Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау icon

Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау



НазваниеЗақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау
страница1/5
Дата конвертации26.08.2014
Размер0.59 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5

Трафиктi өткiзуді және өзара
есеп айырысу тәртібін қоса 
алғанда, телекоммуникация  
желiлерiн қосу және өзара  
әрекеттестігі қағидаларына 
1-қосымша        
Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. ОПТЖ-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және АТС байланыс операторлар шақыруларын маршруттау
1. Зақымданған және апаттық жағдайларда АТС қосылған техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру
      1. Зақымданулар жалғанған немесе тіректі автоматтық телефон станцияларына (бұдан әрі – АТС) тиесілі станциялық жабдықтарда, тарату жүйесі мен желі құрылыстары жабдықтарында пайда болуы мүмкін. Зақымданулар үш санатқа бөлінеді:
      1) бірінші санат – станция жабдықтарының және оған қосылған арналардың жұмыс қабілеттілігін толық жоғалтуға алып келетін апаттар;
      2) екінші санат – жекелеген модульдердің немесе блоктардың істен шығуына алып келетін, трафикті жоғалтуға әсер етпейтін апаттар;
      3) үшінші санат – станция жұмысына елеусіз әсер ететін немесе оған қосылған бағыттарда болатын апаттар, жекелеген абоненттік жиынтықтардың немесе арналардың зақымдануы.
      2. Аварияларды жою мерзімдері зақымданудың санатына қарай технологиялық карталармен реттеледі және іске қосу кезінде қосымша келісімдерде қарастырылады.
      3. ОПТЖ-ның АТС қосылған жабдықтың немесе желі құрылысының апаттық жағдайын апаттық сигналдардың негізінде өзара іс-қимыл жасайтын АТС техникалық персоналы анықтайды.
      4. Өзара іс-қимыл жасайтын техникалық персоналы зақымдану себебін анықтайды. Әрбір тарап өз учаскесіндегі зақымдануды қалпына келтіру үшін жауапты болады. Апат себебінен болған ақауларды жойып, зақымданған жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіргеннен кейін осы жабдықты бақылау тексерістерінен өткізеді.
      5. Іске қосылған және тіректі АТС арасындағы сызықтық ұштары жабдығының жұмыс қабілеттілігін жоспарлы тексерулер осы үлгідегі жабдықты техникалық пайдалану нұсқауларына сәйкес алдын алу тексерулері жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
      6. Өзара іс-қимылдағы АТС арасындағы байланыс сапасының уақытша төмендеуіне алып келуі мүмкін алдын алу және өлшеу жұмыстарын жүргізген жағдайда, екі АТС техникалық персоналы міндетті түрде бұл туралы байланыс операторының диспетчерлік қызметіне хабарлайды.
^ 2. Шақыруларды маршруттау
      7. Қосылатын АТС байланыстың мынадай негізгі түрлерін орнату мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
      1) қосылатын АТС абоненттерінің арасында (ішкі станциялық қосулар);
      2) ОПТЖ желілерінің абоненттерімен (жергілікті, қалааралық және халықаралық);
      3) арнайы қызметтерге шығу.
      8. Қосылатын АТС іске қосылған ОПТЖ АТС тобынан шығатын сыртқы шығыс байланысы абоненттердің ведомстволық, корпоративтік, арнайы және шағын АТС шығуының бір мәнді префиксін (ұсынылатын Пж=9) теруі, содан кейін талап етілген абоненттің толық нөмірін теруі арқылы жүргізіледі.
      9. Қосылатын АТС абоненттерінің шығыс қалааралық, халықаралық байланысы шығу префиксі жолымен «8» (немесе «8-10»), болашақта «0» және «00» сәйкес түрде теріп, содан кейін қалааралық (халықаралық) нөмірді теру арқылы жүзеге асырылады. Егер жалғанған АТС АХТС-ғы ТЖЖ бумасы ұйымдастырылса, АХТС-ға шығу кезінде Пж префиксі терілмейді.
      10. Жоғарыда аталған абоненттердің арнайы қызметтерге шығыс байланысы шығу префиксін, содан кейін арнайы қызмет нөмірін теру арқылы жүзеге асырылады. Шығу индексін термей-ақ арнайы қызметке шығуға жол беріледі.
      11. Сыртқы байланысқа шығу құқығы жоқ қосылатын АТС абоненттері төтенше арнайы қызметтермен (101, 102, 103, 104. Нөмірлеудің жаңа жоспары енгізілген кезде осы қызметтер жаңа нөмірлерге ие болады) ақысыз сыртқы байланыс орнату мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
      12. Қосылатын АТС абонеттерінің арасындағы жалғаулар орнатылған кезде ішкі қысқартылған нөмір (қосылатын АТС сыйымдылықтарына қарай үш мәнді немесе төрт мәнді) қолданылуы мүмкін.
      13. Қосылатын АТС абоненттерінің арасындағы байланыс ұйымдастырылған жағдайда қосылатын АТС сыйымдылығына қарай ішкі үш мәнді немесе төрт мәнді нөмір теріледі.
Трафиктi өткiзуді және өзара
есеп айырысу тәртібін қоса 
алғанда, телекоммуникация  
желiлерiн қосу және өзара  
әрекеттестігі қағидаларына 
2-қосымша        
Қосуды орнатудың жүктеме және сапа нормативтері
      ОПТЖ АТС-на кез-келген типті қосылулар бір желіге (арна) 0,7 Эрл. дейінгі норма жүктемесімен қосу желілері арқылы қосылады.
      Қосылатын кез-келген үлгідегі АТС тіректі, аралас немесе транзитті цифрлық станциялар арқылы немесе олар болмаған жағдайда, жергілікті телефон қосылуларының уақытпен есептеу аппаратурасымен жабдықталған баламалы АТС арқылы ОПТЖ-не қосылады.
      Қосылатын АТС бір желіге (арна) 0,7 Эрл дейін болатын жүктеме нормалы жалғау жолдары арқылы немесе екі сымды абоненттік желілер (бұдан әрі – АЖ) бойымен цифрлық тіректі немесе құрастырылған АТС абоненттік жиынтықтар арқылы жалғануы мүмкін.
      Бір абоненттік желідегі (АЖ) орташа жиынтық (шығатын және кіретін) телефон жүктемесі 0,15 Эрл. артпауы керек (14.09.00 ж. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі бекіткен ЦСИО қызметтерімен ОТТ УАТС).
      АЖ жүктеуді шектеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек. Жүктемені шектеу әрбір абоненттік жол бойымен шағын АТС (сыйымдылығы 128 нөмірден аспайтын) пен тіректі АТС арасында жүзеге асырылуы керек. Егер шағын АТС-тің жүктемені шектеуге қаражаттары болмаса, онда осы шағын АТС телефон желісіне қосу кезінде қосылатын тараппен жасалған келісім бойынша жергілікті желіге шығуға құқылы шағын АТС абоненттерінің белгілі бір саны қатаң түрде бекітіледі.
      Жалғауларды белгілеу сапасы 1-кестеде келтірілген шығындар нормативтерімен анықталады.
      ^ 1-Кесте. Сапа көрсеткіштерінің нормативтері



Көрсеткіштің атауы

Норма көлемі

Көрші станциялардың кірістерінің арасындағы жоғалу ықтималдылығы мыналардан артық болмауы керек:



жергілікті шығыс қосылысы кезінде

0,5 %

жергілікті кіріс қосылысы кезінде

0,5 %

қалааралық, халықаралық кіріс қосылыстары кезінде

0,1 %

Мыналарға байланысты ақауларды жоюды бақылау мерзімдері:



1) коммутациялық жабдықпен

қызмет көрсетілетін АТС-та
45 минут
қызмет көрсетілмейтін АТС-та
2 сағат

2) желілік кәбілдік жабдықпен:
келесі сыйымдылықтағы кәбіл толығымен зақымданбағанда муфтты ашу арқылы станцияаралық, магистральды және таратып бөлу кәбілдерінде:



- 200х2 дейін және қоса алғанда
- 400х2 дейін және қоса алғанда
- 600х2 дейін және қоса алғанда
- 800х2 дейін және қоса алғанда
- 1200х2 дейін және қоса алғанда
- 1400х2 дейін
- 1600х2 дейін
- 1800х2 дейін
- 2000х2 дейін
- 2400х2 дейін

18 сағат
24 сағат
30 сағат
36 сағат
60 сағат
70 сағат
80 сағат
96 сағат
120 сағат
144 сағат

3) келесі сыйымдылықтағы кәбілдің аралығын ауыстыру талап етілгенде станцияаралық байланыс, магистральды және таратып бөлу кәбілдерінде:



300х2 дейін және қоса алғанда
400х2 дейін және қоса алғанда
600х2 дейін және қоса алғанда
800х2 дейін және қоса алғанда
1200х2 дейін және қоса алғанда
1400х2 дейін
1600х2 дейін
1800х2 дейін
2000х2 дейін
2400х2 дейін

36 сағат
48 сағат
60 сағат
72 сағат
100 сағат
120 сағат
140 сағат
150 сағат
170 сағат
190 сағат

4) станцияаралық байланыс немесе станцияаралық БСА жоғары жиілікті кәбілдерде кәбілді немесе тіректі ауыстырумен

24 сағат
48 сағат

5) оптикалық кәбілдің муфтіндегі зақымдануларды жою

48 сағат


Трафиктi өткiзуді және өзара
есеп айырысу тәртібін қоса 
алғанда, телекоммуникация  
желiлерiн қосу және өзара  
әрекеттестігі қағидаларына 
3-қосымша        
^ ОПТЖ-ға қосылатын АТС техникалық талаптар
      1. ОПТЖ-ға АТС қосу әдістерінің нұсқалары
      1) физикалық жалғау желілер бойынша қосылатын АТС іске қосу:

      2) цифрлық жалғау желілер бойынша қосылатын АТС іске қосу:

      ЦБТ – цифрлық-баламалы түрлендіргіш
      БЦТ – баламалы-цифрлық түрлендіргіш
      2. ОПТЖ-ға шағын АТС қосу нұсқалары:
      1) баламалы абоненттік желілер бойынша ОПТЖ АТС-ға шағын АТС қосу

      - цифрлық АТС-да баламалы абоненттік жиынтық (АЖ) қолданылады;
      - желілі сигналдар шлейфті әдіс арқылы беріледі;
      - нөмірдің теруін беру – батареялық импульстармен немесе DTMF дабылымен беру
      2) цифрлық абоненттік желілер бойнша ОПТЖ-ның АТС-ына шағын АТС қосу

      - NT интерфейс арқылы ISDN қызметтерін цифрлық абоненттік жиынтық (АЖ) пайдаланады;
      - NT – пайдаланушы жабдығының желілік ұштары.
      3. Шағын АТС үшін қол жеткізуді ұйымдастыру:
      1) шағын АТС ОПЖТ-ға екі сымды абоненттік жолдар бойымен цифрлық тіректі немесе аралас АТС абоненттік жиынтықтары арқылы іске қосылады;
      2) тіректі АТС абоненттік жиынтықтарды шағын АТС үшін жалғау жолдары ретінде пайдалануы абоненттік жолдарды пайдалану жүйесін бұзбауы керек (ақауларды, өзгерістерді тексеру, т.б.);
      3) ОПТЖ-не шағын АТС-н қосу цифрлық АТС-те немесе жергілікті телефон жалғауларын уақыттық есепке алу аппаратурасымен жабдықталған баламалы АТС-е жүргізіледі;
      4) ОПТЖ-не шығу үшін жергілікті префикс ретінде (Пж) «9» цифрін қолдануға нұсқау беріледі.
      4. Сериялық іздеуді ұйымдастыру:
      Қандай да бір арнайы қызметке байланысты орнату кезінде сериялық іздеуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін абоненттік жиынтықтар (АЖ) қолданылады. Мұндай жағдайда жүктеуге шектеу қойылады: әрбір абоненттік жол үшін < 0,15 Эрл.
Трафиктi өткiзуді және өзара
есеп айырысу тәртібін қоса 
алғанда, телекоммуникация  
желiлерiн қосу және өзара  
әрекеттестігі қағидаларына 
4-қосымша        
^ Телекоммуникация желілері иелерін қосылу ерекшеліктері
1. Қосу желілерінің параметрлері
      1. Қосылатын АТС тарату жылдамдығы 2048кБит/с болатын физикалық қосу желілері мен цифрлық қосу желілері бойымен ЖПТЖ-не қосылатын АТС байланысын қамтамасыз етуі керек.
      2. Қосылатын желілердің саны телефон жүктемесіне сүйене отырып анықталады («Сымды байланыс құралдары. Қалалық және ауылдық телефон желілерінің станциялары» технологиялық жобалаудың ведомстволық нормалары).
      3. Үш сымды физикалық қосылу желілерінің параметрлері.
      1) жергілікті қосу үшін қолданылатын қосу желілері:
      «a», «b», «c» сымдарының қарсыласуы 1000 Ом көп болмауы керек (РЖЖ жиынтықтарынсыз АТС ДШ кіру байланысы кезінде - 700 Ом);
      «a», «b», «c» сымдарының арасындағы оқшаулаудың қарсылығы, «b», «c» және «жер» арасында кем дегенде 150 кОм болуы керек;
      «a» мен «жер» сымы арасында - кем дегенде 50 кОм;
      жұмыс сыйымдылығы - көп дегенде 1,6 мкФ.
      2) қалааралық қосылыстар үшін қолданылатын қосу желілері:
      «a», «b», «c» сымдарының кедергісі 1500 Ом-нан артық болмауы керек (РЖЖ жиынтықтарынсыз АТС ДШ кіру байланысы кезінде – 700 Ом);
      «a», «b», «c» сымдары арасындағы, «b» және «c» және «жер» арасындағы оқшаулау қарсылығы кем дегенде 150 кОм болуы керек;
      «a» мен «жер» сымы арасында – кем дегенде 50 кОм;
      жұмыс сыйымдылығы – көп дегенде 1.3 мкФ.
      Тарату жылдамдығы 2048 кбит/с болатын ИКМ цифрлық жалғау жолдарының параметрлері ХЭО-Т G.703, G.704 және G.732 Ұсыныстарына сәйкес болуы тиіс.
^ 2. Шағын АТС қосылған абоненттік желілердің параметрлері
      1. Шағын АТС қосылған абоненттік желілердің параметрлері мыналардың параметрлерінің жиынтығы болып табылады: физикалық желілер, төртполюстік шағын АТС, оның абоненттік желілері, телефон аппараттары және абоненттік желілер үшін белгіленген нормалардан артпауы керек. Тұрақты тоқ бойынша, соның ішінде шағын АТС абоненттік жолы параметрлері мынадай болуы керек:
      1) кіру интерфейсінің кедергісін ескере отырып, шлейфтің кедергісі – 1800 Ом-нан көп емес;
      2) сымдар арасындағы немесе әрбір сым мен «жер» арасындағы оқшаулау кедергісі – кем дегенде 20 кОм;
      3) сымдар арасындағы немесе әрбір сым мен «жер» арасындағы сыйымдылық көп дегенде 0,5 мкФ;
      4) 1020 Гц жиіліктегі барынша өшіру талшық диаметрі 0,5 мм болатын кәбіл үшін 35 дБ және талшық диаметрі 0,32 мм болатын кәбіл үшін көп дегенде 45 дБ.
      2. Шағын АТС абоненттік желілер бойымен келетін шақыруларды қабылдап (кернеуі 95 +/- 5 В болатын және жиілігі 25 Гц болатын ауыспалы тоқ), «Абоненттік желі шлейфінің жібуі» жауап сигналына ұқсауы керек.
Трафиктi өткiзуді және өзара
есеп айырысу тәртібін қоса 
алғанда, телекоммуникация  
желiлерiн қосу және өзара  
әрекеттестігі қағидаларына 
5-қосымша        
Қосылуға техникалық шарттардың типтік құрылымы
Қосылуға техникалық шарттар
20 __ жылғы «_____» ________ № ____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (қосатын оператор)
мынадай техникалық шарттарға желіні қосуды (қосылатын оператордың, желі иесінің) жүргізеді:
      1. Қосылу деңгейі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Байланыс саласындағы қызметтерді ұсынуға Мемлекеттік лицензия талаптарына, телекоммуникация желілерінің жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу тәртібін және Қазақстан Республикасы телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттейтін құжаттарға және қосатын оператор желісіне қосу (қосылу) нүктесінің тізіміне сәйкес қосылатын оператордың (желі иесі) ұсынатын қызметтер түрлерімен, анықталады.
      2. Желінің нөмірленуі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті бұйрығына сәйкес.
      3. Қосылатын желінің сыйымдылығы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті бұйрығына сәйкес.
      Қосылатын жабдықтың типі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      қосылатын оператордың (желі иесі) өз желісін қосатын оператор желісіне қосуға өтініміне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізімінде тіркелген, қолданылатын жабдыққа сәйкестік сертификатына сәйкес.
      4. Қосылу желілері бойынша дабыл
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      қосылатын оператордың (желі иесі) өз желісін қосатын оператор желісіне қосуға өтініміне;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізімінде тіркелген, қолданылатын жабдыққа сәйкестік сертификатына;
      қолданылатын жабдыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізімінде тіркелген сәйкестік сертификатына;
      ОПТЖ цифрлық станциялары қолдайтын дабыл хаттамаларының шектеулі тізіміне сәйкес.
      5. Станцияаралық байланысын ұйымдастыру:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Осы Техникалық шарттардың 1 т. және 4 т. сәйкес
      6. Синхрондау
      Қосылатын оператор (желі иесі) жабдығы мынадай нұсқалардың бірі бойынша қосатын оператор телекоммуникация желісімен синхрондалуы керек:
      1) синхрондаудың жеке көзінен кемінде 10-11 синхросигнал тұрақтылығының коэффициентімен (қосылатын оператор (желі иесі) қосылуға өтінішке Қазақстан Республикасы сертификаттаудың Мемлекеттік жүйесі тізімінде тіркелген синхрондау көзіне сәйкестік сертификатын және көздердің техникалық өлшемдерін қоса ұсынады);
      2) қосатын оператор тактілік желілік синхрондау (ТЖС) желісінен.
      Қосатын оператордың ТЖС-тың базалық желісіне қосылуға техникалық талаптар қосатын оператордың филиалында алынған қосу жолдарын ұйымдастыруға техникалық талаптар алғаннан кейін және ТЖС базалық желісіне қосылуға қосылатын оператор (желі иесі) өтінімі негізінде беріледі.
      7. Тарифтеу
      1) Телефон трафигін есептеу қосатын оператор және қосылатын оператор (желілер иелері) қосылысын уақытқа қарай есептеу аппаратураларының деректері негізінде жүргізіледі.
      2) Уақытқа қарай есептеу аппаратурасының өлшеу құралдарының типін бекіту туралы сертификаты және тексеру туралы сертификаты болуы керек.
      3) Қосылатын оператор (желі иесі) желісінің абонеттері қосатын оператор желісі арқылы ішкі аймақтық, қалааралық және халықаралық байланысқа шыққан уақытта трафикті есептеу қосатын оператор АҚТС-та (ҚТТ/ХКО) жүргізіледі.
      8. Телефон трафигін өткізу.
      Қосатын оператор коммутациялық желісі қосылатын оператор (желі иесі) желісі абоненттерінен (абоненттеріне) жалпы пайдаланымдағы телекоммуникацияның желісіне (желісінен) трафикті өткізу жүзеге асырылады.
      9. Жобалық жұмыстар
      1) Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосуға жобалық-құжаттамалық құжаттаманы ұсынады. Қосу жолдары ұйымдарына техникалық талаптарды алу үшін және жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) құру үшін Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) шеткері жабдықтың орналасқан орны реттеледі.
      2) Қосатын оператор ЖСҚ келісу актінің көшірмесі осы техникалық шарттарға және қосатын желілерінің ұйымына техникалық шарттарына сәйкестігіне ұсынылады. Акт қосатын оператордың уәкілетті өкілдерімен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) және қосылатын оператор (желі иесі) қол қойылады.
      10. Құрылыс-монтаждау жұмыстары:
      1) Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалында (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) қосатын желілерін ұйымдастыруға техникалық талаптар алады.
      2) Қосылу желілерді ұйымдастыруға байланысты барлық жұмыстар (арналарды жалға алу, кәбіл төсеу, шеткері жабдықты орнату және т.б.) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісіледі.
      11. Жалпы мәселелер
      1) Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоспары (кәбіл төсеу сұлбасы, шеткері жабдықты орнату) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісіледі.
      2) Қосылатын оператор (желі иесі) электрмен қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыстар мен талаптарды қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісе отырып, шеткері жабдықты электр энергиясымен қамтамасыз етуді көздейді.
      3) Осы Техникалық шарттарды орындау бойынша жұмыстарды аяқтау қосылатын оператор (желі иесі) желісі қосатын оператордың (осы Техникалық шарттардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес синхрондау нұсқасын таңдаған жағдайда) ЖСҚ базалық желісіне қосудың техникалық талаптарына және мәтіндік қосуға дайындылығына сәйкес, ЖСҚ базалық желісіне қосылу деңгейін, желі нөмірленуін, дабыл түрінің, қосылу классын көрсетумен Акт ресімделеді. Актіге қосатын оператордың филиалының уәкілетті өкілдері (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) мен қосылатын оператор (желі иесі) қол қойылады. Актінің көшірмесі қосылатын операторға ұсынылады.
      4) Қосылатын оператор (желі иесі) желісін қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосудың алдында тестілік сынақтар жүргізіледі. Тестілік сынақтардың оң нәтижесінде тестілік сынақтардың нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында енгізу туралы акті жасалады. Актінің көшірмесі қосылатын операторға ұсынылады. Актіде қосылу нүктесі, желі нөмірленуі, кірістірілген желілік ресурстар саны, ЖҚС базалық желісіне қосу классы, тестілеу мерзімі, тестілеу нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында қосу күні көрсетіледі. Акт қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында қосатын оператор филиалының уәкілетті өкілдерімен және қосылатын оператор (желі иесі) қол қойылады.
      5) Қосу желісіне 0,7 Эрл үлес жүктемесінен асқан жағдайда, арналық сыйымдылығын ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет.
      6) Қосатын оператор телекоммуникация желісіне қосу осы техникалық шарттарды орындаудан кейін жүргізіледі.
      7) Егер осы Техникалық шарттар берілген мерзімнен бастап алты айдың ішінде орындалмаған жағдайда, онда бұл Техникалық шарттар жойылады.
      8) Байланыс операторы желісін қосатын оператор телекоммуникация желісіне осы техникалық шарттар шеңберінде қосу қосылатын оператор (желі иесі) Мемлекеттік лицензиясымен көзделген қызметтер үшін ғана қолданылады.
      9) Қосылатын байланыс операторымен техникалық талаптарды орындау сәтінде (порттық сыйымдылықтың) бос желілік ресурстардың болмағаны жағдайында, аталған қосылуды қосатын оператормен _______________ қосымша жабдықтаудан кейін мүмкін болады.
      10) Қосылатын байланыс операторы (желі иесінің) желісінің синхрондау сызбасына кез-келген өзгерістер қосатын оператормен келісіледі.
      _____________________________________________________________
      Қосатын оператор филиалының атауы
      ________________________________________________________
      Қосатын оператор филиалының басшысы (Т.А.Ә. және қолы)
Трафиктi өткiзуді және өзара
есеп айырысу тәртібін қоса 
алғанда, телекоммуникация  
желiлерiн қосу және өзара  
әрекеттестігі қағидаларына 
6-қосымша        
  1   2   3   4   5



Похожие:

Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау icon«Әуежай (әуеайлақ) аймағында және әуежай (әуеайлақ ) маңындағы аумақтарда авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша апаттық жоспарды» әзірлеудің
Түрлі әуежай қызметтерін және өзара іс-қимылдағы ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың әрекеттерінің тиімділігін көтеру үшін...
Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау iconТрафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидалары
Бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген,...
Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау iconҚалааралық және халықаралық байланыс, ұялы операторлар байланыс жүйесіне қоңыраулар, ақылы анықтама қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы
...
Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау iconШет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру
Сына сәйкес әзірленген және шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды...
Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау iconШығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалды-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметімен,...
Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау iconШығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалды-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметімен,...
Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау iconӘуе кемелерінің апаттық жағдайда және апатқа ушыраганында апаттық хабарлаудың үлгі сызба нұсқасы

Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау iconҚазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалык реттеу және метрология комитеті, оның аумақтық Департаменттері және ведомстволық ұйымдары кызметкерлерінің Кәсіби этика кодексі
А министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті, оның аумақтық Департаменттері және ведомстволық ұйымдары қызметкерлерінің...
Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау icon9 244,1 мың теңге сомасына бюджеттік және өзге де заңнаманың бұзылуы, оның ішінде 363,9 мың теңге
«Ақпараттық есептеу орталығы» рмк-ның 6 ведомстволық бағынысты ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бұдан басқа, Агенттік қызметінің...
Зақымданған және апаттық жағдайларда техникалық персоналдың өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Оптж-ның ведомстволық, корпоративтік, арнайы және атс байланыс операторлар шақыруларын маршруттау icon2014 жылдың қаңтар айына арналған Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясының байланыс саласындағы тексерілетін субъектілерін тексеру мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептілігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы