«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты icon

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты



Название«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
Дата конвертации07.01.2013
Размер182.22 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен     
бекiтiлген        

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

       1. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - өтiнiш берушiге азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру рәсiмi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 3 және 9-баптарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы ереженiң 216-224-тармақтарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтердi Қазақстан Республикасының шегiндегi халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы аумақтық әдiлет органдарымен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырылады, мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Егер азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктердi немесе анықтамаларды шетелден сұратқан кезiнде, аумақтық әдiлет органдарына жүгiну қажет.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталған нысаны азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi қайтадан немесе анықтаманы беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiндегi уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi:
      Тұтынушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi қажеттi құжаттар уәкiлеттi органға түскен күннен бастап 5 күнтiзбелiк күн, азаматтық хал актiсiн басқа аумақтық бiрлiкте тiркеген жағдайда, тұтынушыны хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзiмi 30 күнтiзбелiк күнге дейiн ұзартылады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
      1) құжаттарды тапсыру кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды;
      2) құжаттарды алу кезiнде ең ұзақ кезек күту уақыты 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» кодексiне сәйкес мемлекеттiк баж белгiлендi ол:
      1) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi қайтадан бергенi үшiн 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн;
      2) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтама бергенi үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 0,3 мөлшерiн құрайды.
      Мемлекеттiк банк және мемлекеттiк алым Қазақстан Республикасы банк мекемелерi арқылы тиiстi жергiлiктi бiрлiктiң салық комитетiнiң есеп айырысу шотына төленедi, онда төлем құжаттар берiледi (төлем мөлшерi мен уақытын растайтын түбiртек немесе «электрондық үкiмет төлем шлюз» арқылы берiлген төлем туралы чек).
      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берiлгенi үшiн;
      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесiн анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары өзгертiлген, толықтырылған және түзетiлген кезде өздерiне куәлiктер берiлгенi үшiн;
      3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер ауыстырылып берiлгенi үшiн;
      4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесiн анықтауға байланысты тууы туралы куәлiктi қайтадан бергенi үшiн растайтын құжаттарын ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекен-жайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерi және орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады, тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      жексенбiнi және мерекелiк күндердi қоспағанда аптасына алты күн, Орталықтардың бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз ұсынылады. Филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi.
      Қабылдау «электронды» кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Орталықтың ғимаратында көрсетiледi, онда мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға, жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланктер үлгiсi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар:
      1) куәлiктердi қайтадан беру және анықтама жөнiндегi белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандарттың 3-қосымшасы);
      2) өтiнiш иесiнiң жеке басын растайтын құжатты;
      3) мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртектi ұсынады.
      Қайтыс болуы туралы куәлiктерден басқа, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiк тиiстi акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ өкiлдiк үшiн жазбаша (нотариалдық куәландырылған сенiмхат) сенiм бiлдiрген (сенiм бiлдiрген) өкiлеттiк берiлген басқа тұлғаға (сенiм бiлдiрген өкiл) осы тұлғадан (сенiм бiлдiрушiден) берiледi.
      Қайтыс болуы туралы қайталама куәлiк қайтыс болған адамдардың мұрагерлер тiзiмiне енетiн туыстарына берiледi.
      13. Өтiнiш бланкiлерi Орталықтың күту залындағы арнайы бағандар не Орталықтың консультанттарында орналастырады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толық екендiгiн тексерудi, журналда тiркелудi және жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторына жолдануды жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттардың жинауын, тiзiлiм құрастыруды және уәкiлеттi органға жолдауды жүзеге асырады.
      Орталық қоса берiлген құжаттарымен өтiнiштердi тиiстi уәкiлеттi органға және керi қайтара жеткiзудi курьерлiк байланыс арқылы осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi органның маманы оларды осы стандарттың 12-тармақшасына сәйкес келуiн тексередi, уәкiлеттi органның мұрағатында жене/немесе электрондық базаны пайдаланып акт жазбасының бар екендiгiн тексередi; акт жазбасы бар болған жағдайда азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi қайтадан немесе анықтаманы дайындайды; акт жазбасы болмаған жағдайда азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы акт жазбасы жоқтығы туралы хабарламаны дайындау үшiн аумақтық әдiлет департаментiне тиiстi хабарлама жолдайды; дайын құжаттарды тұтынушыға табыс ету үшiн Орталыққа жолдайды.
      Орындалған (дайын болған) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнiң өтуiнен бiр күн бұрын түсуi тиiс.
      15. Тиiстi құжаттар қабылдаған кезде тұтынушыға:
      1) сауалдың нөмiрi мен қабылдау мерзiмi;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру мерзiмi (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды рәсiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      Қолхатта мыналар айтылады:
      азаматтық хал актiлерiн жазу (бұдан әрi - АХАЖ) бөлiмдерiнiң тiркеу фактiсiн растайтын қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар;
      акт жазбасының көшiрмесi тек мемлекеттiк органға сауал бойынша берiледi.
      16. Тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталықтың инспекторы мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттарды толық бермеген жағдайда Орталық мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартатын болады.
      Уәкiлеттi орган, Орталықтан түскен құжаттарды тиiсiнше ресiмдемеген жағдайда немесе осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген жағдайда пакетiн алғаннан кейiн екi жұмыс күнiнiң iшiнде бас тарту/қайтару себептерiн жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарып бередi.
      Құжаттар пакеттi алғаннан кейiн Орталық, оларды алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде тұтынушыны мәлiмдейдi және бас тарту/қайтару себептерi туралы уәкiлеттi органның жазбаша дәлелдеуiн бередi.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға қайтарып бередi.
      Уәкiлеттi органдағы құжаттардың сақталуы мерзiмi мен оларды жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      18. Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын өтеу кезiндегi заңдылықты сақтауға және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      21. Орталық инспекторларының iс әрекетiне (әрекет етпеуiне) шағым жасау тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық телефоны: 58-00-58 арқылы алуға болады. Орталықтардың басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады. Орталықтардың басшыларының мекен-жайы және телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi органның, Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және 15 күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Шағымдарды қараудың нәтижесi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.

^ 6. Байланыс ақпараты

      24. Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармақшасында көзделген Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.
      Орталықтың байланыс телефондары, мекен-жайы 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және Орталықтың ғимараттарындағы стендтерде орналастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы http://www.minjust.kz, телефон 74-06-38.

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу
туралы қайтадан куәлiктер  
немесе анықтамалар беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша          

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

40-10-63
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

56-57-87
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

28-40-14
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

28-94-67
қабылдау бөлмесi

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесi

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

43-84-14
қабылдау бөлмесi

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

23-68-81
қабылдау бөлмесi

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

41-63-10
қабылдау бөлмесi

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

54-10-20
қабылдау бөлмесi

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

23-08-46
қабылдау бөлмесi

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

42-23-12
қабылдау бөлмесi

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

33-47-35
қабылдау бөлмесi

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

33-31-03
қабылдау бөлмесi

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

30-06-79
қабылдау бөлмесi

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесi

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

248-17-77
қабылдау бөлмесi

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

378-47-01
қабылдау бөлмесi

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

239-65-52
қабылдау бөлмесi

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесi

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

37-02-06
қабылдау бөлмесi

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

40-65-62
қабылдау бөлмесi

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

32-42-79
қабылдау бөлмесi

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

37-74-34
қабылдау бөлмесi

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу
туралы қайтадан куәлiктер  
немесе анықтамалар беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша          

^ Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғалары % (үлесi)










1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсетулердi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Құжаттар дұрыс ресiмдеген жағдайлары (жүргiзiлген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсетулердi ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










3.2. Тұтынушылар құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi тапсырған оқиғалардың % (үлесi)










3.3. Интернет арқылы қол жетiмдi қызмет көрсетулердiң, ақпараттардың % (үлесi)










^ 4. Шағымдану процесi

4.1. Қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы саны мен негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздi шағымдардың % (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiмен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiмен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердiң сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесi)










«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу
туралы қайтадан куәлiктер  
немесе анықтамалар беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
3-қосымша          

^ Туу туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң
үлгiсi

______________________________ облысының
______________________________ ауданының
АХАЖ бөлiмiне                          
________________________________________
(азаматтың т.а.ә.)           
________________________________ тұратын
(қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi)     
Жеке куәлiк № __________________________
(нөмiрi, кiм және қашан бердi)

ӨТIНIШ

      Туу туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi (жiберудi)
өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын:
Тегiм ______________ Атым _______________ Әкемнiң аты _______________
_______________________________________________________________ тудым
          (облыс, аудан,қала/ауыл, күнi, айы, жылы)
Ата-анам:
Әкем ________________________________________________________________
Шешем _______________________________________________________________
Құжат _____________________________________________ байланысты қажет.
                   (себептi көрсету)

20__ жылғы «__» _____________ Өтiнiш берушiнiң қолы _________________

^ Неке қию туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң
үлгiсi

______________________________ облысының
______________________________ ауданының
АХАЖ бөлiмiне                          
________________________________________
(азаматтың т.а.ә.)           
________________________________ тұратын
(қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi)     
Жеке куәлiк № __________________________
(нөмiрi, кiм және қашан бердi)

ӨТIНIШ

      Неке қию туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi
(жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын:
Тегiм ______________ Атым _________________ Әкемнiң аты _____________
Неке _______________________________________________________ қиылған
                  (ерлi-зайыбының аты-жөнi)
Неке қию орны _______________________________________________________
                           (аудан, қала, АХАЖ органы)
Неке қию уақыты _____________________________________________________
                            (күнi, айы, жылы)
Құжат _____________________________________________ байланысты қажет.
                     (себептi көрсету)

20__ жылғы «__» _____________ Өтiнiш берушiнiң қолы _________________

^ Неке бұзу туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң
үлгiсi

______________________________ облысының
______________________________ ауданының
АХАЖ бөлiмiне                          
________________________________________
(азаматтың т.а.ә.)           
________________________________ тұратын
(қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi)     
Жеке куәлiк № __________________________
(нөмiрi, кiм және қашан бердi)

ӨТIНIШ

      Неке бұзу туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi
(жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын:
Тегiм ________________ Атым ______________ Әкемнiң аты ______________
Неке _______________________________________________________ бұзылды.
                   (ерлi-зайыбының аты-жөнi)
Неке бұзу орны ______________________________________________________
                           (аудан, қала, АХАЖ органы)
Неке бұзу уақыты ____________________________________________________
                               (күнi, айы, жылы)
Құжат _____________________________________________ байланысты қажет.
                     (себептi көрсету)

20__ жылғы «__» _____________ Өтiнiш берушiнiң қолы _________________

Әкелiктi анықтау туралы қайталама куәлiктi
беру туралы өтiнiштiң үлгiсi

______________________________ облысының
______________________________ ауданының
АХАЖ бөлiмiне                          
________________________________________
(азаматтың т.а.ә.)           
________________________________ тұратын
(қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi)     
Жеке куәлiк № __________________________
(нөмiрi, кiм және қашан бердi)

ӨТIНIШ

      Әкелiктi анықтау туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi
(жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын:
Тегiм ______________ Атым ______________ Әкемнiң аты ________________
Әкелiк анықтау тiркеу орны __________________________________________
                                   (аудан, қала, АХАЖ органы)
Әкелiк анықтау тiркеу уақыты ________________________________________
                                         (күнi, айы, жылы)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                   (себептi көрсету)

20__ жылғы «__» ____________ Өтiнiш берушiнiң қолы __________________

^ Бала (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлiктi
беру туралы өтiнiштiң үлгiсi

______________________________ облысының
______________________________ ауданының
АХАЖ бөлiмiне                          
________________________________________
(азаматтың т.а.ә.)           
________________________________ тұратын
(қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi)     
Жеке куәлiк № __________________________
(нөмiрi, кiм және қашан бердi)

ӨТIНIШ

      Бала (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы)
берудi (жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi хабарлаймын:
Тегiм _______________ Атым _______________ Әкемнiң аты ______________
Бала (қыз) асырап алу тiркеу орны ___________________________________
                                      (аудан, қала, АХАЖ органы)
Бала (қыз) асырап алу тiркеу уақыты _________________________________
                                            (күнi, айы, жылы)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                     (себептi көрсету)

20__ жылғы «__» ____________ Өтiнiш берушiнiң қолы __________________

^ Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы қайталама куәлiктi
беру туралы өтiнiштiң үлгiсi

______________________________ облысының
______________________________ ауданының
АХАЖ бөлiмiне                          
________________________________________
(азаматтың т.а.ә.)           
________________________________ тұратын
(қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi)     
Жеке куәлiк № __________________________
(нөмiрi, кiм және қашан бердi)

ӨТIНIШ

      Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы қайталама куәлiктi
(анықтаманы) берудi (жiберудi) өтiнемiн, өзiм туралы келесiнi
хабарлаймын:
Тегiм _________________ Атым _______________ Әкемнiң аты ____________
Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту орны _____________________________
                                         (аудан, қала, АХАЖ органы)
Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту уақыты ___________________________
                                                (күнi, айы, жылы)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                 (себептi көрсету)

20__ жылғы «__» _____________ Өтiнiш берушiнiң қолы _________________

Қайтыс болу туралы қайталама куәлiктi беру туралы өтiнiштiң
үлгiсi

______________________________ облысының
______________________________ ауданының
АХАЖ бөлiмiне                          
________________________________________
(азаматтың т.а.ә.)           
________________________________ тұратын
(қала, аудан, көше, үйдiң нөмiрi)     
Жеке куәлiк № __________________________
(нөмiрi, кiм және қашан бердi)

ӨТIНIШ

      Қайтыс болу туралы қайталама куәлiктi (анықтаманы) берудi
(жiберудi) өтiнемiн, қайтыс болған тұлға туралы келесiнi хабарлаймын:
Тегi _________________ Аты ______________ Әкесiнiң аты ______________
Қайтыс болу тiркеу орны _____________________________________________
                                 (аудан, қала, АХАЖ органы)
Қайтыс болу уақыты __________________________________________________
                                    (күнi, айы, жылы)
Құжат ______________________________________________ байланысты қажет
                     (себептi көрсету)

20__ жылғы «__» ________________ Өтiнiш берушiнiң қолы ______________



Похожие:

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты iconМемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты icon«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) адамның құқықтары мен мiндеттерiнiң пайда болуына және тоқтатылуына...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты icon«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты icon«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі –...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты icon5. Азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктерді қайтадан беру Қажеттік құжаттардың тізбесі
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан беру үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты icon«Адамдарға әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер Осы «Адамдарға әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтамалар беру»
Осы «Адамдарға әскери қызмет өткергенiн растау туралы анықтамалар беру» стандарты (бұдан әрi Стандарт) әскери қызмет өткергенiн растау...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты iconМемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты iconМемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы