«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты icon

«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты



Название«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты
страница1/5
Дата конвертации07.01.2013
Размер0.64 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2009 жылғы 15 желтоқсандағы  
№ 2121 қаулысымен       
бекiтiлген          

«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкестiгiн тексеру және оларға бизнес сәйкестендiру нөмiрiн, тiркеу нөмiрiн бере отырып, мемлекеттiк (есептiк) тiркеу туралы куәлiктi беру, заңды тұлғалар, филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне және Филиалдар мен өкiлдiктердiң бiрыңғай тiзiлiмiне енгiзу рәсiмi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң, «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мыналарды:
      1) банктердi, республикалық және өңiрлiк мәртебелерi бар қоғамдық бiрлестiктердi (оның iшiнде барлық саяси партияларды), шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу және қайта тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi (бұдан әрi - Комитет) мына мекен-жайда көрсетедi: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 13-кiреберiс, 955-бөлме, телефоны 74-02-76.
      2) тиiстi облыста құрылған және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi (Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi мен Дiни iстер комитетiнде тiркелуге тиiстiлерден басқасы) тiркеудi және қайта тiркеудi аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетедi.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi аяқтау нысаны БСН берiлген заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi, салық төлеушiнiң куәлiгiн (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) беру болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк тiркеуге олардың құрылу мақсаттарына, олардың қызметiнiң түрiне және сипатына, қатысушылардың (мүшелердiң) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар, филиалдар мен өкiлдiктер жатады.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмдерi:
      Комитетке немесе Орталыққа өтiнiш жасаған кезде:
      тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырып, мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген сәттен бастап:
      1) осы стандарттың 4-тармағында көрсетiлген субъектiлердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген мерзiмдерде жүргiзiледi.
      Бұл ретте, мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу мерзiмдерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес есептеледi;
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең  ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең  ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметiн үлгiлiк жарғының негiзiнде жүзеге асыратын орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, ал мемлекеттiк (есептiк) қайта тiркеу үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
      Өз қызметiн үлгiлiк болып табылмайтын жарғының негiзiнде жүзеге асыратын, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен кейiнгi жетi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
      Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк (есептiк) тiркеудiң (қайта тiркеудiң) көрсетiлген мерзiмдерiне салық органдарында тiркеу мерзiмдерi кiрмейдi.
      Өз қызметiн үлгiлiк жарғы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттiк (есептiк) тiркеу туралы куәлiгiн, салық төлеушi куәлiгiн беру, сондай-ақ жарғысын (ережесiн) не мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiн қайтарып беру:
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметiн үлгiлiк жарғы негiзiнде жүзеге асыратын орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне - қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бiр мезгiлде жүргiзiледi;
      өз қызметiн үлгiлiк болып табылмайтын жарғы негiзiнде жүзеге асыратын орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне - қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап он бiр жұмыс күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне - қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап он төрт жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бiр мезгiлде жүргiзiледi.
      Өз қызметiн үлгiлiк жарғы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттiк (есептiк) қайта тiркеу туралы куәлiгiн, салық төлеушi куәлiгiн беру, сондай-ақ жарғысын (ережесiн) не мемлекеттiк (есептiк) қайта тiркеу туралы өтiнiшiн қайтарып беру:
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметiн үлгiлiк жарғы негiзiнде жүзеге асыратын орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне - қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бiр мезгiлде жүргiзiледi;
      өз қызметiн үлгiлiк болып табылмайтын жарғы негiзiнде жүзеге асыратын, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне - қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап он бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне - қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап он терт жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Саяси партияларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу), қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      8. Мемлекеттiк қызмет тiркеу түрiне қатысты осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген алым ставкалары бойынша ақылы негiзде ұсынылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (www.minjust.kz) және тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
      10. Комитетте жұма, демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, құжаттарды күнделiктi қабылдауы қамтамасыз ететiн сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейiнгi кесте белгiленедi.
      Қабылдау кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Орталықтарда мемлекеттiк қызмет мейрам және демалыс күндерiн қоспағанда, үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн ұсынылады, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      11. Осы стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттiк қызметтер мүмкiндiгi шектеулi адамдарға үшiн жағдайлар жасалған Комитетте көрсетiледi. Кабинетте ақпараттық анықтама, күту үшiн креслолар, өтiнiштердiң толтырылған бланк үлгiлерi бар.
      Осы стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттiк қызметтер, заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға үшiн жағдайлар жасалған Орталық ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, өтiнiштердiң толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Тұтынушылар мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
      2) жарғы;
      3) құрылтай шарты, құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда (қорлар, заңды тұлғалар бiрлестiктерi, мекемелер);
      4) заңды тұлғаның уәкiлеттi органының не құрылтайшының заңды тұлға құру туралы шешiмi;
      5) тұрған жерiн растайтын құжат;
      6) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.
      Тұтынушылар мемлекеттiк қызметтi алу үшiн Орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
      2) жарғы, егер заңды тұлға өзiнiң қызметiн Үлгiлiк жарғының негiзiнде жүзеге асырмайтын болса;
      3) құрылтай шарты, құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда (қорлар, заңды тұлғалар бiрлестiктерi, мекемелер);
      4) заңды тұлғаның уәкiлеттi органының не құрылтайшының заңды  тұлға құру туралы шешiмi;
      5) тұрған жерiн растайтын құжат;
      6) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.
      Өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Мемлекет үлестiк қатысатын мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiк мекемелер, шаруашылық серiктестiктер мен акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - мемлекеттiк қатысатын заңды тұлғалар) Мемлекет қатысатын мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер тiлiмiн ұстаушының белгiсi бар өтiнiш тапсырады.
      Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмiрленген түрде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен куәландырылады.
      Қызметiнiң айрықша түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қызметiнiң мәнi қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қызметiнiң мәнi банктiк және сақтандыру қызметi болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады.
      Қызметiнiң мәнi зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны ашуға рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда уәкiлеттi органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда - заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.
      Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
      құрылтайшы - шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тiзiлiмiнен заңды үзiндi көшiрмесi немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге;
      құрылтайшының - шетелдiк жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшiрмесi немесе басқа да құжат мемлекеттiк және орыс тiлдерiне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етiлуге тиiс.
      Сонымен бiр мезгiлде Комитеке және уәкiлеттi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын түбiртек немесе құжат табыс етiледi.
      Заңды тұлғаның орналасқан жерiн растайтын құжаттар:
      жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың жүргiзiлген тiркелуi туралы мөртабан қойылған жылжымайтын мүлiкке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжаты болуы мүмкiн. Егер үй-жайдың иесi жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жерi ретiнде бергенi туралы нотариалдық куәландырған келiсiмi табыс етiледi.
      Ұйымдық-құқықтық нысаны мен заңды тұлғаны, филиалдарды, өкiлдiктердi тiркеу түрiне байланысты құжаттар тiзбесi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      13. Комитетте бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орнатылады немесе құжаттарды қабылдаушы қызметкерде болады.
      Орталықта бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орнатылады.
      14. Комитетте құжаттарды қабылдауды маман жүзеге асырады.
      Комитет маманы мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында құжаттардың осы стандарттың 3-қосымшасының талаптарына сәйкестiгiн тексерудi, журналға тiркеудi жүзеге асырады, құжаттарды орындауға жауапты маманды анықтау үшiн Комитет басшылығына жолдайды.
      Комитет құжаттар пакетiн қабылдағаннан кейiн олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзiмде тiркеудi жүргiзедi.
      Орындалған (дайын) құжаттар тұтынушыға қолма-қол берiледi.
      Орталықтарда құжаттарды қабылдау «терезенiң» арналғаны және атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      Орталық инспекторы мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексерудi, журналға тiркеудi және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына өткiзудi жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiмдi жүргiзудi және уәкiлеттi органға жiберудi жүзеге асырады.
      Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттармен тиiстi уәкiлеттi органға жеткiзудi және керi қайтаруды осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет курьерлiк байланыс арқылы жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзiмде тiркеу рәсiмiн жүргiзедi.
      Тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) ұсынылған құжаттар пакетiнiң толықтығын және олардың дұрыс дайындалғанын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексередi;
      2) құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес болған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы бұйрық шығарады;
      3) Тiркелiмге, сондай-ақ заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң электрондық тiркелiмiне заңды тұлға туралы мәлiметтердi енгiзедi;
      4) тiркеген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде салық органдарына тағайындалған БСН көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркегенi туралы хабарлама жiбередi;
      5) ^ Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      6) салық органдары тiзбе бойынша ұсынатын салық төлеушiнiң куәлiгiн алады;
      7) салық төлеушiнiң куәлiгiн алғаннан кейiн құрылтай құжаттарының үшiншi данасын, егер өз қызметiн заңды тұлғаның Үлгi жарғысы негiзiнде жүзеге асырған жағдайда өтiнiштi және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркегенi туралы бұйрықты салық органына бередi, ол туралы есепке алу журналына тиiстi жазба енгiзiледi;
      8) БСН бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi, сондай-ақ салық төлеушiнiң куәлiгiн бередi;
      Орындалған (дайын) құжаттар тiркеушi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi бiткенге дейiн бiр күн бұрын түсуi тиiс.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      15. Комитет құжаттарды қабылдау барысында тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдаған күнi;
      2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берiлген күн, уақыты және орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Комитет маманының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      Орталық құжаттарды қабылдау барысында тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдаған күнi;
      2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берiлген күн, уақыты және орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      16. Комитетте тұтынушыға дайын құжаттарды берудi маман осы стандарттың 10-тармағында көрсетiлген кестеге сәйкес мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Комитет оларды тұтынушы талап өткенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
      Тұтынушыға дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы «терезе» арқылы мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бiр ай iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органдарға бередi.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      17. Комитет және уәкiлеттi орган құжаттарды рәсiмдеудегi қателердi анықтаған, осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар пакетiн толық ұсынбаған және құжаттар тиiстi ресiмделмеген жағдайда, сондай-ақ заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы, не бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде салық берешегiнiң болуы, сондай-ақ құрылтайшысы жұмыс iстемейтiн заңды тұлға болған жағдайда және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы жұмыс iстемейтiн заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы және (немесе) iс-қимылға жарамсыз немесе iс-қимылға жарамдылығы шектеулi және (немесе) iз-түзсiз жоқ болып кеткен болса, және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған болса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалтқан құжаттары тапсырылғанда заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.
      Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркеу немесе қайта тiркеу үшiн төленген алымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларда қайтарылады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      18. Комитеттiң және Орталықтардың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын орындау кезiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      21. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасына наразылықтар болған жағдайда шағым Орталық, Комитет Басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi басшылығының атына берiледi.
      Орталық инспекторының және Комитет маманының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық: 580058 телефоны бойынша алуға болады.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Орталықтың және Комитеттiң кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады.
      Шағым Комитет басшысының атына берiледi. Комитет басшылығының мекен-жайы мен телефоны осы стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген.
      Шағым Орталық басшысының атына берiледi. Орталықтардың мекен-жайы мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Арыз иесiне шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.

^ 6. Байланыс ақпараты

      24. Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармағында көзделген Комитеттiң жұмыс регламентiне сәйкес жүзеге айқындалады.
      Орталық басшысының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармағында көзделген Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге айқындалады.
      Орталықтың байланыс телефондары, мекен-жайы осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және Орталықтың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
      Орталықтар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу   
(қайта тiркеу), олардың филиалдары мен  
өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)»
мемлекеттiк қызмет стандартына     
1-қосымша                

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

40-10-63
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

56-57-87
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

28-40-14
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

28-94-67
қабылдау бөлмесi

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесi

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

43-84-14
қабылдау бөлмесi

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

23-68-81
қабылдау бөлмесi

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

41-63-10
қабылдау бөлмесi

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

54-10-20
қабылдау бөлмесi

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

23-08-46
қабылдау бөлмесi

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

42-23-12
қабылдау бөлмесi

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

33-47-35
қабылдау бөлмесi

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

33-31-03
қабылдау бөлмесi

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

30-06-79
қабылдау бөлмесi

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесi

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

248-17-77
қабылдау бөлмесi

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

378-47-01
қабылдау бөлмесi

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

239-65-52
қабылдау бөлмесi

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесi

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

37-02-06
қабылдау бөлмесi

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

40-65-62
қабылдау бөлмесi

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

32-42-79
қабылдау бөлмесi

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

37-74-34
қабылдау бөлмесi
  1   2   3   4   5



Похожие:

«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты iconМемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу
«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты
Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексеру, дiни бiрлестiктер, филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi Заңды...
«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты icon"Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының әрбiр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы
Жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының әрбiр бiрлiгiн тiркеу және қайта тiркеу мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту...
«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты icon"Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу...
«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) адамның құқықтары мен мiндеттерiнiң пайда болуына және тоқтатылуына...
«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса лғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру...
«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі...
«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты iconTumar csp тiркеу куәлiгін қайта шығару жөніндегі пайдаланушының басшылыққа алуы «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
Тumar csp тiркеу куәлiгін қайта шығаруға өтінімді табысты беру үшiн дк алдын ала дайындауды жүзеге асыру қажет
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы