Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы icon

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы
Дата конвертации21.08.2014
Размер56.43 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 549 қаулысы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекітілсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия
Республикасының Үкiметi арасындағы Байланыс
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi,
      байланыс саласында өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға, Тараптар мемлекеттерiнде электр және пошта байланысы желiлерi мен құралдарының үзіліссіз қызмет етуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы салада құқықтық реттеуді жетілдіруге ұмтыла отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
      1. Тараптар байланыс саласындағы өз қарым-қатынасын халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормалары мен қағидаттарына, Дүниежүзiлiк Пошта Одағы Актiлерiнiң ережелерiне және Халықаралық электрлiк байланыс одағының ұсынымдарына сәйкес құрады.
      2. Осы Келiсiммен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық келiсiмдермен реттелмеген мәселелер екi жақтың келiсуi бойынша Тараптар мемлекеттерiнің заңдарына сәйкес шешiледi.
2-бап
      Осы Келiсiмнiң шеңберiнде құзыреттi органдар мыналар болып табылады:
      Қазақстан Тарапы үшiн - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
      Латвия Тарапы үшiн - Латвия Республикасының Көлiк министрлiгi;
      Құзыреттi органдардың функцияларын басқа органдарға берген немесе құзыреттi органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бiр бiрiне кiдірiссiз хабарлайды.
3-бап
      Тараптар өз мемлекеттерiнiң аумақтарында адресаттарға жiберiлетiн барлық пошта жөнелтiлімдерi мен құжаттық хабарлардың үзiлiссiз қабылдануын, өңделуiн, тасымалдануын және жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген мерзiмдiк басылымдарды таратуға қатысты өзара қызмет көрсетудi ұсынады.
4-бап
      Тараптар құзыреттi органдар арасында бөлек жасалған халықаралық шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасында ақшалай пошта аударымдарымен алмасуды қамтамасыз етедi.
5-бап
      Тараптар өзара тиiмдi шарттармен өз мемлекеттерiнің аумақтары арқылы электрлiк байланыстың, пошта жөнелтiлiмдерiнiң барлық түрлерiнiң еркiн транзитiн жүзеге асыруға және телевизия мен радиохабарлардың бағдарламаларын беруге кепілдік бередi.
6-бап
      Осы Келiсiмдi орындаудан туындайтын есеп айырысулар мен төлемдер құзыреттi органдардың арасында жасалған халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.
7-бап
      Тараптар байланыс кәсiпорындарында мемлекетаралық хабарларды және ақпаратты берудiң технологиялық процестерiнде жергiлiктi уақытты қолданады.
8-бап
      Тараптар өзара тиiмдi шарттармен электрлiк және пошта байланысының мемлекеттiк желiлерiн пайдалану мен оларды басқару саласында ынтымақтасады.
9-бап
      1. Тараптар төтенше жағдайларда байланыс құралдары арқылы хабарлардың басымдылықпен берiлуiн қамтамасыз етедi.
      2. Тараптар мемлекетаралық байланыс желiлерiндегi апаттардың салдарын жоюда өзара көмек көрсетедi. Қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн құзыреттi органдар әзiрлейдi және келiседi.
10-бап
      1. Тараптар осы Келiсiмдi түсiндiруде және қолдануда туындауы мүмкiн барлық даулы мәселелердi құзыреттi органдар арасында тiкелей келiссөздер және консультациялар жүргiзу жолымен шешедi.
      2. Осы Келiсімде көзделген мiндеттемелердi орындау кезiнде туындайтын келiспеушілiктердi уақытша негiзде арнайы құрылатын және Тараптар өкілдерiнiң тең санынан тұратын үкіметаралық комиссия қарайды.
11-бап
      Тараптар пошта және электр байланысы ұйымдарына кез келген өзгерiстердiң, сондай-ақ көрсетiлген қызметтер үшiн өзара есеп айырысу тәртiбінiң болжамды енуiнен тоқсан күн бұрын бұл туралы екiншi Тарапқа хабарлайды.
12-бап
      Тараптар өзара қызмет көрсетудiң бағыттары мен көлемдерiн және өзара есеп айырысу тәртiбiн анықтау және нақтылау үшiн Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының Байланыс әкiмшiлiктерi мен кәсiпорындарының арасында тiкелей байланыс орнатылуына мүмкіндік туғызады.
13-бап
      Тараптар қызмет көрсетуге қатысатын Тараптар мемлекеттерiн барлық байланыс кәсiпорындары тұтынушы алдында дер кезiнде және сапалы қызмет көрсету үшiн бiрдей жауапты болатыны туралы келiстi және Дүниежүзiлiк Пошта Одағы актiлерiнiң ережелерi мен Халықаралық электрлiк байланыс одағының ұсынымдарына сәйкес халықаралық байланыстың сапасыз жұмысына жасалған шағымдарды қарау тәртiбiн белгiлеу қажеттілігін мойындады.
14-бап
      1. Тараптар телефонистер, телеграфистер, техникалық қызметкерлер, байланыс кәсiпорындарының пошта жұмыскерлерi арасында қызметтiк ақпарат алмасу үшiн, сондай-ақ қызметтiк құжаттармен алмасу үшiн орыс немесе ағылшын тілдерiн қолдануға уағдаласты.
      2. Тараптар мемлекеттерi арасында жiберiлетiн пошта жөнелтiлiмдерi мен жеделхаттардың мекен-жайлары орыс немесе ағылшын тілдерiнде ресiмделедi. Жеделхаттардың мәтiндерi латын әрiптерiмен қабылдануы және жіберiлуi мүмкiн.
^ 15-бап
      Осы Келiсiм Тараптардың олар жасасқан басқа да халықаралық шарттарынан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелеріне ықпал етпейдi.
16-бап
      Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнің ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделедi.
17-бап
      Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсімдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiрi кезектi бесжылдық кезең аяқталардан кемінде алты ай бұрын осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарламаса, әрбiр келесi бес жылға қолданыс мерзiмi ұзартылып бес жыл бойы күшінде болады.
      Астана қаласында 2001 жылғы 6 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, латыш және орыс тілдерінде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлдегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
     Қазақстан Республикасының      Латвия Республикасының
      Үкiметi үшін                   Үкiметi үшін



Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бекіту туралы
Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бекіту...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚ аза қ стан Республикасыны ң Ү кiметi мен Латвия Республикасыны ң Ү кiметi арасында байланыс саласында ғ ы ынтыма қ тасты қ туралы келiсiм жасасу туралы
...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Жылғы 18 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы ақпаратты...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "kazsat" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутниктерiн жасау жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы
Азақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 17-18, 77-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 29 қазан n 244
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Электр және пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту жөнiнде
Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Электр және пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚаулы етеді: 1
Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 28 сәуірде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту...
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Yкiметi арасындағы Байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 26 сәуірде Астана қаласында жасалған Казақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы