|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекiтiлген «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру (бұдан әрi- мемлекеттiк қызмет) - жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық тексерудiң нәтижелерi бойынша жасалған, құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi, бастапқы немесе кейiнгi объектiнiң техникалық, сәйкестендiру сипаттамаларын қамтитын техникалық паспортты беру рәсiмi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негiзiнде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттiк қызмет мекен-жайлары осы стандартқа 1-1-қосымшада көрсетiлген «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазынашылық кәсiпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), сондай-ақ мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы балама негiзде көрсетiледi. 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын беру болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушылар қажеттi құжаттарын тапсырған (тiркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiш берген сәттен бастап: уәкiлеттi органға жүгiнген жағдайда: 1) пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт бес жұмыс күнi iшiнде берiледi; 2) жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт он жұмыс күнiнiң iшiнде берiледi; 3) алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт он бес күнтiзбелiк күн iшiнде берiледi; 4) алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт өтiнiш берушi жүгiнген күннен бастап бiр айдың iшiнде берiледi; 5) мерзiмдi одан әрi ұзарту өтiнiш берушiмен келiсiм бойынша объектiнiң күрделiлiк санатына қарай жүргiзiледi, бұл ретте жалпы мерзiм өтiнiш берушi жүгiнген күннен бастап үш айдан аспауға тиiс; 6) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 7) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. Орталыққа жүгiнген жағдайда: 1) пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт бес жұмыс күнi iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет ұсыну мерзiмiне кiрмейдi); 2) жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт он жұмыс күнiнiң iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi); 3) алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт он бес күнтiзбелiк күн iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет ұсыну мерзiмiне кiрмейдi); 4) алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт өтiнiш берушi жүгiнген күнiнен бастап бiр айдың iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет ұсыну мерзiмiне кiрмейдi); 5) мерзiмдi одан әрi ұзарту өтiнiш берушiмен келiсiм бойынша объектiнiң күрделiлiк санатына қарай жүргiзiледi, бұл ретте жалпы мерзiм өтiнiш берушi жүгiнген күннен бастап үш айдан аспауға тиiс; 6) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген уақыты 30 минуттан аспайды. 7) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 8. Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық тексеру үшiн ақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және оны ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын техникалық тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар алады. 9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.minjust.kz. орналасады, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және осы стандарттың 1 және 1-1-қосымшаларына сәйкес уәкiлеттi органдардың және Орталықтардың үй-жайларында стендтерде орнатылады. 10. Уәкiлеттi органда демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн оның жұмысын қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Орталықтарда мемлекеттiк қызмет үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады, Орталықтардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн мерекелiк және демалыс күндерiн қоспағанда, түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiнде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 11. Уәкiлеттi органда үй-жайлары бөлек кiру есiгi, күту залы, анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген. Мемлекеттiк қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген. ^ 12. Жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорт алу үшiн жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң иесi (өзге құқық иеленушi) немесе оның уәкiлеттi өкiлi өзiнiң жеке басын куәландыратын құжатын және мынадай құжаттарды ұсынады: уәкiлеттi органға: 1) белгiленген үлгiдегi сауалды; 2) өтiнiш берушiнiң (жеке тұлғаның) және өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; 2-1) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты; 3) жылжымайтын мүлiк объектiсi меншiк иесiнiң (өзге құқық иеленушiнiң) салық төлеушi куәлiгiнiң (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) көшiрмесi; 4) бұрын болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттарды (салынған объектiнi пайдалануға енгiзгенге дейiн жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар); 5) техникалық паспортты бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжатты. Орталыққа: 1) белгiленген үлгiдегi сауалды; 2) өтiнiш берушiнiң (жеке тұлғаның) және өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; 2-1) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты; 3) жылжымайтын мүлiк объектiсi меншiк иесiнiң (өзге құқық иеленушiнiң) салық төлеушi куәлiгiнiң (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) көшiрмесi; 4) бұрын болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттарды (салынған объектiнi пайдалануға енгiзгенге дейiн жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар); 5) техникалық паспортты бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжатты. Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 13. Уәкiлеттi органда бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады. Орталықта бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады. 14. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдау оларда «терезенiң» арналуы мен атқаратын функциясы ақпарат iлiнген «терезе» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ құжаттарды қабылдайтын қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi. Құжаттарды қабылдайтын қызметкер осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың журналда тiркелуiн және құжаттарды орындауға берудi жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган құжаттар пакетiн алғаннан кейiн жылжымайтын мүлiк объектiсiн тексерудi және жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын дайындауды жүзеге асырады. Орындалған құжаттар уәкiлеттi органның күту залында «терезе» арқылы берiледi. Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсеткен кезде құжаттарды қабылдау оларда «терезенiң» арналуы мен атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген «терезе» арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар Орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi. Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың журналда тiркелуiн және құжаттардың жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына табыс етiлуiн жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинақтауды, тiзiлiмнiң жасалуын және уәкiлеттi органға жiберiлуiн жүзеге асырады. Орталық қоса берiлген құжаттармен бiрге өтiнiштердiң уәкiлеттi органға жеткiзiлуiн және керi алынуын осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн: - жылжымайтын мүлiк объектiсiн зерттеудi; - жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын әзiрлеудi; - орындалған құжаттар тiзiлiмiн қалыптастыруды және тұтынушыға беру үшiн Орталыққа жiберудi жүзеге асырады. Орындалған құжаттар уәкiлеттi органнан қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi өткенге дейiн бiр күн бұрын Орталыққа түсуi тиiс. 15. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызметтi көрсеткен жағдайда тұтынушыға: сауалдың нөмiрiн және қабылдау күнiн; сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрiн; жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекен-жайын (кадастрлық нөмiрiн); қоса берiлген құжаттардың саны мен атауын; құжаттарды беру күнiн, уақытын және орнын; құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған уәкiлеттi орган қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi. Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсеткен кезде тұтынушыға: сауалдың нөмiрiн және қабылдау күнiн; сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрiн; қоса берiлген құжаттардың саны мен атауын; құжаттарды беру күнiн, уақытын және орнын; құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi. 16. Уәкiлеттi органда дайын құжаттарды тұтынушыға берудi онда мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде құжаттарды берудi жүзеге асыратын қызметкер «терезе» арқылы күн сайын жүзеге асырады. Орталықта дайын құжаттарды тұтынушыға берудi онда мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде «терезе» арқылы күн сайын Орталық инспекторы жүзеге асырады. 17. Құжаттарды ресiмдеуде қателiктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген және құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген кезде және жылжымайтын мүлiк объектiсiне қол жеткiзу қамтамасыз етiлмеген жағдайда уәкiлеттi орган қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде бас тартудың себептерiн көрсетiп, күту залының «терезесi» арқылы хабарлама бередi. Мемлекеттiк қызмет Орталық арқылы көрсетiлген кезде, құжаттарды ресiмдеу кезiнде қателiктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар пакетi толық берiлмеген және жылжымайтын мүлiк объектiсiне қол жеткiзу қамтамасыз етiлмеген жағдайда уәкiлеттi орган қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде Орталыққа кейiннен өтiнiш берушiге беру үшiн бас тарту себебiн көрсете отырып, хабарлама жiбередi. Жылжымайтын мүлiкке техникалық тексеру жүргiзуден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге қызмет көрсеткенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы қайтарылып берiледi. Осы құжат техникалық паспорт алуға сұрау хатты қайта жiберген немесе уәкiлеттi органның төленген соманы қайтарып беруi үшiн ұсынылуы мүмкiн. Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. ^ 18. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын атқару кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады. ^ 19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi. 20. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi. ^ 21. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкiлеттi органның және Орталық қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкiлеттi органның немесе Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады. Шағым уәкiлеттi орган мен Орталық басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетiлген. Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 23. Қабылданған шағым уәкiлеттi орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Өтiнiш берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады. ^ 24. Уәкiлеттi орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелерi осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкiлеттi орган мен Орталықтың жұмыс кестелерiне сәйкес айқындалады. Уәкiлеттi орган мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетiлген. Орталықтар мен уәкiлеттi органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетiлген. Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы:www.minjust.kz. «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-1-қосымша
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша ^
|