Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті icon

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті



НазваниеТехникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті
Дата конвертации07.01.2013
Размер31.29 Kb.
ТипДокументы
источник



Техникалық реттеу және метрология

Комитетінің Қызылорда облысы бойынша

Департаменті


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 23 маусымдағы №1012 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу жоспарланып отыр. Конкурстың ұйымдастырушысы- ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Конкурс 3 номинация бойынша өткізіледі.

Атап айтқанда: 1. «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын». 2. «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын кәсіпорын». 3. «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын». Конкурсқа қатысушы кәсіпорындар жоғары білікті сарапшылар тарапынан сапа саласындағы қызмет жәнеттер және ұсынымдардың тәуелсіз бағасын алады. Бұл болашақта кәсіпорынның стратегиясын сауатты өңдеуге және табысқа жетуге қол жеткізуге көмектеседі. Одан басқа конкурсқа қатысу кәсіпорын ұжымының назарын сапа саласына аударуға, оларды шешу үшін күштің қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын конкурс кезеңінде, ал жеңімпаздар –ол аяқталғаннан кейін бір жыл көлемінде бұқаралық ақпарат құралдары, билік органдары, қоғам назарында болады, бұның оның беделін арттыруы және жаңа серіктестер, өнімнің жаңатұтынушыға тартуға, іскерлік мүмкіндіктерін арттыруға көмегі болады.

Бекітілген Ережеге сәйкес, «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушы кәсіпорындар мүмкіндіктері мен нәтижелерін сипаттайтын материалдар дайындап, жергілікті сарапшылардың қортындысымен бірге кәсіпорынның жұмысы жөнінде дайывндалған бейнероликтерді Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетіне (МЕМСТАНДАРТ) ұсынады.

Жоғарыда аталған конкурсқа әр облыстан 10 кәсіпорынды қатыстыруды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А. Мусинмен тапсырма берілген.

Департамент басшылығының, оның мамандарының жүргізген үгіт-насихат жұмыстары (шаралары) арқасында облыс көлеміндегі кәсіпорындар арасынан 9 мекеме конкурсқа қатысуға тапсырыс берген болатын (1. «РМЗ ШАПАҒАТ» ЖШС. 2. «Рза»АҚ. 3. «Сейфти Консалтинг Сервис»ЖШС. 4. «ҚӨФ Монтажспецстрой» ЖШС. 5. «Мелиоратор»ЖШС. 6. «ҚК Данекер» ЖШС. 7. «ҚК Энергия» ЖШС. 8. «Транс Азия Констракшн» ЖШС. 9. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті).

Аталған кәсіпорындар арасынан «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын кәсіпорын» номинациясы бойынша конкурсқа «Рза»АҚ қатысуда, ал қалған 8 кәсіпорын «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша қатысуда. «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша кәсіпорындар арасынан конкурсқа қатысуға тілек білдіріп, өтініш (заявка) тапсырған мекеме жоқ.

Қазіргі таңда конкусқа қатысушы 9 кәсіпорындардың тиісті материалдары 6 адамнан тұратын жергілікті сарапшылардың қортындысынан кейін Комитетке жолданды. Сарапшылар тобына Министрліктен келген бұйрыққа сәйкес, сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енгізілген.

Сапа саласындағы көрме-конкурстың жеңімпаздары ағымдағы жылдың қараша айының 2-ші бейсенбісінде, яғни бүкіләлемдік сапа күні Мемлекет Басшысының қатысуымен марапатталады. Марапаттау церемониясы кезеңінде аумақтық конкурстың жеңімпаздары, ассоциация, бизнес, мемлекеттік органдар өкілдері қатысады.

^ Сапа саласындағы конкурстың жеңімпаздарына ынталандару

шаралары:


  • конкурстың дипломы мен эмблемасын Қазақстан Республикасы Президенті тапсырады;

  • конкурсқа қатысып, сыйақыға лауреат болған кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы конкурсының эмблемасын жарнама ретінде 2 жыл көлемінде сыйақы берілген уақыттан кейін пайдаланады;

  • ^ Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қызметтерін жариялау үшін мемлекеттік қолдау жасалады;

  • Техникалық реттеу және метрология Комитетімен (МЕМСТАНДАРТ) индустриализациялауды жеделдету мақсатында «Алтын сапа» сыйлығы конкурсының жеңімпаздарына жеңілдіктер беру жөнінде ұсыныстар берілді, атап айтқанда: кіші және орта бизнес өкілдері 2 жыл көлемінде БАҚ арқылы тегін жарнамалық акциялар өткізуге рұқсат беру, бір салықтық периодқа корпоративтік салық көлемін 50 пайызға қысқарту , ал ірі кәсіпкерлік өкілдеріне мемлекеттік сатып алу процесстерінде 10 пайыздық жеңілдіктер жасау.



Похожие:

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconКонкурс- көрменің ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан оьлысыныѕ әкімшілігі, Өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменті және Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы болды.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасының 2006 жылдың 4 тоқсанында атқарған қызметі туралы есебі (жиынтық...
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconТехникалық реттеу 2005 жылдың мамыр айында ҚР «Техникалық реттеу туралы»
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасының 2006 жылдың 3 тоқсанында атқарған қызметі туралы есебі (жиынтық...
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconЙод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы
Р заңымен бүкіл мәтін бойынша «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «стандарттау, метрология және сертификаттау» деген сөздер...
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconҚазақстан Республикасының «Техникалық реттеу жөнінде» заңы
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша басқармасының 2006 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметі туралы есебі (...
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2014 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тексеру жүргізу жоспары
Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің...
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің 2014 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексеру жүргізу жоспары
Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің...
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconТехникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің 01. 01. 10 ж. 31. 05. 10 ж дейін атқарған

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconТехникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің 2009 жылдың 3 тоқсанында атқарған

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconТехникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің 2010 жылдың 1 тоқсанында атқарған
Жылдың 1 тоқсанында Департамент мамандарымен 65 нысан тексеріліп, оның 46 да техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің...
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті iconТехникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің 2010 жылдың 3 тоқсанында атқарған
Жылдың 3 тоқсанында Департамент мамандарымен 272 нысан тексеріліп, оның 47 да техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы