Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі icon

Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі



НазваниеОрал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Дата конвертации27.08.2014
Размер101.89 Kb.
ТипДокументы
источник

Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді:

  • бір мемлекеттік мекеме – орталықтандырылған кітапхана жүйесі (ОКЖ) 18 бөлімшесімен;

- бір мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Көркем Орал»;

  • үш мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын:

● Қалалық мәдениет және демалыс саябағы;

● Жастар мәдениет үйі;

● Мәдени-ағарту бірлестігі бөлімшелерімен.
Өзінің жұмысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен оған қарасты мекемелер мен кәсіпорындар 2006 Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы” Заңын және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын басшылыққа алады.

2010 жылы мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда. 2010 жыл ішінде бюджеттік қаржыландырудан 670609,0 мың теңге бөлінді. Тұрғындарға қаржылай қызмет көрсетуден 42600,5мың теңге келіп түсті. (Соның ішінде қалалық мәдениет және демалыс саябағы – 28456,5 мың теңге, Жастар мәдениет үйі – 9505,4 мың теңге, мәдени-ағарту бірлестегі – 502,5 мың теңге, «Көркем Орал» МКК 3943,3 мың теңге, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі – 186,8 мың теңге.).

Жастар мәдениет үйіне қажетті музыкалық аппаратуралар мен қалалық орыс аспаптары оркестіріне аспаптар алынды. Гагарин атындағы кинотеатр мен №13 кітапхана филиалын күрделі жөндеу жұмыстарына жол картасы шеңберінде тендерлер өткізіліп, аяқталды. Жеңіс алаңындағы мемориалдық кешені күрделі жөндеуден, ал М.Мәметова, Г.Жуков, А.С.Пушкин, М.Гаврилов, Т.Масин, 17 қаза тапқан қызыл әскерлер ескерткіштері ағымдағы жөндеуден өткізілді. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Торнадо» фонтаны орнатылды. Жастар мәдениет үйінің инженерлік желілер жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге қаражат бөлінді.

Жастар мәдениет үйіне кондиционерлер, қалалық мәдениет және демалыс саябағына қар тазалаушы техника, «Оралым» фольклорлық ансамблі және вокалдық инструментальдық ансамбліне, орыс аспаптары оркестріне, үрмелер аспаптар оркестріне сахналық киімдер тіктірілді.

Ветелка ауылында, ішінде кітапхана мен балалар аула клубы орналасатын, жаңадан ғимарат салынып, оған оргтехника мен жиһаздар алынды.

«Көркем Орал» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылып, компьютер мен қажетті техникалар алынды.
Орал ОКЖ кітапханаларына 5277,5 мың теңгеге 8112 дана әдебиеттер алынды, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер саны – 5747. 2010 жылғы І жартыжылдыққа және 2011 жылғы ІІ жартыжылдыққа 3106,9 мың теңгеге жергілікті басылымдарға жазылу жүргізілді.

Қаланың мәдениет мекемелерінің негізгі жұмысы халықты мәдени-ағарту қызметімен кең көлемде қамтуды жүзеге асыруға, кәсіби және көркемөнерпаздық шығармашылықты дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызуға, халықтың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі шығармашылық қабілеттерін айқындауға, олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

Қаланың барлық мәдени мекемелері мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерекелік және есте қаларлық даталарға арналған қалалық мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып, өткізуде белсенділік танытты.

Мәдениет мекемелері «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, “Жастар саясаты” мен “Мәдени мұра” бағдарламасын, Президент пен Үкіметтің нашақорлық пен есірткі бизнесі, ЖҚТБ (СПИД), туберкулезбен күрес және одан сақтандыру бойынша қаулысын, қылмыспен күрес бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында үнемі жоспарланған жұмыстар жүргізіліп отырады.

«Жаңа жыл», «Наурыз», «Крещение», «Масленица – Қысты шығарып салу», «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Мектеп бітіруші түлектер кеші», «Астана күні» сияқты мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерейтойлар мен даталы күндерге арналған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізуде белсенді жұмыстар атқарылды. Ұлы Жеңістің 65-жылдығы ерекше атап өтілді:17-18 сәуір аралығында қалалық көрме залында «Жұлдызы жарқыраған» атты фото суреттік көрме шығарылды. 18 сәуір күні женімпаздарға сыйлықтармен дипломдар табыс етілді. 22 сәуір күні Қалалық әскери патриоттық әндер байқауы. 7 мамыр күні «Рай» түңгі клубының алаңқайында асфальттағы балалар суретінен сайыс өткізілді. 8 мамыр күні Сырым Датұлы алаңында қаламыз бен және облысымыздың үздік шығармашылық топтарымен дайындалған «45 жылдың Көктемі» (Весна 45-го года) атты театрландырылған концерттік бағдарлама өткізілді. Мейрам күні: ескерткіштермен Мәңгі Алауға гүл шоқтарын қою салтанаты, Жеңіс алаңында әскери шеру, Қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Жауынгер ботқасы» театрландырылған бағдарламасы, Жеңіс алаңынан Абай алаңына дейін шырақты шеру және отшашу мен аяқталған қаламен облысымыздың үздік шығармашылық ұжымдарының кешкі концерттік бағдарламасы өткізілді.

1 маусым күні алғашқы рет қалалық субұрқақтар мерекесі, 7 субұрқақ алаңқайында бір уақытта қаламен облысымыздың үздік шығармашылық ұжымдарының, оқу орындарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар өткізілді.

Бұл жылы қала күні мерекесі де ерекше қарқынмен ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін әртүрлі бағдарламалар ұсынылды.

«Жаңа жыл» мейрамын мерекелеумен қатар алғаш рет 3-желтоқсанда Абай алаңында басты шыршаның ашылуына байланысты концерттік бағдарлама қойылды. 31-желтоқсан күні қаланың ықшам ауданының тұрғындары мен кенттік окргугтерде және қаланың 7 орынында жаңажылдық концерттік бағдарламалар жұрт назарына ұсынылды.
Сонымен қатар қалалық «ВИА» ансамблінің және қалалық орыс-халық аспаптар оркестрінің шығармашылық кештері өткізілді. Жас дарындарды анықтау мен оларға қолдау көрсету жұмыстары, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басты назарында. Сәуірде «Балдәурен» балалар шығармашылық фестивалі және қалалық әскери патриоттық әндер байқауы өткізілді.

13 жылдан бері жұмыс жасайтын 5515 әскери базасы құрамындағы Халықтық мәдениет университеті өзінің жұмысын жалғастыруда.

Мәдени-ағарту бірлестігі құрамына 15 балалар аула клубы, “Жас ұрпақ” жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығы, Гагарин атындағы балалар кинотеатры, “Колос” мәдениет үйі, Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі, «Ардагер» ардагерлер клубы, Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі, үрмелі және орыс халық аспаптары оркестрлері, 5515 әскери бөлім құрамында жұмыс жасайтын Халықтық мәдениет университеті кіреді.

Мәдени-ағарту бірлестігі филиалдарында әр түрлі бағыттағы көркемөнерпаздар үйірмелері, клубтық бірлестіктер, спорттық секциялар 2256-ден астам адам қызығушылықтары бойынша айналысатын клубтар – жалпы 90 клубтық құрылым жұмыс жасайды.

1 шілдеден бастап 4 жас пен 16 жас аралығындағы 2500 баланы қамтитын 16 жазғы алаңқайлар жұмыс істеуде. Алаңқайлар қажетті спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алаңқайларда арнайы мекеме мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, әртүрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Мәдени-ағарту бірлестігі қызметінде салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары үлкен орын алады. Балалармен кездесуге үнемі наркологиялық және тубдиспансер орталықтарының, құқық қорғау органдарының мамандары шақырылып отырады. Мәдени – ағарту бірлестігі филиалдарында 11500 іс-шара өткізіліп, оған 138 800-ден астам көрермен қатысты.
Жастар мәдениет үйі ұжымы мәдени-көпшілік және ағарту жұмыстарында үлкен белсенділік танытып келеді. Жастар мәдениет үйі құрамында 20 ақылы және 8 ақысыз үйірмелер мен студиялар жұмыс істейді, соның ішінде: қалалық әуенді аспаптар ансамблі мен «Оралым» фольклорлық ансамблі, скрипкашылар ансамблі, “Әуен” вокалдық студиясы, эстрадалық-цирктік студиясы, “Шұғыла” би тобы, “Көңілашар” театр студиясы, домбыра, ойын және баян үйірмелері бар. Бұл үйірмелерге 400-ден астам бала қатысады. Есеп беру мерзімі ішінде Жастар мәдениет үйінде 365 іс-шара өткізіліп, оған 42625-ден астам көрермен қатысты.
2010 жылы Қалалық мәдениет және демалыс саябағында мемлекеттік және халықтық «Крещение», «Масленица – Қысты шығарып салу», “Наурыз” мейрамы, «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Астана күні», «Сабантой» мейрамдары өтті. «Қала күні» аясында қаланың мекемелері мен кәсіпорындары арасында фестиваль өтуде. Барлығы мәдени-көпшілік 170 іс-шара өткізіліп, бұл шараларға 130000-нан астам адам қатысты. Жазғы маусымның ашылуынан бастап қалалық мәдениет және демалыс саябағында 970000 астам демалушылар болды.
2010 жылы өз жұмысын бастаған «Көркем Орал» мемлекеттік кәсіпорнымен, мәдени-көпшілік іс-шаралармен мейрамдарды өткізу және қамтамасыз ету жұмыстары, сыртқы жарнаманы жасау, орнату, онымен жұмыс істеу, қаладағы жарнама құрылымдарының құжаттарын тіркеу, сонымен қатар кермелер мен сахнаны құру-жинау, көлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
Қалада орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрамына кіретін 19 мемлекеттік кітапхана жұмыс жасайды. Олардың құрамында Горький атындағы қалалық кітапхана, Пушкин атындағы балалар кітапханасы, 14 қалалық кітапхана филиалдары, 2 балалар кітапханасы бар.

Есеп беру мерзімі ішінде 39506 оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіп, 971834 дана кітап берілімін жасады. 784 кітап көрмесі мен тақырыптық сөрелер жасақталды. 631 көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оған 18581 адам қамтылды.

Оқырмандардың қызығушылығы бойынша қалалық кітапханада 19 қызығушылықтары бойынша клубтар жұмыс істейді.

ОКЖ кітапханалары үшін еліміздің саяси - әлеуметтік жағдайларын насихаттау жұмыстары оқырмандармен жүргізілген жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі болды. Еліміздің болашақтағы стратегиясын айқындайтын Елбасының Қазақстан халықтарына арналған кезекті ”Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері”, атты Жолдауы кітапханаларының өзекті тақырыптарының бірі болды.

Оқырманға кітапты барынша жақындату мақсатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 13 әдебиетті беру орындары ұйымдастырылып, жұмыс жасауда.

Кітапханалық процесстерді автоматтандыру жұмыстары жалғасын табуда.

Кітапхананың жұмысын насихаттау ісі БАҚ арқылы жүргізіледі. Тұрақты түрде «Календарь знаменательных и памятных дат» атты радиобағдарламасы шығарылып, жергілікті прессаға мақалалар жазылып тұрады. Жалпы газет беттерінде 46 мақала жарияланып, телеарналар арқылы 11 хабар көрсетілімі, және радио тыңдармандарына арналған 13 бағдарлама өткізілді.
2010 жыл ішінде Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, тілдерді дамыту секторы бірқатар жұмыстар атқарды.

Атап айтып кетсек, мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару жүйесіндегі қолданысын кеңейтудің өзекті мәселелері бойынша “Мемлекеттік тіл – елдіктің белгісі” атты семинар-практикум, «Тіл - татулық тірегі» атты мәдени-ұлттық орталықтармен бірлескен дөңгелек үстел Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Отаным-Қазақстан» атты қалалық мектеп оқушыларының ең үздік шығармалары баспадан жинақ етіп шығарылды.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен оны дамыту, мұғалімдердің әдістемелік сауаттылығын арттыру мақсатында қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардағы орыс топтарындағы қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» және ақындардың қуатты да киелі көркем шығармаларын насихаттау мақсатында І қалалық Жұбан оқулары байқаулары, оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» қалалық жас мұғалімдер байқауы өткізілді.

Жастардың ұшқырлығын, бай қиялын, шешендік өнерін байқау, өнерге деген қызығушылығын ояту, мәдениетін, өз ұлтын сүюге тәрбиелеу мақсатында қалалық «Тазша бала-2010» байқауы өткізілді.

Қазан айында қаланың мемлекеттік мекемелерінің арасында «Мемлекеттік тілде іс жүргізетін үздік мемлекеттік мекеме», «Үздік мемлекеттік қызметші» атты, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне байланысты қаланың көңілді тапқыштар клубы командалары арасында «Менің тілім – Тәуелсіздік тірегі» атты байқау оздырылды.

2010 жыл ішінде 5 ономастикалық комиссия отырысы өткізілді. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Отан үшін от кешкен жерлес батырларымыздың есімі ұлықталып, қаламыздың көшелеріне есімдері беріліп, 38 көшенің атауы өзгертілді.

Ономастикалық жұмыстың тағы бір саласы – мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ел тарихына, ғылымына, мәдениетіне, өнеріне еңбегі сіңген тұлғаларға мемориалдық тақталар және ескерткіштер орнату.

2010 жылы үш ескерткіш тақта орнатылды.
^ Сонымен қатар шешімін таппай жатырған мәселелерде бар:

Қаланың жаңа шағын аудандарында балалар мен жасөспірімдерге және әлеуметтік топтарына мәдени-көпшілік шаралар мен ақпарат жұмыстарын ұйымдастыру жеткіліксіз.

Қала мәдени мекемелерінің жұмысын одан әрі нығайта түсу үшін №4,6,9 ықшам, ет комбинаты аудандарында, желаев, Серебряково, зачаганск кенттік округтерінде мәдениет үйлерін, балалар аула клубтарын ашып, олардың материалдық-техиникалық базасын нығайту қажет болып отыр.

Өкінішке орай, көптеген балалар аула алаңқайларында электр желісіне қосу нүктесі жоқ. Сондықтан қандайма болсын іс-шараларды даярлап, өткізуде көптеген қиындықтар туындайды. Көптеген шағын аудандарда балалар аула клубтары жоқ (Ремзавод, Зачаганск, жаңа шағын аудандар). «Гүлдәурен», «Арай», «Достық», «Жас шебер» балалар клубының ғимараттары санитарлық нормаларға сәйкес емес (дәретханалардың жоқтығы, ғимараттардың жер асты бөлмелерінде немесе күтектей бөлмелерде орналасуы).

Жоғарыда аталған аудандардыға тұрғындардың бос уақытын мәдени-көпшілік шаралармен толықтыра түсіп, мәдениет бөлімінің жұмысын жандандыу үшін мәдениет бөліміне дыбыс аппаратураларын, автобустар, би және сахна костюмдерін, шығармашылық ұжымдарды қамтамасыз етуге қаражат қажет. «Зенит» мәдениет үйін қаланың балансына көшіру де көптеген мәселелердің шешімін табар еді.

Жаңа тұрғын үйлерді салғанда қаланың жаңа ықшам аудандарында мәдени-көпшілік орындарды орналастыруды қарастыру қажет.

2011 жылы төмендегідей мәселелерге қаржы бөлу қажет болып отыр:

- ЖСҚ дайындап, «Жас шебер» балалар аула клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- М.Горький атандағы орталықтандырылған қалалық кітапханалар жүйесін күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындау;

- Круглоозерное ауылындағы саябаққа ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) дайындау;

- Деркул ауылындағы саябақты аббаттандыруға қаражы бөлу;

- балалар аула клубтарында өрт қауіпсіздігінің алдын-алу шараларымен қамтамасыз ету;

- Кітапханаларды 15 компьютермен қамтамасыз ету және оларды интернет жүйесіне қосу;

- кітапханаларға арнайы жиһаз алу (стелаждар, картотекаларға арналған жәшіктер, көрмелерге арналған витриналар және т.б.);

- «Оралым» фольклорлық ансамблі үшін музыкалық және дыбыс күшейткіш аппаратураларын, музыкалық аспаптар алу, әуенді-сазды, үрмелі аспаптар оркестрлері үшін би және сахна костюмдерін алу;

- қызмет көрсетіп отырған кітапханалар мен клубтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- штат санын көбейту (жаңа мәдени-демалыс мекемелеріне);

- Екі автобус және «Газель» автокөлігін алу (әуенді аспаптар оркестрінің әншілеріне, орыс халық аспаптары оркестріне, үрмелі аспаптар оркестріне);

- Кәсіби деңгейдегі «Салтанат» би ансамбілінің ашылуына жағдай жасау.


Мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің бастығы С.Дүйсентегі



Похожие:

Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі iconО рал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 20 11 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі iconОрал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 20 12 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі iconШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасының...
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі icon«Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің 2010 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы хабарлама
Аудан бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына мәдениет саласында 22 кітапхана, 19 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттық қызмет...
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі iconАуданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
Ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2011 жылдың басынан бері бес айда жоспарға сәйкес және аудан әкімінің тапсырмасына...
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі iconБозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі iconМәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2008 жылы атқарған жұмыстары
Аудан аумағында 2 сәуір 1999 жылы барлық клуб жүйелері мемлекеттік қазыналық коммуналдық мәдени демалыс кәсіпорны (МҚкмдк) болып...
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі icon«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
Бөлім мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік...
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі icon«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
Бөлім мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік...
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі iconУспен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
Успен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қол жетімді қызметтер көрсету;...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы