|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекiтiлген «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы жоғалған куәлiктiң орнына беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру рәсiмi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттiк қызмет «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы негiзiнде жүзеге асырады. 4. Мемлекеттiк қызметтi «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазынашылық кәсiпорындары және оның филиалдары (бұдан әрi -уәкiлеттi орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетедi, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген. 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру болып табылады. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасы кепiл берушi мен кепiл ұстаушыға берiледi. 6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушылар қажеттi құжаттарын тапсырған (тiркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттiк қызмет алуға өтiнiш берген сәттен бастап: 1) жазбаша өтiнiшi түскен сәттен бастап 7 (жетi) күн iшiнде ұсынылады (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi); 2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру үшiн алым ставкасы - қолданыстағы алым төлеу күнiндегi бiр айлық есептiк көрсеткiштiң 50 пайызын құрайды. 9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.minjust.kz орналасады, сондай-ақ ресми ақпарат кездерiнде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтар үй-жайларында стендтерде орнатылады. 10. Уәкiлеттi органда демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн оның жұмысын қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi. Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн үзiлiссiз жүзеге асырылады, Орталықтардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн бiр сағаттық түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 11. Уәкiлеттi органның үй-жайларында бөлек кiретiн есiк, күту залы, анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген. Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. ^ 12. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн тұтынушы (тұтынушының уәкiлеттi өкiлi) мыналарды ұсынуға тиiс: 1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алу туралы өтiнiштi; 2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, ал тұлғаның өкiлi - оның өкiлеттiктерiн растайтын құжатты, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатты; 3) төленгендiгi туралы банктiң белгiсiмен жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын алғаны үшiн алым енгiзгенi туралы құжатты. 13. Бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенiң» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiлген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың есеп кiтабында тiркелуiн және құжаттарды жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына табыс етудi жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiмдi жасалуын және уәкiлеттi органға жiберудi жүзеге асырады. Орталық қоса берiлген құжаттармен бiрге өтiнiштердiң уәкiлеттi органға жеткiзiлуiн және керi алынуын осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн: - жоғалтқанның орнына жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын әзiрлеудi; - орындалған құжаттар тiзiлiмiн қалыптастыруды және тұтынушыға беру үшiн Орталыққа жiберудi жүзеге асырады. Орындалған құжаттар уәкiлеттi органнан қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi өткенге дейiн бiр күн бұрын Орталыққа түсуi тиiс. 15. Тұтынушыға: сұрау салудың нөмiрiн және қабылдау күнiн; сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрiн; қоса берiлген құжаттардың саны мен атауын; құжаттарды беру күнiн, уақытын және орнын; құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлуiмен, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi. 16. Дайын құжаттарды тұтынушыға берудi Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырады. Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 17. Құжаттарды ресiмдеуде қателiктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген және құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген кезде уәкiлеттi орган қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде Орталыққа кейiннен тұтынушыға беру үшiн бас тартудың себептерiн көрсетiп, хабарлама жолдайды. Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. ^ 18. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын атқару кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады. ^ 19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi. 20. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi. ^ 21. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкiлеттi органның және Орталық қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкiлеттi органның немесе Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады. Шағым уәкiлеттi орган мен Орталық басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1, және 1-1-қосымшаларда көрсетiлген. Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 23. Қабылданған шағым уәкiлеттi орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Өтiнiш берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады. ^ 24. Уәкiлеттi орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелерi осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкiлеттi орган мен Орталықтың жұмыс кестелерiне сәйкес айқындалады. Уәкiлеттi орган мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетiлген. Орталықтар мен уәкiлеттi органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетiлген. Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz. «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-1-қосымша
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша ^
|