Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



НазваниеЖоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации24.08.2014
Размер82.67 Kb.
ТипДокументы
источник

жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « » .

№ қаулысымен

бекітілген

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау».

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

  3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (бұдан әрі – уәкілетті орган) бөлімдері.

  4. Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:

  1. уәкілетті орган;

  2. халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық);

  3. тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда - кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі).

  1. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленген жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

  1. Өтініш беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

уәкілетті органда немесе орталықта – уәкілетті органда өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша селолық округтың әкімінде өтініш берген күннен бастап - жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір қызметті алушы қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

  2. Көрсетілетін қызметті алушы алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – көмек) тағайындау туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жеткізу:

  1. көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне өзі барған кезде не пошталық хабарлама арқылы;

  2. көрсетілетін қызметті алушы қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде тұрғылықты жері бойынша орталыққа көрсетілетін қызметті алушының өзі барған кезде жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алу үшін өтініш білдірмесе:

уәкілетті ұйымның бөлімшесі оның электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді;

орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  2. Жұмыс кестесі:

уәкілетті органда, ауылдық округ әкімінде:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

орталықта:

орталықтың филиалдары мен өкілдіктері үшін жұмыс кестесі демалыс және Заңда белгіленген мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш мына құжаттармен бірге ұсынылады:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәлімет;

2) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәліметтер;

3) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;

4) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат не мекенжай анықтамасы;

5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарт.

Осы тармақтың бірінші бөліміндегі 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар бланкілері мемлекеттік қызмет көрсету орындарында беріледі және өз қолымен толтырылады. Осы тармақтың бірінші бөліміндегі 4) тармақшада көрсетілген құжат түпнұсқада ұсынылады. Осы тармақтың бірінші бөліміндегі 5) тармақшада көрсетілген құжат салыстыру үшін түпнұсқасы мен көшірмесі ұсынылады, содан кейін түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакетін қабылданатынын растайтын құжат мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон болып табылады.

  2. Уәкілетті орган маманы, ауылдық округ әкімі немесе орталық қызметкер көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарта отырып, қолхат береді.

  3. Мына жағдайларда:

  1. отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асатын жағдайда;

  2. мүгедектер және бір айдан астам стационарлық емделуде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;

  3. уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсіби даярлықтан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға және оқуларға қатысуды өздігінен тоқтатқан жұмыссыздарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ауылдық округтар әкімдерінің орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларын, қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін:

  1. тікелей көрсетілетін қызмет берушінің, уәкілетті ұйым бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың, және (немесе) олардың қызметшілері басшысына. Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http:/www.enbek.gov.kz; www.gcvp.kz; www.con.gov.kz.

  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

  4. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

  5. 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

  6. жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жолданады.

  1. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берілген кезде қызметіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.

  2. Жазбаша шағыммен көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетілген талон беріледі.

  3. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңында белгіленген мерзімде қаралады.

  4. Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде мемлекеттік қызмет алушыға жазбаша түрде хабарланады.

  5. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.

  2. Консультативтік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс – орталығы call-орталығының: (1414) телефоны арқылы көрсетіледі.



Похожие:

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі...
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon2014 жылғы «01» 07. №177 Батыс Қазақстан облысы
Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына...
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін...
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен...
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Нің 2011 жылғы 7 сәуірдегі №394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconМемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы...
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы. № қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» м емлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы