Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар icon

Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар



НазваниеКонкурс қатысушаларына қойылатын талаптар
Дата конвертации27.08.2014
Размер40.84 Kb.
ТипКонкурс
источник

«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ: 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй, 3-қабат, 38-кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 504534, факс 8-(7112) 515020, электрондық адресі: Oral_ovp@mail.ru бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ-ның бас маман («Е-R-4» санаты, 1 бірлік) лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 56376 (min) теңгеден 76235 (max) теңгеге дейін.


Функционалдық міндеттері: Қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен байланыс орнатып, жұмысын ұйымдастырады және мониторинг жүргізіп, талдау жасайды. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік кеңестің отырыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік жастар саясаты жұмысын үйлестіреді. Жастар істері жөніндегі қалалық Кеңестің жұмысын жүргізеді. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық Кеңесінің жұмысын үйлестіру. Қазақстан халқы ассамблеясына қатысты ұйымдастырушылық-ақпараттық жұмыстар жүргізіп, этномәдени бірлестіктермен өзара байланыс жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытында және тиісті дәрежеде қаралуына жауапты.

^ Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар:

«Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Білім беру», немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» мамандықтары бойынша жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар («Болашақ» бағдарламасының түлектерінен басқа) білім туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Праламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конститутциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жек және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу. Компьютерде жұмыс істей білу қажет.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негізінде жүргізіледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  • 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  • бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi немесе заңнамада белгіленген басқа да тәртіпте (мемлекеттік қызметшілер тапсырған құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады);

  • еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi заңнамада белгіленген басқа да тәртіпте (мемлекеттік қызметшілер тапсырған құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады);

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

  • Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс оларды комиссияның оларды қараудан бас тартуына үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғыыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сиаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссияның қарауына қабылдау мерзімінде қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар ( құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылданады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 күн ішінде «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ-да әңгімелесуден өтеді.

Осы лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.


«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру («Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ) «Орал өңірі» газетінің 09.08.2014 ж. №89 (20018) санында, «Приуралье» газетінің 09.08.2014 ж. №89 (23738) санында жарыққа шықты.



Похожие:

Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар icon«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық қағидаларды бекіту туралы» 1 «Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
«Қара металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар iconИнфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар)...
Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар icon«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №93 қаулысы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға және өндірістік объектілердің...
Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар iconАэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметіне қойылатын сертификаттық талаптар
Ттық талаптар (бұдан әрі – Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі...
Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №93 Қаулысы
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және «Өндірістік объектілердің...
Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар iconЖолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар
Ктілеріне келетін адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға...
Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар iconҰйымдарда кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар

Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар icon«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту және «Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын
«Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар iconСанаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 қаңтардағы №178 қаулысы бойынша баспасөз-релизі
«Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы...
Конкурс қатысушаларына қойылатын талаптар iconҚайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптар
Мөлшеріндегі сүйір бұрышты, әрі 95 мм тең үш бірдей бөлікке бүктелетін, бланкті білдірді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы