Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы icon

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Дата конвертации22.08.2014
Размер59.55 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 10 Қаулысы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2005 жылғы 18 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ <*>

( 2006 жылғы 23 қаңтарда күшіне енді - 
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2006 ж., N 2, 22-құжат)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Беларусь Республикасының Yкiметi,
      Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының мемлекеттiк саясатын жетiлдiру және ақпаратты қорғаудың ұлттық жүйелерiн одан әрi дамыту мақсатында,
      1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкiметтерінің арасындағы мемлекетаралық құпияларды өзара қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiмдi басшылыққа ала отырып,
      ақпаратты қорғау саласындағы екiжақты қарым-қатынастарды реттеу қажеттілігiнен тарай отырып,
      ынтымақтастықты дамытуда бiрдей мүдделілік таныта отырып,    
      Тараптардың әрқайсысының жаңа ақпараттық технологияларды, ақпаратты қорғау құралдары мен жүйелерiн әзiрлеудегi және енгiзудегi жетiстiктерiн ескере отырып,
      ақпараттық технологияларды, ақпаратты қорғау құралдары мен жүйелерiн тарату мен пайдалану екi Тараптың мүдделерiн қозғайтындығын атай отырып,
      осы саладағы кең ынтымақтастық оңтайлы тиiмділіктi қамтамасыз етуге ықпал ететiндiгiн атай отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:
 1-бап

      Осы Келiсiмде пайдаланылатын түсiнiктер мыналарды бiлдiредi:
      "ақпаратты қорғау" - ұйымдастырушылық, құқықтық, техникалық, технологиялық шаралармен ақпараттың конфиденциалдығын, тұтастығы мен қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
      "конфиденциалды ақпарат" - Тараптар мемлекеттерiнің ұлттық заңнамасына сәйкес немесе олардың өзара шарттасуына сәйкес таралуына шектеу салынатын ақпарат;
      "ақпаратты қорғау құралдары" - ақпаратты қорғауға арналған құралдар, олар орнатылған құралдар, сондай-ақ ақпаратты қорғау тиiмділігiн бақылау құралдары.
 2-бап

      Тараптар оның таралуы Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн конфиденциалды ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      Тараптар ақпаратты қорғау саласындағы қатынастарын өзара сыйластық, Тараптардың мемлекеттерiнiң теңдiгi, олардың мүдделерiнiң және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы құқықтарын тану, жалпы танылған нормаларға және халықаралық құқық принциптерiне сәйкес интеллектуалдық және өзге де меншiктi қорғау негiзiнде жасайды.
 3-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптар мына бағыттар бойынша ынтымақтасады:
      ақпаратты қорғау саласындағы жай-күйi, даму тенденциялары, дүниежүзілік және ұлттық жетiстiктер туралы ақпаратты талдау және алмасу;
      ақпаратты қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық базаны дамыту және жетiлдiру;
      ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық өнiмдi әзiрлеу, өндiру және пайдалану;
      ақпаратты қорғау саласындағы нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды, соның iшiнде техникалық барлауларға қарсы iс-әрекет, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткiзуден қорғау, оның тұтастығы мен қол жеткiзу жөнiндегi актілердi дамыту және жетiлдiру;
      лицензиялау, сертификаттау және аттестаттау жүйелерінің жұмыс iстеу тетiктерiн жетiлдiру, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың ендiрілетiн құралдары мен кешендерінің тиiмділiгiн растайтын сертификаттар мен басқа да құжаттарды өзара тану тәртiбiн жасау мәселелерi жөнiнде консультациялар өткiзу;
      бiрлескен ғылыми конференциялар, симпозиумдар, ақпаратты қорғау мәселелерi жөнiндегi көрмелердi өткiзу;
      тиiстi жоғарғы оқу орындарының түлектерiне және ақпаратты қорғау саласындағы мамандарға қойылатын келiсілген білiктілiк талаптарының негізiнде кадрларды даярлау, қайта даярлау және білiктiлiгiн арттыру.
 4-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң шегiнде алынған немесе басқа Тараппен 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмге сәйкес берiлген конфиденциалды ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдайды.
      Осы Келiсiмнің шегiнде Тараптар алынған конфиденциалды ақпаратты қорғаудың оны алатын мемлекеттегi осындай ақпаратқа қатысты ұлттық заңнама шегiнде қолданылатын режимге ұқсас режимдi қамтамасыз етуге, сондай-ақ конфиденциалды ақпаратты басқа Тараптың алдын ала берген жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа бермеуге мiндеттеме алады.
 5-бап

      Осы Келiсiмнің мақсаттарына үшiн:
      Тараптардың мемлекеттерінiң Құзыреттi органдары:
      қазақстандық Тараптан - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң Кеңсесi,
      беларус Тарапынан - Беларусь Президентiнің жанындағы Мемлекеттiк ақпаратты қорғау орталығы болып табылады.
 6-бап

      Тараптар ақпарат және құжат алмасу туралы, ақпаратты техникалық қорғауды қамтамасыз ету құралдарын, приборларды, жабдықтарды, материалдарды және жинақтаушы бұйымдарды жеткiзу туралы шешiмдер қабылдаған жағдайда олардың номенклатурасы, көлемдерi мен мерзiмдерi осы Келiсiмнiң 5-бабында белгiленген Тараптардың мемлекеттерiнің құзыреттi органдардың арасындағы екiжақты жеке хаттамалармен айқындалады.
 ^ 7-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптар келiссөздер өткiзе және бiрлескен жұмыс топтарын құра алады. 
 8-бап

      Осы Келісiм шеңберiнде жүргiзiлетiн iс-шараларды қаржыландыруды Тараптар әрбiр iс-шара бойынша келiсiлген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады.
 9-бап

      Осы Келiсiмнің ережелерiн iске асыру жөнiндегi Тараптардың өзара iс-қимыл жасау кезiндегi жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылды.
 10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн пайымдау немесе қолдану жөнiндегi дауларды шешудi Тараптар келiссөздер және өзара консультациялар жолымен жүзеге асырады.
 11-бап

      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi.
 12-бап

      Осы Келiсiм Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілік процедураларды орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм белгілi бiр мерзiмге жасалады және бiр Тарап басқа Тарапқа оның күшiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламайынша күшiнде болады. Мұндай жағдайда басқа Тарап осындай хабарлама алғаннан кейiн алты ай өткен соң осы Келiсiм өз күшін тоқтатады.
      2005 жылғы 18 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, беларус және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн талқылау кезiнде қайшы пiкiрлер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

      Қазақстан Республикасы              Беларус Республикасы
      Үкіметінің атынан                   Үкіметінің атынан

      



Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Электр және пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту жөнiнде
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Электр және пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы
Жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "kazsat" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутниктерiн жасау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Азақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 17-18, 77-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 29 қазан n 244
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бекіту туралы
Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бекіту...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы және Шанхай
Халық Республикасы Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 28 сәуірде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconБұқаралық ақпаратты таратудағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Астана қаласында жасалған Бұқаралық ақпаратты таратудағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 26 сәуірде Астана қаласында жасалған Казақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы icon«Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Монғолия Үкiметi арасында әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің күшiн жою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
«Бұрын Моңғолияның әскери қызметшілері болған Қазақстанның азаматтарына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлеу туралы» 2012...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы