«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты



Название«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
Дата конвертации07.01.2013
Размер190.76 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-әрекеттерiнiң жиынтығын бiлдiретiн, тiркеушi органның жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi, тiркеушi органдардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруi мен Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-әрекеттерi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Жылжымайтын мүлiк орталықтары» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетедi, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны тұтынушының тiркеу туралы белгiсi бар кепiл шартын немесе өзге құжатын алуы және өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша берiлетiн жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi беру болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған (тiркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттiк қызмет алуға өтiнiш берген сәттен бастап:
      1) мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу екi күн iшiнде жүргiзiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетiледi.
      Мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн, сондай-ақ тiркелген кепiлдiң өзгерiстерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын тiркегенi үшiн алым ставкалары:
      жеке тұлғалардан - алым төлеген күнi қолданыстағы 1 айлық есептiк көрсеткiштi;
      заңды тұлғалардан - алым төлеген күнi қолданыстағы 5 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.minjust.kz., сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде орнатылады.
      10. Уәкiлеттi органда демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн оның жұмысын қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi.
      Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн үзiлiссiз жүзеге асырылады, Орталықтардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн бiр сағаттық түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      11. Мемлекеттiк қызмет Орталық ғимаратында:
      1) егер заңды тұлға кепiл берушi болып табылса, заңды тұлғаның тiркелген орны бойынша;
      2) егер жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер кепiл берушi болып табылса, салық төлеушi ретiнде тiркеу орны бойынша көрсетiледi.
      Орталық залында анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш берушi (өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлi) өзiнiң жеке басын куәландыратын құжатын көрсетедi және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiште:
      тiркеушi органның атауы;
      кепiл берушiнiң және кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн);
      кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны;
      кепiл мәнi болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы (кепiл мәнi туралы мәлiметтер);
      кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
      кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi;
      өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қойған қолы және заңды тұлға үшiн - мөрi;
      кепiлге салынған мүлiк қай тараптың қолында екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепiл туралы мәлiметтер болуға тиiс;
      2) өтiнiш берушiнiң (жеке тұлғаның) және уәкiлеттi өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжатының көшiрмесi;
      2-1) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат;
      3) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алымның бюджетке төленгендiгiн растайтын құжат не «электрондық үкiмет» төлем шлюзi арқылы берiлетiн ақы төлегенi туралы чектi ұсынады;
      3-1) өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша берiлетiн жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк үшiн ақы төленгенiн растайтын құжат;
      4) кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар шарт;
      5) мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiште кепiл берушi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы деректер болуға тиiс;
      6) жеке тұлға болып табылатын кепiл берушiнiң салық төлеушi куәлiгiнiң (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) көшiрмесi;
      7) заңды тұлға болып табылатын кепiл берушiнiң заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң және салық төлеушi куәлiгiнiң (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) көшiрмелерi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      13. Бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады.
      14. Құжаттарды қабылдау «терезенiң» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiлген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың есеп кiтабында тiркелуiн және құжаттарды жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына табыс етiлуiн жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiмнiң жасалуын және уәкiлеттi органға жiберiлуiн жүзеге асырады.
      Орталық қоса берiлетiн құжаттарымен бiрге өтiнiштердiң уәкiлеттi органға жеткiзiлуiн және керi алынуын осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн мыналарды:
      - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне (оның iшiнде компьютерлiк деректер-қорға) өтiнiштен кепiлдi тiркеу туралы деректердi енгiзудi;
      - өтiнiш берген тұлғаға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi әзiрлеудi жүзеге асырады;
      - орындалған құжаттардың тiзiлiмiн қалыптастырады және тұтынушыға беру үшiн Орталыққа жiбередi.
      Орындалған құжаттар уәкiлеттi органнан қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi өткенге дейiн бiр күн бұрын Орталыққа түсуi тиiс.
      15. Тұтынушыға:
      сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
      сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      16. Дайын құжаттарды тұтынушыға берудi Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырады.
      17. Құжаттарды ресiмдеуде қателер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген және құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген кезде уәкiлеттi орган қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде Орталыққа кейiннен тұтынушыға беру үшiн бас тарту себептерiн көрсетiп, хабарлама жолдайды.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын атқару кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы маңызын жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      21. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкiлеттi органның және Орталық қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкiлеттi органның немесе Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады.
      Шағым уәкiлеттi орган мен Орталық басшысының атына берiледi. Уәклiеттi орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Өтiнiш берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

^ 6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелерi осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестелерiне сәйкес анықталады.
      Уәкiлеттi органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетiлген.
      Орталықтар мен уәкiлеттi орган басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк 
кепiлiн тiркеу»     
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша        

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

қабылдау бөлмесi
40-10-63

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

қабылдау бөлмесi
56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

қабылдау бөлмесi
24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

қабылдау бөлмесi
28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

қабылдау бөлмесi
28-94-67

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

қабылдау бөлмесi
33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

қабылдау бөлмесi
43-84-14

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

қабылдау бөлмесi
23-68-81

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

қабылдау бөлмесi
41-63-10

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

қабылдау бөлмесi
54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

қабылдау бөлмесi
23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

қабылдау бөлмесi
42-23-12

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

қабылдау бөлмесi
33-47-35

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

қабылдау бөлмесi
33-31-03

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

қабылдау бөлмесi
30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

қабылдау бөлмесi
378-09-09

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

қабылдау бөлмесi
248-17-77

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

қабылдау бөлмесi
378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

қабылдау бөлмесi
239-65-52

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

қабылдау бөлмесi
234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

қабылдау бөлмесi
37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

қабылдау бөлмесi
40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

қабылдау бөлмесi
32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

қабылдау бөлмесi
37-74-34

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк 
кепiлiн тiркеу»     
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-1-қосымша        

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Орналасқан мекен-жайы

Телефон нөмiрi

Басшысының телефон нөмiрi

1

«Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 9-үй

23-32-58

қабылдау бөлмесi
40-21-91

2

«Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 108 «а» үй

55-73-13

қабылдау бөлмесi
55-73-07

3

«Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 76-үй

27-33-93

қабылдау бөлмесi
27-33-91

4

«Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Атырау қаласы, Азаттық көшесi, 96 «б» үй

45-15-19

қабылдау бөлмесi
45-15-34

5

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Өскемен қаласы, Буров көшесi, 51-үй

53-79-73

қабылдау бөлмесi
53-79-99

6

«Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Орал қаласы, Театральная көшесi, 16/2-үй

50-91-96

қабылдау бөлмесi
51-10-44

7

«Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Тараз қаласы, Төле би көшесi, 69-үй

45-56-48

қабылдау бөлмесi
45-58-22

8

«Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қарағанды қаласы, Ленин көшесi, 72/2-үй

56-51-34

қабылдау бөлмесi
56-56-63

9

«Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қостанай қаласы, Досжанов көшесi, 84-үй

50-62-87

қабылдау бөлмесi
50-63-45

10

«Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қызылорда қаласы, Скатков көшесi, 96-үй

23-07-34

қабылдау бөлмесi
23-03-84

11

«Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй

50-45-26

қабылдау бөлмесi
50-76-11

12

«Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Павлодар қаласы, Есеналиев көшесi, 24-үй

32-19-86

қабылдау бөлмесi
32-03-24

13

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Петропавл қаласы, Көшеков көшесi, 10-үй

33-38-38

қабылдау бөлмесi
33-96-30

14

«Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Шымкент қаласы, Оспанов көшесi, 61-үй

54-12-72

қабылдау бөлмесi
53-50-53

15

«Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-58

қабылдау бөлмесi
378-46-50

16

«Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Астана қаласы, Иманов көшесi, 149-үй

37-99-12

қабылдау бөлмесi
37-65-58

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлiк 
кепiлiн тiркеу»     
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша        

^ Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесi)










1.2. Қызмет алушы кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Лауазымды адам дұрыс ресiмдеген (тiркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бiрiншi реттен тапсырған құжаттар % (үлесi)










3.3. Интернет арқылы қол жетiмдi қызметтердiң, ақпараттың % (үлесi)










^ 4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтердiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздi шағымдардың % (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)












Похожие:

«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлi жөнiнде ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Ндi берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлген сiлтеменi қамтып және тiркеушi органның лауазымды тұлғасының қолы қойылып,...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon14. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу бойынша ақпарат беру
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы ақпараттық қызметті алу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілді өкілі) жеке басын куәландыратын...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon10. міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
Міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн тұтынушымен келесі құжаттар ұсынылады
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты iconДокументи
1. /Х?КО ?ызметтер_/15.12.2009 ?Р ?дiлет органдарынан ж?не ?зге де мемл.органдарынан, сондай...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу»
Орталықтар) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдарымен...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса лғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру...
«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
Змет) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы