|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 329 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ^ 1. Қоса беріліп отырған: 2) «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларєа ґтініш берушініѕ (отбасыныѕ) тиесілілігін растайтын аныќтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ^ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «27» желтоқсандағы №329 қаулысымен бекітілген «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік қызметті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1 қосымшада көрсетілген. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызмет алуға селолық округтің әкіміне жүгінеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет алушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі. ^ 6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш білдіруге қажет уәкілетті органның орналасқан жері мен жұмыс кестесі туралы ақпарат осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында; 2) уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 13-тармақта анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 минуттан аспайды; 2) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады; 3) мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беруден бас тарту ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет беруді тоқтата тұру үшін негіздеме жоқ. 10. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету сатылары: 1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға немесе селолық округ әкіміне өтініш береді; 2) уәкілетті орган немесе селолық округ әкімі өтініш түскен сәттен бастап 15 минут ішінде ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап береді. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны әр сатыда бір қызметкерді құрайды.
(өзара іс-қимыл) сипаттамасы 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті өтініштің толтырылған нысаны және жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесін заңды мекенжайлары, телефоны осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жері бойынша селолық округ әкіміне тапсырылады. Жауапты адамдардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпарат жазылған уәкілетті органның стендісінде орналастырылған. 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға және селолық округ әкіміне мынадай құжаттарды ұсынады: жеке басын куәландыратын құжат: (Қазақстан азаматтары – жеке куәліктің (паспорт) көшірмесі, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі). Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқалар мен көшірмелерде не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады. Өтініш нысаны осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжат қабылдайтын қызметкерде болады. Селолық округ әкімінде өтініш нысаны құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады. Осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру мемлекеттік қызмет алушының жергілікті жеріндегі уәкілетті органға (селолық округ әкіміне) жеке өзінің баруы арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – белгілі бір сатыда мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері қатысады: 1) азаматтардың құжаттарын қабылдаумен, өңдеумен, ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтаманы, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап әзірлеумен айналысатын уәкілетті органның маманы, селолық округтің әкімі (ҚФБ-1); 2) бақылауды жүзеге асыратын, бұрыштама қоятын, жауапты орындаушыны белгілейтін, ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді анықтамаларға қол қоятын уәкілетті органның бастығы, селолық округтің әкімі (ҚФБ-2). 15. Әрбiр әкімшілік әрекеттiң (рәсімнің) орындалу мерзiмi көрсетiлген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекет жасау (рәсімінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарының кестедегі мәтiндiк сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшада берiлген. 16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететiн сұлба осы регламентке 3 қосымшада берiлген. 17. Өтініш нысаны, мемлекеттік қызмет алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама осы регламентке 4, 5 қосымшаларда көрсетілген. ^ лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі 17. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында олар қабылдаған шешімдер және әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауаптылықта болады. «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 1 қосымша ^
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 2 қосымша ^
^
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 3 қосымша ^ байланысты көрсететiн сұлба
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 4 қосымша Уәкілетті органға селолық округ әкіміне _______________________ (елді мекен, аудан, облыс) __________________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) _________________________________ (елді мекен, аудан) мекенжайда тұратын ____________________________________ (көше, үй және пәтердің №, телефон) құжат, жеке куәлік № ___________________ ___________________________берілген күні Өтініш Маған 20___ жылғы ____ тоқсанда мен шын мәнінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатындығым туралы анықтама беруді сұраймын. Анықтама талап еткен орынға қажет. 20___ жылғы «____» __________ _____________________________ (өтініш берушінің қолы) «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне 5 қосымша АНЫҚТАМА _______________________________________________________тіркеу нөмірдегі 20___ жылғы ____ тоқсанда шын мәнінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушысы болып табылғандығы туралы берілді. Отбасының мына мүшелеріне: 1. ____________________________________________________________ 2. ____________________________________________________________ 3. ____________________________________________________________ 4. ____________________________________________________________ 5. ____________________________________________________________ Анықтама талап еткен орынға көрсету үшін берілді. Уәкілетті органның бастығы __________________________ (селолық округтің әкімі) |
![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... | ![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... |