Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi icon

Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi



НазваниеПочта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi
Дата конвертации22.08.2014
Размер49.94 Kb.
ТипДокументы
источник


      Келiсiлген:

       Қазақстан Республикасының Көлiк
      және коммуникациялар Министрi
      2005 жыл 11 наурыз

Қазақстан Республикасының     
Ақпараттандыру және байланыс    
агенттiгi Төрағасының       
2005 жылғы 28 ақпандағы N 57-п   
бұйрығымен бекiтiлген        

Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен
тасымалдау ережесi

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiктерiмен тасымалдау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Iшкi су көлiгi туралы " және " Байланыс туралы " Заңдарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасында почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен (бұдан әрi - су көлiгi) тасымалдауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

     2. Тасымалдаушы мен почта операторының почта жөнелтiмдерiн тасымалдау кезiнде олардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес және тасымалдаушы мен почта операторының почта жөнелтiмдерiн тасымалдауда өзара жасасқан шарттарымен (бұдан әрi - шарт) айқындалады.

     3. Тасымалдаушы почта операторына кемелер қозғалысының кестесiн ұсынады. Осы кесте негiзiнде почта операторы почта маршруттары бойынша су көлiгiмен тасымалдану кестесiн құрады.
     Кеме қозғалыстарының кестесi өзгерген жағдайда тасымалдаушы почта операторына өзгерiс енгiзiлiп жүргiзiлуiне дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлайды.

     4. Почта жөнелтiмдерiн тасымалдау үшiн ақы тасымалдаушы мен почта операторы жасасқан шарттар негiзiнде жүргiзiледi.

     5. Почта операторы iлесiп жүруiмен почта жөнелтiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз етуi мүмкiн.
     Тасымалдаушы почта операторына "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  51 бабының  4 және 8 тармақтарында қаралған, белгiленген тәртiппен ақылы негiзде орын-жай ұсынады және жағдай жасайды.

^ 2. Почта жөнелтiмдерiн тасымалдау тәртiбi

     6. Почта жөнелтiмдерi стандартты арнаулы қаптарда буылып-түйiлiп, бекiту-пломбалау құралымен пломбаланады немесе сүргiш мөрiмен мөрленедi, сонымен бiр қаптың салмағы және де басқа да почта жөнелтiмдерiнiң рәсiмдеу стандарттары байланыс саласындағы уәкiлеттi органмен белгiленген тәртiпке сәйкес қолданылады.

     7. Әр пункт үшiн белгiленген қаптардың почта жөнелтiмдерiне екi данада жүк құжаты толтырылады, оның бiреуi почта жөнелтiмдерiмен жiберiледi.
     Барлық почта жөнелтiмдерi шартта қаралған (почта жөнелтiмдерiнiң санын көрсетумен) жүк құжатының түрлерi бойынша маршруттарды айырбастау кезегiнiң тәртiбiмен жазылады және әр рейске екi данадан толтырылады.
     Маршруттық жүк құжатында су көлiгiнiң тұрақ пункттерi, почта жөнелтiмдерiнiң қайда бағытталғаны, түрлерi бойынша олардың саны және де әр белгiленген пунктке дейiнгi почта жөнелтiмдерiнiң салмағы және жалпы саны кезекпен көрсетiледi

     8. Тасымалдаушының қызметкерлерi почта жөнелтiмдерiнiң жалпы салмағының жүк құжатымен сәйкестiгiн тексеруi мүмкiн.

     9. Жағалауында сақтау орын-жайлары жоқ пункттерде почта жөнелтiмдерi су көлiгiне тiкелей почта операторымен жеткiзiледi. Почта жөнелтiмдерiн ұсыну мен қабылдаудың мерзiмi мен тәртiбi шартта белгiленедi.

     10. Почта жөнелтiмдерi тасымалдаушының қызметкерлерi мен почта операторының жүк құжаттарына қол қойған кезiнен бастап жеткiзiлдi деп саналады

     11. Рейстiң шартта келiсiлген мерзiмнен көп кешiгуi кезiнде және қажет болған басқа да жағдайларда жеткiзудi жылдамдату мақсатында почта жөнелтiмдерi белгiленген пунктке көлiктiң басқа түрiмен кiнәлi жақ есебiнен жiберiлуi немесе оларды су көлiгiнiң бiрiнен түсiрiп басқасына тиелуi мүмкiн.

     12. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде қаралмаған жағдайда жолаушыларды басқа рейстермен жiберу үшiн жоспарланған рейстен почта жөнелтiмдерiнiң жүгiн азайтуға немесе алып тастауға жол берiлмейдi.

^ 3. Жалпы нысанды актiнi жасау тәртiбi

     13. Тасымалдаушы және почта операторының почта жөнелтiмдерiн тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк жауапкершiлiгiне негiз бола алатын жағдайлар арыз бойынша осы Ереженiң қосымшасына сәйкес жалпы нысанды актiмен (бұдан әрi - актi) куәландырылады.

     14. Актi төмендегi жағдайларды куәландыру үшiн жасалады:
     1) су көлiгiнiң жөнелту пунктiнен жөнелуiн тоқтату немесе кiдiртуi, басталған рейстiң тоқтатылуы, жол үстiнде ұзақ мерзiмге кiдiртiлуi және амалсыздан тоқтатылуы;
     2) тасымалдаушының кiнәсiнен болған почта жөнелтiмдерiнiң жетiспеуi немесе бүлiнуi анықталғанда. Ондайда қаптың сыртқы ахуалы егжей-тегжейлi сипатталады, құжаттар бойынша және iс жүзiндегi салмағы көрсетiледi, қапшығы бұзылғанда - iшкi мазмұны (әр почта жөнелтiмi бөлек, оның ахуалы, көлемдерi, салмағы, сондай-ақ қап салынымының жалпы салмағы, бума салмағы және тағы басқалары көрсетiледi);
     3) тасымалданған почта жөнелтiмдерiнiң шын салмағының iлеспе құжаттарда көрсетiлгеннен асып кеткенде. Бұл жағдайда актi шын тасымалданған почта жөнелтiмдерiне есептесуге негiз болады;
     4) осы Ереженiң басқа да бұзылу жағдайларында.

     15. Актi тең күшi бар екi данада жасалады: бiр данасы почта операторы үшiн және бiреуi - тасымалдаушы үшiн. Актiде барлық актi жасалу кезге мәлiм болған, келiсiмнiң шарттарын бұзу себебi туралы дұрыс тұжырым жасауға мүмкiндiк беретiн мәлiметтер және ол бойынша шешiм көрсетiлу тиiс.
     Актiге тасымалдаушы және почта операторының қызметкерлерi қол қояды.
     Актi жасауға қатысатын тараптар оған қол қоюдан бас тартуға құқылы. Актiнiң мазмұнымен келiспеген жағдайда тараптар онда өз пiкiрiн келтiруге құқылы.
     Актi қол қойылғаннан кейiн тараптарға дереу табыс етiледi.

     16. Актi тасымалдаушы және почта операторының басшыларымен бекiтiледi және тасымалдаушы және почта операторының мөрлерiмен расталады.

     17. Актiнi бекiтуден бас тартқан тасымалдаушы немесе почта операторының басшысы актi жасалғаннан күннен кейiн бес күндiк мерзiмде басқа тарапқа жазбаша қарсылық жолдайды.
     Актiге ескертумен қол қойылғанда тасымалдаушы және почта операторының басшылары туындаған келiспеушiлiктердi қарайды және олар бойынша тиiстi мерзiмде шешiм қабылдайды.

                                        Қазақстан Республикасының
                                      Ақпараттандыру және байланыс
                                          агенттiгi Төрағасының
                                     2005 жылғы 28 ақпандағы N 57-п
                                           бұйрығымен бекiтiлген
                                     Почта жөнелтiмдерiн iшкi су
                                     көлiгiмен тасымалдау ережесiне
                                                қосымша

______________________ басшысы   _________________________  басшысы
(тасымалдаушы, почта операторы)  (тасымалдаушы, почта операторы)
200__ ж. "___" _______________   200__ ж. "___" ____________________
______________________________   ___________________________________

       Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау
          ережесiн бұзу туралы жалпы нысанды акт N ____

_______________________          ___________________________________
       (күнi)                               (порт атауы)

     Осы актi почта операторы______________________________________
                                   (бөлiмшесiнiң  атауы)
және тасымалдаушы___________________________________________________
                                 (порттың атауы)
жасалды, оған себеп, ____________________ ж. тарапынан Почта
жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесiн, Қазақстан
Республикасының басқа заңнамалық кесiмдерiн және почта
жөнелтiмдерiн су көлiгiмен тасымалдау келiсiмiнiң шарттарын
бұзушылық жасалды, ол төмендегiдей бiлдiрiлген: (бұзушылық
сипаттамасы, су көлiгiнiң N, рейс N, бұзушылық күнi көрсетiлсiн.
Сонымен қатар, болжаулы бұзушылық фактi және ол бойынша шешiм
келтiрiледi.)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     Актi тексеру және бұзуды жою (түзету) бойынша шаралар қабылдау үшiн жасалды.

Тасымалдаушының өкiлi _________  Почта операторының өкiлi __________
_______________________________  ___________________________________
             (қолы)                          (қолы)



Похожие:

Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi iconПочта жөнелтімдерінде почта мөртабанын қолдану қағидалары Жалпы ережелер
«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, Дүниежузілік почта одағының Қазақстан Республикасымен ратификацияланған...
Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi icon"Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 желтоқсандағы №1522 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы...
Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi iconПочта туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы №386-ii қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң почта қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, почта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, почта...
Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi iconТабиєи газды жеткiзу, тасымалдау жјне сату ережесiн, Сўйытылєан кґмiрсутектi газдарды жеткізу, тасымалдау жјне пайдалану ережесiн бекiту туралы
Оса берiліп отырєан Табиєи газды жеткiзу, тасымалдау жјне сату ережесiн, Сўйытылєан кґмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау жјне...
Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi iconПочта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары Жалпы ережелер
«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттарына...
Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi iconҚазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы Қазақстан
Почта-жинақтау жүйесiн одан әрi дамыту, Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторын белгiлеу және "Почта туралы" Қазақстан...
Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi icon1-бап. Осы За ң да пайдаланылатын негiзгi ұғ ымдар
Осы Заң почта қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, почта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, почта...
Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi iconБайланыс
Почта байланысы – почталық жөнелтілімдерді қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ мерзімдік басылымдарды жіберу,...
Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi iconЖолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1511 қаулысына...
Почта жөнелтiмдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау ережесi iconБюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeciн бекіту туралы
Осы Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу ережесi (бұдан әрi Ереже) бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау, атқару...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы