Қаулы етеді: 1 icon

Қаулы етеді: 1



НазваниеҚаулы етеді: 1
Дата конвертации21.08.2014
Размер50.89 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қарашадағы N 1078 Қаулысы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттық технологиялар
саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба
 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтасық туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі,
      2004 жылғы 8 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде ақпараттық технологиялар саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып,
      Латвия Республикасы Еуропалық Одаққа мүше мемлекет болғанын ескере отырып,
      ақпараттық технологиялар саласындағы және идеялармен, ақпаратпен, дағдылармен және тәжірибе алмасу арқылы өзара мүддені білдіретін салалардағы ынтымақтастық екі Тарапқа да тиімді болу фактісін назарға ала отырып,
      ақпараттық технологиялар қуаттарын және ақпараттық технологиялар ұсынатын қолданбалы бағдарламалар мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдаланудағы тұтынушылықты ескере отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:
 1-бап

      Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.
 2-бап

      Ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық:
      ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді дамыту;
      электрондық басқаруды іске асыру шеңберінде жобаларды әзірлеу;
      ақпараттық-технологиялық жүйелерді, өнімдер мен қызметтерді стандарттауға жәрдемдесу;
      екі елдің ақпараттық технологиялары саласындағы инвестицияларды алға жылжыту;
      өзара қолайлы шарттарда екі елде немесе үшінші елде жобалар арқылы ақпараттық технологиялар саласында бірлескен кәсіпорындарды құруға жәрдемдесу;
      ақпараттық технологиялар және ақпараттық технологиялар ұсынатын қолданбалы бағдарламалар жөніндегі Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларын дамытуға жәрдемдесу;
      бірлескен семинарлар, конференциялар, форумдар мен көрмелер өткізу, екі Тараптар ұйымдары жасайтын тікелей шарттар негізінде жүзеге асырылатын ақпараттық технологияларды қолдану және дамыту бойынша мамандар тәжірибесімен алмасу;
      өзара келісім бойынша басқа да мәселелер арқылы жүзеге асырылады.
 3-бап

      Тараптар ақпараттық технологиялар саласындағы жұмысты дамытуға жәрдемдесу, ынтымақтастықты кеңейту және жаңа технологияларды игеру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің мүдделі органдарын, ұйымдарын және кәсіпорындарын ақпараттық технологиялар бойынша неғұрлым тығыз іс-қимылды және ақпаратпен алмасуды дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимылдарға және мүмкіндігінше нақты бағдарламалар мен жобаларды орындаудағы ынтымақтастыққа ынталандыратын болады.
 4-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы ақпараттық-технологиялық шешімдер мен қолданымдарды алға жылжыту және әзірлеу саласында алған тәжірибені қолдану мақсатында Тараптар мемлекеттерінің мамандарына бірлескен іс-қимыл жасауға мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
 5-бап

      Осы Келісім шеңберіндегі құзыретті органдар:
      Қазақстан тарабы үшін - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі;
      Латвия тарабы үшін - Латвия Республикасының Электронды басқару ісі бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі министрінің Хатшылығы болып табылады.
      Құзыретті органдардың функциялары басқа органдарға берілген не құзыретті органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бұл туралы бір-біріне кешіктірмей хабарлайды.
 6-бап

      Тараптардың бірлескен жұмысы үшін жұмыс тілдері - орыс және ағылшын тілдері.
      Құзыретті органдардың бірлескен жұмысын бастар алдында Тараптар қандай жұмыс тілі пайдаланылатыны туралы уағдаласады.
 7-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге қатысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешеді.
 8-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 9-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
 9-бап

      Келісім Тараптардың тиісті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығын растайтын соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Келісім бес жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың бірі тиісті бес жылдық кезең аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын өзінің оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жібермеген жағдайда Келісім автоматты түрде келесі бес жылдық кезеңдерге ұзартылатын болады.
      Егер Тараптар кері қимыл туралы уағдаласпаса, Келісімнің қолданылуын тоқтату оның қолданылу мерзімінде басталған бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды қозғамайды.
      2006 жылғы "__"_________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, латыш және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада қол қойылды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының        Латвия Республикасының
            Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін



Похожие:

Қаулы етеді: 1 iconҚаулы етеді
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Қаулы етеді: 1 iconЖарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қаулы етеді: 1 iconҚаулы жобасы зырян ауданы бойынша 2012 жылға арналған нысаналы топтағы тұрғындар үшін қоғамдық
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 науырыздағы «2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын бекіту туралы» №316 қаулысына сәйкес, әкімдік...
Қаулы етеді: 1 iconҚаулы ұзынкөл ауданының селолық округінің құрамына кірмейтін селолық округтердің, селолардың әкімдерін сайлауды
Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес Ұзынкөл аудандық сайлау комиссиясы Қаулы етеді
Қаулы етеді: 1 icon158-49 13. 01. 2012 ж. 2012 жылы жастар тәжірибесінен өту үшін жұмыс орындары мен әлеуметтік
Республикасы Үкіметінің қаулы-ларына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында...
Қаулы етеді: 1 icon2013 жыл 2013 жыл Орал қаласы Қаулы және шешім батыс Қазақстан облысының
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №7-5 «Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы»...
Қаулы етеді: 1 iconКөкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №346 10. 10. 2012 жыл
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Қаулы етеді: 1 iconКөкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №129 29. 03. 2012 жыл
Жарлығын іске асыру туралы №326 қаулысына сәйкес, 2012 жылы көктемінде (сәуір-маусым), күзде (қазан-желтоқсан) азаматтарды мерзімді...
Қаулы етеді: 1 iconКөкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №308 07. 09. 2012 жыл Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып
Заңының 10-бабы 2-тармағының 7, 8 тармақшаларының, «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан...
Қаулы етеді: 1 iconКөкпекті ауданының әкімдігінің Қаулы №308 07. 09. 2012 жыл Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып
Заңының 10-бабы 2-тармағының 7, 8 тармақшаларының, «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан...
Қаулы етеді: 1 iconӨскемен қаласының Әкімдігі қаулы өскемен қаласы
Заңының 40-бабының 2-тармағының 4 тармақша-сына, 43-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 та-мыздағы №964 «Нормативтік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы