Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы icon

Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы



НазваниеҚ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы
страница1/4
Дата конвертации22.08.2014
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 27 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8366 тіркелді
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының орталықтандырылған мемлекеттік есебі туралы нұсқауды бекіту жайлы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрайымының 2000 жылғы 11 тамыздағы № 47 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1240 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      ^ Министр                                     М. Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және ақпарат   
министрінің        
2013 жылғы 6 ақпандағы № 27
бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын
орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу туралы нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 және 9-баптарын (бұдан әрі - Заң) жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
      2. Меншіктік нысанына тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорына (бұдан әрі - Ұлттық мұрағат қоры) жататын барлық құжаттар, орталықтандырылған мемлекеттік есепке алынуы қажет. Уәкiлеттi орган Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
      3. Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мұрағат қорлары, мұрағат коллекциялары, сақтау бірліктері бойынша есепке алынады.
      4. Мұрағат қорларын, мұрағат коллекцияларын, сақтау бірліктерін, есеп бірліктерін ұйымдастыру тәртібіне сәйкестігін және құжаттар атауымен іздестіру мүмкіндігін қамтамасыз етуін бірыңғай тіркеу жүйесі Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын есепке алудың негізі болып табылады. Құжаттарды есепке алуды жүргізудің құралы сақтау бірлігіне мұрағаттық шифр беру болып табылады.
      5. Нұсқаулықта мына негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік есепке алу – мұрағат құжаттарының саны мен құрамын есеп бірлігімен белгілеу және әрбір бірлігінің есептік құжаттардың белгіленген кешеніне тиістілігіне және олардың жалпы санына қарай жазу (тіркеу);
      2) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу - мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті органының (бұдан әрі - уәкiлеттi орган) мұрағат қорлары, мұрағат коллекциялары және сақтау бірлігінің құрамы мен саны туралы мәліметтерді жинақталуына негізделген Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік ауқымдағы есепке алу жүйесі;
      3) уәкiлеттi орган - мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттiк органы;
      4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      5) арнайы мемлекеттiк мұрағат - мұрағат мекемесi немесе Заңның 22-бабы 1-тармағында көрсетiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органының бөлiмшесi;
      6) ведомстволық мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына енбеген құжаттарды жинақтауды, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғаның мекемесi немесе құрылымдық бөлiмшесi;
      7) жеке мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кiрмеген құжаттарды жинақтауды, сақтауды, пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк емес заңды тұлғаның мекемесi немесе құрылымдық бөлiмшесi немесе жеке адамның қызметi, құжаттарды жинақтауы (сатып алуы) нәтижесiнде пайда болған мұрағаты;
      8) есептік құжат - мұрағаттық құжаттардың түсуін, шығуын, санын, құрамын және жағдайы белгіленетін құжат;
      9) мұрағаттық құжаттардың есеп бірлігі - мұрағаттағы Ұлттық мұрағат қоры құжаттар санын өлшеу бірлігі;
      10) мұрағаттық құжаттардың сақтау бірлігі - дербес маңызы бар құжаттар жиынтығы немесе физикалық жағынан оқшауланып көрсетілетін құжаттардың есептік және жіктеу бірлігі.
      6. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу орталықтандыру, бірыңғайлау, толықтық және шынайылық қағидаларына негізделеді.
      7. Мыналар орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу құжаттары болып табылады:
      1) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында берілген нысан бойынша мұрағат төлқұжаты;
      2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында берілген нысан бойынша қордың карточкасы;
      3) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында берілген нысан бойынша қорлардың көлемі мен құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтері;
      4) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында берілген нысан бойынша қорлар каталогі бойынша есептік мәліметтері;
      5) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында берілген нысан бойынша ұйым мұрағатында сақтауда тұрған басқару құжаттамасының төлқұжаты;
      6) осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында берілген нысан бойынша ұйым мұрағатында сақтауда тұрған ғылыми-техникалық құжаттамасының төлқұжаты;
      7) осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасында берілген нысан бойынша ұйым мұрағатында сақтауда тұрған дыбыстық-бейнелік құжаттама төлқұжаты;
      8) осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасында берілген нысан бойынша ұйым мұрағатында сақтауда тұрған электронды құжаттар төлқұжаты;
      9) осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасында берілген нысан бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының толықтыру көздері - ұйымдар мұрағаттарының жинақ төлқұжаты.
^ 2. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған
мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру
      8. Мемлекеттік мұрағаттарда сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу келесі тәртіпте жүргізіледі:
      1) Орталық мемлекеттік мұрағаты, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты, Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты жыл сайын 15 қаңтарға дейін құрайды және бір данасын уәкілетті органға жолдайды:
      мұрағат төлқұжатын;
      есеп беру жыл ішінде келіп түскен қорларға қордың карточкасын;
      қорлардың құрамы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер;
      қорлар каталогі бойынша есептік мәліметтер;
      2) облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттік мұрағаттары және олардың филиалдары жыл сайын 5 қаңтарға дейін құрайды және екі данасын жергілікті атқарушы органға жолдайды:
      мұрағат төлқұжатын;
      есеп беру жыл ішінде келіп түскен қорларға қордың карточкасын;
      қорлардың құрамы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер;
      қорлар каталогі бойынша есептік мәліметтер;
      3) жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 15 қаңтарға дейін жинақ ақпаратын құрайды және бір данасын уәкілетті органға жолдайды:
      мұрағат төлқұжатын;
      есеп беру жыл ішінде келіп түскен қорларға қордың карточкасын;
      қорлар каталогі бойынша есептік мәліметтер;
      қорлардың құрамы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер;
      4) уәкілетті орган жыл сайын 15 ақпанға дейін Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының ұсталынуы мен құрамы туралы есептік мәліметтерінің жинақ ақпаратын құрайды.
      9. Арнайы мемлекеттік мұрағаттарда сақтауда тұрған, Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу келесі тәртіпте ұйымдастырылады:
      1) арнайы мемлекеттік мұрағаттар жыл сайын 15 қаңтарға дейін құрайды және бір данасын уәкілетті органға жолдайды:
      мұрағат төлқұжатын;
      есеп беру жыл ішінде келіп түскен қорларға қордың карточкасын;
      қорлардың құрамы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер;
      2) уәкілетті орган жыл сайын 15 ақпанға дейін Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының ұсталынуы мен құрамы туралы есептік мәліметтерінің жинақ ақпаратын құрайды.
      10. Мұрағат ісін жүргізу және басқару ұйымдарының жүйесіне енбейтін ұйымдарда сақтауда тұрған, мемлекеттік меншіктегі, Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу келесі тәртіпте жүргізіледі:
      1) Республикалық кітап мұражайы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қоры, Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөніндегі деректер Республикалық қоры, Республикалық геологиялық қор, Ұлттық картография-геодезиялық қоры жыл сайын 15 қаңтарға дейін құрайды және бір данасын Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатына жолдайды:
      мұрағат төлқұжатын;
      есеп беру жыл ішінде келіп түскен қорларға қордың карточкасын;
      қорлардың құрамы және көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер;
      11. Жеке және ведомстволық мұрағаттарда уақытша сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу келесі тәртіпте ұйымдастырылады:
      1) Орталық мемлекеттік мұрағатының, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының, Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының, облыстар, қалалар, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарының және олардың филиалдарының толықтыру көздері - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар (бұдан әрі- ұйымдар) жыл сайын 30 желтоқсанына дейін, өз қызметінде пайда болған құжаттар құрамы туралы, осы Нұсқаулықтың 5, 6, 7 және 8-қосымшаларда берілген нысандар бойынша ұйым мұрағатының төлқұжатын құрайды, үш жылда бір рет 5 қаңтарға дейін тиісті Орталық мемлекеттік мұрағатына, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатына, Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатына, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатына, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатына, облыстар, қалалар, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына және олардың филиалдарына жолдайды;
      2) Орталық мемлекеттік мұрағаты, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты, Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты үш жылда бір рет Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының толықтыру көздері - ұйымдар мұрағаттарының жинақ төлқұжатын құрайды және бір данасын 1 ақпанға дейін уәкілетті органға жолдайды;
      3) облыстар, қалалар, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және олардың филиалдары үш жылда бір рет Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының толықтыру көздері - ұйымдар мұрағаттарының жинақ төлқұжатын құрайды және екі данасын 15 қаңтарға дейін жергілікті атқарушы органдарға жолдайды;
      4) жергілікті атқарушы органдар үш жылда бір рет Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының толықтыру көздері - ұйымдар мұрағаттарының жинақ төлқұжатын құрайды және бір данасын 1 ақпанға дейін уәкілетті органға жолдайды;
      5) уәкілетті орган Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының толықтыру көздері - ұйымдар мұрағаттарының жинақ төлқұжатын 15 ақпанға дейін құрайды.
^ 3. Мемлекеттік мұрағаттарға сақтауға тапсырылған, жеке тұлғада
жеке меншікте тұрған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын
орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу
      12. Жеке тұлға меншік иесі жеке меншікте тұрған, Ұлттық мұрағат қоры құжаттары Орталық мемлекеттік мұрағатына, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатына, Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатына, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатына, Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатына, облыстар, қалалар, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарға және олардың филиалдарына мемлекеттік сақтауға тапсырылған құжаттары, сол мемлекеттік мұрағатта сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарынан бөлек, осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3 мен 4-қосымшаларында берілген нысандарға сәйкес есепке алынады.
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық мұрағат қоры   
құжаттарын орталықтандырылған
мемлекеттік есепке алу туралы
нұсқаулығына       
1-қосымша          
нысан
Кімге беріледі___________________________________________________
                              (алушының атауы)
Кіммен берілді___________________________________________________
                       (есеп беруші ұйымның атауы)
Мұрағат төлқұжаты___________________________20__жылғы «___»______
                       (мұрағат атауы)
1. Мұрағаттық құжаттардың көлемі мен құрамы:





Көрсеткіштер

Қорлар саны

Сақтау бірлігінің саны

Уақытша сақтауға алынған сақтау бірлігінің саны










Барлығы

оның ішінде
















хаттама тізіміне енгізілгені

мемлекеттік тілде

айрықша құндылардың есептелгені




1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қағаз негізіндегі құжаттар













2

соның ішінде: басқару құжаттамасы













3

Жеке тектік құжаттар













4

Ғылыми-техникалық құжаттама













5

Жеке құрам жөніндегі құжаттар













6

Киноқұжаттар













7

Фотоқұжаттар













8

Дыбысқұжаттар













9

Бейнеқұжаттар













10

Машинадан оқылатын құжаттар













11

Түпнұсқа құқығындағы шағын нысандар















Барлығы:














1) Есептік бірлік көлемі





Көрсеткіштер

Есептік бірлік саны







барлығы

хаттама тізіміне енгізілгені

1

2

3

4

1

Киноқұжаттар





2

Дыбысқұжаттар





3

Бейнеқұжаттар





4

Машинадан оқылатын құжаттар




  1   2   3   4



Похожие:

Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы iconҚ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры туралы ережені бекіту туралы
Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ереже (бұдан әрі Ереже) "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан...
Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы iconДокументи
1. /?лтты? м?ра?ат ?орыны? ??жаттарын ж?не бас?а да м?ра?ат ??жаттарын ведомстволы? ж?не жеке...
Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы iconДокументи
1. /?лтты? м?ра?ат ?орыны? ??жаттарын ж?не бас?а да м?ра?ат ??жаттарын ведомстволы? ж?не...
Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы icon"А қ паратты Қ аза қ стан 2020" мемлекеттік ба ғ дарламасы ж ә не "Мемлекеттік ба ғ дарламалар тізбесін бекіту туралы" Қ аза қ стан Республикасы Президентіні ң 2010 жыл ғ ы 19 наурызда ғ ы №957 Жарлы ғ ына толы қ тыру енгізу туралы
Ақпаратты Қазақстан 2020" мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы...
Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы iconДокументи
1. /?лтты? м?ра?ат ?орыны? ??жаттарын, бас?а да м?ра?ат ??жаттарын мемлекетт_к ж?не арнаулы...
Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы iconДокументи
1. /?лтты? м?ра?ат ?орыны? ??жаттарын, бас?а да м?ра?ат ??жаттарын мемлекетт_к ж?не арнаулы...
Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы iconҚ аза қ стан Республикасыны ң Ү кiметi мен Латвия Республикасыны ң Ү кiметi арасында байланыс саласында ғ ы ынтыма қ тасты қ туралы келiсiм жасасу туралы
...
Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы iconРадио қ ызметтер ү шін радиожиіліктер жола ғ ын тарату, сондай-а қ Қ аза қ стан Республикасыны ң аума ғ ында барлы қ ма қ сатта ғ ы радиоэлектронды құ ралдар ғ а радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) б ө лу ж ә не меншіктеу ережесін бекіту туралы
Радиоқызметтер үшін радиожиіліктер жолағын тарату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында барлық мақсаттағы радиоэлектронды...
Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы iconДокументи
1. /?аза?стан Республикасыны? жалпы?а м_ндетт_ б_л_м беру стандарты.doc
Қ аза қ стан Республикасыны ң Ұ лтты қ м ұ ра ғ ат қ оры құ жаттарын орталы қ тандырыл ғ ан мемлекеттік есепке алу туралы н ұ с қ аулы қ ты бекіту туралы iconҚ аза қ стан Республикасыны ң аума ғ ында радиоба қ ылауды ж ү зеге асыру ережесін бекіту
Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 10 қыркүйектегі n 304-i бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы