Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім icon

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім



НазваниеҚазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім
Дата конвертации22.08.2014
Размер61.1 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім

Келісім, Алматы қ., 2006 жылғы 17 маусым
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар
және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң
7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы
КЕЛIСIМ   <*>
(2006 жылғы 17 маусымда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2007 ж., N 1, 1-құжат)
      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi (Қазақстан Республикасының Байланыс әкiмшiлiгi) мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгi (Ресей Федерациясының Байланыс әкiмшiлiгi), әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн бiрлесе пайдалану мәселелерiн шешу мақсатында,
      төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
      Тараптар "Жалпы пайдаланыстағы байланыс желiлерi үшiн халықаралық нөмiрлеу жоспары" Халықаралық Электрбайланыс Одағының 1997 жылғы (ХЭО-Т) E.164 ұсыныстарына сәйкес iшкiаймақтық және халықаралық телефон байланысы желiсiне шығу үшiн сәйкесiнше қазiргi кездегi пайдаланып жүрген "8" және "8-10" префикстерiнiң орнына 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап "0" префиксiн, ал халықаралық телефон байланысы желiсiне шығу үшiн "00" префиксiн пайдаланады.
2-бап
      Тараптардың әрқайсысы қабылданған шешiмдерiне сәйкес өз мемлекеттерiнiң аумағында шұғыл жедел қызметтердi шақыру үшiн Тараптар "112" бiрыңғай нөмiрiн пайдалануға көшедi.
3-бап
      Қазақстан Республикасының байланыс әкiмшiлiгi 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейiн өздерi бұрын тағайындаған А=3 iшiндегi ABC нөмiрлеу аймағымен анықталатын географиялық кодтарды (бұдан әрi - АВС коды) осы Келiсiммен оларға бекiтiлген кодтар тiзбесiндегi АВС басқа кодтарына өзгертедi. А=3 iшiндегi босатылған АВС кодтарын пайдалану құқығы Ресей Федерациясына бекiтiледi.
4-бап
      Тараптар электрбайланыс қызметтерiне қол жетiмдi жалпы резервтiк кодтар ретiнде DEF = 881-899, DEF = 800-809 кодтар тобын бiрлесе пайдалануды бекiттi.
5-бап
      Тараптар өздерiне осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшада көрсетiлген, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiнiң кодтары бекiтiлген Кестеге сәйкес әлемдiк нөмiрлеудiң аймағының нөмiрлеуiн бекiтедi.
      Тараптармен жекелеген келiсiмдер жасау арқылы Тараптардың әрқайсысына жалпы резервтен нөмiрлеу ресурсы бекiтiледi.
      Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiнiң кодтары бекiтiлген Кестеге сай әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiнiң аймақ кодтарын тағайындауды жүргiзедi.
6-бап
      Тараптар өз мемлекеттерiнiң жалпы пайдаланыстағы желiлерiнiң тiркелген телефон байланысы желiлерiнде қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн көрсетушi байланыс операторын таңдауға абоненттiң және (немесе) байланыс қызметiн пайдаланушының құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi.
      Аталған қалааралық және халықаралық телефон байланысы операторын таңдау құқығын қамтамасыз ету мақсатында мынадай тәсiлдер пайдаланылады:
      байланыс операторын алдын ала таңдау;
      әр шақыру сайын байланыс операторын таңдау.
7-бап
      Тараптар абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн ішкi аймақтық телефон байланысы қызметiн көрсетушi байланыс операторын таңдау құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi. Тараптар өз мемлекеттерiнде аталған таңдау құқығын iске асыру мерзiмдерiн жекелеген келiсiмде белгiлейдi.
8-бап
      Тараптар әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiнiң жүйесi мен жоспарын өзара келiсiм бойынша қабылдайды. Әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiнiң жүйесi мен жоспарының жаңа редакциясы Ресей Федерациясының Байланыс әкiмшiлiгiмен 2007 жылғы 1 наурызға дейiн "Нөмiрлеудiң ресейлiк жүйесi мен жоспары" нормативтiк құқықтық актici және "Қазақстан Республикасының телекоммуникация желiлерiнде нөмiрлеудiң жүйесi мен жоспары" Басшылық құжаты негiзiнде әзiрленедi.
9-бап
      Тараптар 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн дайындалып және келiсiлетiн бiрлескен iс-шаралар жоспарына сәйкес осы Келiсiмнiң ережелерiнiң 1-3 баптарын iске асыру жөнiндегi жұмыстарға кiрiседi.
      Мұндағы аталған iс-шаралар жоспарында мына мәселелер көрсетiлуi тиiс:
      ішкi аймақтық, қалааралық, халықаралық телефон қосылымдары үшiн оның iшiнде iшкi аймақтық, қалааралық, халықаралық телефон қосылыстары қызметiн көрсету кезiнде телефоншының көмегi арқылы анықтамалық ақпаратты алу үшiн нөмiрлер форматын өзгерту;
      10 сандық ұлттық телефон нөмiрiн пайдалануға дайындау мақсатында ішкi аймақтық қосылыстар үшiн нөмiрлер форматын өзгерту (жабық нөмiрлеу жоспары).
10-бап
      Тараптар осы Келiсiм ережелерiнiң орындалу және iске асырылу мерзiмдерi жөнiндегi ақпаратпен уақытылы алмасуларын қамтамасыз етедi.
11-бап
      Осы Келiсiм оның қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа өзiнiң оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген күнiнен бастап 6 (алты) ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
      Осы Келiсiмге Тараптардың жекелеген хаттамаларымен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      2006 жылғы 17 маусым Алматы қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсатында орыс тiлiндегi мәтiн қолданылады.
(Қолдары)  
                              Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
                                    және байланыс агенттiгi мен
                                  Ресей Федерациясының Ақпараттық
                                    технологиялар және байланыс
                                 министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк
                                        нөмiрлеудiң 7-аймағының
                                      нөмiрлеуiн пайдалану туралы
                                           Келiсiмге қосымша
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына
әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiнiң
аймақ кодтарын бекiту кестесi



Қазақстан
Республикасының
байланыс
әкiмшiлiгi(кодтар
ауқымы)

Ресей
Федерациясының
байланыс әкiмшiлiгi
(кодтар ауқымы)

Қазақстан
Республикасының
және Ресей
Федерациясының
байланыс
әкiмшiлiктерiнiң
бiрлесе пайдалануы
(кодтар ауқымы)





ABC = 000-099





АВС = 100-199





АВС = 200-299



АВС = 300-399





ABC = 400-499





ABC = 500-599



ABC = 600-699





АВС = 710-749,
760-799
DEF = 700-709,
750-759

АВС = 810-818,
820-821,
831, 833-836,
840-848,
850-851, 855-857,
860-863, 865-867,
869, 871-873,
877-880*

DEF = 800-809
DEF = 881-899



DEF = 900-999




    *A=8 iшiндегi ABC кодтарының бөлiнбеген ресурстары (26 кодтар-819, 822-829, 830, 832, 837-839, 849, 852-854, 858-859, 864, 868, 870, 874-876) жалпы резервке бекiтiледi.



Похожие:

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "kazsat" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутнигін жасау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Мәскеуде 2005 жылғы 18 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "kazsat" байланыс...
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «kazsat-2» байланыс және хабар тарататын қазақстандық жер серігін жасау және ұшыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 16 шілдеде Байқоңыр қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «kazsat-2»...
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім iconҚазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Ақпараттық өнеркәсіп министрлігі арасындағы Ақпараттық және коммуникациялық индустрия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы
Азақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Ақпараттық өнеркәсіп министрлігі арасындағы...
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы байланыс пен ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы Келісім
Келісім Москва қаласы 2000 жылғы 19 маусым. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Ыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Байланыс және ақпараттандыру инспекциясы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "kazsat" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутниктерiн жасау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Азақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 17-18, 77-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 29 қазан n 244
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң жанынан Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету...
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім iconҚазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшілерiнiң
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат...
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім iconҚазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлерiнiң
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы бұқаралық ақпарат...
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi мен Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлiгiнiң арасындағы әлемдiк нөмiрлеудiң 7-аймағының нөмiрлеуiн пайдалану туралы Келісім icon«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу»
РЭҚ және жжқ) мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы