2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon

2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

Название2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Дата конвертации13.06.2013
Размер154.06 Kb.
ТипДокументы
источник

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 329 қаулысы

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді

Мемлекеттік қызметтердің

регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

5) «Мүгедектерге санаторий-курорттыќ емдеумен ќамтамасыз ету үшін ќўжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

^ Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы «27» желтоқсандағы

№329 қаулысымен

бекітілген

«Мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi, мекенжайлары осы мемлекеттік қызмет регламентіне 1 қосымшада көрсетiлген ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 20-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiнің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген қағаз жеткізгіштегі жауап болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: мүгедек және мүгедек бала болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптары

6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш білдіруге қажет уәкілетті органның орналасқан жері мен жұмыс кестесі туралы ақпарат осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы жөнінде ақпарат алу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz Интернет-ресурсында, уәкілетті органның стенділеріне орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері тұтынушы осы регламенттің 13-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай:

1) тұтынушыны санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қарсы медициналық көрсетілімдер болған;

2) аталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың біреуі болмаған, құжаттарды ресімдеуде қателіктер табылған;

3) ұсынылған мәліметтер мен құжаттар дұрыс болмаған негіздемелер бойынша бас тартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

10. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:

1) тұтынушы уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде өтініш береді;

2) уәкілетті орган өтінішті тіркеуді жүргізеді, тұтынушыдан келіп түскен құжаттарды қарап танысуды жүзеге асырады, хабарлама ресімдейді немесе дәлелді бас тарту дайындайды және тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

11. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер құрайды.

  1. Мемлеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

(өзара іс-қимыл) сипаттамасы

12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажет өтініштің толтырылған нысаны мен басқа құжаттар мекенжайы, телефоны осы регламентке 1 қосымшада көрсетілген уәкілетті органның маманына тапсырылады. Уәкілетті орган маманының кабинет нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет ұсыну жөнінде ақпарат берілген уәкілетті органның стендінде орналасқан.

13. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін, әлеуметтік жеке кодының нөмірін (болса, жеке сәйкестендіру нөмірін) көрсете отырып белгіленген үлгідегі өтініш;

  2. тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторлық-курорттық картасының көшірмесін;

5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын немесе селолық әкiмдердiң анықтамасын);

6) мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;

7) мүгедектің жазбаша келісімімен басқа адам өтініш беретін кезде – оның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін тұпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың тұпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.

Тұтынушы қажетті құжаттардың барлығын уәкілетті органға тапсырғаннан кейін тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – белгілі бір сатыда мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері қатысады:

1) санаторийлік-курорттық жолдама ұсыну үшін тіркеу және есепке алумен айналысатын уәкілетті органның мамандары (ҚФБ-1);

2) бақылау функцияларын атқаратын уәкілетті органның бөлім бастығы (ҚФБ-2).

15. Әрбiр әкімшілік әрекеттiң (рәсімнің) орындалу мерзiмi көрсетiлген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекет жасау (рәсімінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарының кестедегі мәтiндiк сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшада берiлген.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететiн сұлба осы регламентке 3 қосымшада берiлген.

17. Өтініш нысаны мен мүгедекке санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну үшін құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген қағаз жеткізгіштегі жауап үлгілері осы регламентке 4, 5 қосымшаларда берiлген.

^ 4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

18. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында олар қабылдаған шешімдер және әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауаптылықта болады.

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша

^ Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен жұмыс кестелері

р/с

Уәкілетті органдардың атаулары

Уәкілетті органдардың

орналасқан заңды мекенжайы

(қала, аудан, көше,

үй №, электронды пошта мекенжайы)

Қаланың коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070000, Өскемен қаласы,

Ворошилов көшесі, 157/2

ozisp_uka@mail.ru

8-7232

77-03-33

Демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн, сағат

9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат

13-00-ден

14-00-ге дейін

2

Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071400, Семей қаласы,

Қозыбағаров көшесі, 40

czn@ mail.ru

8-7222

56-17-88

3

Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071300, Риддер қаласы, Гагарин көшесі, 6

loszn@yandex.ru

8-72336

4-54-47

4

Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070100, Курчатов қаласы, Курчатов көшесі, 6

Kurchatov_CC@mail.kz

8-72251

2-38-30

5

Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070100, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14 abai_c@mail.ru

8-72252 9-15-05

6

Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070200, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 104 ayagoz.sobes@mail.ru

8-72237

3-27-56

7

Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070300, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,

Пушкин көшесі, 2 А

beskar_c@mail.ru

8-72236

9-11-82

8

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070400, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Жастар көшесі, 25

bor_c@mail.ru

8-72351

2-22-74

9

Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070500, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 13 glubokoe-ozsp@mail.ru

8-72331 2-11-15

10

Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070600, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесі, 70 Zharma_c@mail.ru

8-72347

6-56-70

11

Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070700, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Манапов көшесі, 21 А zaisan_sobes@mail.ru

8-72340

2-18-66

12

Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070800, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Бірінші май көшесі, 23 zir_sob@mail.ru

8-72335

6-22-57

13

Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070900, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 109 katon_c@mail.kz

8-72341

2-14-53

14

Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070200, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Барақ Батыр көшесі, 78 kur_c@mail.ru

8-72339 2-13-30

15

Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071000, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 61 kokpekti_ozsp@mail.ru

8-72348

2-17-34

16

Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071500, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 16 tarbag_c@mail.ru

8-72346

2-18-19

17

Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071600, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 5 ulanka_z@mail.ru

8-72338

2-74-80

18

Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071700, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 120

urdjar@mail.ru

8-72230

3-45-01

19

Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071800, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Жастар көшесі, 19 Shem_sob@mail.ru

8-72332

3-06-22

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша

Әрбiр әкімшілік әрекеттiң орындалу мерзiмi көрсетiлген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекет жасау (рәсімінің) кезектілігі мен өзара іс-қимылы

1 кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі үдерістің әрекеттері (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

ҚФБ 1

ҚФБ 2

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті

органның

маманы

Бақылау функцияларын атқаратын бөлім бастығы

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамалары

Өтінішті тіркеу, тұтынушы ұсынған құжаттарды қарау

Тұтынушыдан өтінішті қабылдау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкім ету шешімі)

Хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды ресімдеу және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тұтынушыға беру

Санаторий-курорттық жолдама беруді келісімдеу

5

Орындау мерзімдері

он жұмыс күні ішінде

^ 2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

ҚФБ 1

ҚФБ 2

№1 Әрекет

Арызды тіркеу, тұтынушы ұсынған құжаттарды қарау

№2 Әрекет

Санаторий-курорттық жолдама беруді келісімдеу

№3 Әрекет

Құжаттарды немесе дәлелді бас тартуды ресімдеу туралы хабарлама, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тұтынушыға беру

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша

ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететiн сұлба

Уәкілетті органның маманы өтінішті тіркейді және тұтынушы ұсынған құжаттарды қарауды жүргізеді

Уәкілетті органның маманы хабарлама немесе дәлелді бас тартуды ресімдейді және тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді

Тұтынушы

Бақылау функцияларын атқаратын бөлім бастығы

санаторий-курорттық жолдама беруді келісімдейді

Уәкілетті органның маманы тұтынушыдан өтініш қабылдайды

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

4 қосымша

«Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________________________________

__ топтағы мүгедектен,

мүгедек-баланың өкілі

(керегін сызу қажет, толтыру керек)

_______________________________

мүгедектің, мүгедек-бала өкілінің Т.А.Ә.

_______________________________

мүгедектің, мүгедек-бала өкілінің

жеке куәлік № _________________берілген

_____________________________________

мүгедек баланың тұған күні_____________

туу туралы куәлігінің № _______________

мекенжай бойынша тұратын_____________

__________ телефон

^ Санаторий-курорттық емделуге жолдама беру туралы 

ӨТIНIШ

Т.А.Ә.______________________________________________________________ 
Туған күні ________________________________________________________ 
Мүгедектігі (зейнеткерлік куәлігінің №)________________________________ 
Мекен-жайы________________________________________________________ 
Телефоны __________________________________________________________

      Маған санаторий-курорттық емделуге бір жолдама беруді сұраймын. 
      Мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беріп отырмын: 

Жеке куәліктің көшірмесі,

Зейнеткерлік куәліктің көшірмесі,

Санаторий-курорттық картаның көшірмесі немесе дәрігерден анықтама

Тұрғылықты жері бойынша тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесі

Медициналық-әлеуметтік сараптау анықтамасының, мүгедек болған жағдайда ЖОБ көшірмесі

20__ ж. «__» _________  __________________________ 
(қолы)

Өтініш беруші ұсынған құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын растаймын: ______________________________

(Т.А.Ә., лауазымы) «__» ________ 2012 ж. __________
                                     (қолы)

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламентіне

5 қосымша

________________________________

(Т.А.Ә)

________________________________

(мекенжайы)

Хабарлама

_______________________ ауданының (қаласының) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі санаторий-курорттық емделуге жолдама беру туралы Сіздің өтінішіңізді қарап жолдама ______________ берілді деп хабарлайды.

^ Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту бөлімінің бастығы

_____________________________________________________________

(Т.А.Ә)

орындаған

тел.

________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________

(Т.А.Ә)

________________________________

(мекенжайы)

Хабарлама

_______________________ ауданының (қаласының) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі санаторий-курорттық емделуге жолдама беру туралы Сіздің өтінішіңізді қарап аталған көмекке _________________________________________________

________________________________________________________________________________

себептен бас тартылды деп хабарлайды.

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту бөлімінің бастығы

_____________________________________________________________

(Т.А.Ә)

орындаған

тел.

Похожие:

2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы