«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты



Название«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Дата конвертации07.01.2013
Размер180.83 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен  
бекiтiлген      

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - кепiл туралы мәлiметтер үзiндi берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлген сiлтеменi қамтып және тiркеушi органның лауазымды тұлғасының қолы қойылып, тiркеушi органның мөрiмен куәландырылуға тиiс мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзiндi түрiнде ақпарат беру рәсiмi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазынашылық кәсiпорындары және оның филиалдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетедi, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетiлген.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен үзiндi алу болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушылар  қажеттi құжаттарды тапсырған (тiркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттiк қызмет алуға өтiнiш берген сәттен бастап:
      1) мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызмет жазбаша өтiнiш келiп түскен сәттен бастап екi жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынылады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет ұсыну мерзiмiне кiрмейдi);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiндегi кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызмет үшiн ақы - қолданыстағы алым төлеу күнiне бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын құрайды.
      Олардың iс жүргiзуiндегi iстер бойынша прокуратура, сот, анықтау және тергеу органдарының, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде кепiлдiң тiзiлiмiне көшiрменi тегiн алу құқығы берiлген басқа да тұлғалардың сұрау салуы бойынша кепiлдiң тiзiлiмiнен үзiндi ақы алынбастан берiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларында стендтерде орнатылады.
      10. Уәкiлеттi органда демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн оның жұмысын қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi.
      Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн үзiлiссiз жүзеге асырылады, Орталықтардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн бiр сағаттық түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз  және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      11. Мемлекеттiк қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады. Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн тұтынушы жеке басын куәландыратын құжатты және төмендегi құжаттарды ұсынады:
      1) жеке және заңды тұлғаның жазбаша өтiнiшiн;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) заңнамада белгiленген жағдайларда өкiлдiң өкiлеттiктерiн куәландыратын құжатты;
      4) ақпараттық қызмет үшiн төлем төлегендiгi туралы құжатты.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      13. Бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады.
      14. Құжаттарды қабылдау «терезенiң» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiлген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың есеп журналында тiркелуiн және құжаттарды жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына табыс етiлуiн жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiмдi жасауды және уәкiлеттi органға жiберудi жүзеге асырады.
      Орталық қоса берiлген құжаттармен бiрге өтiнiштердiң уәкiлеттi органға жеткiзiлуiн және керi алынуын осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн:
      - мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен көшiрмелер әзiрлеудi;
      - орындалған құжаттар тiзiлiмiн қалыптастыруды және тұтынушыға беру үшiн Орталыққа жiберудi жүзеге асырады.
      Орындалған құжаттар уәкiлеттi органнан қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi өткенге дейiн бiр күн бұрын Орталыққа түсуi тиiс.
      15. Тұтынушыға:
      сұрау салудың нөмiрiн және қабылдау күнiн;
      сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрiн;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атауын;
      құжаттарды беру күнiн, уақытын және орнын;
      құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлуiмен, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      16. Дайын құжаттарды тұтынушыға берудi Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      17. Құжаттарды ресiмдеуде қателiктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген және құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген кезде уәкiлеттi орган қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде Орталыққа кейiннен тұтынушыға беру үшiн бас тартудың себептерiн көрсетiп, хабарлама жолдайды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын атқару кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      21. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкiлеттi органның және Орталық қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкiлеттi органның немесе Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады.
      Шағым уәкiлеттi орган мен Орталық басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Өтiнiш берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.

^ 6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелерi осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкiлеттi орган мен Орталықтың жұмыс кестелерiне сәйкес айқындалады.
      Уәкiлеттi орган мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетiлген.
      Орталықтар мен уәкiлеттi органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде  
ақпарат беру»            
мемлекеттiк қызмет стандартына    
1-қосымша              

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

қабылдау бөлмесi
40-10-63

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

қабылдау бөлмесi
56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

қабылдау бөлмесi
24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

қабылдау бөлмесi
28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

қабылдау бөлмесi
28-94-67

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

қабылдау бөлмесi
33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

қабылдау бөлмесi
43-84-14

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

қабылдау бөлмесi
23-68-81

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

қабылдау бөлмесi
41-63-10

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

қабылдау бөлмесi
54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

қабылдау бөлмесi
23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

қабылдау бөлмесi
42-23-12

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

қабылдау бөлмесi
33-47-35

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

қабылдау бөлмесi
33-31-03

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

қабылдау бөлмесi
30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

қабылдау бөлмесi
378-09-09

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

қабылдау бөлмесi
248-17-77

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

қабылдау бөлмесi
378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

қабылдау бөлмесi
239-65-52

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

қабылдау бөлмесi
234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

қабылдау бөлмесi
37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

қабылдау бөлмесi
40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

қабылдау бөлмесi
32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85-үйлер

37-70-46

қабылдау бөлмесi
37-74-34

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде  
ақпарат беру»            
мемлекеттiк қызмет стандартына    
1-1-қосымша              

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Орналасқан мекен-жайы

Телефон нөмiрi

Басшысының телефон нөмiрi

1

«Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 9-үй

23-32-58

қабылдау бөлмесi
40-21-91

2

«Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 108 «а» үй

55-73-13

қабылдау бөлмесi
55-73-07

3

«Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 76-үй

27-33-93

қабылдау бөлмесi
27-33-91

4

«Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Атырау қаласы, Азаттық көшесi, 96 «б» үй

45-15-19

қабылдау бөлмесi
45-15-34

5

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Өскемен қаласы, Буров көшесi, 51-үй

53-79-73

қабылдау бөлмесi
53-79-99

6

«Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Орал қаласы, Театральная көшесi, 16/2-үй

50-91-96

қабылдау бөлмесi
51-10-44

7

«Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Тараз қаласы, Төле би көшесi, 69-үй

45-56-48

қабылдау бөлмесi
45-58-22

8

«Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қарағанды қаласы, Ленин көшесi, 72/2-үй

56-51-34

қабылдау бөлмесi
56-56-63

9

«Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қостанай қаласы, Досжанов көшесi, 84-үй

50-62-87

қабылдау бөлмесi
50-63-45

10

«Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қызылорда қаласы, Скатков көшесi, 96-үй

23-07-34

қабылдау бөлмесi
23-03-84

11

«Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй

50-45-26

қабылдау бөлмесi
50-76-11

12

«Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Павлодар қаласы, Есеналиев көшесi, 24-үй

32-19-86

қабылдау бөлмесi
32-03-24

13

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Петропавл қаласы, Көшеков көшесi, 10-үй

33-38-38

қабылдау бөлмесi
33-96-30

14

«Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Шымкент қаласы, Оспанов көшесi, 61-үй

54-12-72

қабылдау бөлмесi
53-50-53

15

«Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-58

қабылдау бөлмесi
378-46-50

16

«Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Астана қаласы, Иманов көшесi, 149-үй

37-99-12

қабылдау бөлмесi
37-65-58

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде  
ақпарат беру»            
мемлекеттiк қызмет стандартына    
2-қосымша              

^ Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесi)










1.2. Қызмет алу үшiн кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Лауазымды адам дұрыс ресiмдеген (тiркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бiрiншi реттен тапсырған құжаттар % (үлесi)










3.3. Интернет арқылы қол жетiмдi қызметтердiң, ақпараттың % (үлесi)










^ 4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтердiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздi шағымдардың % (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)












Похожие:

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconДокументи
1. /Х?КО ?ызметтер_/15.12.2009 ?Р ?дiлет органдарынан ж?не ?зге де мемл.органдарынан, сондай...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтамалар беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру»
«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметi (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon27 «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon27 «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы