«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Название«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Дата конвертации22.08.2014
Размер64.33 Kb.
ТипДокументы
источник

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2014 жылғы «20» наурыздағы

№ 60 қаулысымен

бекітілген

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер


1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы (бұдан әрі – басқарма) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 137 қаулысымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.



  1. ^ Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау


4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға көрсетiлетiн қызмет алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) өтінішінің және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарының болуы негiздеме болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) басқарма кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын қабылдауы және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеру, көрсетілетін қызмет алушының өтінішін кіріс құжаттарының журналында тіркеу және басқарма басшысына қарастыруға беру, құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға беру. Орындалу ұзақтығы – 30 минут;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын басқарма басшысының қарауы және бұрыштама қою. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат ішінде;

3) басқарманың жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын зерделеп тексеруі және материалдарды 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) діни сараптамаға жолдауы, Стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің тоқтатылғаны туралы оның мерзімін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатылған (дінтану сараптамасы ұзартылған) күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау.

4) сараптама объектісі келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органның дінтану сараптамасын өткізуді қамтамасыз етуі. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама өткізу мерзiмi 30 (отыз) күнтiзбелiк күнге ұзартылады;

5) басқарманың жауапты қызметкерінің куәлікті немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және көрсетілетін қызметті алушыға беруі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап –30 (отыз) күнтiзбелiк күн. Материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.

6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмінің (iс-қимылының) нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады. 1-ші іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылдың нәтижесі басқарма басшысының бұрыштамасы болып табылады. 2-ші іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылдың нәтижесі басқарманың жауапты қызметкерінің материалдарды дінтану сараптамасына уәкілетті органға жолдауы болып табылады. 3-ші іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылдың нәтижесі дінтану сараптамасының қорытындысы (оң немесе теріс) болып табылады. 4-ші іс-қимылдың нәтижесі осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимылдың нәтижесі басқарманың жауапты қызметкерінің көрсетілген қызметті алушыға куәлікті немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.


  1. ^ Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау


7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) тiзбесi:

1) басқарма басшысы;

2) басқарманың жауапты қызметкері;

3) басқарма кеңсесінің қызметкері;

4) уәкілетті орган.

8. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:

1) басқарма кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын қабылдауы және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеру, көрсетілетін қызмет алушының өтінішін кіріс құжаттарының журналында тіркеу және басқарма басшысына қарастыруға беру, құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға беру. Орындалу ұзақтығы – 30 минут;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын басқарма басшысының қарастыруы және бұрыштама қою. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат ішінде;

3) басқарманың жауапты қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын зерделеп тексеруі және материалдарды 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) діни сараптамаға жолдауы, Стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің тоқтатылғаны туралы оның мерзімін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатылған (дінтану сараптамасы ұзартылған) күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау;

4) сараптама объектісі келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органның дінтану сараптамасын өткізуі. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама өткізу мерзiмi 30 (отыз) күнтiзбелiк күнге ұзартылады;

5) басқарманың жауапты қызметкерінің куәлікті немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және көрсетілетін қызметті алушыға беруі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) күнтізбелік күні ішінде.

Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау, осы Регламентке қосымшаға сәйкес, әрбiр рәсiмді (iс-қимылды) өту блок-схемасында көрсетілген.

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын

тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

қосымша
Әрбiр рәсiмді (iс-қимылды) өту блок-схемасы




Похожие:

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі...
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі...
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметінің стандарты
Мемлекеттік қызмет – «Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу» (бұдан...
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Қостанай облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Азақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтыєы жоќ тұлғалар (бұдан әрі – миссионерлер) Қазақстан республикасының...
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconМемлекеттік қызмет көрсетудің
«Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне...
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconҚызылөзен селосы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің міндеттер бөлінісі Туйешиева Анар Туркпенбаевна – село әкімі аппаратының бас маманы
Азаматтық хал актілерін тіркеуді (тууды тіркеуді, некені тіркеуді, өлімді тіркеу, әкелікті анықтау) ұйымдастырады. Анықтамаларға...
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconҚабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу,лицензияның телнұсқаларын...
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті iconҚабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу,лицензияның телнұсқаларын...
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon[Көрсетілетін қызметті берушінің [Көрсетілетін қызметті берушінің мем лекетт і к т ілдегі атауы] орыс тіліндегі берушінің атауы]
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын...
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті icon«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы