. | Заңнамаға микро, шағын, орта және iрi бизнес ұғымдарының аражiгiн нақты ажыратуға бағытталған өзгерiстер енгiзу | нормативтiк құқықтық актiлер | ЭДСМ, Қаржыминi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы желтоқсан |
25. | Қазақстан азаматтарының тыныс-тiршiлiгiнiң қауiпсiздiгiне тiкелей ықпал етпейтiн барлық рұқсаттар мен лицензияларды хабарламаларға ауыстыра отырып алып тастау | нормативтiк құқықтық актiлер | ЭДСМ, орталық мемлекеттiк органдар үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы маусым |
26. | Бизнестiң ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сапасын бақылау мәселелерiн дербес реттеуi үшiн заңнамалық негiзде жағдайлар жасау | нормативтiк құқықтық акт | ИЖТМ, МЭРТ, «Атамекен» ҰЭП үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешев | 2013 жылғы шiлде |
27. | Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың сот шешiмдерiн қабылдаудың жеңiлдетiлген тәртiбiн көздейтiн жаңа жүйесiн әзiрлеу | нормативтiк құқықтық акт | БҚА, ЖС үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы шiлде |
28. | Қазақстан Республикасының Парламентi не кәсiпкерлердiң осы Палатаға мiндеттi мүшелiгiн, сондай-ақ оған мемлекеттiк органдардың кәсiптiк-техникалық бiлiм беру, сыртқы экономикалық қызмет, шағын бизнестi, әсiресе моноқалалар мен ауылдық жерлерде қолдау саласындағы өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн берудi көздейтiн Кәсiпкерлердiң ұлттық палатасы туралы заң жобасын енгiзу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЭДСМ, БҒМ, Еңбекминi, ӘМ, «Атамекен» ҰЭП, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы желтоқсан |
29. | «Атамекен» ҰЭП тарта отырып, жекелеген мемлекеттiк кәсiпорындарды, квазимемлекеттiк компаниялар мен стратегиялық емес сипаттағы өзге де ұйымдарды жеке меншiк секторға беру жолымен жекешелендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, Қаржыминi, БҚА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi, «Атамекен» ҰЭП үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы маусым |
Үшiншi бағыт. Әлеуметтiк саясаттың жаңа қағидаттары — әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеке жауапкершiлiк |
30. | Экономиканың өсуiн ескере отырып, өмiр сапасының стандарттарын кезең-кезеңiмен арттыруды көздейтiн Азаматтар үшiн ең төменгi әлеуметтiк стандарттар мен кепiлдiктер туралы Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЭДСМ, Еңбекминi, БҒМ, ДСМ, ҚТКШIА, СДШIА, МАМ, Қаржыминi, Қоршағанортаминi, ТМРА үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы қазан |
31. | Еңбек нарығының қажеттiлiгiне, сондай-ақ жұмыс орындарын нақты құруға, жұмыссыз халықты еңбекке орналастыруға бағдарлай отырып: «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын; Бiлiм берудi дамытудың 2020 жылға дейiнгi мемлекеттiк бағдарламасын; Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны; «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасын түзету | нормативтiк құқықтық актiлер | Еңбекминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi ИЖТМ, Енбекминi, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi ЭДСМ, ИЖТМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi:Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С.Н. Ахметов | 2013 жылғы қазан |
32. | Заңнамаға жұмыссыз азаматтардың қайта даярлықтан өтiп, жаңа мамандықты игеру шартымен оларға әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу | нормативтiк құқықтық актiлер | Еңбекминi, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы желтоқсан |
33. | Жұмыс берушiлердi халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын, ең алдымен мүмкiндiгi шектеулi адамдарды еңбекақымен қамтамасыз ете отырып, оларды жұмысқа белсендi тартуға ынталандыратын жағдайлар жасау | нормативтiк құқықтық актiлер | Еңбекминi, ЭДСМ, Қаржыминi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы желтоқсан |
34. | Өңiрлерде қажеттi және перспективалы жобалардың тiзбесiн айқындау | Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ВАК шешiмi | ЭДСМ, Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ВАК үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы маусым |
35. | Әлеуметтiк теңгерiмсiздiктер проблемаларын шешу мақсатында қазiргi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды, өңiрлердi дамытудың басымдық мiндеттерiмен үйлестiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ВАК, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы маусым |
36. | Шағын қалаларды дамыту, олардың базасында өңiрлердiң салалық мамандануын ескере отырып, тиiстi индустриялық жобаларды iске асыру есебiнен iрi агломерациялардың индустриялық-өндiрiстiк серiктес қалаларын қалыптастыру жөнiнде ұзақ мерзiмдi бағдарлама әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ЭДСМ, Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ВАК, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы желтоқсан |
37. | Көшi-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көшi-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық бiлiктi кадрлардың шетелдiк еңбек нарығына шамадан тыс кетуiн болдырмау үшiн оларға қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде кешендi жоспар әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | IIМ, Еңбекминi, БҒМ, ЭДСМ, СIМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы қазан |
38. | Шекара маңындағы аудандарды дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ЭДСМ, ККМ, АШМ, ИЖТМ, ҰҚК, IIМ, Еңбекминi, ҚТКШIА, ЖРБА, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Зерде» АҚ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев | 2013 жылғы қараша |
39. | Жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың деңгейi жоғары өңiрлерге бюджет қаражатын бөлудiң тетiктерiн әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, Қаржыминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы қазан |
40. | Кәсiптiк одақтар туралы және еңбек қызметiн реттеу туралы Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзiрлеудi қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары | Еңбекминi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы қыркүйек |
41. | Еңбекақы төлеуге және үйлесiмсiздiктердi қысқартуға қатысты жаңа қағидаттар тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | Еңбекминi, ЭДСМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы сәуiр |
42. | Азаматтардың жетiмдердi асырап алуын мемлекеттiң көтермелеуi және отбасы үлгiсiндегi балалар үйлерiн салу жөнiнде шаралар тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы сәуiр |
43. | Ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыстар үшiн, сондай-ақ осы саладағы ең ұсақ жазаларға дейiнгi бұзушылықтар үшiн жазаларды қатаңдату бөлiгiнде заңнамаға өзгерiстер енгiзу | Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары | БП, IIМ, Әдiлетминi, БҒМ, Еңбекминi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы қараша |
44. | Жеңiлдiктi салық салу, медициналық және әлеуметтiк қызмет көрсету, еңбек нарығында жаңа мүмкiндiктер беру және т.б. секiлдi материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын iс-шаралар кешенiн әзiрлеп, бала тууды ынталандыру және көп балалы болуды қолдау жүйесiн жетiлдiру | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | Еңбекминi, Қаржыминi, ЭДСМ, ДСМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы желтоқсан |
45. | Жыныстық белгiсi бойынша кемсiту фактiлерiн талдаудың негiзiнде қоғамдық, экономикалық және еңбек салаларында гендерлiк теңдiк саясатын одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | Еңбекминi, БП, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы маусым |
46. | Мыналарды: сапалы және қолжетiмдi медициналық қызметтер ұсынуды; аурулардың барынша кең спектрiн диагностикалауды және емдеудi; профилактикалық медицинаны аурулардың алдын алудағы негiзгi құрал ретiнде дамытуды, сондай-ақ халықпен ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзудi; «смарт-медицина», қашықтықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерiн енгiзудi көздей отырып, медициналық қызметтер сапасының жаңа бiрыңғай стандарттарын енгiзу, сондай-ақ медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруды жетiлдiру және бiрiздендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ДСМ, МАМ, ККМ, ЭДСМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы желтоқсан |
47. | Ең төменгi өмiр стандарттарында балаларды медициналық қызмет көрсетудiң барлық спектрiмен қамтуды заңнамалық бекiтудi коса алғанда, балалардың денсаулығын қамтамасыз етудiң жаңа тәсiлдерiн енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ДСМ, БҒМ, Қаржыминi, ЭДСМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы қыркүйек |
48. | Медициналық жоғары оқу орындарын орта деңгейдегi мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарының желiсiмен бекiту бойынша, сондай-ақ күнделiктi практиканы оқу процесiне кiрiктiру жөнiнде нақты мерзiмдерiн көрсете отырып ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ДСМ, Қаржыминi, ЭДСМ, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы мамыр |
49. | Медициналық жоғары оқу орындарының практикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, сондай-ақ оларға ең жаңа бiлiм мен технологиялық жетiстiктердi шоғырландыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ұсыныстар | ДСМ, БҒМ, «Назарбаев университетi» ДБҰ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы наурыз |
50. | Жекеше медицинаны дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ұсыныстар | ДСМ, БҚА Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылы наурыз |
51. | Заңнамаға медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелерiнде халықаралық аккредиттеу жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу | нормативтiк құқықтық акт | ДСМ, БҒМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы желтоқсан |
52. | Дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және үлгiлiк жобалар бойынша дене шынықтыру-сауықтыру, оның iшiнде аула объектiлерiн салу жөнiндегi шараларды көздей отырып, Дене шынықтыруды және спортты дамыту бағдарламасына өзгерiстер енгiзу | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | СДШIА, ҚТКШIА, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы шiлде |
Төртiншi бағыт. Бiлiм мен кәсiби машық - заманауи бiлiм беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесiнiң негiзгi бағдарлары |
53. | «Балапан» бағдарламасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, iске асыру мерзiмiн 2020 жылға дейiн ұзарту және балаларды мектепке дейiнгi бiлiм берумен және тәрбиелеумен 100 % қамту және мектепке дейiнгi бiлiм берудiң жаңа әдiстерiн әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | БҒМ, ЭДСМ, Әдiлетминi, Қаржыминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы қыркүйек |
54. | 2013-2014 оқу жылынан бастап халықаралық үлгiдегi сертификаттарды бере отырып, инженерлiк бiлiм беру мен заманауи техникалық мамандықтар жүйесiн дамытуды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | БҒМ, Еңбекминi, ИЖТМ, АШМ, ККМ, МГМ, ҚТКШIА, ҰҒА, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы қыркүйек |
55. | Жоғары оқу орындарының базасында қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлiмшелерiн құруды және дамытуды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметiн дамыту жөнiнде бағдарламалар қабылдауды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | БҒМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы маусым |
56. | Оқытуға арналған гранттардың көп сатылы жүйесi жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ұсыныстар | БҒМ, Қаржминi, ЭДСМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы қыркүйек |
57. | Жоғары оқу орындарында оқытудың екiншi курсынан бастап кәсiпорындардағы мiндеттi өндiрiсте практиканы заңнамамен бекiту | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | БҒМ, ИЖТМ, Еңбекминi, Қаржыминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы қыркүйек |
58. | Сабақ беру әдiстемелерiн жетiлдiрудi, қашықтықтан оқытуды қоса алғанда, электрондық оқыту жүйесiн дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ өңiрлiк мектеп орталықтарын құру | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | БҒМ, Қаржыминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы шiлде |
59. | Ескiрген не талап етiлмейтiн ғылыми және бiлiм беру пәндерi мен бағдарламалары бойынша оқытуды тоқтату жөнiнде шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | БҒМ, ЭДСМ, Қаржыминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы мамыр |
60. | Жоғары және орта бiлiм берудiң оқу жоспарларына практикалық дағдылар мен бiлiктiлiкке оқыту бөлiгiнде, оның iшiнде кәсiпкерлiкке бағдарланған өзгерiстер енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | БҒМ, ЭДСМ, Қаржыминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы маусым |
61. | Мынадай: ғылым мен бизнестi толыққанды кооперациялау; оларда iрi жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялар тарапынан сұранысты құра отырып, оларда технологиялар трансфертi болуы мүмкiн салааралық секторларды айқындау; инновациялық зерттеулер бөлiгiнде мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiктi заңнамалық реттеу бойынша шараларды көздей отырып, қажеттi технологиялар трансфертiн және мамандарды оқытуды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ИЖТМ, ЭДСМ, БҒМ, МГМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi, «Назарбаев университетi» ДБҰ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешев | 2013 жылғы наурыз |
62. | Қазақстандық ғалымдардың ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | БҒМ, ИЖТМ, СIМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы наурыз |
63. | Мыналардың: Инновациялық технологиялар паркi «Назарбаев Университетi» ДБҰ базасында перспективалы ұлттық кластерлер қалыптастыру бойынша жол карталарын әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ИЖТМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешев үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы маусым |
64. | Авторлық құқықтар мен патенттер мәселелерiн реттейтiн заңнамаға тексеру жүргiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | Әдiлетминi, ИЖТМ, БҒМ, үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешев | 2013 жылғы тамыз |
65. | Бұдан бұрын берiлген патенттер мен тiркелген авторлық құқықтарды ықтимал коммерцияландыру тұрғысынан оларды талдау | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ИЖТМ, БҒМ, Әдiлетминi, МГМ, АШМ, ККМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә.Ө. Исекешев | 2014 жылғы желтоқсан |
Бесiншi бағыт. Мемлекеттiлiктi одан әрi нығайту және қазақстандық демократияны дамыту |
66. | Мемлекеттiк аудиттi енгiзу тұжырымдамасын әзiрлеу. Мемлекеттiк аудит туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЭДСМ, Қаржыминi, ЕК Қаржыминi, ЭДСМ, ЕК үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы мамыр 2013 жылғы желтоқсан |
67. | Стандартты iс-қимыл пакеттерiмен бiрге дағдарысқа қарсы көпдеңгейлi ден қою жүйесiн енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, Қаржыминi, ҰБ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы мамыр |
68. | Ауыл әкiмдерiнiң сайланбалығын қоса алғанда, Жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгiзу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЭДСМ, Әдiлетминi, Қаржыминi, ОСК, IIМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы 15 сәуiрге дейiн |
69. | Ауыл әкiмдерiн сайлауды өткiзудi ұйымдастыру | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ОСК, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы ОСК төрағасы Қ. Т. Тұрғанқұлов | 2013 жылғы қыркүйекке дейiн |
70. | Қазақстан Республикасының Парламентiне; жергiлiктi атқарушы органдарды қажеттi өкiлеттiлiктермен нығайта отырып, мемлекеттiк басқару органдары арасында өкiлеттiлiктердiң аражiгiн ажырату жөнiндегi; 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы, 2014-2016 жылдарға арналған жергiлiктi бюджеттерге жалпы сипаттағы трансферттер туралы, сондай-ақ 2014 жылдан бастап жергiлiктi бюджеттердi қалыптастырудың жаңа тетiгiн енгiзе отырып, жергiлiктi атқарушы органдарды қажеттi штат санымен және бюджет қаражатымен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын енгiзу | Қазақстан Республикасы Заңының жобалары | ЭДСМ, Әдiлетминi, Қаржыминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi, «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң орынбасары Қ.Е. Көшербаев үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы 1 сәуiрге дейiн 2013 жылғы 1 қыркүйекке дейiн |
71. | Кадр саясаты жөнiндегi ұлттық комиссия, «А» корпусына үмiткерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары және мемлекеттiк қызметшiлердiң мансаптық өсу тетiктерi туралы Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының жобаларын әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының жобалары | МҚIА, ЭДСМ, Әдiлетминi үйлестiрушiлер: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Б.Қ. Байбек, Үкiмет атынан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Т. Орынбаев | 2013 жылғы 1 наурызға дейiн |
72. | Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкiлеттiктерiн күшейту жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Мемлекет басшысына баяндама | ПӘ, Әдiлетминi, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң аппараттары үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы К.Қ. Мәсiмов | 2013 жылғы мамыр |
73. | Меншiк құқығын қорғауды, шарттық мiндеттемелердi қорғауға кепiлдiк берудi күшейту мен оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi қатаңдату жөнiндегi Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Әдiлетминi, БП, ЖС, ЭДСМ, үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Т.С. Донақов | 2013 жылғы маусым |
74. | Жария және жеке құқық салаларында Қазақстанның құқық жүйесiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру мәселелерi бойынша 2010 - 2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына өзгерiстер енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы | ПӘ, Әдiлетминi, БП, ЖС, КК, ҰҚК, ЭСЖКА, ЭДСМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Т.С. Донақов | 2013 жылғы мамыр |
75. | Қазақстан Республикасының Парламентiне: 1) Қылмыстық iс жүргiзу кодексi; 2) Қылмыстық кодекс; 3) Қылмыстық-атқару кодекс; 4) Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс жобаларын енгiзу | Қазақстан Республикасы кодекстерiнiң, жобалары | БП, IIМ, Әдiлетминi, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы М.М. Тәжин БП, IIМ, Әдiлетминi, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА IIМ, БП, Әдiлетминi, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА Әдiлетминi, IIМ, БП, ЖС, ҰҚК, ЭСЖКА үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Т.С. Донақов | 2013 жылғы тамыз 2013 жылғы тамыз 2013 жылғы қыркүйек 2013 жылғы қыркүйек |
76. | Қоғамдық тәртiп пен имандылыққа нұқсан келтiретiн бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiктi күшейту туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | Әдiлетминi, IIМ, үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Т.С. Донақов | 2013 жылғы қыркүйек |
77. | Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiктi күшейте отырып, оның алдын алу, профилактикасы, жолын кесу және жазалау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ЭСЖКА, Әдiлетминi, БП, ЖС, ЕКК, МҚIА үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президектi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы К.Қ. Мәсiмов | 2013 жылғы тамыз |
78. | Қазақстан Республикасы Парламентiнiң «Мемлекеттiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауын қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Заңын Мемлекет басшысына қол қоюға енгiзу | ЭДСМ, МҚIА, Әдiлетминi, ККМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С.Н. Ахметов | 2013 жылғы 15 сәуiрге дейiн |
79. | Мыналарды: 1) Жоғары аттестаттау комиссиясының базасында құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн құрылым құру; 2) құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн ақшалай қамтамасыз ету және зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын қабылдау; 3) арнайы атақтары (сыныптық шендерi) үшiн төленетiн қосымша ақы мөлшерiн әскери қызметшiлерге әскери атақтары бойынша төленетiн жалақы деңгейiне дейiн ұлғайту; 4) Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасын әзiрлеу; 5) Құқық қорғау органдары мен арнаулы органдар басшылығының президенттiк резервiн қалыптастыру жолымен құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер реформасын жалғастыру жөнiнде шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының жобалары | БП, IIМ, ҰҚК, ЭСЖКА, ЭДСМ, Еңбекминi, Қаржыминi, Әдiлетминi, ТЖМ ЭДСМ, МҚIА, IIМ, ЭСЖКА, Қаржыминi, Әдiлетминi, ТЖМ, БП БП, МҚIА, ЭСЖКА, IIМ, Әдiлетминi, Қаржыминi, «Сырбар» СБҚ, ПКК, ТЖМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы К.Қ. Мәсiмов | 2013 жылғы наурыз 2013 жылғы сәуiр 2013 жылғы қаңтар 2013 жылғы мамыр 2013 жылғы маусым |
80. | Құқық қорғау жүйесiн одан әрi жаңғырту бағдарламасын әзiрлеу | нормативтiк құқықтық акт | БП, IIМ, ЭСЖКА, Әдiлетминi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы К.Қ. Мәсiмов | 2013 жылғы маусым |
81. | Мыналарға: 1) сот төрелiгiн жүзеге асыруды одан әрi оңайлатуға, төрешiлдiк рәсiмдердi азайтуға, ақпараттық технологияларды пайдалануға; 2) сот шешiмдерiн орындау жүйесiн жетiлдiруге; 3) дауларды соттан тыс реттеу институттарына елеулi емес мәселелер бойынша дауларды беруге бағытталған Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзiрлеу | Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары | ЖС, БП, Әдiлетминi Әдiлетминi, ЖС, БП Әдiлетминi, ЖС, БП үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Т.С. Донақов | 2013 жылғы маусым |
82. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiн дамытудың және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын орта мерзiмдi кезеңде орнықтырудың арнайы кешендi жоспарын дайындау | Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы | ҰҚК, Әдiлетминi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы М.М. Тәжин | 2013 жылғы мамыр |
Алтыншы бағыт. Дәйектiде болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделердi iлгерiлету мен өңiрлiк және жаһандық қауiпсiздiктi нығайту |
83. | Өңiрдегi қақтығыс әлеуетiн төмендету мақсатында айрықша прагматикалық тәсiлдер негiзiнде iшкi өңiрлiк интеграция арқылы өңiрлiк қауiпсiздiктi, оның iшiнде Орталық Азияда, нығайтудың тетiктерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | СIМ, Қорғанысминi, ҰҚК, IIМ, «Сырбар» СБҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi Е.Х. Қазыханов | 2013 жылғы сәуiр |
84. | Ұлттық экономикалық және сауда мүдделерiн қорғау және iлгерiлету, оның iшiнде Қазақстанның шет елдердегi елшiлiктерiнiң жанынан сауда кеңесшiлерi институтын құру арқылы экономикалық және сауда дипломатиясын одан әрi дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, ЕИIМ, СIМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы сәуiр |
85. | Мәдени-гуманитарлық, ғылыми-бiлiм беру және басқа да аралас салаларда халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | СIМ, БҒМ, МАМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi Е.Х. Қазыханов | 2013 жылғы сәуiр |
86. | Шетелде бiздiң азаматтарымыздың, олардың жеке басының, отбасылық iскерлiк мүдделерiн құқықтық қорғауды жетiлдiру және қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | СIМ, БП, Әдiлетминi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi Е.Х. Қазыханов | 2013 жылғы сәуiр |
87. | «G-Global» диалог алаңын дамыту бойынша ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ЭДСМ, ККМ, СIМ, МАМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң орынбасары Қ.Н. Келiмбетов | 2013 жылғы ақпан |
88. | Мыналар: халықаралық прогрессивтi бастамаларды қолдау мен iлгерiлету және жаһандық қауiпсiздiкке үлес қосу; Ауғанстанды жедел саяси реттеу және қайта қалпына келтiру процесiне қатысу; Азия-Тынық мұхиты өңiрiнiң елдерiмен экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | СIМ, ЭДСМ, ИЖТМ, Қорғанысминi, ҰҚК, «Сырбар» СБҚ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi Е.Х. Қазыханов | 2013 жылғы сәуiр |
89. | Қазақстанның қорғаныс қабiлетiн одан әрi нығайту, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң түрлi тетiктерiне қатысу жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | Қорғанысминi, ҰҚК, IIМ, ТЖМ, СIМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы М.М. Тәжин | 2013 жылғы сәуiр |
90. | Жедел ден қою ұжымдық күштерiнiң әлеуетi мен жауынгерлiк әзiрлiгiн күшейту мақсатында ҰҚШҰ бойынша одақтастармен тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | Қорғанысминi, СIМ, ҰҚК, IIМ, ТЖМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы М.М. Тәжин | 2013 жылғы желтоқсан |
Жетiншi бағыт. Жаңа қазақстандық патриотизм - бiздiң көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негiзi |
91. | Жаңа қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру, ұлттық интеллигенцияның жалпыұлттық көзқарастық құндылықтар мен барша қазақстандық бiрдейлiлiктi нығайтудағы рөлiн арттыру жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | МАМ, БҒМ, ЭДСМ, Әдiлетминi, Қаржыминi, МҚIА, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Б.А. Майлыбаев | 2013 жылғы маусым |
92. | Заңнаманы этностық белгiсi бойынша кемсiтуге жол бермеу бөлiгiнде әкiмшiлендiрудiң тиiмдiлiгiн арттыру | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | БП, Еңбекминi, МҚIА, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Б.А. Майлыбаев | 2013 жылдың соңына дейiн жартыжылдықта бiр рет |
93. | Қазақ тiлiн танымал етуге және оны жаңғыртуға бағытталған шаралар кешенiн, оның iшiнде терминологиялық жұмысты жетiлдiру арқылы iске асыруды жалғастыру | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | МАМ, БҒМ, ЭДСМ, Әдiлетминi, Қаржыминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Б.А. Майлыбаев | 2013 жылғы қыркүйек |
94. | 2025 жылдан бастап қазақ әлiпбиiн латын қарпiне көшiруге дайындық жүргiзу жөнiнде кешендi ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | МАМ, БҒМ, Каржыминi, ЭДСМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С.Н. Ахметов | 2013 жылғы маусым |
95. | Қазақ тiлiне аудару үшiн өзектi кiтаптардың, оның iшiнде жастар арасында конкурс жариялау арқылы тiзiмiн жасау | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | МАМ, БҒМ үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары Б. А. Майлыбаев | 2013 жылғы маусым |
96. | Үштiлдiлiктi енгiзудi ынталандыруға бағытталған шаралар тұжырымдау | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | МАМ, БҒМ, ЭДСМ, Әдiлетминi, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысынын орынбасары Б.А. Майлыбаев | 2013 жылғы қыркүйек |
97. | Дiни экстремизмге және терроризмге қарсы күрес жөнiнде мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеу және дiни экстремизм мен терроризм көрiнiстерiн бейтараптандыру мақсатында заңнаманы жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау | Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | БП, ДIА, ҰҚК, IIМ, «Сырбар» СБҚ, ЭСЖКА, Қаржыминi, БҒМ, МАМ, Әдiлетминi, ЭДСМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы М.М. Тәжин | 2013 жылғы маусым 2013 жылғы қыркүйек |
98. | Әлеуметтiк, этникалық, дiни шиеленiс пен қақтығыстарды еңсерудiң жаңа сенiмдi тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу | Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ақпарат | ҰҚК, БП, ДIА, МАМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкiмдерi үйлестiрушi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк кеңесiнiн хатшысы М.М. Тәжин | 2013 жылғы наурыз |