|
«Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына сәйкес және «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8437 тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 190 (2565) «Әділет газеті» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына және «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден өткізу қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 350 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидалары 1. Осы Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына және «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидалар көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу тәртібін айқындайды. 3. «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ» санаттағы, «А1, В1, С1, D1, С1Е и D1Е кіші санаттағы механикалық көлік құралдарын, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустарды басқару құқығын алуға үміткер адамдар (бұдан әрі – Үміткерлер) медициналық қарап тексеруден өтеді. 4. Механикалық көлік құралдарын жүргізушілер қайта медициналық қарап тексерулерден өтеді. 5. Үміткерлерді медициналық қарап тексеру және механикалық көлік құралдарын жүргізушілерге қайта медициналық қарап тексеру кәсіптік жарамдылық сараптамасын жүргізу бойынша медициналық қызметті жүргізуге лицензиясы бар медициналық денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – медициналық ұйымдар) өткізіледі. 6. Медициналық қарап тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейді. 7. Қайта медициналық қара тексерулер мынадай адамдардың контингенті үшін жүргізіледі: 1) жолаушыларды, қауіпті жүктерді тасымалдауды орындайтын механикалық көлік құралдарының жүргізушілері; 2) механикалық көлік құралдарының алпыс бес жасқа толған жүргізушілері; 3) мүгедек-жүргізушілер; 4) механикалық көлік құралдарын масаң күйде басқарғаны үшін не осындай күйдегі адамның басқаруына механикалық көлік құралын бергені үшін не жүргізушінің масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін механикалық көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар. 8. Жүргізушілердің қайта медициналық қарап тексеруден өту мерзімдері «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 5-тармағында көзделген. 2. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу тәртібі 9. Үміткерлерді медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу үшін медициналық ұйымдарда медициналық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. 10. Комиссия құрамын медициналық ұйымның басшысы бекітеді. Комиссияның құрамына: терапевт, невропатолог, окулист, оториноларинголог, медицина психологы бар психиатр (немесе психолог маман), нарколог дәрігерлер кіреді. Медициналық комиссия штатында қажетті мамандар болмаған жағдайда, комиссия құрамына басқа медициналық ұйымдардың басшыларымен келісім бойынша тиісті бейіндегі мамандар енгізіледі. Жұмысқа көрсетілімдері бойынша комиссияға басқа мамандықтағы дәрігерлер тартылуы мүмкін. Комиссия төрағасы болып медициналық ұйым басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары тағайындалады. 11. Үміткерлерді медициналық қарап тексеру және механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеру осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген терапевтің, мамандардың қарап тексеруін және зертханалық-аспаптық зерттеулерді: қанының және несебінің жалпы талдауы, егер соңғы 6 айда болмаған кезде флюорографикалық зерттеулерді, психобелсенді заттарды қолдануына сұйық биологиялық орта зерттеулерін қамтиды. 12. Аталған үміткерлерді медициналық қарап тексеру және механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеру деректері «Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 025/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің денсаулық жағдайы туралы деректері көрсетілетін медициналық картаға (бұдан әрі – амбулаториялық пациенттің денсаулық жағдайы туралы медициналық карта) енгізіледі. 13. Үміткерлердің, сондай-ақ механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеруден өткен адамдардың басқаруға жарамдылығы туралы қорытындыны әр маман өз бейіні бойынша жеке ұсынады. 14. Медициналық ұйымдарда өткен Үміткерлердің, сондай-ақ механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеруден өткен адамдардың медициналық қарап тексеру нәтижелері бұйрықпен бекітілген №83/е нысанына (Мемлекеттік автоинспекцияға ұсыну үшін медициналық анықтама (бұдан әрі – Анықтама) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізіледі. 15. Басқаруға жарамды деп танылған адамдарға Анықтама беріледі (немесе жоғалуы кезінде оның телқұжаты). Көзілдірік киетін басқаруға жарамды деп танылған адамдарға анықтамаға «Қорытынды» деген сөзден кейін: «Көзілдірік міндетті» деген белгі қойылады. 16. Зерттеулер нәтижесі бойынша ағзасында психобелсенді заттар өнімінің алмасуы бар және наркологта есепте тұрған (немесе тұрмаған) адамдарға басқаруға рұқсат беру туралы мәселені денсаулық сақтаудың мамандандырылған наркологиялық медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссиясы қайтадан медициналық қарап тексеру мерзімі бір жылдан кем емес деп міндетті түрде көрсете отырып шешеді. 17. Үміткерлерді, сондай-ақ механикалық көлік құралдары жүргізушілерін қайта медициналық қарап тексеруінен өткен адамдарды медициналық қарап тексеруден өткізу кезінде мамандандырылған медициналық ұйымдарда көрсетілімдері бойынша қосымша зерттеулер мен консультациялар жүргізіледі. 18. Анықтама көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу сәтіне дейін бір жыл бойы жарамды. 3. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруі 19. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруі Кодекстің 123-бабының 2-тармағына сәйкес ерікті түрде жүргізіледі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген жоқ. 20. Ақы төлеу психиатриялық ұйымдарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарындағы ақылы қызмет көрсету шарттары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі. 21. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруді өткізуіне мынадай мамандар қатысады: 1) психиатр дәрігер; 2) медициналық психолог болмаса маман психолог; 3) медициналық тіркеуші. 22. Медициналық қарап тексеруден өту кезінде Үміткер ұсынатын қажетті құжаттар: 1) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжат; 2) мекенжай анықтамасы; 3) әскери билет (әскерге жарамсыз және есептен алынған адамдарды қоспағанда). 23. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруі: 1) осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру журналына тиісті деректерді енгізе отырып медициналық тіркеушінің үміткерді сәйкестендіруін; 2) психиатр дәрігерде динамикалық байқауда тұруы/тұрмауы туралы медициналық тіркеушінің деректер базасы бойынша тексеруін; 3) психиатр дәрігердің сауалнамасын; 4) қорытындысы осы анықтамада көрсетілетін психологтың психологиялық тестілеуін; 5) психиатр дәрігердің қарап тексеру қорытындысын шығаруын қамтиды. 24. Психиатр дәрігер психологиялық тестілеуі бар өз қорытындысын шығарады және оны өз қолымен және өз мөрімен куәландырады. 25. Психиатр дәрігерден медициналық қарап тексеруден өту уақыты 20 минуттан аспайды. 26. Психиатр дәрігер Үміткердің психикалық бұзушылығына күдіктенген кезде психиатриялық ұйымда медициналық қарап тексеруді қосымша тағайындайды. Үміткер тұрғылықты жері бойынша психиатриялық ұйымға жіберіледі, онда медициналық көрсетілімдері бойынша қажетті қосымша зерттеп-қараулардан өтеді және психиатр дәрігерлердің қорытындысын шығара отырып, құрамында кем дегенде үш психиатр дәрігері бар комиссия қорытынды шығарады. 27. Үміткердің қосымша зерттеп-қарау деректері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі. 28. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды психологиялық тестілей отырып, психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру қорытындысының негізінде не көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды психиатр дәрігерлердің комиссиясы қорытындысының негізінде жасалған түпкілікті қосымша зерттеп-қарау қорытындысы Анықтамаға енгізіледі. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларына 1 - қосымша
Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА №_______ ^ о допуске к управлению транспортным средством Тегі (Фамилия) __________________________________________________________________________________ Аты (Имя)______________________________________________________________________________________ Әкесінің аты (Отчество)___________________________________________________________________________ Туған күні (Дата рождения)________________________________________________________________________ Мекенжайы (Место жительства) ___________________________________________________________________ Жұмыс орны (Место работы)_______________________________________________________________________ Медициналық анықтаманың берілген күні _________________________________ (Дата выдачи медицинской справки) Мамандардан өткен медициналық қарап тексеру нәтижелері: (Результаты медицинского осмотра у специалистов)
қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.) Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы «___» _____________ Терапевт дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-терапевта) __________________________________________________________________________ Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ (Противопоказания имеются/отсутствуют) Дәрігердің МО (М.П.врача)
қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.) Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы «___» _____________ Невропатолог дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-невропатолога) _____________________________________________________________________________________ Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ (Противопоказания имеются/отсутствуют) Дәрігердің МО (М.П.врача)
қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.) Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы «___» _____________ Офтальмолог дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-офтальмолога ) ________________________________________________________________________ Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ (Противопоказания имеются/отсутствуют) Дәрігердің МО (М.П.врача)
қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.) Оториноларинголог дәрігері Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы «___» _____________ Оториноларинголог дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-оториноларинголога ) ______________________________________________________________ Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ (Противопоказания имеются/отсутствуют Дәрігердің МО (М.П.врача)
қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.) Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы «___» _____________ Хирург дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-хирурга ) __________________________________________________________________________________________ Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ (Противопоказания имеются/отсутствуют) Дәрігердің МО (М.П.врача)
қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.) Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы «___» _____________ Психиатр дәрігердің психологиялық тестлеумен қорытындысы_________________________________________ (Заключение врача-психиатра с психологическим тестированием) _______________________________________________________________________________________________ Дәрігердің МО (М.П.врача)
қолы (подпись) Т.А.Ә. (Ф.И.О.) Куәландыру мерзімі (Дата освидетельствования) 20___жылғы «___» _____________
_____________________________________________________________________________________ Т.А.Ә., орындаушының қолы (Ф.И.О., подпись исполнителя) Нарколог дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-нарколога) ______________________________________ _______________________________________________________________________________________________ Қарсы көрсетілімдер бар/жоқ (Противопоказания имеются/отсутствуют) Нарколог дәрігердің МО (М.П. врача-нарколога) ҰЙҒАРЫМ ЗАКЛЮЧЕНИЕ
Годен (не годен) к управлению автомобилями без ограничения максимального веса и автобусами без ограничения вместимости пассажиров «А», «В», «С», «D», «ВЕ», «СЕ», «DЕ», подкатегорий «А1, В1, С1, D1, С1Е и D1Е, а также трамваями и троллейбусами.
Годен (не годен) к управлению мотоциклом, мотороллером (категории «А»).
Годен (не годен) к управлению мопедом. (керексізін сызып тастаңыз) (ненужное зачеркнуть) Анықтаманың жарамдылық мерзімі (Срок годности справки)____________________________________________ Фотосуреттің орны (Место для фотокарточки) Медициналық комиссияның мөрі (Печать медицинской комиссии) Комиссия төрағасы ___________________________ _____________ (Председатель комиссии) Т.А.Ә. (Ф.И.О.) қолы (подпись) Хатшы (Секретарь) ________________________ _____________ Т.А.Ә. (Ф.И.О.) қолы (подпись) Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларына 2 - қосымша ^ қарап тексеру журналына тіркеу Медициналық ұйымның атауы__________________________________________________ басталды (начат) __________________ аяқталды (окончен) _________________
Результаты согласования 29.7.2014: Биржанова К. Ж. (Биржанова К. Ж.) - - cогласовано без замечаний |