«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» icon

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»



Название«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
Дата конвертации26.08.2014
Размер87.89 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 25 қыркүйектегi

№ 1241 қаулысымен

бекiтiлген

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты»

1. Жалпы ережелер

1. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру комитетi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мынадай мекенжай бойынша көрсетiледi: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-шi кiреберiс, № А757 кабинет.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабының 2) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысымен бекiтiлген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеудi жүргiзудiң қағидаcы негiзiнде көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша;

2) уәкiлеттi органдағы стендiлерде орналасқан.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi куәландырушы орталықты аккредиттеу және қағаз тасығышта куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлiктi (бұдан әрi – куәлiк) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелдi жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетiледi.

7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) Осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың толық пакетiн уәкiлеттi органға мемлекеттiк қызметтi алушы берген сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайды;

Өтiнiштi қараудың мерзiмi тексеру үшiн куәландырушы орталыққа комиссия қайта шыққан жағдайда күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күн iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға хабарланады. Уәкiлеттi орган мерзiмдi ұзартудың себебiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi алушыға дәлелдi хат жiбередi.

2) мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiш бiлдiрген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн рұқсат етiлген ең көп күту уақыты – 40 минуттан аспайды;

3) өтiнiш бiлдiрген күнi мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiнен басқа дүйсенбiден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетусiз кезек түрiнде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету уәкiлеттi органның ғимаратында мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-шi кiреберiс, № А757 кабинетте жүзеге асырылады. Ғимарат дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың қолжетiмдiлiгiне арналған пандустармен және лифттерге кiрумен жабдықталған, нормативтiк құқықтық актiлерден үзiндiлер (көшiрмелер), қажеттi құжаттардың тiзбесiмен және оларды толтырудың үлгiлерi бар стендтермен жабдықталған күту және құжаттарды толтыру үшiн орындар бар, өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қолданылған.

Жеке тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасына талдау жүргiзу, жұмысты одан әрi жетiлдiру үшiн қоғамдық пiкiрдi зерделеу мақсатында уәкiлеттi органда жеке және заңды тұлғалар үшiн Шағымдар мен ұсыныстар кiтабы жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтiң алушы немесе сенiмхат бойынша оның уәкiлеттi өкiлi мыналарды ұсынады:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлiк беруге өтiнiштi;

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың не куәлiктiң көшiрмесiн;

3) еркiн таратылмайтын пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификаттардың көшiрмелерiн, сондай-ақ өзiмен әзiрлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттарды;

4) мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен аккредиттелетiн куәландырушы орталықты интеграцияланған жағдайда куәландырушы орталықтың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгi аттестатын;

5) мемлекеттiк қызметтi алушы бекiткен куәландырушы орталықтың модульдерiнiң (құрауыш) өзара iс-қимылының схемасын және криптографиялық түрлендiру алгоритмдерi туралы деректермен және электрондық қолтаңбаны қалыптастыру процесiн iске асыру жөнiндегi басқа да негiзгi деректер (негiзгi талаптар) және жекелеген параметрлерге және куәландырушы орталыққа қойылатын талаптармен бiрге электрондық цифрлық қолтаңбаның схемасын;

6) мыналарды:

куәландырушы орталықтың ақпараттық қауiпсiздiк саясатын;

куәландырушы орталық қызметiнiң регламентiн немесе қағидаларын;

куәландырушы орталық туралы ереженi;

штаттан тыс, дағдарысты жағдайларда өтiнiш берушiнiң атынан куәландырушы орталықтың тiркеу куәлiктерiн сүйемелдеу, әкiмшiлендiру, шығару жөнiндегi жұмыстарға тiкелей қатысып, жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлердiң iс-қимылы жөнiндегi нұсқаулықты;
куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурстарын резервтiк көшiру туралы нұсқаулықты;

куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуiн орнату және баптау жөнiндегi нұсқаулықты;

7) осы куәландырушы орталықта және оны пайдаланушылар қолданатын ҚР СТ 1073-2007 бойынша ақпаратты криптографиялық қорғаудың пайдаланылатын құралдарына сәйкестiк сертификатын бередi.

Куәландырушы орталық қызметiнiң регламентi мен қағидалары куәландырушы орталықтың барлық ұсынатын сервистерiн сипаттауы тиiс.

Тiркеу куәлiктерiн қолдану саясаты тiркеу куәлiктерiнiң қолданылу саласын, олардың құрылымын және тiршiлiк циклiн сипаттауы тиiс.

Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

12. Белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң нысанын уәкiлеттi органның қызметкерi мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-шi кiреберiс, № А757 кабинетте бередi, сондай-ақ өтiнiштердiң нысаны мен оларды толтыру жөнiндегi түсiнiктемелер www.mtk.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Құжаттарды қабылдауды уәкiлеттi орган кеңсесiнiң қызметкерлерi мынадай мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-шi кiреберiс, № А746 кабинет, телефон: (87172) 74-03-64.

14. Уәкiлеттi орган құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттiк қызметтi алушыға:

1) сұрау салудың нөмiрi мен қабылдау күнiн;

2) сұрау салынып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрiн;

3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны мен атауларын;

4) құжаттардың берiлетiн күнi (уақыт) мен орнын;

5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған уәкiлеттi органның лауазымды адамының тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.

15. Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлiктi уәкiлеттi орган кеңсесiнiң қызметкерi мемлекеттiк қызметтiң алушыға куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлiктi беру журналына жеке қол қойдырып бередi немесе мемлекеттiк қызмет нәтижесiн мемлекеттiк қызметтi алушыға жеткiзудi пошта немесе курьерлiк қызметi жүзеге асырады.

16. Уәкiлеттi орган құжаттарды алған сәттен бастап бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган көрсетiлген мерзiмдерде жазбаша дәлелдi жауап бередi.

Егер:

1) мемлекеттiк қызметтi алушы осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес қажеттi құжаттарды ұсынбаса;

2) дұрыс ақпарат ұсынбаса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаты

17. Мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысы бойынша уәкiлеттi органның қызметi мынадай қағидаттарға негiзделедi:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтау;

3) мемлекеттiк қызметтi алушылармен жұмыс кезiнде сыпайылық

4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы жеткiлiктi ақпаратты беру;

5) өтiнiштердi қараған кезде лауазымды тұлғалар қызметiнiң ашықтығы;

6) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

7) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және оның құпиялығы.

4. Жұмыс нәтижелерi

18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижелерi осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

20. Мемлекеттiк қызметтi ұсынудың сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн уәкiлеттi орган кеңсесiнiң қызметкерлерi мынадай мекенжай бойынша түсiндiредi: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-шi кiреберiс, электрондық поштаның мекенжайы: kсi@mtc.gov.kz., № А757 кабинет, телефон (87172) 74-06-85.

21. Уәкiлеттi орган көрсететiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағымдар:

1) Министрлiктiң Байланыс және ақпараттандыру комитетi төрағасының атына мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-шi кiреберiс, электрондық поштаның адресi: kсi@mtc.gov.kz., қабылдау бөлмесiнiң телефоны (8-7172)74-03-24;

2) Министрлiктiң «сенiм телефонына» (8-7172)-24-29-09 нөмiрi бойынша;

3) www.mtс.gov.kz интернет-ресурсының «сенiм парағы» бөлiмiнде;

4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң блогына (Министрлiктiң www.mtс.gov.kz мекенжайы бойынша «Көлiк және коммуникация министрiнiң блогы» интернет-ресурсының бетi);

5) Министрлiктiң кеңсесiне жазбаша шағыммен мынадай мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1, электрондық поштаның адресi: mtc@mtc.gov.kz, телефон: (8-7172)-24-13-12 берiледi.

Лауазымды тұлғаның жұмыс кестесi бес күндiк жұмыс аптасын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн құрайды.

22. Мемлекеттiк қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде дөрекi қызмет көрсетуiне шағымдар:

1) Министрлiктiң Байланыс және ақпараттандыру комитетi төрағасының атына мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 14-шi кiреберiс, электрондық поштаның мекенжайы: kсi@mtc.gov.kz., қабылдау бөлмесiнiң телефоны (8-7172)74-03-24;

2) Министрлiктiң «сенiм телефонына» (8-7172)-24-29-09 нөмiрi бойынша;

3) www.mtk.gov.kz интернет-ресурсының «сенiм парағы» бөлiмiнде;

4) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң блогына (Министрлiктiң www.mtk.gov.kz адресi бойынша «Көлiк және коммуникация министрiнiң блогы» интернет-ресурсының бетi);

5) Министрлiктiң кеңсесiне жазбаша шағыммен мынадай мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1, телефон: (8-7172)-24-13-12 берiледi.

Лауазымды тұлғаның жұмыс кестесi бес күндiк жұмыс аптасын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн құрайды.

23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

24. Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiретiн субъектiге немесе лауазымды адамның атына еркiн нысанда жолданады.

Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызметтi алушы қол қояды. Шағым берген кезде субъектiнiң немесе қызметi, лауазымды тұлғаның тегi және әкесiнiң аты, кiмге шағымдануда, өтiнiштiң себебi және талаптар көрсетiледi.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тiркеледi. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күнi мен уақыты шағымды қабылдаған тұлғаның тегi мен аты-жөнi, жасалған шағымға жауапты алу мерзiмi мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон болып табылады.

26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtk.gov.kz интернет-ресурстарынан және Министрлiктiң (8-7172)-24-29-09 сенiм телефоны бойынша алуға болады.

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттiк қызмет стандартына   
1-қосымша              

^ Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлiк беруге өтiнiш
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң атауы, заңды мекенжайы, телефоны)
_____________________________________________________________________
(куәландырушы орталықтың атауы)

аккредиттеу туралы куәлiктi берудi сұрайды.

Күнi 20__ жылғы «___» ______________

Басшы                                __________ _____________________
                                       (қолы)        (аты, тегi)

      М.О.

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттiк қызмет стандартына   
2-қосымша              

^ Кесте. Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа мен тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Алдағы жылғы көрсеткiштiң нысаналы мәнi

Есептi жылғы көрсеткiштiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну процесiнiң сапасымен қанағаттандырылған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасымен және тәртiбi туралы ақпаратпен қанағаттандырылған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Олар туралы электрондық форматта ақпаратқа қолжетiмдi қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiмен қанағаттандырылған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)












Похожие:

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ереже Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) «Электрондық құжат және электрондық...
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» регламенттінде (бұдан әрі Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» iconКуәландырушы орталықтарды аккредиттеу
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» жобасына
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» iconМемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер
Осы «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»...
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» icon«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» icon«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызмет атауы: «Электрлік зертханаларды аккредиттеу»
«Электрлік зертханаларды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және...
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» iconКуәландырушы орталықты аккредиттеу

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттiк қызмет стандарты» Жалпы ережелер «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» iconКуәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлік беруге

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы