Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы icon

Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы



НазваниеМемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы
страница1/4
Дата конвертации26.08.2014
Размер1.01 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4


Мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 09 қаңтардағы № 06-7/2 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 22 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 қаңтарда № 8260 тіркелді
      «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 40-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын бағалау әдiстемесi бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Ғ.Ә. Әди), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):
      1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар назарына жеткізсін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурстарына және Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат Министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 21 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 02-01-02/6 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7385 тіркелген);
      2) «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат Министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 21 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 02-01-02/6 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 244 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 8 мамырдағы № 02-01-02/58 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7654 тіркелген).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары
С.Қ. Ахметжановқа, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сәрсеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері         көлік және коммуникация
      агенттігінің Төрағасы             Министрінің міндетін атқарушы
      ____________А.М. Байменов         ______________ Р.В. Скляр
Қазақстан Республикасының  
Мемлекеттік қызмет істері  
агенттігі Төрағасының    
2013 жылғы 9 қаңтардағы № 06-7/2
және Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникация   
Министрі міндетін атқарушысының
2013 жылғы 10 қаңтардағы № 22
бірлескен бұйрығымен    
бекітілген         
^ Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау әдiстемесi
      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 18.02.2014 № 04-2-4/33 және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 24.02.2014 № 149 бірлескен бұйрығымен.
 1. Жалпы ережелер
      1. Осы Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын (бұдан әрі – Жүйе) жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
      2. Әдістеме мемлекеттік органдармен жеке және заңды тұлғаларға қолайлы және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, соның ішінде электрондық форматта көрсету шараларының тиімділігін анықтауға арналған.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілетін Мемлекеттік қызметтердің тізілімінде көрсетілген (бұдан әрі – Тізілім) мемлекеттік қызметтер бойынша жүргізіледі.
      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) жолданатын ақпаратқа талдау жасау арқылы жүргізіледі.
      Бағалау барысында көрсетілетін қызметті алушылардан қосымша әлеуметтік сауалнама жүргізілуі мүмкін.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау:
      1) заңдылық;
      2) объективтілік;
      3) турашылдық;
      4) құпиялықты сақтау;
      5) анықтылық;
      6) жан-жақтылық;
      7) ашықтық қағидаттарына негізделеді.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бағалауды жүргізу үшін келесі ақпарат көздері:
      1) мемлекеттік органдардың статистикалық мәліметтері;
      2) бағаланатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік органдармен жүргізілген тексерулердің нәтижелері;
      3) көрсетілетін қызметті алушылардан жүргізілген сауалнама нәтижелері;
      4) үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) мәліметтері болады.
^ 2. Мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалауды жүргізу
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүргізіледі:
      1) Үдерісті өлшемдер:
      Тізілімге енгізілген жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру деңгейі;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік органның ішкі бақылауының тиімділігі;
      2) Нәтижелі өлшемдер:
      мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуы;
      мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) «электрондық үкімет» және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың үлесі.
      8. Әр өлшем бойынша көрсеткіштер анықталып, оларға сәйкес тиісті баллдар қойылады.
      Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштердің маңыздық үлесі осы Әдістеменің 1 - және 2-қосымшаларында көрсетілген.
      9. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен «Тізілімге енгізілген жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны», «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту», «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту», «мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік органның ішкі бақылауының тиімділігі», «мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуы» өлшемдері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау Агенттікпен жүргізіледі.
      Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен «мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру деңгейі», «мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) «электрондық үкімет» және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың үлесі» өлшемдері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау Министрлікпен жүргізіледі.
      Агенттікпен көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен жүргізіледі.
      Министрлікпен «мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру деңгейі», «мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) «электрондық үкімет» және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың үлесі» өлшемдері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын бағалау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен жүргізіледі.
      Бағалауға орталық мемлекеттік органдардармен, олардың ведомстволарымен, аумақтық бөлімшелерімен, ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен олардың аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен, соның ішінде облыс, аудан және қала мен ауылдық атқарушы органдармен көрсетілетін қызметтер жатады.
      10. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау үшін Агенттікте жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.
      Жұмыс тобының құрамына Агенттіктің және Министрліктің өкілдері кіреді.
      Жұмыс тобы мемлекеттік органдармен ұсынылған мәліметтер мен мемлекеттік органдар жүргізген тексерулер нәтижесінде алынған ақпараттарды салыстыру арқылы әр-түрлі көздерден алынған мәліметтердің шынайылығына талдау жүргізеді.
      11. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау есеп (күнтізбелік) жылдың қорытындысы бойынша жыл сайын жүргізіледі.
      12. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау нәтижелері жөніндегі қорытынды осы Әдістеменің 3- және 4-қосымшаларындағы нысанға сәйкес әзірленеді.
      Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен «мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру деңгейі», «мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) «электрондық үкімет» және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың үлесі» өлшемдері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындылар осы Әдістеменің 5-қосымшасындағы нысанға сәйкес әзірленеді және Министрлікпен Агенттікке ұсынылады.
      Министрлікпен «мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру деңгейі», «мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) «электрондық үкімет» және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың үлесі» өлшемдері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындылар Агенттікке Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен ұсынылады.
      Агенттікпен көрсетілетін мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытындылар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынылады.
      Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытындылар Агенттікпен Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынылады.
      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау үшін ақпарат Агенттікке және Министрлікке Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргізу кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес орталық мемлекеттік органның аппаратарымен (орталық мемлекеттік органмен, оның ведомстволарымен, аумақтық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен көрсететін қызметтер бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдері аппараттарымен (облыс, аудан және қала мен ауылдық атқарушы органдармен көрсетілетін қызметтер бойынша) қағаз және электрондық нұсқаларда ұсынылады.
      Агенттікпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау үшін ақпарат Агенттікпен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Кестеге сәйкес қағаз және электрондық нұсқаларда ұсынылады.
      Министрлікпен «мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру деңгейі», «мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) «электрондық үкімет» және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың үлесі» өлшемдері бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердің сапасын бағалау үшін ақпарат Министрлікпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Кестеге сәйкес қағаз және электрондық нұсқаларда ұсынылады.
^ 3. Тиімділікті бағалау
Параграф 1. «Тізілімге енгізілген жаңа мемлекеттік көрсетілетін
қызметтердің саны» өлшемі бойынша бағалау
      14. «Тізілімге енгізілген жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны» өлшемі бойынша бағалау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен Агенттікке жыл сайын 15 ақпанға дейін мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтердің кесінінде орталық мемлекеттік органдармен есептік кезеңде Тізілімге жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлерін қосу жөніндегі ақпараты негізінде жүргізіледі.
      Ақпаратта Тізілімде жаңа мемлекеттік қызметтердің түрлерін енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде көрсетіледі.
      Тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері болған жағдайда мемлекеттік органға 10 балл беріледі (К1)
^ Параграф 2. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын
бекіту» өлшемі бойынша бағалау
      15. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту» өлшемі бойынша бағалау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Агенттікке жыл сайын 18 ақпанға дейін мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер кесінінде ұсынылатын ақпараттың негізінде жүргізіледі.
      Ұсынылатын ақпаратта мемлекеттік органмен (ведомствалық бағынысты мекемемен) көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын, соның ішінде жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша стандарттарды бекіту жөнінде мәлімет, сондай-ақ стандарттардың бекітілмеу себептері көрсетіледі.
      16. Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын әзірлейтін мемлекеттік органдар Тізілімге сәйкес анықталады.
      Бағалауда (бағалау күніне) Тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтер үшін әзірленетін стандарттар есептеледі.
      Соған қоса, бағалау кезінде бағаланатын мемлекеттік органның Тізілімге 2013 жылғы 30 қыркүйекке дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау бойынша жұмысы есептеледі.
      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамамен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мерзімдері бұзылған жағдайда аталған өлшем бойынша мемлекеттік органның жалпы бағасынан айыппұл баллдары шегеріледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мерзімдерін бұзғаны үшін әр анықтап белгіленген дерек бойынша 0,2 айыппұл бал шегерілу көзделеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұл бал шегеру сомасы 3 баллдан көп бола алмайды.
      18. Бағалау келесі формула бойынша есептеледі:


      К2 - осы өлшем бойынша орталық мемлекеттік органның бағасы;
      k – алынған нәтижелерді үлестік маңызына жеткізу үшін коэффициент (осы көрсеткіш бойынша коэффициент 15-ке тең);
      а – мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекеме), соның ішінде жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген стандарттардың саны;
      c – Тізілімге сәйкес мемлекеттік органмен, соның ішінде жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін әзірленетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жалпы саны (есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша).
^ Параграф 3. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту» өлшемі бойынша бағалау
      19. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту» өлшемі бойынша бағалау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Агенттікке жыл сайын 18 наурызға дейін мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер кесінінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту жөніндегі ұсынылатын ақпараттың негізінде жүргізіледі.
      Ақпаратта мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерінің бекітілуі жөнінде мәлімет, сондай-ақ регламенттердің бекітілмеу себептері көрсетіледі.
      20. Бағалау келесі формула бойынша есептеледі:
      1) орталық мемлекеттік органдар бойынша:


      2) жергілікті атқарушы органдар бойынша:


      K3 – аталған өлшем бойынша орталық мемлекеттік органның бағасы;
      M1 – аталған өлшем бойынша жергілікті атқарушы органның бағасы;
      k – алынған нәтижелерді үлестік маңызына жеткізу үшін коэффициент (осы көрсеткіш бойынша орталық мемлекеттік органдардың коэффициенті 10-ға тең);
      m – алынған нәтижелерді үлестік маңызына жеткізу үшін коэффициент (осы көрсеткіш бойынша жергілікті атқарушы органдардың коэффициенті 25-ке тең);
      а – мемлекеттік органмен мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің саны;
      b – мемлекеттік органмен мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін әзірлеуге міндетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлерінің саны.
      Аталған өлшем бойынша бағалау кезінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 13-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту бойынша бағаланатын мемлекеттік органның атқарылған жұмысы есептеледі.
      21. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамамен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту мерзімдері бұзылған жағдайда аталған өлшем бойынша мемлекеттік органның жалпы бағасынан айыппұл баллдары шегеріледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту мерзімдерін бұзғаны үшін әр анықтап белгіленген дерек бойынша 0,3 айыппұл бал шегерілу көзделеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді регламенттеу мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұл бал шегеру сомасы 5 баллдан көп бола алмайды.
^ Параграф 4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оңтайландыру
және автоматтандыру деңгейі» өлшемі бойынша бағалау
      22. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің оңтайландыру және автоматтандыру деңгейі» өлшемі бойынша бағалау тек ғана орталық мемлекеттік органдарда жүргізіледі. Бағалау Тізілімде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттарын талдау негізінде жүргізіледі.
      23. Бағалау келесі формула бойынша есептеледі:




      К4 – аталған өлшем бойынша орталық мемлекеттік органның бағасы;
      a – мемлекеттік қызметке қойылатын қорытынды баға;
      z – Тізілімге сәйкес мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны;
      W – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептік кезеңде өзгертілген стандарттардың үлесі;
      m – есептік кезеңде өзгертілген стандарттардың саны (мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен), соның ішінде жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша көрсету мерзімдері және/немесе көрсетілетін қызметтер алушылардан сұратылатын құжаттар саны азайтылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттар).
      n – стандарттардың жалпы саны.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын қорытынды бағаны санау келесі формула бойынша жүргізіледі:


егер у = 0, онда a = b * d
      x – мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік органмен ведомствоаралық/ведомстволық ақпараттық жүйелерден сұратылатын құжаттардың саны;
      у – мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік органмен ведомствоаралық/ведомстволық ақпараттық жүйелерден алыналатын құжаттардың саны;
      b – осы Әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын бал;
      d – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету мерзіміне сәйкес қойылатын қосымша коэффициент.
      Егер бағалау кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты бекітілмеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын қорытынды балл 0 тең.
      Министрліктің есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімін қысқарту және/немесе көрсетілетін қызметтер алушыларынан сұратылатын құжаттардың санын азайту орынсыздығы немесе мүмкінсіздігі жөніндегі қорытындысын ұсынған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептік кезеңде өзгертілген стандарттардың үлесі 1 тең болады.
      Егер, орталық мемлекеттік есептік кезеңде орган «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейтін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету мүмкінсіздігі жөнінде Ведомствоарылық комиссияның шешімін ұсынған жағдайда, мемлекеттік орган халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі деп саналады және оған тиісті балл қойылады.
      Егер, есептік кезеңде орталық мемлекеттік органмен Тізімге мемлекеттік қызметтерді қосу бойынша жұмыс жүргізілген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметке мемлекеттік қызметтің көрсету тәртібі негізінде осы Әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес қойылатын баллға қосымша 3 балл қойылады.
      Егер, мемлекеттік көрсетілетін қызмет дәстүрлі әдіспен тек ғана мемлекеттік органда көрсетілсе, алайда оны көрсету барысында ведомствоаралық/ведомстволық ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттар болған жағдайда, мемлекеттік көсетілетін қызметке қойылатын қорытынды баллды санау мемлекеттік қызметтің көрсету тәртібі негізінде осы Әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес қойылатын баллды (b) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету мерзіміне сәйкес қойылатын қосымша коэффициентке (d) көбейту арқылы анықталады.
      Қосымша коэффициент стандарттарда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне сәйкес қойылады:
      егер мемлекеттік көрсетлетін қызметте көрсету мерзімі 5 жұмыс күні немесе одан аз болса, қосымша коэффициент (d) 1 тең;
      егер мемлекеттік көрсетілетін қызметте көрсету мерзімі 5 жұмыс күнінен көп болса, қосымша коэффициент (d) 0,8 тең.
  1   2   3   4



Похожие:

Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы iconМемлекеттік к ө рсетілетін қ ызметтер м ә селелері бойынша біры ңғ ай байланыс-орталы ғ ы қ ызметіні ң қ а ғ идаларын бекіту туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы iconМал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Лыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен...
Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы iconМал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау жөніндегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы №625 «Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң...
Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы iconҚаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы»
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан...
Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы iconМал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы»
Ы дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 4 тармақшасына сәйкес...
Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы iconМал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы»
Дық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 4 тармақшасына...
Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы iconМал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы»
Дық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 4 тармақшасына...
Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы iconА қ параттандыру, байланыс саласында ғ ы, электронды қ құ жат ж ә не электронды қ цифрлы қ қ олта ң ба туралы Қ аза қ стан Республикасы за ң намасыны ң са қ талуына жеке к ә сіпкерлік саласында ғ ы т ә уекел д ә режесін ба ғ алау ө лшемдерін бекіту туралы
Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының...
Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы iconБайланыс саласында ғ ы жеке к ә сіпкерлік саласына жатпайтын субъектілер ү шін т ә уекелдер д ә режелерін ба ғ алау критерийлерін бекіту туралы
...
Мемлекеттiк қ ызметтер к ө рсетуді ң сапасын ба ғ алау ә дiстемесiн бекіту туралы icon2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулы Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы