«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



Название«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Дата конвертации24.08.2014
Размер116.33 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ ___ қаулысымен

бекітілген


«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту».

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – уәкілетті орган).

4. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы:

1) уәкілетті орган;

2) заңды тұлғалар – «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – портал) арқылы.

5. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды тартатын жұмыс берушілер және жұмысқа өз бетінше орналасатын қызметкерлер (шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар) көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.


  1. ^ Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі


6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру үшін өтініш білдірген кезде (бұдан әрі – рұқсат):

рұқсат беру туралы шешім қабылдау – өтінішті тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде;

рұқсат беру – Қазақстан Республикасынан шетелдік жұмыс күшін шығаруға кепілдік беретін құжаттарды уәкілетті органға тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

2) рұқсатты ұзартуға өтініш білдірген кезде – өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Құжаттарды толық көлемде ұсынбаған және (немесе) белгіленген нысанда толтырмаған жағдайда уәкілетті орган олар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсат беруден, мерзімін ұзартудан бас тартады және ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды жұмыс берушіге қайтарады.

3) басқа шетелдік қызметкерге бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтініш білдірген кезде – өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

4) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту үшін өтініш білдірген кезде – өтінішті тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды тапсыру кезінде күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 20 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

Көрсетілетін қызметті алушыға өтініш білдірген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 20 минуттан аспайды;

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

8. Уәкілетті органда немесе порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шетелдік қызметкерді жұмысқа орналастыруға рұқсат беру, қайта ресімдеу және мерзімін ұзарту немесе осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тарту не осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру – көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға өзі барған кезде жүзеге асырылады.

Портал арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті органда:

демалыс (сенбі, жексенбі) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

2) порталда – тәулік бойы.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органға немесе портал арқылы мына құжаттарды ұсынады:

1) рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге:

өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдар үшiн берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы (еркін түрде) ақпаратты;

тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, төлқұжаттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, мамандығының, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметті;

тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:

Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармасын (егер құжат мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелерін);

оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiнде жазылған қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы қоса берiлген қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпаратты (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс стажы жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттарды;

шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды расталған көшірмесін (егер шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпастан жүзеге асыратын болса, өз қызметкерлерін келісім-шарт бойынша жұмысты орындау, қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

жұмысты орындау, қызмет көрсету үшін жасалған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды расталған көшірмесін (егер шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өз қызметкерлерін келісім-шарт бойынша жұмысты орындау, қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

5-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;

Төлқұжатта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, корпоративтік ауыстыру (егер шетелдік қызметкер корпоративтік ауыстыру аясында тартылса) туралы шетелдік заңды тұлға берген хаттың және (немесе) келісімнің (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған аудармасы.

Көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат арасындағы келісімшарттың көшірмелері) қоса береді;

2) рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге:

өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдар үшiн берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы (еркін түрде) ақпаратты;

5-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;

рұқсаттың мерзімін ұзартуға негіздемені (еркін түрде);

рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса береді;

3) жұмысқа орналастыруға рұқсатты алу немесе мерзімін ұзарту үшін осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мына құжаттармен бірге:

тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, төлқұжаттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, мамандығының, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметті;

шетелдік қызметкердің біліктілігін растайтын құжаттар:

Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармасын (егер құжат мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелерін);
оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiнде жазылған қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы қоса берiлген қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпаратты (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс стажы жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттарды;

Көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат арасындағы келісімшарттың көшірмелері) қоса береді.

12. Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар пакетін растайтын құжат:

1) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

  1. портал арқылы өтініш білдірген кезде – электрондық өтінішті қабылдау туралы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберілетін хабарлама.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады:

  1. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзартуды алу үшін өтініш білдірген кезде, мына жағдайларда:

бөлiнген квота мөлшерiнен асқан;

жұмыс беруші мына қатынастарды сақтамағанда:

2012 жылғы бірінші қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бірінші және екінші санатқа жатқызылған қызметкерлердің тізімдік санының 70 пайызынан төмен болмауға тиіс;

2012 жылғы бірінші қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санатқа жатқызылған қызметкерлердің тізімдік санының 90 пайызынан төмен болмауға тиіс;

жұмыс берушінің шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тарту фактісін белгілеу;

өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалмауы;

шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейінің (кәсіби дайындығының) және жұмыс тәжірибесінің (өтілінің) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар лауазымдарына, мамандар мен қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

  1. шетелдік қызметкерді жұмысқа орналастыруға рұқсатты ұзартуды алу үшін өтініш білдірген кезде, мына жағдайда:

шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесінде мәлімделген кәсіптер немесе мамандықтар болмаған;

бөлiнген квота мөлшерiнен асқан.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) тікелей уәкілетті ұйымның басшысына. Азаматтарды қабылдау кестесі http:/www.enbek.govkz интернет-ресурсында орналастырылған.

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

15. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.

  1. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

  2. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қарастырылады.

  3. Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

  4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар



  1. Жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті, сондай-ақ рұқсатты қайта ресімдеуді және мерзімін ұзартуды беру туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады;

  3. Консультативтік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі call-орталығының (1411) телефоны бойынша көрсетіледі.



__________________________



Похожие:

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне...
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне...
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconШетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған РҰҚсат
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс...
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік...
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconСәйкес әкімшілік-территориялық бірлік территориясында еңбек іс-әрекетін іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшіне жұмысқа орналасуға және шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмысберушілерге рұқсат беру, қайта рәсімдеу және мерзімін ұзарту (00702001)

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты icon23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және...
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconБизнес-процестерінің анықтамалығы
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconБизнес-процестерінің анықтамалығы
Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық
«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетел қызметкеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты iconШетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы