|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекiтiлген «Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - өтiнiш берушiге заңды тұлғаны, филиал мен өкiлдiктi мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы жоғалған куәлiктiң орнына беру рәсiмi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi (бұдан әрi - Комитет) мына мекенжайда: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 13-кiреберiс, 955-бөлме, телефоны 74-02-76, және аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мекен-жайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiледi. Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқтау нысаны заңды тұлғаны (филиал мен өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу, қайта тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру болып табылады. Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 6. Заңды тұлғаны (филиал мен өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу, қайта тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасы заңды тұлғаның, филиал мен өкiлдiктiң өкiлдерiне өтiнiш бойынша берiледi. Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi: Заңды тұлғаның, филиал мен өкiлдiктiң өтiнiшi бойынша тiркеушi орган үш жұмыс күнi iшiнде (құжаттар қабылданған күн мен берiлген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын берудi жүзеге асырады. Құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. Құжаттарды алған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 8. Мемлекеттiк қызмет Комитетке немесе Орталыққа заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне мемлекеттiк (есептiк) тiркеу қайта тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын бергенi үшiн бюджетке 0,25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде алым төлегенiн растайтын түбiртектi немесе құжатты ұсыну жолымен ақылы негiзде көрсетiледi. Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (www.minjust.kz) және тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде, сондай-ақ ресми ақпарат кездерiнде орналастырылады. 10. Комитетте жұма, демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн құжаттарды күнделiктi қабылдауды қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi. Қабылдау кезек күту тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Орталықтарда мемлекеттiк қызмет көрсету, демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн жүзеге асырылады, филиалдары мен өкiлдiктер үшiн демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, бiр сағаттық түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 11. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаның, филиалдың және өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша заңды тұлға, филиал және өкiлдiк тiркелген жердегi Комитеттiң немесе Орталықтың мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн жағдай жасалған ғимаратында көрсетiледi. Заңда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, өтiнiштердiң толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан. Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. ^ 12. Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын ресiмдеу бойынша мемлекеттiк қызмет алу үшiн тұтынушылар Комитетке немесе Орталыққа мынадай құжаттар ұсынады: 1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш; 2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және филиал мен өкiлдiктi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң түпнұсқасын жоғалтқаны туралы ақпаратты мерзiмдi басылымға жариялағанын растайтын құжат; 3) заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын бергенi үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын түбiртек немесе құжат. Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен. 13. Бланкiлер Орталықтың күту залындағы арнайы тағанда орнатылады. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенiң» арналғаны және атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi. Орталық инспекторы мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексерудi, журналға тiркеудi және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына өткiзудi жүзеге асырады. Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiмдi жүргiзудi және уәкiлеттi органға жiберудi жүзеге асырады. Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттармен тиiстi уәкiлеттi органға жеткiзудi және керi қайтаруды осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет курьерлiк байланыс арқылы жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзiмде тiркеу рәсiмiн жүзеге асырады. Тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi: 1) ұсынылған құжаттар пакетiнiң толықтығын және олардың дұрыс дайындалғанын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексередi; 2) құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес болған жағдайда заңды тұлғаны (филиалдар мен өкiлдiктердi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру туралы бұйрық шығарады. Орындалған (дайын) құжаттар тiркеушi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi бiткенге дейiн бiр күн бұрын түсуi тиiс. 15. Орталық құжаттарды қабылдау барысында тұтынушыға: 1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдаған күнi; 2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi; 3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттар берiлген күн, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi. 16. Тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы «терезе» арқылы мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырылады. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органдарға бередi. 17. Уәкiлеттi орган құжаттарды рәсiмдеудегi қателердi анықтаған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетiн толық ұсынбаған және құжаттар тиiстi рәсiмделмеген жағдайда, құжаттар пакетiн алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оларды бас тартудың/қайтарудың себебiн жазбаша негiздемемен Орталыққа қайтарады. Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк-тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын ресiмдеу үшiн төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi. ^ 18. Орталықтардың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын орындау кезiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады. ^ 19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi. 20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi. ^ 21. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасына наразылықтар болған жағдайда шағым Орталық басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi басшылығының атына берiледi. Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық: 580058 телефоны бойынша алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады. Шағым Орталық басшысының атына берiледi. Орталықтардың мекен-жайы мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген. 23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Арыз иесiне шағымды қарау нәтижелер туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады. ^ 24. Орталықтар басшыларының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармақшасында көзделген Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге айқындалады. Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайы осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат кездерiнде және Орталықтың үй-жайларында орнатылған стендтерде көрсетiлген. Орталықтар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген. 25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz. «Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша
«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша ^
|
![]() | «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты Және оларға бизнес сәйкестендiру нөмiрiн, тiркеу нөмiрiн бере отырып, мемлекеттiк (есептiк) тiркеу туралы куәлiктi беру, заңды тұлғалар,... | ![]() | «Дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексеру, дiни бiрлестiктер, филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi Заңды... |
![]() | Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу | ![]() | «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу... |
![]() | "Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының әрбiр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының әрбiр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту... | ![]() | "Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу... |
![]() | «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Азаматтық хал актiлерiн тiркеу (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) адамның құқықтары мен мiндеттерiнiң пайда болуына және тоқтатылуына... | ![]() | «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса лғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру... |
![]() | Tumar csp тiркеу куәлiгін қайта шығару жөніндегі пайдаланушының басшылыққа алуы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Тumar csp тiркеу куәлiгін қайта шығаруға өтінімді табысты беру үшiн дк алдын ала дайындауды жүзеге асыру қажет | ![]() | «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш берушiге азаматтық... |