|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы «24 » ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының дін істері басқармалары (бұдан әрі – басқармалар) арқылы жүзеге асырылады.
материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Сараптама жүргiзу мерзiмі сараптама объектісі келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн; Осы көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылған (дінтану сараптамасы ұзартылған) жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тоқтатылғаннан (дінтану сараптамасы ұзартылған) бастап екі жұмыс күні ішінде оның мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтату туралы хабарлайды;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелу үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
Шет тіліндегі құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады. Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi 11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің атына жазбаша нысанда берiледi. Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 12. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған. 14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777. _________________________________________________________ «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша куәлік нысаны ![]() ___________________________________________ әкімдігі (облысының, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ^ куәлік ________________________ (тіркеу нөмірі) _______қаласы 20 жылғы « » Осы куәлік «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес_______________________________________________________ берілген (куәлік берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) және миссионер ретінде 20___жылғы «___» __________ тіркелгенін растайды. Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі: _______________________________. Алғашқы тіркелген күні 20___жылғы «___» __________ (қайта тіркелген кезде көрсетіледі) Паспорт немесе жеке куәлігі: ____________________________________________________________________. (берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган) Азаматтығы:________________________________________________________. _______________________________________________________________________________. (дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни бірлестіктің атауы) Осы куәлік 20___ жылғы «___» ________ дейін жарамды. Әкім не ол уәкілеттік берген тұлға (лауазымы мен тегi, аты-жөні) ____________________________________________________________________ Қолы__________________________________ Мөр Бланк сериясы Бланк № «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша өтініш нысаны ____________________________ (облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкіміне ________________________________________ (тегi, аты-жөні) өтiнiш берушi ___________________________ (жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), мекенжайы және телефоны) ^ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты:_________________________________ Орналасқан (тұратын) мекенжайы:______________________________________ Паспорт немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат (күні, нөмірі, құжатты берген орган)________________________________________________________. Азаматтығы:_____________________________________________________. _________________________________________________________________. (дiни ұстанымы және атынан миссионерлік қызмет атқаратын діни бірлестіктің атауы) Миссионерлік қызмет мерзімі:__________________________________________. Визаның қолданылу мерзімі ___________________________________________. Қызметті жүзеге асыру аумағы: ________________________________________. (облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана) Мен, ___________________________________________________ миссионерлер (тегi, аты, әкесiнiң аты) қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын __________________(қолы). Қосымша: Өтініш берушінің қолы ____________ Өтініш берілген күн _________________ |
![]() | «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі... | ![]() | «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.... |
![]() | «Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметінің стандарты Мемлекеттік қызмет – «Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу» (бұдан... | ![]() | «Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Азақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтыєы жоќ тұлғалар (бұдан әрі – миссионерлер) Қазақстан республикасының... |
![]() | Мемлекеттік қызмет көрсетудің «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне... | ![]() | Қызылөзен селосы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің міндеттер бөлінісі Туйешиева Анар Туркпенбаевна – село әкімі аппаратының бас маманы Азаматтық хал актілерін тіркеуді (тууды тіркеуді, некені тіркеуді, өлімді тіркеу, әкелікті анықтау) ұйымдастырады. Анықтамаларға... |
![]() | «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі... | ![]() | Қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу,лицензияның телнұсқаларын... |
![]() | Қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу,лицензияның телнұсқаларын... | ![]() | «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа... |