Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon

Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»



НазваниеҚайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
Дата конвертации26.08.2014
Размер111.23 Kb.
ТипДокументы
источник

«Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке,

қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

  1. көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

  2. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 10 (он) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызмет қөрсетудің нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасын беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы есепке, қайта есепке қою туралы куәлікті және куәліктің телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен расталады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алымның мөлшерлемелері мынаны құрайды:

1) мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәлікті бергені үшін:

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алым төленген күні қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiш;

өзге тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алым төленген күні қолданылатын бес айлық есептiк көрсеткiш;

2) мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін:

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алым төленген күні қолданылатын бір бүтін оннан алты айлық есептiк көрсеткiш;

өзге де тақырыптағы мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiк құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алым төленген күні қолданылатын төрт айлық есептiк көрсеткiш.

Есепке қою, телнұсқа беру үшін алым төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтініш берілген жағдайда, төлемді «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.

Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн;

2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

2) мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою үшін алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiкті қайта есепке қою үшін (меншiк иесiнің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, меншік иесінің атауының, мерзiмдi баспасөз басылымының және ақпараттық агенттiк атауының, сондай-ақ шығу жиілігі мен таралу аумағының өзгеруiне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтiнiш;

2) мерзiмдi баспасөз басылымын және ақпараттық агенттiкті есепке қою туралы куәліктің бұрын берілген төлнұсқасы;

3) мерзімді баспасөз басылымына және ақпараттық агенттікке меншік құқығының басқа тұлғаға берілгенін растайтын шарттан үзінді көшірме.

Порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден куәлік туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:

1) жоғалу себебі көрсетілген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

2) алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде төлнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін төлнұсқаларды алушыға қайтарады.

Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою үшін порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

2) алымның бюджетке төленгенін растайтын (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа) құжаттың электрондық көшірмесі.

Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті қайта есепке қою үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

2) мерзімді баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке меншік құқығының басқа тұлғаға берілгенін растайтын шарттан үзінді көшірмесінің сканерленген нұсқасы.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.

Портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныстың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

10. Мыналар:

1) бұрын дәл сондай және дәл сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің есепке қойылғаны туралы бұрын берілген куәлік;

2) өтініш мазмұнының талаптарға сай келмеуі (өтініште: меншік иесінің атауының және ұйымдық-құқықтық нысанының, сондай-ақ заңды мекенжайы ның, меншік иесінің бизнес және жеке сәйкестендіру нөмірінің, мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттік атауының, тілінің (тілдерінің), болжамды шығу жиілігінің, негізгі тақырыптық бағытының, таралу аумағының, бас редактордың (редактордың) тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса), редакцияның мекенжайының көрсетілмеуі);

3) мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке қою үшін немесе куәліктің телнұсқасын алу үшін алымның төленуі;

4) меншік иесінің ауысына орай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті қайта есепке қою туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке меншік құқығының басқа тұлғаға берілуі туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;

5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті есепке қоюға өтініш берілуі немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш беруі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болады.

3. ^ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметі берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 224-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

^ 4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды сенімхат (нотариалды куәландырылған) бойынша өкіл тапсыра алады.

14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.



Похожие:

Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» iconҚайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру мемлекеттік қызмет регламенті
Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру мемлекеттік қызметінің...
Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon1. Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік...
Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»
Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
«Қазақстан Республикасының аумағына таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру»мемлекеттік...
Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
Қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы